Материалдар / Дарынды оқушыларды физика бағытында шыңдау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дарынды оқушыларды физика бағытында шыңдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2021
455
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дарынды оқушыларды физика бағытында шыңдау


Тамабаева Жазира Өтесінқызы

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы

Жарқамыс орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі

физика магистрі



Аңдатпа

Мақалада білім саласының өзекті мәселесінің бірі дарынды баланы тану, ізденіске бейімдеу туралы айтылған. Мұғалім физика саласындағы өз тәжірибесімен жан-жақты бөліскен.


Аннотация

В статье рассказывается об одной из актуальных проблем сферы образования познание одарённого ученика и приспособление ученика к поиску. Учитель подробно поделился своим опытом в области физики.


Annotation

The article addresses that one of the most pressing issues in the field of education is to recognize a talented child and adapt to the research. The teacher shared his experience in the field of physics.

Қазіргі жаңа технологиялар ғасыры адамзаттан тек белсенділік пен шеберлікті ғана емес, ақылдылықты да талап ететіндіктен, білім беру жүйесі көптеген жаңа өзгерістерге толы. Осы орайда дарынды балаларды уақытында анықтау, оларды оқыту қазіргі білім жүйесін жетілдірудегі басты мәселелердің бірі болып отыр.

Дарынды бала белгілі бір әрекетте жарқын, айқын, өте жоғары жетістіктерімен көрінетін, өздерінің қабілеттерімен ерекшеленетін бала деп білемін. Дарынды балалардың психологиялық ерекшелігі, сөйлеу, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттері бастауыш сыныптардан-ақ көзге түсіп дараланып көрінеді. Санаттарды саралаған жағдайда дарындылық, бұл зияттың немесе қабілеттің жоғары деңгейімен байланыстырады.[1.] Дарынды балалар мектеп бағдарламасын шапшаң меңгереді. Зеректік, байқағыштық қасиеті жоғары болады. Олардың көпшілігі өз уақыттарын шығармашылық жұмысқа арнайды. Ж. Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді.

Дарынды балаларды қалай тануға болады? Белгілі зерттеуші Н.С.Лейтес қабілетті балалардың 3 категориясын анықтап берді.

Ол бойынша :

1.Ой-өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар;

2.Жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар;

3.Дарындылық күш-қажырымен ерекшеленетін оқушылар.

Балалардың ой-өрісін, ынтасын, қабілеттерін, белсенділіктерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін тереңдету, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, білімді, озық болуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шаралардан озып шыққан оқушыларды әрі қарай дамытып, дарынын ашуға кез-келген ұстаз белсенділік танытуы керек.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай қабілеті, белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі жас кезінен-ақ белгілі болады. Бейімділік- бұл адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуына бет бұрысы, оған көңілінің аууы, яғни оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сондықтан балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктердің келешекте олардың қабілеттерінің көрсеткіштері екенін ұмытпай, дер кезінде көре біліп, соған сәйкес келетін қабілеттерді дамыту мүмкіндігін жасау- әрбір ұстаздың міндетті борышы.

Ең жоғары қабілеттілік –таланттылық. Бұл сөздің түп төркіні көне грек, латын тілінде өлшемнің ең жоғарғы белгісі делініпті. Асылдан да, алтыннан да артық тұратын өлшем. Тарихта халыққа басшылық жасап, әр салада жаңалықтар ашып, таңдаулы шығармалар жазып, қызметтер жасаған дарынды қабілеттер аса жоғары бағаланған. Сондықтан қабілетті, дарынды, талантты балаларды таңдап алу ұзақ уақыттың жемісі. Дарынды балалар тез ойлайды, көп көлемде білім меңгереді, оны ұмытпайды. Түсінік танымы өте жоғары, сезімтал, ойға алған нәрсесін қалайда орындауға тырысатын, адамгершілік сезімі ерте дамып, моральдық қасиеттерге бай, қиял күші басым болады.

Психологиялық зерттеулерде «қабілеттілік» пен «дарындылық» ұғымдары жіктеліп, оған біртұтас табысты іс-әрекет ұғымына сыйғызуға талпыныс жасалған. Қабілеттілік табысты іс-әрекетке мүмкіндік беретін психологиялық ерекшелік ретінде қарастырылса, дарындылық адам қызметіндегі табысқа жету мүмкіндігін тудыратын әрқилы өзіндік ерекшелігі бар сапалар жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Кейде қабілетті де табиғат сыйы деп қарастыратын жағдайлар кездеседі.[2.]Бірақ, ғылыми талдаулар көрсеткендей, дарындылық қана туа бітеді, ал қабілеттер дарындылықтың даму барысында қалыптасады. Мәселен: физиканы оқи бастағанда, физика ғылымы табиғаттың ең қарапайым, сонымен қатар ең жалпылама заңдылықтарын, материяның қасиеттерін, құрылысы мен қозғалыс заңдарын зерттейтінін оқушылар түсінуі қажет. Физиканың ұғымдары және оның заңдары тұтас жаратылыстанудың негізін құрайды. Әр түрлі физика саласын қамтитын іргелі физикалық теориялардан қазіргі физика құралады. Бұл теориялар физикалық үдерістер мен құбылыстар жайлы білімдердің негізі болып табылады, олардың әдіснамалық маңызы өте зор. Мысалы: бізді қоршаған ортада, Жер атмосферасында, оның күйін үздіксіз өзгертетін көптеген физикалық үдерістер өтеді. Ауа-райының сипаттамалары яғни, ауаның температурасы, бұлттылығы, атмосфералық жауын-шашындар, жел және т.б. адамның іс-әрекеттерінде өте маңызды екенін түсіндіру, оқушылардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыра түседі. Өйткені, атмосферадағы байқалатын құбылыстарды, яғни ауа-райының өзгерісін және олардың салдарын физика заңдары негізінде түсіндіруге болады.[3.]

