Материалдар / "Дәстүр және фольклор. Мен қазақпын"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Дәстүр және фольклор. Мен қазақпын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып бойыншща дүниетану пәнінен сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1020
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы:

Дәстүр және фольклор

Мен қазақпын


Күні :


Мұғалімнің есімі: Гүлжанат Байжұмаева

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Тірек сөздер:

ауыз әдебиеті – фольклор – folklore; ерлік – мужество – bravery.

Ресурстар:

Мультимедиапроектор, «Толағай» мультфильмі, Қасымханның портреті, Е.Құдайбергеновтің орындауында «Мен қазақпын» әнінің бейнеклипі, стикерлер, флипчарт, түрлі-түсті маркерлер, таныстырылым, «Толағай» суреті, «батыр», «ерлік», «адамгершілік», «әлсіз», «күшті», «сараң», «мейірімді» сөздері жазылған үлестірме парақшалар, домбыра, жылқы, батыр, шаңырақ суреті салынған, суреттерге байланысты мақал-мәтелдер жазылған үлестірме парақшалар, қосымша тапсырмаға арналған сюжетті сурет.

Сабақтың мақсаты:

1.3.2.1 көрнекі материалдардың негізінде қазақтардың өмір салтын сипаттау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

2 минут

Аққу болып ұшамыз

Көлге келiп қонамыз

Көлдiң бетiн құшамыз

Қайта самғап ұшамыз.

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!


Шаттық шебері






Сабақтың ортасы

3 минут

Тыңдалым-түсіну дағдысы

Ерте заманда, үлкен өзен бойында Саржан деген аңшының отбасында Толағай деген ұл дүниеге келеді. Толағай ай санап емес, күн санап өседі. Күндердің күнінде жауын жаумай, қуаңшылық болады. Шөлден мал қырылып, жұт келеді. Елін жұттан құтқару үшін алыстағы тауды өз еліне әкеледі. Шаршаған батыр ауылына жеткенде тау астынан шыға алмай мәңгіге сол таудың астында қалып қояды. Содан бері бұл тау «Толағай» деп аталады.Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511–1523 жж.) тұсында нығайды. XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ жерін өз қол астына біріктірді. Тарихшы-ғалымдардың зерттеуіне сай Қасым ханның тұсында қазақ халқының саны 1 миллионға жетті. Қасым дана және көреген саясаткер, дарынды және ер жүрек қолбасшы болған.

оқулық

Тыңдалым

3 минут

Тыңдалым

«Елім ай» әнін тыңдату


«Жеті жебе»

3 минут

  1. Тапсырма

Толағай. Бұл тапсырманы орындау үшін «Жеті жебе» әдісін қолданыңыз. Ол үшін сабақ басталар алдында тақтаға қазақ батыры бейнеленген суретті іліңіз. Суреттің айналасына бормен жеті жебенің суретін салыңыз. Балаларға «Жеті жебе» бізге қазақ батырлары туралы әңгіме қозғауға көмектесетінін айтыңыз.

Жеті жебе


Жауабы: Күшті, ержүрек, батыр, қайсар, елжанды, жанашыр, мейірімді.


Мультфильм

7 минут

Тыңдалым

2-тапсырма

Толағай батырдың ерлігі көрсетілген мультфильмнен үзінді көрсетіңіз.


Оқылым

3 минут

Оқылым

3-тапсырма

Оқушыларға оқулықтағы 1-мәтінді өз бетімен оқуды ұсыныңыз


Қосымша тапсырма

9 минут

4-тапсырма

Батырдың заттарын тауып бояйды

5-тапсырма

«Қазақ халқы» қазаққа тән қасиеттерді жазады.

37 жұмыс парағы

Топтық жұмыс

8 минут

6-тапсырма

1-топ

«Батыр туса ел ырысы, жаңбыр жауса-жер ырысы» (Ермексаздан батыр бейнесін жасау)

2-топ

«Ер қанаты –ат» (Ермексаздан жылқы бейнесін жасау)

3-топ

«Гүлсіз болса жер мұңды, күлкісіз болса ел мұңды» (Мереке суретін салу)

4-топ

«Туған жердің жуасы да тәтті» ( Ауыл суретін салу)

Ермексаз

А4 форматы

Маркер бояулар

Бекіту

2 минут

Сыныптағы ең әдемі гүлді үстелге қоямын

Сұрақ: Бұл гүлді суармаса не болады?

Жауабы: Гүл қурайды. Ана тілі де тура сол сияқты. Егер ана тілінде сөйлемесе ол біртіндеп жойылып кетеді. Тіл болмаса, халықта болмайды.


Бағалау


Оқушылар


–– «батыр» ұғымын және батырлардың қазақ тарихындағы рөлін;


–– мақал-мәтелдер мен аңыздардың мағынасын түсінді;


–– қазақ халқының тарихымен танысты.


Оқушылар


–– қазақ халқының рухани құндылықтарын түсінуге; –– сұрақтар қоюға; –– алған ақпарат негізінде өз көзқарасын білдіруге


үйренді.


Бағалаудың бір түрі ретінде «Орындық» тәсілін қолдансаңыз болады. Оқушы орындыққа арқасын тақтаға қаратып отырады. Тақтада оқушылар сабақ барысында алған ұғымдар мен есімдер жазылған. Мұғалім әр ұғым мен есімді (батыр, Қасым, Толағай) көрсетеді, ал бір оқушы олардың мағынасын ашады немесе кейіпкердің мінезін сипаттайды. Орындықта отырған оқушы ұғымды немесе есімді атайды.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!