Материалдар / "Дарындылықты қалыптастырудағы оқушы шығармашылығын дамыту жолдары" атты мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Дарындылықты қалыптастырудағы оқушы шығармашылығын дамыту жолдары" атты мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Сәуір 2020
610
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дарындылықты қалыптастырудағы оқушы шығармашылығын дамыту жолдары


Бегалинова Әлия Ерғалиқызы


М.Әуезов атындағы ЖОМ.


Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген басты мәселе туындап отыр. [1]

Әр баланың бойында табиғат берер ерекше қабілеті, дарындылығы болады. «Бұлақ көрсең көзін аш» - дегендей, осындай баланың бойындағы дарындылық қасиетін дамыту көбіне мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне байланысты екендігі айдан анық.

Психологтар дарындылықты екі түрге бөледі;

1. Еңбек арқылы келген дарындылық

2.Туа біткен дарындылық деп екіге бөледі.

Ресей ғалымы В.Юркеевич дарындылықтың үш типін бөліп көрсетті :

- академиялық (оқуға анық байқалған қабілеттілік),

- интеллектуалдық ( ойлауға ептілігі),

- шығармашылық ( дәстүрлі емес ойлап білу)

Бұл жерде шығармашылық дегеніміз - өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшелінетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің білім мен біліктіліктің болуы. . [3]

Ерекше қабілетті оқушылармен жұмыс істеу барысын негізге ала отырып тақырыпты тереңірек зерттеу дарындылықты анықтау үдерісінде ,ерекше қабілетті оқушылардың ойлау ерекшеліктерін және мұғлімнің педагогика-психологиялық қасиеттерін төмендегідей анықтауға мүмкіндік береді.

  1. Дарындылықты анықтауда оқушы мен мұғлімнің педагогика –психологиялық ерекшеліктері мен қасиеттері.

  2. Дарындылықты анықтауда мұғалімнің бағыт-бағдарына қойылатын

талаптар:

3. Дарындылықты анықтауда мүғалімнің біліміне қойылатын талаптар:

4. Дарындылықты анықтауда мұғалімнің қолданатын әдіс-тәсілдері.

Дарындылықты дамыту жолдары: олимпиада резервтерін дайындау, ата-анасының қолдауы, ғылыми жұмысқа бағыт беру, мәнерлеп оқу сайыстарына қатыстыру . [3]

Психологтердің пайымдауынша, қабілетсіз ұстаз болғанымен қабілетсіз шәкірт болмайды. Бұл пікірді орыстың заңғар жазушысы һәм ұлы ойшылы Лев Толстойдың «Барлық мүмкіндіктер балалардың бойында» деген даналық сөзі тереңдей түскендей. Демек біз, ұстаздар, сол ашылмай бұйығы жатқан мол мүмкіндікті дер кезінде аша білуіміз, дұрыс жолға бағыттай білуіміз керек-ақ. Сайып келгенде, бұл бәрімізден де аса үлкен жауапкершілікті, сезімталдықты, ыждағаттылықты талап етері сөзсіз.

Дарынды және шығармашылық қабілеті жоғары балалармен жұмыс істейтін мұғалімнің рөлі ерекше. Олардың міндеті білімді ғана беру емес, оқушының өзіндік мүмкіндігін ашу. . [1]

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі жаңашыл педагогтар (Ш.А. Амонашвили, И.П. Волков) еңбектерінде арнайы сөз етіледі. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін дамыту (Б. Тұрғымбаева) эстетикалық тәрбие беру мәселесі (С.А. Ұзақбаева, Б.А. Әлмұхамбетов, А. Қомақов) зерделенген еңбектерінде балалардың көркем мәдениеттік тәрбиесін жетілдіру жолдары қарастырылып, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып, көрсетілген. Дарындылардың ішінде де үлгерімі төмен немесе үлгермейтін оқушылар кездеседі. Оның себебі:

Талаптың, мотивацияның төмендігі;

Жұмыс істеу құштарлығының төмендігі;

Білімді қабылдауы дұрыс ұйымдастырылмағандығы.

Әр баланың бойында табиғат берер ерекше қабілеті, дарындылығы болады. «Бұлақ көрсең көзін аш» - дегендей, осындай баланың бойындағы дарындылық қасиетін дамыту көбіне мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне байланысты екендігі айдан анық. . [4]

Оқушының дарындылығын анықтап,дамыту үшін әр пән мұғалімі өзінің алдына мынандай мақсаттар мен міндеттерді қойды:

1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;

2. Жан-жақты ақпараттандыру;

3. Коммуникативті бейімдеу;

4. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;

Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс түрлерін қолданады:

1. Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құрады;

2. Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасайды;

3. Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал етеді;

4. Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құрады;

Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар аударады:

1. Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;

2. Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;

3. Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға - пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге;

4. Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделтетіп оқытуды ұйымдастыруға;

Жеделдетіп оқыту бағдарламасын мұғалім оқушымен және ата-анасымен бірігіп құрады.[1]

Дарынды және шығармашылық қабілеті жоғары балалармен жұмыс істейтін мұғалімнің рөлі ерекше. Олардың міндеті білімді ғана беру емес, оқушының өзіндік мүмкіндігін ашу.