Физиканы оқытуда оқушылардың дарындылық қабілеттері физика есептерін шығаруда, эксперимент жасауда және олардың нәтижелерін талдауда дамиды және байқалады. Мұндай іс-әрекеттер, яғни физика есептерін шығаруға дағдылану, эксперимент жүргізу және олардың нәтижелерін талдау тек қалыптасқан білімдер мен ұғымдар негізінде мүмкін болады. Оқушылардың физикалық есептер шығару дағдылары сабақ кезінде қалыптасады, бірақ оқытудың бұл түрі өзіндік сабақтан тыс едәуір жұмысты талап етеді. Сол себепті оқушылардың есеп шығару іскерлігін дамытатын, өзіндік жұмысында қолданылатын әдістемелік оқу-құралдары қажет.

Молекулалық физика бөлімінде оқушылар тиімді меңгеру үшін, өзіндік жұмыстарда сабақтағы білімдерін жеткілікті қолдану үшін материалды сатылап бөліп оқытқан жөн. Есеп шығаруда молекулалық физикада қарастырылатын заңдарға қатысты келесі ретті қолданған дұрыс. Алдымен бөлім бойынша теориялық материалды пысықтау қажет. Ондағы сұрақтарды оқушы есеп шығарудан бұрын біліп, танысу керек. Өйткені физика есептері тақырыптар бойынша құрылады. Содан кейін теориялық материалдағы сұрақтарға жауап беру қажет. Сонда оқушы теорияны жақсы меңгерсе, тәжірибе де жасай алады және өмірде өзі ол заңдылықты қолдана алады. Мен сабақ барысында физика пәнінен дарынды оқушыларды анықтап, олармен жүйелі жұмыс жасаймын. Әртүрлі жарыстарға және жобаларға қатыстырамын. Жобаға оқушы қатыстырғанда ең әуелі бағыт-бағдар берілуі керек. Дарынды оқушының пәнге деген қызығушылығы да жоғары болады. Оқушы ізденеді, еңбектенеді. Жобаның тақыры бойынша материал жинақтайды. Соңында жетекшісімен бірге жаңалық табуға тырысады.

Дарынды оқушым «Лазердің адам өміріндегі ролі» тақырыбында ғылыми жоба қорғады. Оқушымен біріге отырып зерттеу жаңалығын таптық. Лазерлік сәуле арқылы терезенің әйнегі жаздыгүні шаңқай тал түсте жарық күшейіп бара жатқанда біртіндеп боялып, жарықты әлсірететін болса, ал күн ауғаннан кейін, қайта, өзінен-өзі мөлдірленіп, үйдегі жарықты молайтатындығы анықталды. «Дыбыстар физика әлемінде» тақырыбында ғылыми жоба қорғаған оқушымның да өзіндік жаңалығы болды. Шәкіртім барлық мектептерде үзіліс кезінде қазақы әсем әуен мен күмбірлеген күй ойнауын және сыныптарда шуды анықтайтын құралдың орнатылуын ұсынды. Бұл көпшіліктің қызығушылығын тудырғаны сөзсіз. Оқушымен тәжірибе жасау да оқушының дарындылығын шыңдауға көп көмегін тигізеді. Себебі оқушы тәжірибе жасай отырып, сол тақырыпты жете түсінеді, ізденеді. Сонымен қатар кейбір есептерді шығару үшін, әуелі тәжірибе жасап алған тиімді. Сонда оқушы әрі тәжірибе жасайды, әрі есеп шығарады.

Мектебімізде дарынды да талантты оқушылар баршылық. Байқауымызша, дарынды балалардың ғылым мен техника саласындағы ерекше қабілетін көрсететінін, ал кейбіреулері өнерде немесе поэзияда, қоғамдық көшбасшылықта көрінетінін айтқым келеді. Мектепте олимпиада, ғылыми жұмыс, әнші, биші, айтыскер ақын оқушылар, спорт, көшбасшы оқушылар өз өнерлерін байқатып, облыстық, республикалық деңгейдегі байқауларға қатысып келеді. Жыл соңында дарынды балаларды қолдау мақсатында мектебімізде оларды марапаттап, ақшалай сыйлықтармен, әртүрлі номинациялар бойынша мадақтау мектеп дәстүріне айналған.

«Мұғалім көп әдісті білуге тырысу керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістікке жетеді деп есептеймін. Еліміздің болашағын айқындауда тәрбие мен білім беру ісінде дарынды қазақ балаларын көбірек танысақ, жетелесек, үміт сәулесімен болашағын бағдарласақ нұр үстіне нұр болар еді.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Гильбух Ю.З. «Внимание: одоренные дети» М.»Знание»,1991ж.

  2. «Ашық сабақ факультативті сабақ» Республикалық әдістемелік журнал 2019 ж. № 2

  3. «Физика және астрономия» Республикалық ғылыми әдістемелік журнал 2010 ж. № 1

  4. Дарынды оқушымен жұмыстың түрлері Алматы-2009ж.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!