Материалдар / "Дарынды оқушы" интеллектуалды ойын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Дарынды оқушы" интеллектуалды ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі және Қазақстан тарихы пәндеріне оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін ұстаздарға берері мол
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2018
1319
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дарынды оқушы» интеллектуалды ойын

Мақсаты:

  1. Білімділік: Интеллектуалдық сайысқа қатысушы оқушылардың тарихи білімдерін дамыту;

  2. Дамытушылық: Қазақ тілі және Қазақстан тарихы пәндеріне оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи-зерделік, зияттылық қасиеттерін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, туған жеріне оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру және қоғамдық жаңалықтардан және өзгерістерден тыс қалмауға баулу.

Өткізілу формасы: ХХІ ғасыр көшбасшысы интелектуалдық бағдарлама негізінде.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, білім туралы даналық сөздер жазылған плакаттар, шармен әсемделеді.

Ашылу сәті.

І-жүргізуші: Қазақстан, Қазақстан елім менің,

Көк аспаным, күн нұрым жерім менің.

Жас баладай қадам бастың сен алдыға,

Болашағың Қазақстан алда сенің.


ІІ-жүргізуші: Қазақстан Республикам бұл- менің,

Бақ санаған тыныштығын іргенің.

Қызғанбаған жер иесі қазағым,

Басқалардан бақытты өмір сүргенім.

І-жүргізуші: Сонау ежелгі өркениет кезеңдерінен-ақ адамзаттың дамуы мен қалыптасуы жайында көптеген ғалымдар ғылыми әрі теориялық, тәрбиелік ізденістерін, пікірлерін ұсынумен келеді. Бұл тұрғыдан қазақ халқы да кенде емес. Ұлы Абай, Ыбырай, Шәкәрім сынды алыптарымыздың осы жолда көрсеткен тәлімі мен білімі еш ұмытылмақ емес.

ІІ-жүргізуші: Ал, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Біз өмір бойы жететін білім модулінен, өмір бойы білім алу модуліне көше алуға тиіспіз» - деп білімнің маңызын айрықша жоғары бағалаған.

І-жүргізуші: Ендеше, Құрметті жас достар! Білім мен ғылым бәсекесі туындаған ХХІ- ғасырдың тәуелсіз, егеменді еліміздің болашақ көшбасшылары білім додасына қош келдіңіздер.

ІІ-жүргізуші: Олай болса, «Дарынды оқушы» - атты тарихи танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

І-жүргізуші: Алдымен Сіздерді әділқазылар алқасымен таныстырайық.

ІІ-жүргізуші: Сайысымызда білімі мен тапқырлығымен сыналатын қатысушыларымызбен таныстырар болсақ, №1 қатысушымыз 11 «А» сынып білімдары Үмбетова Мадина. Ұстанымы: «Қандай сынақ болса дағы беріспе, әрқашанда үміткер бол жеңіске».

І-жүргізуші: №2 қатысушы 11 «Ә» сынып оқушысы: Атамбаев Самат. Ұстанымы: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар».

ІІ-жүргізуші: Сайысымыздың №3 қатысушысы 11 «Б» сынып оқушысы Намазбай Бағдәулет. Ұстанымы: «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні кәріп».

І-жүргізуші: №4 сайыскеріміз 11 «А» сынып оқушысы Жақсылық Нурислам. Ұстанымы: «Бақытты болашақтың қамы үшін, барымды саламын тәуелсіздік таңы үшін».

ІІ-жүргізуші: №5 сайыскеріміз 11 «Ә» сынып оқушысы Бахтияр Арайлым. Ұстанымы: «Досқа жан-тәнімен берілу сенімді тірек, бақытқа барынша ұмтылуда білім де керек».

І-жүргізуші: Соңғы №6 сайыскеріміз 11 «Б» сынып оқушысы Өмірбек Нұрдәулет. Ұстанымы: «Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені».

ІІ-жүргізуші: Ал, енді сайысымыздың өту барысымен таныстырайық.

1. «Бәйге» бөлімі. (Оқушылар сұрақтарға жауап береді).

І-жүргізуші: 2. «Тіл өнер» бөлімі. (Мұнда тарихи терминологияларға қатысты сұрақтар қойылады).

ІІ-жүргізуші: 3-бөлім «Қасиетті жетілік». (Киелі жетіге байланысты сұрақтар қойылады).

І-жүргізуші: 4- «Тұлғаны таны» бөлімі. (Тарихи тұлғалар жайында сипаттамалар беріледі).

ІІ-жүргізуші: 5- «Көкпар» бөлімі. (Жұмбақ сандардың астындағы сұрақтарға жауап береді).

ІІ-жүргізуші: 6- «Жорға» бөлімі. (Жеңіп шыққан екі сайыскерге ҚР жайлы сұрақтар қойылады).

І-жүргізуші: Ендеше, Құрметті сайыскерлер, ағартушы ғалым Ы.Алтынсаринның «Бір Аллаға сыйынып, Кел балалар оқылық» дегеніндей, бір Аллаға сыйынып, сайысымызды бастайық.

ІІ-жүргізуші: Сайымыздың бірінші бөлімі «Бәйге» деп аталады. Мұнда әрбір сайыскерге 4 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауапты құрметті әділқазылар алқасы 10 ұпайға теңестіреді.

І-жүргізуші: 1-сайыскерге қойылатын сұрақтар:

1.Қазақ хандығының негізін салушы хандар. (Жәнібек пен Керей)

2.Абайдың шын есімі. (Ибраhим)

3.1841жылы Кенесары әскерлерімен Ташкентке аттанды, алайда жорықтың тоқтау себебі: (Сарбаздар арасында жұқпалы ауырудың таралуы)

4.Жоңғария дербес ел ретінде тарих сахнасынан қашан жойылды? (1758 жылы)

ІІ-жүргізуші: 2- сайыскерге қойылатын сұрақтар:

1. «Құтты білік» дастанын 30 жыл дайындап, бір жарым жылда жазып шыққын қай ғалым? (Жүсіп Баласағұн)

2. Абылай ханның атасы билік құрған қала (Түркістан)

3. Сырым Датұлы старшын болған ру (Байбақты)

4.Шыңғысхан туған кезде оған қандай есім берілді? (Темучин)

І-жүргізуші: 3 - сайыскерге қойылатын сұрақтар:

1.Қазақ хандығы алғашқы кезде қай жерлерді иеленді? (Шу мен Талас алқабы)

2.ХVІІ ғ. Қазақ хандығының астанасы қай қала болды? (Түркістан)

3.Абылай ханның кеңесшісі болған жырау (Бұхар жырау)

4.«Қалмақ қырылған» шайқасы қай жылы болды? (1726 ж.)

ІІ-жүргізуші: 4 - сайыскерге қойылатын сұрақтар:

1.Қазақ хандығы қашан құрылды? (1465-1466 жж.)

2.Қазақ хандығында ең ұзақ билік құрған хан (Хақназар)

3.Аңырақай шайқасы өткен жер (Балқаш көлінің оңтүстігі)

4.Кіші жүздің соңғы ханы (Шерғазы)

І-жүргізуші: 5 - сайыскерге қойылатын сұрақтар:

1.Батыс Түрік қағанатының жазғы ордасы (Мыңбұлақ)

2.Қазақ хандығының халық саны Қасым хан тұсында қаншаға жетті?

(1 миллионға)

3.1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері жоңғарларға тойтарыс беру үшін қай жерде бас қосты? (Қарақұм маңында )

4.XIX ғ. 50-жылдары қазақ шаруаларының патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы күресті кім басқарды? (Ж. Нұрмұхамедұлы)

ІІ-жүргізуші: 6 - сайыскерге қойылатын сұрақтар:

1.Әмір Темір Орта Азияда қай жылдары билік құрды? (1370-1405жж.)

