Материалдар / Дарынды оқушымен жұмыс жасаудың тиімді жолдары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дарынды оқушымен жұмыс жасаудың тиімді жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың дарындылығын анықтап, олармен жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек? Ол үшін oқушының дарындылығын анықтап, дамыту үшін әр пән мұғалімі өзінің алдына мынандай мақсаттар мен міндеттерді қоюы керек. Мақсатты жүзеге асыру үшін мына міндеттер шешілуі тиіс: 1. Мұғалімдерді дарынды балалармен жұмыстың әдістемесі, психологиялық ерекшелігі туралы ғылыми мәліметтермен таныстыру (арнайы маманды қатыстырып, педкеңес өткізу, білім жетілдіру курсынан өткізу, осы бағыт бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыс, т.б.).
Авторы:
04 Қаңтар 2024
145
6 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дарынды оқушымен жұмыс жасаудың тиімді жолдары


Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастықпен ықпалдаса отырып, білім беру мен тәрбие саласында ауқымды өзгерістерді жүзеге асыруда. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Қоғамның дамуы жас ұрпақтың меңгерген білімі қалыптасқан іскерлік дәрежесіне байланысты. Ұлтты ұлт етіп дүниежүзілік деңгейге көтеретін оның саналы, дарынды, талапты ұрпағы. Қазіргі жағдайда қоғамның білім деңгейі мен интеллектуалдық әлеуеті ұлттық байлықты құрайтын маңызды сипатқа ие. Орта білім алу – әрбір адамға әрі қарай оқу, мамандық алу мен өмірде табысқа жету мүмкіндігін қамтамасыз етудің түбегейлі қажеттілігі болып табылады. Қазақстан болашағы өзгермелі өмірдің жаңа тұжырымдамалары мен үрдістерін қабылдауға, саналы таңдау жасауға, сондай-ақ өзінің бүкіл өмірі бойында өзгермелі жағдайларға икемді болуға үйренуі және бейімделе білуі тиіс. Бұл тұрғыда үкіметіміз білім беру ұйымдары мен мұғалімдерге жаңа талаптар қойып, үлкен жауапкершілік жүктеп отырғаны белгілі. Әсіресе оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды балалармен жұмыс жүргізу басты назарға алынуда. Дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы ма? Бұл пікірді белгілі ағылшын психологі П.Торранс зерттеп, шындығында бұл пікірдің ұстаздар қауымы арасында жиі кездесетінін дәлелдеді. Дегенмен, П.Торранстың пайымдауы бойынша мұғалімге көп қисынсыз сұрақ қоятын, көбіне, түсінбеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге өз көзқарасы бар, яғни дәл осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететінін айқындаған. Сондықтан осы қағиданы естен шағармаған жөн.

Дарындылық табиғатының ғылыми тұжырымдамаларының ішіндегі ең маңыздысы динамикалық тұжырым болып табылады. Дарынды балалар диагностикасын ұйымдастырудың маңызды шарттарының бірі – теориялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейлерден тұратын диагностика моделін өңдеп шығару болып табылады. Аса дарынды балалар үшін мектептің оқу бағдарламасының көлемі тарлық етеді. Олар мұғалімдер мен ата-аналардың көмегі арқылы, сондай-ақ өз бастамалары бойынша білімдерін жетілдіріп, жаңа ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Аса дарынды балалар бозбалалық жаста толыққанды тұлға болып көрінеді. Олар өз бетімен жұмыс істеу, еңбексүйгіштік, төзімділік, жұмыс орындаудағы ұқыптылық пен ерекшеленіп, мұғалім мен ата-ана тарапынан бақылауды қажетсінбейді де, олардың бойында біртіндеп өзін-өзі бақылау мен бағалау дағдысы қалыптасады. Осылайша біздің бақылауларымыздың дарынды балалармен әңгімелесумен ой эксперименттерінің негізінде аса дарындылық деңгей көрсеткіштері 90-100% сәйкес келуі мүмкін. Жасырын дарыны бар балалар өз қабілеттерін ашық көрсете алмайды. Сол үшін әр баламен жан-жақты жұмыс істеу керек.

Дарынды балаларды анықтау – баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ процесс. Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. Бала бойында дарындылықты анықтау – ұлттық маңызды мүдделердің бірі.

