Материалдар / Дарынды және талантты балаларды оқыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дарынды және талантты балаларды оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімдерге дарынды және талантты оқушыларды ажыратуына көп көмегі тиеді. Дарыынды деп кімді айтамыз,талантты деп кімді айтамыз нақты мәлімет алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2018
881
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

12.01.2018ж.

Коуч: Ақжанова Роза

Мектеп: «Ұзын-Ата» жалпы орта мектебі

Тақырыбы:

Дарынды және талантты балаларды оқыту

Мақсаты:

1 .Мұғалімдерге дарынды және талантты балаларды оқыту әдістерін зерделеуге көмектесу, іс-тәжірибесінде пайдалануға бағыттау.

2 . Ерекше қабілетті оқушыларды анықтау

3 .Оқушы қабілеттілігінің бағытын анықтау


Күтілетін нәтижесі:

Мұғалімдердің дарынды және талантты балалармен жұмысының жандануы.

Сілтемелер:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 50-57 бет

Үлестірмелі нұсқаулық

Ресурстар

Түрлі - түсті қағаздар, желім, қайшы, стикер, плакат , А4, А3 қағаздары, маркерлер, интерактивті тақта,

Түйінді идеялар:

«Бұлақ көрсең көзін аш ...»


Коучинг барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбер құру.

«Түсті шарлар» әдісі арқылы топқа бірігу.

1-топ. «Оқымыстылар»

2-топ. «Әншілер»


Ой қозғау.

Өзгеріске дайын болу.


«Менің бизнес-жоспарым, кеше,бүгін,ертең» өзін таныстыру.

Коучингке қатысушы мұғалімдер өздерінің осы күнге дейінгі,дәл қазіргі уақытта және келешекте атқаратын іс-жоспарларымен таныстырады.

Бейнебаян тамашалаймыз.

«Сұрақ-жауап» кезеңі.

1-топ. «Оқымыстылар».

1.Бейнебаяннан қандай әсер алдыңыз?

2. Сіз сабақ беретін сыныптарда талантты оқушылар бар ма?

2-топ. «Әншілер»

1. Бейнебаяндағы Ишан дарынды ма жоқ әлде талантты ма?

2.Дарынды оқушы деп сыныбыңыздан кімді айта аласыз?

«Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі.

Екі топ екі тақырыпқа дәлелдер іздеп,постер қорғайды.

Мақсатты жетілдіруге бағытталған мәліметтер

Ғалымдардың пікірінше дарынды және талантты балалар күрделі қабілеттердің иелері әрі олар адам қызметінің кез келген құнды саласында өз қабілеттерін көрсетуге бейім дейді.

« Дарынды және талантты балаларды оқыту

Дарындылар мен талантты оқушылар біртекті топ емес, олардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие. Дарынды және талантты балалар түрлі салаларда бейімділік таныта алады: олардың кейбірі ғылым мен техника саласындағы ерекше қабілетін көрсетуі мүмкін, ал кейбіреулері өнерде немесе поэзияда, қоғамдық көшбасшылықта көрінеді. Дарындылық пен таланттың ұғымына кең ауқымды зияткерлік, академиялық қабілеттерді, шығармашылық, көшбасшылық қабілеттерді, жеке мүмкіншіліктері мен өнердегі визуалдық және орындаушылық қабілеттерді жатқызуға болады. Сонымен қатар олар бір салада дарынды болса, басқа салаларда қиындықтарға тап болуы мүмкін. Олар дамудың бір кезеңінде өте қабілетті болса, келесі кезеңдерде қабілеттерін танытпауы мүмкін. Бұл дарындылық пен қабілеттіліктерді мұғалімдер, ата-аналар, топ мүшелері немесе балалардың өздері айқындай алады. Дарынды балаларды анықтау – баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес. Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. Дәл қазіргі уақытта баланы дарынды және дарыны жоқ бала деп келешек өміріне қол сұғу дұрыс емес. Өйткені баланың бойындағы қайталанбас ерекшелігі өсе келе баланың шын мәнінде талантты болатынына кепілдік бере алмайды.

Іс-әрекетті жоспарлауға бағыттау



2 – топтан мұғалімдерді шығарып тосын тапсырмалар беру.