Дарындылықты анықтаудың мынадай параметрлері бар.

Оқушының танымдық іс-әрекетінің басқа оқушылардың озық дамуы.

Психологиялық жоғары дамуы.

Дені сау, жан-жақты толық дамуы.

Ойлау қабілетінң озық болуы.

Айналадағы құбылыстарды не басқа процестерді етене жақын түсінуі.

Туа біткен шығармашылық қабілеттің / әншілік,ақындық, сазгерлік/ болуы.

Дарындылықтың түрлері: интеллекуалды, шығармашылық, көсемдік, көркем орындаушылық. Дарындылықты анықтау критерилері:

Теориялық толық игеруі.

Материалды игеруде табандылық көрсетуі/ бастап,тастап кетпеуі/.

Алынған білімді әр сабақ сайын дамыту.

Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алуы және өз алдына шеше алуы.

Өзіне-өзі талап қоя білуі.

Тапсырылған жұмысты сапалы орындауы.[4]

Білімді игеру екі жақтың да белсенділігін қажет етеді. Ұстаздың мұнда дәстүрлі де үйреншікті "білім көзі", «үйретуші» рөлдерінен бас тартып, оны «ұйымдастырушы», «сабақты жүргізуші», «үйренуге жағдай жасаушы», «жәрдемші», «көмекші», «бағыт-бағдар сілтеуші», «талаптандырушы», шәкірт пен білімнің арасындағы «делдал» рөлдерімен алмастыруы керек. Үйретуші (ұстаз) білім игеру ісінде басты рөлді үйренушіге (шәкіртке) ұсынады.

Ұстаз үнемі ізденіс үстінде. Қазіргі таңда бәсекелестікке қабілетті, жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін сабағымды жоғары деңгейде, қазіргі талаптарға сай өткізу мақсатында сындарлы оқыту теориясына негізделген түрлі әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдануға тырысамын. Мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара сыйласымдылық пен сенімділік, оқушыға танымдық, эмоционалдық жағдай туғызу мақсатында «Сиқырлы қобдишадағы тілектер», «Көршінің суреті», «Атом, молекула», «Арқаға сурет салу» сияқты ойсергектерін пайдаланып, психологиялық ахуал туғыздым. Бұл тәсілдерді қолдану себебім, біріншіден көңіл-күйі артты, екіншіден денелері сергіді.

Бүгінде педагогикада тек сөз арқылы үйрену мүмкін емес деген қағида дәлелденіп отыр. Керісінше, білімді әрекет арқылығана игеруге болады. Адам бірінші кезекте өз қолымен жасағанды жадында сақтайды,осы әрекеттердің негізінде туындаған білік пен дағдыларын күнделікті өмірде қолдана алады: «Өзіме жасатсаң-үйренемін!» (Конфуций). Осы көздеген мақсатқа жету барысында сабақтарымда «Веер», «Топтық тергеу», «Сағат тілі», «Блум түймедағы», «Сиқырлы сандықша», «Карта», «Жабық конверт», «Блум түймедағы», «Бағдаршам», «Сандар», «Шеңбердегі доп» стратегиясы, ДЖИГСО әдісінің «Ой қозғау» сияқты стратегияларды қолданамын.

Жиырмасыншы ғасырдың басында-ақ Дьюи мектептегі қаз-қатар қойылған парталарды оқушылар «тобының» белгіленген орындарда отыруы үшін ғана құрылған көңілсіз орын болып табылатындығын көре білген. Осы тұжырымды ескере отырып, сабақта оқушыларды әртүрлі әдістермен топқа бөлдім. Мысалы сағат түрлері, сандар, фигуралар арқылы топқа бөліп отырдым. Әрине топқа бөлгенде сабақтың тақырыбына, жас ерекшеліктеріне басты назар аудардым.

Үй тапсырмасын тексергенде «Веер», «Карта», «Герлянда», «Шеңбердегі доп» әдістерін қолдандым. Бұл әдістер арқылы өткен сабақтағы білімдерін, жаңа сөздерді қаншалықты меңгере алғандарын тексере алдым. Әсіресе «шеңбердегі доп» әдісі жаңа сөздерді тексеру үшін тиімді әдіс болды.