Дарынды және қабілетті оқушыларды айқындаудың жолдары:

· Даралап оқыту;

· Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді тереңдете оқыту;

· Кеңейтілген, тереңдетілген тапсырмалар дайындау;

· Оқушының шығармашылыққа және мамандыққа қызығушылығынан өнер, әдебиет, техника, ғылым салаларындағы олимпиадаларға, байқауларға қатыстыруы арқылы дамыту;

· Пәндерді таңдауын, практикумдарды, жеке кеңес беруді енгізу.

Оқушылардың қабілетіне, ерекшеліктереріне қарай үшке бөлуге болады:

· Шағармашылық дарындық;

· Интеллектуалды, табиғи дарындылық;

· Лидерлік дарындылық.

Дарынды баланың өзін-өзі тану белгілері: әртүрлі істермен жан-жақты айналысады, еске сақтау қабілеті жоғары, ауызша әдеби сөйлеуге бейімді, қиын тапсырмаларды өз бетінше орындайды, өз ойын тез жинақтап, ойын нақты айта білу белгілері басым.

Дарынды баламен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастырып, оның дамуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ал мақсатқа жету – оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Баланың дарындылығын анықтап, олармен жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек? Ол үшін oқушының дарындылығын анықтап, дамыту үшін әр пән мұғалімі өзінің алдына мынандай мақсаттар мен міндеттерді қоюы керек.

Мақсатты жүзеге асыру үшін мына міндеттер шешілуі тиіс:

1. Мұғалімдерді дарынды балалармен жұмыстың әдістемесі, психологиялық ерекшелігі туралы ғылыми мәліметтермен таныстыру (арнайы маманды қатыстырып, педкеңес өткізу, білім жетілдіру курсынан өткізу, осы бағыт бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыс, т.б.).

2. Қабілетті балалардың сыныптағы және сыныптан тыс әрекеттеріне мақсатты түрде бақылау жүргізу.

3. Материалдарды жинақтау және арнайы тест жүргізу.

Дарынды балалар анықталған соң олармен жұмысты педагогтердің екі тобы жүргізуі тиіс:

1) пән мұғалімдері; 2) тәлімгерлер:

оқушыға таңдаған тақырып бойынша ғылыми жетекшілік етеді;

дарынды балаға қатысты ұйымдастырылатын барлық жұмысты үйлестіріп отырады;

дарынды оқушыға қажетті қарым-қатынасты орнатады;

дарынды баланың ата-анасымен байланысты жүзеге асырады.

Мұғалімдер, психологтар, арнайы шақырылған мамандар тәлімгер бола алады. Оқушыға тәлімгерді таңдау еркіндігі берілуі тиіс. Ойлау дербестігін, бастамашылдық пен шығармашылықты дамытуға ықпал ететін әдіс-тәсілдерді таңдау және оларды төмендегі ережелерге сәйкес қолдану:

- Ақпаратпен жұмыс (талдау, салыстыру, салғастыру, жіктеу, қорыту); оқу тапсырмасын жылдам әрі аз уақытта орындау;сыныптың әрбір жауабын мақұлдай бермеу, керісінше оларды мұқият тыңдау, бағаламау;

- Ғылыми жетекшімен бірлесе жұмыс жасау қабілетін жетілдіру мүмкіндігін беру;

- Ғылыми жетекші: оқушының таңдаған тақырыбы бойынша мейілінше жоғары деңгейде кеңес береді;

- Мақсатқа жетудің әдістерін таңдау мүмкіндігін бере отырып, өзіндік әрекетін ынталандыру;

- Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашылық идеяларын іске асыруға жағдай жасау;

- Белгілі бір саладағы нәтижесін ынталандыра отырып, басқа салада да өзін байқап көруге ықпал ету;

- Нақты бір саладағы дарындылығы анықталған балаларға арнап дербес оқу бағдарламасын жасау.

