«Дәстүр мен мәдениет ұлттың генетикалық коды.»Химия, биология, физика пән бірлестігінің мекетпішілік семинарда өкізген кеші.Кештің мақсаты.Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру мақсатында оқушыларды сыйластық дәстүріне, жер мен ел тарихына қызығушылықтарын ояту. Азаматтық белсенділік пен жауапкершілік сезімін нығайту.Кешке қатысушылар: ауылымыздың көп балалы аналарын , ауыл әкімшілігі, қазына қарттар ансамбілінің мүшелері, оқушылар, ұстаздар.
Болашаққа бағдар; «Рухани жаңғыру өскелең ұрпақтың салт санасын жаңаша тәрбиелеудің алтын қазығы» Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашақ жастардікі Тәуелсіз Қазақстан тірегі бүгінгі мектеп партасында отырғандар» деп үнемі еске салып отыруы жас жеткіншектер арасында тәрбие жұмысын жоғары деңгейге көтеруді меңзейді. Ұлтымыздың асыл қасиеттерін саналарына сіңірген ұлтжанды жастар ғана еліміздің ертеңі. «Рухани жаңғыру бағдарламасын» аталған мәселелерді көтеруде Елбасының халыққа жолдаған маңызды жобаларының бірі. Бәсекелік қабілет. Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады деп атап көрсеткендей бүгінгі бәсекелестік заманда әр адам білімнен, өнерден, спорттан, кәсіппен бәсекелік қабілеттерін артырып, алдыңғы қатарлы дамыған ел болуымызға ат салысуымыз керек. Біздің мектеп оқушылары өздерінің білімдері,өнері, шығармашылық қаблеттерін жан жақты көрсетіп,бүгінде аудан мектептері арасында алдыңғы қатарлы мектептердің бірі болып отыр. Өткен оқу жылында обл әкімі Д.Ахметовтың «Туған жерге тағзым, Туған елге туыңды тік» жобасы бастамасымен өткен акцияға ауылымыздың бір неше жылғы түлектері, кәсіпкер жастары 6 123 500 теңге Робот кабинетін жабдықтап берген болатын осыған сайкес РОБОТОТЕХНИКА сабақтары жүргізіліп келеді. Қазір ортаға пән мұғалімдері А.Төлахметованы және Г.Алдабергеноваларды оқушыларымен шақырамыз. Жаңа буын жастары ғылым мен техниканың дамыған заманында өздерінің бәсекелік қаблеттерін тағы бір қырларынан көрсетсе. Оқушылар\музыка әуенімен\ ортада роботты құрап, программасын жасау арқылы жүргізеді. 8,7 А,Б сынып оқушылары. Рухани жаңғыру жобасының бір бөлімі Прогматизм. Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып қанымызға сіңген бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Прагматизм-өзінің ұлттық құндылықтарын және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдалану, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшалдық пен астамшылдыққа жол бермеу делінген.Ұлттық құндылықар сол ұлттың меншігі. Батыр жазушы Б.Момышұлы «Мен неден қорқамын?» Ана әлдиін естімей өскен баладан қорқамын, бесік жырын айтып, баласын тербетіп ұйықтатпайтын анадан қорқамын деген екен. Бүгінгі кешімізге ұлттық құндылықтарды сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан жанұялардың бірі Тілебалдин Асқардың жанұясын апаларымен ортаға шақырамыз\осы жерде көп балалы аналар памперстің құнын есептеп келешекке жоспар құрады\ плакат, фломастер беруҰлттық бірегейлікті сақтау.Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Дана халықтың өзі жасаған әдет ғұрып пен жөн жосықты біліп үйрену және өмірде қолдану ағайынды адастырмас сара жол. Мұны отбасында ата ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада қарттарымыз айтып отырса ұтарымыз көп болады.Ендігі кезекті бүгінгі кешіміздің қонақтарына берсек. Бүгін біз кешімізге ауылымыздың көп балалы, алтын жұлдыз иегер аналарын шақырып отырмыз. Апаларымыз өз замандарында он және оданда артық бала тәрбиелеп өсірген, бүгінде қарттықпен қоса ұлттық дәстүрді ұлықтап келе жатқан апаларамыздың біразы ортамызда. Атадан балаға мирас болып келе жатқан салт дәстүрлердің кейбірі ұмыт болып барады. Сіздердерден сондай салттардан біраз естеліктер айтып, білгендеріңізді ортаға салсаңыздар.\ қарт аналар ортада\ Киіз басу дәстүрін көрсетіп, әндерін айтады. \Ұсыныс айту Киіз басу\Білімнің салтанат құруы Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әр кім түсіну керек. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.Қазақ халқының ұлы данышпаны Абай; «Баламды медресеге біл деп бердім, қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім»деп айтқандай әр бала ата бабамыздың өнегелі тағылымдарын басшылыққа ала отырып, тек ғылым негіздерін алып қоймай, тұрмыс түйткілдерін, шаруа сырлары мен тәсілдерін білу керек.Қазір ортаға оқушыларды шақырамыз. Оқушыларымыз өздерінің пән бойынша алған білімідерін ұлттық дәстүрмен байланыстырып көрсін. 1.Жаратылыстану ғылымының бір саласы физикада өлшем бірліктер өте көп. Солардың біразын атасақ.\оқушыларға тапсырмалар беріледі, екі топқа\2.Табиғатпен байланысты қандай ырымдар білеміз.3.Ұлттық тағамдардың құрамында адам ағзасына қажетті қандай маңызды химиялық элементтер бар.4.Әр тапсырмадан кейін келген қонақтар өздерінің пікірлерін айтып отырады.
Көрермендермен ойын. Дағды. Ым-ишараТуған халқымыздың ежелден қалыптасқан әдет ғұрыптарында көңіл аударарлық психологиялық іс әрекеттер көп кездеседі.Соның ішінде сезімді, көңіл күйді, іс қимылды сөзді тауыспай ақ ыммен, ишарамен, еппен сездіретін, оны дәл бейнелейтін ойлы қызықты әрі есті ұғымдар бар. Бұл әдет ғұрып ишарасы. «Ымды білмеген дымды білмес» дейді. Биологияда бұл саланы жүйке жүйесі мен мимика тақырыбымен байланысты өтеміз. Суреттер арқылы сөйлеу.Алайда бұларды орынсыз пайдалануға болмайды.Ол әдепке жатпайды. Халық салтында жоғарыда көрсетілген әдет ғұрыптардың түрлері өте көп, Оның тәрбиелік өнеге, тәлімі де өте зор. Халық мінез құлқын жақсы білетін тәжірибелі адамдар әр адамның жүріс тұрысынан іс әрекетінен қас қабағынан оның көңіл күйін айтпай ақ сезіп біліп отырған.Қорытынды сөз Біз кешімізді Дәстүр мен мәдениет ұлттың генетикалық коды деп алдық. Генетика ген деген сөзден шыққан Ал ген дегенімізі ДНҚ ның бір бөліг. Генімізді таза ұстап, сақтау әр азаматтың міндеті.