Біріншіден қызығушылықтарының артқанын, әр оқушының ойлау шапшаңдығын байқадым. Мәтінмен жұмыс кезіндегі «Блум түймедағын» қолданған әдісіне оқушылар қатты қызықты, түрлі –түсті қағаздар көз тартарлық болып, топ мүшерлері уақытты үнемдеу мақсатында бір-бір сұрақтар құрастырып, келесі топтарға ұсынды.

«Бағалау не үшін керек?» деген сұраққа дәстүрлі оқыту жүйесінде «Оқушылардың білімін тексеру үшін» деген жауап беріледі, мұғалім тарапынан оқушының білім деңгейін анықтау деп қарастырады. Дәстүрлі бағалау оқушылардың есте сақтау қабілетін ғана анықтап, олардың не үйренгендерін, білімділігі мен біліктілігінің жалпы деңгейін айқындамайды. Егер де біз өз жұмысымызда елеулі табыстарға қол жеткізгіміз келсе,яғни жұмысымыздың оң жақтары мен кемшіліктерін айқындап, дұрыс бағалауымыз қажет. Бүгінде бағалау тек мұғалім тарапынан жүзеге асырылмай, оқушылардың өзін-өзі және бірін-бірі бағалау жағына ойысқан. Мен бағалауды өзін-өзі және өзара бағалау түрлерімен қоса формативті бағалау түрін де қолдануға тырысамын.Бағалауда «Мадақтау», «Қошеметтеу», «Бaғдaршaм», «Бac бaрмaқ», cмaйлик арқылы ынтaлaндырyкритeриaлдық бaғaлay түрлeрiн оқытy үшiн бaғaлay жәнe оқyды бaғaлay модyлiнiң идeяcын icкe acырy үшін қолдaнамын.

Әр сабағымды интербелсенді тақтаның көмегін қолдана отырып, грамматикалық тапсырмаларды орындауда электронды оқулықтарды қолданамын.

Кері байланыс орнату мақсатында «Кемпірқосақ», «Менің көңіл-күйім баспалдағы», «Бағалау ағашы», «Смайлик көрсету» әдістерін қолданамын. Бұл стратегияларды алу себебім оқушылардың сабаққа деген мотивациясы, жаңа материалды меңгергенін, көңіл-күйлерінің қандай деңгейде екенін көре аламын. Кері байланыс орнатқанда үнемі ризашылығымды білдіріп, кері байланыс жасаушыны үнемі мадақтап отырамын.

Өз сабақтарымда, сабақтан тыс жұмыстарда әр түрлі танымдық ойындарды қолданамын. Бұл: «Өз жартыңды тап», «Қатеңді тап», «Қазымыр оқушы», «Даналық ағашы» , «Блиц турнир», т.б.

Болашақ ұрпақ жауапты, жігерлі болу үшін мұғалімнің жаңаша ойлау түрін педагогикалық іс-әрекетін ғылыми тұрғыда ұйымдастырғанда ғана қол жеткізуге болады. Ол үшін мұғалім жаңа оқу технологиясын жетік білуі керек. Ол міндетке дарынды балаларды таңдап ,о лардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу жатады. Дарын иесін таңдап алу ұзақ уақыттың жемісі. Үлкен мән беретінім, оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын, еркін ауызша аударма жасап, мағынасын баяндай білулерін қалыптастыру.

Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлемін: 1) сабақтың мазмұны, 2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау, 3) сабақтың нәтижелігі.

Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға деңгейлік тапсырма беру.

Сонымен қатар сабақ жоспарын құрған кезде логикалық ойын,есте сақтау қабілетін, шығармашылық ойын, жобалап ойлауларын дамытуға көп көңіл бөлемін. Сабақты қызықты да тартымды өту барысында мынадай ойын түрлерін басшылыққа аламын.

Қорыта келгенде қазіргі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой -өрісінің дамуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Егеменді елімізді дүние жүзі елдерімен терезесі тең болатын дәрежеде өркендетіп, оның тұтқасын, тізгінін ұстайтын, сол арқылы елімізді әлемге танытатын да біздің дарынды, қабілетті ұл-қыздарымызды тәрбиелей білейік.

Өз ойымды Елбасының «Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, балалардың алдында жауапкершілігімізді күшейтуіміз керек» деген сөзімен аяқтағым келіп отыр.Ендеше ойлы ұрпақты бірігіп тәрбиелейік, ұстаздар!


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. НЗМ ДББҰ. – Астана, 2015.

2. Үлестірме материалдар (Төртінші апта),НЗМ ДББҰ. – Астана, 2015.

3. «Дарын» ақпарат-әдістемелік жинағы№1-2007

4. М.М Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту

құралы ретінде»








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!