1-тапсырма:

Кез-келген тақпақ айту

2-тапсырма:

Сол тақпақты әнге салып айту.

3-тапсырма:

Сол тақпақты репп бағытында айту.

4-тапсырма.

Сол тақпақты орысша айтып беру.

Мұғалімдер өздері білетін тақпақты түрлі бағытта айтып шығады.

Тосыннан берілген тапсырмаларды мұғалімдер орындау барысында олардың арасынан да дарындылық пен таланттылық қасиеттер айқындалады.

Сергіту сәті:














.

Берілген сөздерді тез оқимын. 2 рет оқимын. 1 минут беріледі. Кестеде 5 қатар бар:

1)Аңдар

2)Құстар

3)Ағаштар

4)Гүлдер

5)Ыдыстар

32 сөз оқылады:Аю, Терек, Раушан, Қарға, Түлкі, Шағала, Кесе, Қасқыр, Қасық, Роза, Қарағай,Тарелка, Емен, орман, Маймыл, Қайың, Үйрек, Сирен, Қаз, Шырша, Жолбарыс, Ожау, Арыстан, Қарлығаш, Қоян, аққу, Бүркіт, Күркетауық, Тауық, Қалақ, Жираф, Стакан.   Мұғалімдердің жазып үлгерген сөздерін санайды.

Мұғалімдер бұл сөздерді тез айырып, қажетті қатардың астына жазады.

Егер жазылған сөздердің саны 32 болса - ақпарат қабылдауы өте жақсы, 31- 29 орташа. 28 төмен болса қабылдай алмайды деген сөз.



Қолдау көрсету және кері байланысқа бағытталған сұрақтар.






Әрбір қатысушыға сауалнама беріледі.

1.Сізге коучинг сабағының мақсаттары түсінікті болды ма?

2.Сіз бұл мақсаттар сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетінін мойындайсыз ба?

3.Сізге оқыту мен оқуда жаңа тәсілдер ұсынылды ма?

4.Коучинг сабағы кезінде сіз қызығушылықты сезіндіңіз бе?

5.Коучинг сабағы сіздің өзіңіздің оқыту мен оқу тәжірибеңізге өзгеріс енгізуге жігерлендіреді ме?

Сабақты қорытындылау

3,2,1 стратегиясы

1. Сұрақ....................

2. Ескерту..................

3. Ұсыныс..................





























12.01.2018ж. Коучинг сабағымның есебі.

