Дарынды шәкірт – білікті ұстаздан

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дарынды шәкірт – білікті ұстаздан

Материал туралы қысқаша түсінік
Дарынды балалармен жұмыс істеу дарындылықты айқындаудан басталады. Ол үшін алдымен бала бойындағы қабілеттікті, бейімділікті тани білуіміз қажет. Қабілет-дәреже әр адамда әр түрлі денгейде болады. Іс-әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттің түрін дарындылық деп атайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дарынды шәкірт – білікті ұстаздан



Балам дейтін жұрты болмаса,жұртым дейтін бала қайдан шығады?

(А.Байтұрсынов)


ХХІ ғасыр –білімділер ғасыры. Заманауи мектепті жаңарту бағыттарының бірі – дарынды балалармен жұмыс. Ғасыр талабына сай зерделі, ой-өрісі жоғары азаматты қалыптастыру- мемлекетіміздің стратегиясы болып отыр.

Абай «жетінші қара сөзінде» баланың ақыл-ойы, қабілеттілігі туралы мынадай пікір айтады: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі- ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Біреуі білсем екен деп, не көрсе соған талпынып қызығып, көз көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Баланың білсем екен, үйренсем деген талабын ұштайтын, жеке ерекшелік қасиет, қабілеттерін ескере отырып оларды біліммен, іскерлік, дағдымен қаруландыратын, танымдық ой-өрісін және шығармашылық әлеуетін дамытатын мұғалім-ұстаз. Сондықтан қай уақытта да дарынды тұлғаны дамыту өзекті мәселе болып келеді.

Дарынды балалармен жұмыс істеу дарындылықты айқындаудан басталады. Ол үшін алдымен бала бойындағы қабілеттікті, бейімділікті тани білуіміз қажет. Қабілет-дәреже әр адамда әр түрлі денгейде болады. Іс-әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттің түрін дарындылық деп атайды.

Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінде ерекше шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.

Дарынды балаларды анықтау үшін бастауыш сыныптан бастап зерттеу жұмыстары жүйелі жүруі керек. Қолайлы ақуал, тамаша кәсіби ұстаздық ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра алады. Білікті ұстаз оқушының жас ерекшелігіне сай оқу жүгін анықтап, шығармашылық жұмыстармен толықтырып отырады. Ізденіспен жасалған жүйелі жұмыс қана оқушыны нәтижелі жетістікке жетіп отыруына мүмкіндік туғызады. Қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын оқып-үйреніп, күнделікті сабақтарда шығармашылықпен пайдаланып отырса, нәтижесін берері сөзсіз. Білім сапасы мен деңгейін анқтап, салыстырмалы  мониторингтер жасап отыру оқушы қабілетін зерттеуге көп көмегін тигізеді. Мұғалімнің атқарған еңбегінің жемісі осында. Осы міндеттерді іске асыру жолында мен басқарып отырған білім ордасында дарынды, талантты оқушылармен жұмыс жүйелі жүргізіліп отыр. Сол себепті, жыл өткен сайын аудандық, қалалық, республикалық, халықаралық олимпиада, байқаулар жүлдегерлерінің саны артып келеді.

Жас өркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын да қызықты іс. Алайда, әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы. Еліміз үміт артатын, халық болашағын ойлайтын  қабілетті жастарды дайындау – әр ұстаздың бірден бір міндеті. Осы мақсатқа жету үшін ұстаз әрдайым жаңашыл болумен қатар, креативті, әрбір оқушының жүрегінен орын таба алатын тұлға болуы керек. Баланы заман талабына қарай көрегендікпен икемдеп, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – дарынды оқушы тәрбиелеудің кепілі.


Залетаева Айгуль Курмангазиновна

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.04.2024
334
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі