Дарынды балаларды
оқыту және тәрбиелеу
Елбасы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында алға
қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі ақылды, ойлы, дарынды
жастарымызды шығармашылық потенциалын жан-жақты өсіру қажеттілігі
туындайды.
Мектепте дарынды
балаларды оқыту мен тәрбиелеуде алға қойған мақсаты – жан-жақты,
білімді, іскер, өзіндік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары,
дені сау, бәсекеге барынша қабілетті, дарынды жастарды
қалыптастыру.
Мектепте 795 оқушы
білім алуда. Білім саласы ұстаздардың сапалық құрамына байланысты
болғандықтан, 84 мұғалім еңбек етсе, соның 50 пайызы жоғары
тәжірибелі мамандар. Мектептегі атқарылып жатқан игі бастаманың бір
саласы – дарынды баламен жұмыс жасау.
Дарынды балаларды
іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте
қажет. Әрбір талантты бала еңбекке бейім, шығармашылық тапқырлықпен
еңбек етеді. «Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады» демекші,
дарынды оқушылардың көп болуы дарынды, шығармашылықпен жұмыс
жасайтын ұстаздарға байланысты.
Шығармашылықпен
жұмыс істейтін ұстаз – теориялық жағынан білімді, педагогикалық
озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген, үнемі кәсіби
шеберлікке ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, баланы өзіне
тарта алатын, тәлімгер, шығармашылық ізденістегі адам. Оқушылармен
ізденіс жұмыстарын жүргізе отырып, табиғи дарындылығына ықпал
ету.
Дарынды бала – бұл
болашақта жаңа технология шығарушы, әділ саясаткер, рухы биік адам,
бұл – ұлттық құндылық. Білікті маман дарынды оқушылармен жұмыс
істегенде өзінің мынадай қасиеттерімен ерекшеленеді.
Дарындылықты
анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі және сол бағытта
талмай жұмыс жасай алады.
Олар дарынды
оқушыға қосымша тереңдетілген бағдарламалар жасай алады және
олардың өздігімен жұмыс жасауына, шығармашылық ізденістеріне
қажетті кеңес береді.
Оқушыға дұрыс
бағыт – бағдар беру арқылы оның ғылыми зерттеу жұмысымен
айналысуына көмек көрсету керек.
Педагогикалық
үрдісті диагностикалау жұмысын жүргізе алады және оларды
бір-бірімен байланыстыра алады.
Дарындылықты
анықтауда әртүрлі психодиагностикалық әдістемелерді және оқытудың
әртүрлі жаңа технологияларын тиімді пайдалана біледі.
“Бұлақ көрсен,
көзінді аш” демекші қазіргі заңдағы өзекті мәселе, ол оқушыларының
дарындылық қабілетін танып білу, оны зерделеу.
Барлық адамның
өзіне тән көркемдік қабілеті болады. Ол психологтардың зерттеуі
бойынша “туа біткен” және “келе-келе қалыптасқан” қабілет болып
екіге бөлінеді. Дарындылықты данышпандылыққа айналдыру үшін
қажымай-талмай еңбектену керек.
Әр ұстаз алдында
отырған шәкіртінің табиғи дарынын танып, оны одан әрі дамытуға
күш-жігерін жұмсауы керек.
Адамның қабілеті
әр түрлі. Біреуі музыкаға, енді біреуі сурет салуға, біреуі
спортқа, тағы біреуі поэзияға құмар болады.
Дарынды балаларды
оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет-балалардың
қабілеттірі мен талантарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың
ерекшеліктерін анықтау мен айқындау болып табылады.
Дарынды балаларды
анықтай-баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ процесс. Дарынды
баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылып анықтау
қажет. Баланың дарындылығын бағалағанда қателесу ықтималдығын
барынша төмендету қажет, өйткені ғалымдардың өзі дарындылық атты
тан қаларлық құбылысқа тән белгілер күрделі, сан қырлы және кең
деңгейлі болғандықтан нақты анықтама бере алмай отыр.
Дарынды балаларды
анықтауда кешенді қадам жасау ұтымдырақ болатыны сөзсіз. Бұл тұста
кең ауқымды түрлі әдістер қолданылады:
— балаларды
бақылаудың түрлі баламалары (шынайы және зертханалық жағдайда,
мектептен тыс іс-әрекет барысында);
— баланың
отбасылық жағдайы, оның ерте балалық шағынан бергі жетілуі туралы
ақпаратты жинаудағы түрлі әдістер (ата-аналармен әңгімеге,
сауалнама алу, балалар шығармалары, күнделік жазбалары және тағы
басқа);
— баланың
іс-әрекетін мұғалімдер, ата-аналар, тәрбиелеушілер тарапынан
эксперті бағалау;
— арнайы
бағдарламалар бойынша “байқау” сабақтарын өткізу, балаларды арнайы
ойын және пәндік-бейімделген сабақтарға қатысу;
Дарын-адам
бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Яғни дарынды бала, асқан
таланттың иесі. Дарындылық бала бойындағы асқан алғырлық, зеректік.
Табиғи дарынды бала алдымызға қашан келеді күту керек пе, әлде
көгенкөз балалардың бойындағы қабілетті ашып,болашақ қоғамның
бір-екі, одан да көп тұлғасын дайындау жолында еңбек етуді
алдымызға міндет етіп қоямыз ба? Ия, бүгін қоғам алдында тұрған
міндет, әрбір ұстаз алдында тұрған міндет. Дарынды балаларды іздеу,
оларды тәрбиелеу мен оқыту қоғам үшін бүгінгі таңда ауадай қажет,
себебі дарынды адам басқаларға қарағанда қоғамға көп пайда
әкелетіні анық. Ендеше сол жұмысымыз нәтижелі болу үшін әрқашан
жаңа оқу әдістерін ( технология) қолданамыз. Жаңа оқыту әдісі
(технология) – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі
амалдардың жиынтығы. Ал педагогтардың жаңа оқыту әдісі дегеніміз
–бұл педагогтың мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық
қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі
жиынтығы.Жаңа оқыту әдісін жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі,
шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі
шәкірттердің бағалауы ерекше орын алады. Баланың ерекше қабілетін
байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында
оқушыны үзбей бақылап, рейтинг жүйесімен білімін бағалай отырып,
бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті
тұлғаны анықтауға болады. Рейтинг жүйесі бойынша бағалау. Бұл
рейтинг жүйесін әр мұғалім өз пәнінің ерекшеліктеріне қарай
бейімдеп жасауға болады. Мұғалім оқушының қабілетін сабақ кезінен
бастап –ақ байқайды, олай дейтінім, мұғалім оқушының бойынан бір
ерекшелікті байқағаннан-ақ тапсырманы күрделендіре түседі, өз
бетінше жұмыс жүргізуге бағыт-бағдар беріп отырады. Оқушы
тапсырманы орындағанда өзінің бойындағы барлық қабілетін аша
отырып, ойланып жұмысын жалғастырады. Әр мұғалім бала бойындағы
дарындылықты ашуды өз сабағынан бастайды.
Источник:
https://www.tarbie.kz/25356