Мұндай бағдарламаның мақсаты дарынды баланың дамуына барынша қолайлы жағдай туғызып,бағдарлама жасауға психолог, тәлімгер, сынып жетекшісі және ата-ана қатыстырылуы тиіс. Дарынды баланы дамытудың ерекшеліктерін түсіндіріп, сыныптастарымен қолайлы қарым-қатынас орнатуға жағдай жасау,дарынды баланы ерекше даралауға және тым төмендетуге болмайды. Педұжымның әрбір мүшесіне бұл жұмыстың маңыздылығын ұғындыру және осыған байланысты оқуға деген жағымды ынтасын қалыптастыру проблемасына назарды күшейтіп, дарынды балалармен жұмыстың әдістемелік жүйесін жасау және үнемі жетілдіріп отыру керек. Мектеп басшылары мен ұжымның дарынды балалармен жұмыстың әдістемелік жұмыстың жақсы нәтижеге жететіндігін көруге болады. Осыған орай оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолдарының бірі өзіндік жұмыспен өздігінен білім алу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық және әдістемелік тәсілдерін қазіргі заман талаптарына сәйкес жетілдіру болып отыр. Оқушылардың пәнге деген көзқарасы әртүрлі факторлармен, жеке басының және пәннің ерекшеліктерімен қатар оқыту әдісімен анықталады. Пәнге деген ынтасын арттыру мақсатында үйірме жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отырған жөн. Сол сияқты түрлі отырыстар форум, дөңгелек стол, КВН жарыстары, кештер өткізу, сөзжұмбақтар, ребустар шешу, тест сұрақтарына жауап беру оқушының ғылыми ізденісін, білуге құштарлығын ғылыми танымдық қабілетін, іс-әрекетін арттырады. Яғни, білім беру бағдарламасы құжаттамаларында мұғалімдер мен оқушылардан күтілетін нәтижелер нақты белгіленген болуы керек. Оқушылардың нені білуі және істей алуы керектігін

анықтаудағы мұндай нақтылық бүкіл Қазақстан бойынша барлық оқушылардан маңызды да басым бағыттарының бірі екенін түсінуі міндетті.

Дарынды балалармен жұмысқа біріншіден, ерекше қабілетті мұғалімдерді тарту керек. Мұғалім бала үшін тұлға болып табылады. Мұғалім мен баланың өзара әрекеті қабілеттерді барынша тиімді дамытуға бағытталуы тиіс.Мұғалім өз құзыреттілігіне және проблеманы шешу іскерлігіне сенімді болуы керек. Дарынды оқушылар пәнге қызығушылығын, айналасындағылардың қабілетті екендіктеріне сенімді болып, өз-өзін сыйлайды, бағалайды, өзін интеллектуалдық тұрғыдан кемелдендіруге ұмтылады, өз білімін көтерумен үздіксіз айналысады.

Оқушылардың оқу және психологиялық жүктемесін жеңілдету мақсатында оқу-тәрбие процесін жетілдіру жұмысын үнемі жүргізу арқылы оқушылардың жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны істей білуі мен танымдық белсенділігін, іс-әрекетін арттыру мақсатында зерттеу жұмыстары, олимпиада тапсырмалары қарастырылады. Мұғалімнің шеберлігімен жеке жұмыс жүргізу арқылы ұйымдастырылған қосымша сабақтар, үйірмелер, факультатив сабақтары оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарының бірі болып табылады. Дарындылықты дамыту үшін жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру керек. Жаңа технология мүмкіндіктерін пайдалану, сыныптан тыс іс-шараларды өз дәрежесінде өткізу, өз бетімен білім алуға жетелеу. Қазіргі ізденімпаз мұғалімдердің міндеті-оқушының белсенділігін, іскерлігін дамыту. Дарынды балалар осындай сабақ барысында да ерекше тапқырлығымен, ғылыми ізденісімен көзге түсіп отырады. Өз бетінше ізденуі оқушыладың өзіндік жұмысын тауып ұйымдастыра алатын, керек кезінде жағдайлар туғызып, олардың басты міндетін өз бетінше шешуге құштарландыра алатын мұғалім оқытуда ең жоғары нәтиже күтілуін қамтамасыз етуге көмектеседі және мұғалімдердің білім беру бағдарламасын тиімді іске асыруына мүмкіндік береді.

Дарындылықты дамытудағы психологиялық әдістемесі баланың ақыл-ой қабілеттері туралы барлық пікірлерді жүйелендіруде көмегін тигізеді. Дарынды баламен өзара қарым-қатынас барысында байқалған негізгі ой сипатын анықтайды.Ойлаудың түп нұсқалығы – бұл кең таралған, белгілі бұрынан қалыптасқан ойлардан бөлек ерекше, жаңа,тосын ойларды ұсыну қабілеті. Ол баланың мінез-құлқы мен ойлаудың, құрбылары мен үлкендермен арқатынасында, жалпы барлық іс-әрекетінде көрініс табады.

Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары өз бетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыны шығармашылыққа жетелеу. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана шебер мұғалімге байланысты.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!