Материалдар / Дарындылар көшбасшысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дарындылар көшбасшысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімге керек, сыныптан тыс жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2020
652
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе қаласы, №42 орта мектеп, математика пәнінің мұғалімі Шагдар Айдана Молдабекқызы

Тақырыбы: Дарындылар көшбасшысы

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

  2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.


Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, жоспар бойынша дайындалған тапсырмалар, математикаға қатысты нақыл сөздер, тақырып атауы, безендірілген шарлар.

1. «Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың патшасы» К.Гаусс

  1. «Лобачевскийді үш нәрсе данышпандылыққа жетқізді, олар: дарын, жігер

және еңбек». М.Искаков

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар, оқушылар!

Нақты ғылымдарға қызығушылар.

Естігенін есте тұтып,

Оқығанын миға тоқушылар.

Айтар ойын тұспалдар.

Сіз оқытқан оқушылардың,

Сәті келді сыналар.

Мұғалім: «Ақыл - ойды тәртіпке» келтіретін,

Нағыз пән – математика атанғансың! – дей келе ортаға сайыскер командалармен таныс болайық.

9 «а» сынып оқушылары:

9 «ә» сынып оқушылары:

9 «б» сынып оқушылары:

Мұғалім: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық.

Шын жүйрік шабысынан танылады,

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

Жоспары:

1 тур. Математикалық тілектер.

2 тур. Логикалық сұрақтар.

3 тур. Есепке кім жүйрік?

4 тур. Адасқан әріптер

5 тур. Әр қолда-өзінің ісі

6 тур. Шахмат ойыны

7тур. Топ басшылар сайысы



1 тур. Математикалық тілектер. Әр топ қарсылас топтарға математикалық терминдерді қолдана отырып тілек тілейді.

2 тур. Логикалық сұрақтар.

Әр топқа 5-тен логикалық сұрақтар қойылады. Тез және жылдам жауап беру керек.

1-топ

1. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы

бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? ( 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы- 6адам)

2. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80

минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)

3. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)

4. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)

5. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).

2-топ

1. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)

2. Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен

кем сан шығады? ( үтір )

  1. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?

(Жанат — ұзын)

  1. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? (Медет)

  2. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? (үш градус)

3-топ

1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )

2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)

3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.

Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )

  1. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? (үшеу)

  2. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? (жоғары)



3 тур. Есепке кім жүйрік?

Топ мүшелеріне есеп беріледі. 2 мин ішінде берілген есепті шығарулары керек.

1-топ

8+8+8= 24 алуға болатынын білесіз, ал осындай бірдей үш санды пайдаланып 24 санын ала аласыз ба? (Жауабы: 22 + 2 =24; 33 - 3 =24)

2-топ

Үш бестіктің көмегімен отыз санын алуға болады, мысалы, 5 · 5 + 5 =30, ал осындай үш бірдей санның көмегімен отыз санын алуға бола ма?

(Жауабы: 6 · 6 - 6= 30; 33 + 3 =30; 33 - 3 =30;)

3-топ

Бес тоғыздықпен он санын қалай алар едің?

(Жауабы: ; немесе тағы да )

4 тур. Адасқан әріптер. Оқушылар берілген әріптерден математикалық терминдер құрастыру керек.

  1. Прогрессия, перпендикуляр, тангенс.

  2. Котангенс, диаметр, тригонометрия.

  3. Косинус, функция, параллелограмм.

5 тур.«Әр қолда-өзінің ісі» - оқушылар берілген суреттегі фигураны қолдарынан қарындашты алмастан сызу керек.

6 тур. Шахмат ойыны

ақпарат

Ойды

оқу

Оны

келтіретін

Болса

химия

Сызық

жоқ

табылады

математика

Теория

ақыл

сондықтан

тәртіпке

Керек

«Ақыл ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан оны оқу керек». Галилео Галилей.

Іргетасы

математика

Қамқоршысы

Да

жанашыры

Де

Бастаушысы

жаңалықтар

Ғылымының

Сан

химия

Физика

«Сан – математика ғылымының іргетасы» - бұл цитатаны айтқан Орынбек Ахметбекұлы Жәутіков.

оң

математика

да

Болса

биология

Бар

қолы

Жиын

жоқ

Ал

өнер

Оның

физиканың

болды

Көзі

Химия

«Физиканың оң қолы химия болса, ал математика оның көзі» М.В.Ломоносов.

7 тур. Топ басшылар сайысы ( берілген формулалардың жалғасын табу)

- арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.

- геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.

- арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы.

-геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы.

- Герон формуласы

Мұғалім : Санаңды сенің толтырар,

Есептану пәні бар.

Сабағынды егер оқысаң,

Өмірде саған жол болар

Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.

Ал, қазір әділқазылар сөз алады.

Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтап,

Мақтау қағаздарын тапсырады.

Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!