2.Оғыз мемлекетінің астанасы? (Янгикент)

3.Кенесары Қасымұлы көтерілісі қай аймақты қамтыды? (Бүкіл Қазақстанды қамтыды)

4.Абылайдан пана сұраған жоңғар билеушісі (Әмірсана)

І-жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Тіл-өнер» деп аталады. Мұнда тарихи терминологияларға қатысты сұрақтар қойылады. Жауапты кім бірінші болып тапса, сол сайыскер бұл сөздің орысша және ағылшынша баламасын табады. Әрбір дұрыс жуап -10 ұпай, орысшаға аударса -20 ұпай, ағылшыншаға дұрыс аударса -30 ұпай алады.

ІІ-жүргізуші: Сұрақ: Екі немесе бірнеше мемлекеттің әскери күштерінің арасындағы ұзаққа созылған ұрысы қалай аталады?

(Соғыс – война - war)

І-жүргізуші: Тұрақты халқы, шекарасы, басқару механизмі айқын, басқа елдермен қарым-қатынас жасай алатын, билікті жүзеге асырушы адамдар бірлігі қалай аталады? (Мемлекет – государство - governmend )

ІІ-жүргізуші: Шығыс пен Батысты байланыстырып отырған ежелгі сауда жолының аталуына негіз болған тауар қалай аталады? (Жібек – шолк - silku).

І-жүргізуші: Ірі өндіріс орындары орналасқан, халық тығыз қоныстанған елді мекен қалай аталады? (Қала – город – sity)

ІІ-жүргізуші: Қоғамдық қатынастарды реттейтін негізгі ұстанымдар мен нормаларды бекітетін нормативтік-құқықтық акт қалай аталады? (Заң -закон - law)

Сайскерлерді іріктеу (ұпайы төмен екі сайыскер ойыннан шығады)

І-жүргізуші: Сайысымыздың келесі 3-бөлімі «Қасиетті жетілік».

ІІ-жүргізуші: Қазақ халқы жеті санын қасиетті деп есептеген, мысалы «Жеті ағайынды», «Жеті жұрттың тілін біл», «Жеті қазына» және тағы сол сияқты жеті ұғымын түрліше терең тамырландырады.

І-жүргізуші: Олай болса «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» - деп білім тұлпарларын «Қасиетті жетілік» ойынына шақырамыз.

Толық дұрыс жауап - 70 ұпай.

ІІ-жүргізуші: Бірінші сайыскерге: Жеті қазынаны ата. (1.Қазан, 2. Жүйрік ат, 3.Кітап, 4.Қыран бүркіт, 5.Берен мылтық, 6.Құмай тазы, 7.Диірмен).

І-жүргізуші: Екінші сайыскерге: Жеті ғаламды ата (1.Шығыс, 2.Батыс, 3.Оңтүстік, 4.Солтүстік, 5.Аспан (жоғары ғалам), 6.Жер (орта ғалам), 7.Жер асты (төмендегі ғалам)).

ІІ-жүргізуші: Үшінші сайыскерге: Жеті жұтты ата. (1.Құрғақшылық, 2.Жұт (мал қырылу), 3.Оба, 4.Өрт, 5.Соғыс, 6.Топан су, 7.Зілзала (жер сілкінісі))

І-жүргізуші: Төртінші сайыскерге: Жеті атаны ата. (1.Әке, 2.Бала, 3.Немере, 4.Шөбере, 5.Шөпшек, 6.Немене, 7.Туажат)

Ұпайы аз 1 ойыншы ойыннан шығады.

ІІ-жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Тұлғаны таны» деп аталады.

І-жүргізуші: Бірінші сайыскерге: Ол он үш жасында әкесінен айрылып, әкесінің қызметшісінің көмегімен жауларынан қашып құтылып, Түркістан жеріне келген. Сол кезден-ақ оның бойынан ірі қайраткерге тән қасиеттер байқала бастаған. Қашып жүргенде аты-жөнін жасырып, Орта жүздің ханы Әбілмәмбет сарайындағы ақсүйектерге келіп қосылады. Бұл жерде кім жайлы сөз болып отыр? (Абылай хан)

ІІ-жүргізуші: Екінші сайыскерге: Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіне бас болған, қолбасшылық, дипломатиялық қабілеттерін барынша көрсете білген билеуші. Ол көрші Ресей мемлекетімен тығыз байланыс орнату арқылы қалмақтар мен башқұрттардың мазалауын тоқтатуға тырысты. 1748 жылы Барақ сұлтанның қолынан қаза болды. Бұл кім? (Әбілқайыр хан)

І-жүргізуші: Үшінші сайыскерге: Ол байбақты руының старшыны болған. XVIII ғасырдың соңында Кіші жүздегі ұлт-азаттық көтерілісті басқарды. 1802 жылы Хиуада ол белгісіз себептерден қайтыс болды. Кім жайлы сөз қозғалып отыр? (Сырым Датұлы)

ІІ-жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Көкпар» деп аталады.

Сайыскерлерге жұмбақ сандар беріледі. Бұл сандардың астында сұрақтар берілген. Осы сұрақтарды таңдау әр сайыскердің өз қалауында.

20

20

20

30

30

30

40

40

40

20/1 – Әйгілі сақ патшайымы (Томирис)

20/2 – «Жеті жарғы» Заңдар ережесін кім шығарды? (Тәуке)

20/3 – Үш жүзге тағайындалған үш биді ата (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

30/1 - Орта ғасырларда Түркістан қалай аталған? (Йасы)

30/2 – Көктемгі күн мен түн теңелген күн (22-наурыз)

30/3 – Қайыр хан 80 мың әскерімен Отырар қаласын Шыңғыс хан әскерінен қанша уақыт қорғады? (5-6 ай)

40/1 - XIII ғасырда Қазақстан территориясы Шыңғыс ханның неш ұлына бөліп берілді? (3 ұлына)

40/2 – Қожа Ахмет Йассауи кесенесі Қай қалада? (Түркістанда)

40/3 – Тасқа салынған суреттің ғылыми атауы (Петроглиф)

Ұпайы аз 1 сайыскер ойыннан шығады.

І-жүргізуші: Ал келесі 6 бөлім «Жорғада» әрбір сайыскерге 10-10-нан Тәуелсіз Қазақстан жайлы жедел сұрақтар беріледі.

ІІ-жүргізуші: 1- сайыскерге қойылатын сұрақтар:

1. ҚР неше елмен шектеседі? (5 елмен)

2. ҚР-ның тәуелсіздік алған уақыты (1991ж. 16 желтоқсан)

3. ҚР-ның тұңғыш Конституциясы қашан қабылданды? (1993ж. 28 қаңтар)

4. Ұлттық рәмізіміз Тудың авторы кім? (Ш.Ниязбеков)

5. Қазақстан БҰҰ-на қашан мүше болды? (1992ж. 2 наурызда)

6. ҚР-ның Парламенті қандай палаталардан тұрады? (Сенат және Мәжіліс)

7. Қазақстанның солтүстік-шығысындағы ірі өзен (Ертіс)

8. ҚР-ның мемлекеттік тілі (Қазақ)

9. Елбасымыздың «Қазақстан - 2050» стратегиясы қашан жарияланды ?

(2012ж. 14 желтоқсан)

10.Қазақстанда неше обылыс бар? (14)

І-жүргізуші: 2- сайыскерге қойылатын сұрақтар:

1. Қазақстан шығыста қай елмен шектеседі? (Қытаймен)

2. Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қашан қабылданды?

(1990ж. 25 қазан)

3. ҚР-ның жаңа Конституциясы қашан қабылданды? (1995ж. 30 тамыз)

4. Елтаңба авторларын ата (Ш.Уәлиханов, Ж. Мәлібекұлы)

5. Парламенттің жоғарғы палатасы (Сенат)

6. Қазақстанның батысындағы ірі өзен (Жайық)

7. ҚР-ның ұлтаралық қатынас тілі (Орыс тілі)

8.Ұлттық валюта - теңге қашан айналымға енгізілді? (1993ж. 15 қараша)

9. Елбасымыздың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауы қашан жарияланды? (2014 ж. 11 қараша)

10.Парламенттегі ықпалды партия («Нұр Отан» ХДП)

ІІ-жүргізуші: Сайысымыздың нәтижесін шығаруға әділқазылар алқасына сөз береміз.

Сонымен, сайысымыздың нәтижесі белгілі болды. ХХІ ғасыр көшбасшысы болып анықталды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!