Мен сертификатты алғаннан кейін алғашқы коучинг сабағын өткіздім. Ол «Жалын» желілік қоғамдастығының жоспарға қойған тақырыбы «Дарынды және талантты балаларды оқыту». Мен өзіме бекітілген бастауыш сынып мұғалімдері мен қазақ тілі пәнінің мұғалімдерінің қатысуымен сабақты бастадым. Атап айтатын болсақ: Мусаева Орынкүл, Әлжанбаева Гүлшат, Телғараева Арай, Құлтанова Ақерке, Ходжаназарова Айжан, Әбдірахманова Айнұр, Ходжаев Сәкен, Майлыбаева Гүлжан. Мен өзімнің алған тәжірибемді үйрету үшін коучинг сабақтар өткізуді жоспарладым. Коучинг өтуден алдын мұғалімдермен кәсіби сұхбат жүргізіп, қажеттіліктерін және қандай мәселелер ойландыратыны жайлы анықтап білдім. Осыған байланысты коучинг сабағымды жоспарлағанда әртүрлі әдіс-тәсілдерді ықпалдастырып алдым. Сабақ бастамас бұрын әріптестерімнің ішкі уәждерін ояту үшін Абрахам Маслоудың тұжырымдамасына сүйеніп, (МАН 46-бет) жағымды ахуал орнаттым. «Шарды үрлеу» әдісі арқылы әріптестер бір-бірінің жақсы қасиеттерімен ұнамсыз қасиеттерін айту арқылы шарды үрлейді. Барлық әріптестер бір-біріне жағымды көңіл – күй сыйлады.. Бәрі айтып болғаннан кейін, шарды жарып, іштеріндегі жағымсыз эмоцияларын сыртқа шығарды. Шардың түсіне қарай екі топқа бірікті. Бірінші топ «Оқымыстылар»,екінші топ «Әншілер». Қиындық тудырған тұсы: әріптестерімнің бір-бірінің жағымсыз қасиеттерін ашып айта алмауы. Әріптестерімнің іс-қимылынан көтеріңкі көңіл сыйлағанымды білдім. Бұдан былай сабағымның басында жағымды ахуал жасауда тиімді әдісті алудың маңызы күшті екенін байқадым. Топқа біріктірудегі мақсатым: жақын арада даму аймағында адам өз бетінше түсіне, игере алмағанмен, бірақ біреудің көмегімен үйренуге болатын дағдыларын қалыптастыру қажет. Келесі кезекте «Менің бизнес-жоспарым, кеше,бүгін,ертең» өзін таныстыру. Коучингке қатысушы мұғалімдер өздерінің осы күнге дейінгі,дәл қазіргі уақытта және келешекте атқаратын іс-жоспарларымен таныстырады.Үнді киносынан үзіндіні тамашалаймыз. Тамашалап болғаннан кейін бейнебаяннан қандай әсер алдғандары жайлы «Сұрақ- жауап» әдісімен әріптестерімнің пікірлерін тыңдадым. «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі арқылы екі топқа екі тапсырма бердім. Бірінші топ «Дарынды»,екінші топ «Талантты» туралы өз ойларын бірлесе отырып жазып, постер қорғайды. Сабағым ары қарай қызық болуы үшін, Тосын тапсырма дайындадым. Кез-келген бір тақпақ айту, сол тақпақты әнге салып айту, сол тақпақты репп бағытында айту және орысшаға аудару. Мұғалімдер өздері білетін тақпақты түрлі бағытта айтып шықты. Тосыннан берілген тапсырмаларды мұғалімдер орындау барысында олардың арасынан да дарындылық пен таланттылық қасиеттер айқындалады. Сергіту сәті кезеңінде аңдар,құстар,ағаштар,гүлдер, ыдыстар.Осы сөздердің тұсына лайықты сөздерді бір минут ішінде жазып шығу керек.  Берілген сөздерді тез оқимын. 32 сөз оқылады:Аю, Терек, Раушан, Қарға, Түлкі, Шағала, Кесе, Қасқыр, Қасық, Роза, Қарағай,Тарелка, Емен, орман, Маймыл, Қайың, Үйрек, Сирен, Қаз, Шырша, Жолбарыс, Ожау, Арыстан, Қарлығаш, Қоян, аққу, Бүркіт, Күркетауық, Тауық, Қалақ, Жираф, Стакан.   Мұғалімдердің жазып үлгерген сөздерін санайды. Егер жазылған сөздердің саны 32 болса - ақпарат қабылдауы өте жақсы, 31- 29 орташа. 28 төмен болса қабылдай алмайды деген сөз. Бірақ сабаққа қатысқан мұғалімдер ең жоғары жазған 15 сөз болды. 20-30 сөзге ешкім жете алмады. Кері байланысқа бағытталған сұрақтар яғни әрбір қатысушы сұрақтар жазылған парақшалар берілді.Сұрақтарға әрбір әріптесім өз пікірін жазып қалдырды. Коучинг сабағымды 3,2,1 стратегиясы арқылы қорытындыладым. Сабағыма «Жалын» желілік қоғамдастығының модираторы Беденова Баян апай және Бірінші деңгейлі Утешова Күміс пен Темірбекова Жанар апайлар қатысып, коучинг сабақ өз дәрежесінде өтті деп, өз пікірлерін білдірді.

Коучинг сабағым жақсы өтті деп ойлаймын,себебі әріптестерім сабақтың ұнағанын уақыттың қалай тез өткенін байқамай қалғанын айтты. Мұғалімдерді жаңа бағытқа өзгерту үшін,коучингтің маңызы күшті екеніне көзім жетті. Коучинг сабақта жаңа тақырыпты игеруде мұғалімдерге ерекше сәтті болған тұстары : бейнебаян тамашалағаны және «Тосын тапсырма» әдісі және сергіту сәті. Коучинг- сабағында жаңа тақырыпты игеруде сәтсіз болған тұстары: «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісінде әріптестерім дарынды мен талантты дегенді бір-бірінен ажырата алмай жатты. Ендігі коучинг сабағыма тәлім алушыларым белсенді түрде қатысады деп ойлаймын.



     





























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!