Дарынды оқушылардың арасындағы қарым-қатынас

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дарынды оқушылардың арасындағы қарым-қатынас

Материал туралы қысқаша түсінік
Дарын дегеніміз – адам бойында негізінен ана сүтімен, ата тегімен даритын құбылыс екенін өмір тәжірибелері дәлелдеп отыр. Дарын – адамның белгілі бір дүниеге психологиялық қабілеттілігі. Осы қабілетті дер кезінде анықтап. Оны одан әрі дамта білу қажет. Дарынды оқушылардың қарым - қатынасының негізгі мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету олардың оқу бағдарламасын бірлесе тереңдеп оқу және танымдық белсенділіктерін дамыту арқылы жүзеге асады. Дарынды оқушы қоғамның болашағы, сондықтан, ол өз таланты, қабілеті мен мүмкіндіктерін тек мектеп қабырғасында басқалармен қарым- қатынас үстінде ғана дамыта алады. Талантты және дарынды балаларды анықтаудың тиімді жолдарын түрлі тәсілдер арқылы түсіндіру. Талантты және дарынды балаларды оқыту модулі бойынша тәжірибе алмасу және өз тәжірибесінде қолдануға бағыттау.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: "Дарынды оқушылардың арасындағы қарым-қатынас"

"Дарын" мектеп-интернатының тәрбиешісі: Рахимова М.Р.


Дарын дегеніміз – адам бойында негізінен ана сүтімен, ата тегімен даритын құбылыс екенін өмір тәжірибелері дәлелдеп отыр. Дарын – адамның белгілі бір дүниеге психологиялық қабілеттілігі. Осы қабілетті дер кезінде анықтап. Оны одан әрі дамта білу қажет.

    Дарынды оқушылардың қарым - қатынасының негізгі  мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету олардың оқу бағдарламасын бірлесе тереңдеп оқу және танымдық белсенділіктерін дамыту арқылы жүзеге асады.

Дарынды оқушы қоғамның болашағы, сондықтан, ол өз таланты, қабілеті мен мүмкіндіктерін тек мектеп қабырғасында  басқалармен қарым- қатынас үстінде ғана дамыта алады.

Талантты және дарынды балаларды анықтаудың тиімді жолдарын түрлі тәсілдер арқылы түсіндіру. Талантты және дарынды балаларды оқыту модулі бойынша тәжірибе алмасу және өз тәжірибесінде қолдануға бағыттау.

Ақыл-ой дарындылығы - адамның өз ойлауын жаңа талаптарға саналы бағыттай алуының, оны жаңа міндеттерді шешуге және өмірдің жаңа шарттарына бейімдей алудың жалпы қабілеті. Жалпы қоғамдастық белгісі ақыл-ой дарындылығы таланттан ерекшелінеді. Талант - туылғанда беріледі, ал дарындылық - еңбекпен, қажымас қайратпен келетін қасиет.

Дарынды және ақыл-ой  белсенділігі бар  оқушы сөйлеу  белсенділігінің  жоғарлығымен,  ойының ұшқырлығымен,  байқағыштығымен,  мәселені шешуде  жан–жақты  жолды қарастырумен, тәуелсіздігімен, құрбыларының арасында  көсем болумен,  есте сақтауының  беріктігімен т.с.с  қасиеттерімен ерекшеленеді.

Дарынды оқушының басты белгілері болып табылатын оның мінез- құлқы, бір-біріне қарым -қатынасы, оның қажеті мен қанағаттандыру тәсілдері, оқушының  болмысы, білім алуы, өзіндей оқушылармен қатынасқа түсу арқылы қалыптасады. Оқушылардың айналасындағы  дамадардың мінез- құлқының дұрыс, жағымды болуына айрықша маңыз береді.

Дарынды оқушылар  арасындағы өзара  қарым-қатынас арқылы бір – біріне  ойын жеткізеді, пікір алысады. Өмір тәжірибесі, іс- әрекеті, ой- пайымдары дамиды.

Өзара қарым – қатынас жасау  арқылы  бір – бірін  түсініп, мінез- құлқындағы ұнамды қасиеттерін қалыптастырады. Кез – келген ғылыми  зерттеу  жұмысын  жүргізіп,  нәтижесін  шығару  үшін оқушылардың  даралық  ерекшеліктері мен санасына, оларға  талап қоюмен  бірге қамқорлық  та көрсетіп отыру керек. Сонда ғана алға қойылған істерді біріге орындауы тиімді де нәтижелі болады. Оқушылардың бір-бірімен тілдесіп қарым- қатынас жасауының күрделенуі мен маңызының  артуы, мәселені шешіп отыру, оқушылардың  көпшілікпен  тіл  табысып, олармен қарым- қатынас орнату біліктілігіне байланысты.

Қарым-қатынас нәтижесінің ерекшелігі дарындының қайталанбас даралығын сақтауда біріккен күштерімен тұтастыққа жету болып саналады, шығармашыл қарым-қатынасын қалыптастыру.

Дарынды оқушылардың арасындағы қарым-қатынас оқушының әлеуетін ашады, өзін-өзі құрметтеуіне ықпал етеді, өзінің және өзгенің даралығын бағалауға үйретеді.


Дарындылықтың 3 түрі:

1.Қабілеттері ортадан жоғары;

2.Тапсырмаға жоғары деңгейде беріліп орындау;

3.Жоғары деңгейлі шығармашылық.

Дарынды  оқушы – бұл жақсы оқитын  оқушы”  деген  пікір  қалыптасқан.  Белгілі  ағылшын психологі  П.Торранстың зерттеулері  бұл пікірдің  мұғалімдер  арасында  жиі  кездесетінін  анықтады.  Оларға  оқуда қиыншылық туғызбайтын,  тәртіпті,  ұйымшыл,  білімді,  тұрақты,  ұғымтал,  өз  ойын  нақты және түсінікті жеткізе  алатын  оқушылар  көбірек ұнайды.  Ал  қисынсыз  сұрақ қоятын,  өз  жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар  ұнамайды.  П.Торранстың  зерттеулері  нақ осы қасиеттер оқушының  дарындылығын көрсететін  және  оның  нашар  оқитын  оқушылардың арасында  да  аз  емес  екендігін  айқындаған.

Дарынды бала

  • Жаңа технологияларды ойлап табушы;

  • Сауатты саясаткер;

  • Сенімді дәрігер;

  • Керемет музыкант;

  • Қайталанбас суретші ;

  • Ұлы ғалым,жазушы;

  • Ұлтымыздың мақтанышы ...

Қорытындылай келе, дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Қазіргі таңда барлық оқушы дарынды оқушы. Бұл қасиеттерін байқап, бір-бірімен бөлісуге, оның бар екеніне көзжеткізіп, бойындағы дарынын одан әрі өрбітуге, ұштауға, арман асуларын жұлдыздай жарқырап, тау бұлағындай мөлдіреп, халқының, ата-анасының мақтанышы болуға мүмкіндік жасау.

Дарындылық – баланың алғырлығы, зерделігі, кеңпейілдігі. Дарындылық қабілеттерін өзара дамытып отыратын үздіксіз процесс. Ерекше табиғи қабілеті мен нақты пәндерден ерекше дарындылығы бар балалардың достығын, интеллетуалдық қабілетін дамыту, шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру. 




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.02.2022
575
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі