Материалдар / "Дәстүрім - елдігім"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Дәстүрім - елдігім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал жалпы орта мектебінің 5-класына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2018
477
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кластан тыс шараТақырыбы: «Дәстүрім-елдігім»Мақсаты: Оқушылардың халық дәстүрі туралы ұғымдарын кеңейту; Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру; Тәрбиелік мәні бар салт –дәстүрлерді бойына сіңіру.

Күтілетін нәтижелер: - халық дәстүрінің маңыздылығы туралы түсінеді. - халық дәстүрінің мәнін түсініп, оны қадірлеп, бағалай білу дағдылары қалыптасады. - топтық жұмыс арқылы оқушылар өзара пікір алмасып, ортақ тұжырымға келеді. - тақырып бойынша өз ойларын айта алады, өздігінен қорытынды шығара алады. Сабақтың түрі: танымдық Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, пікірлесу;Көрнекілігі: салт–дәстүрге байланысты суреттер, мақал-мәтелдер, даналардан шыққан сөз, қолөнер бұйымдары, ою-өрнек түрлері, интерактивті тақта, слайд, буклет.Қанатты сөздер: «Алты жыл аш болсаң да, ата салтыңды ұмытпа», «Салтын, тілін, дінін ұмыту-мәңгүрттікке бастар жол», «Аспалы сөзге арсыз да тоқтайды», «Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды», «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», «Алтын емес, ата салтым қымбат».Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі Ынтымақтастық атмосферасын құру, психологиялық көңіл-күй қалыптастыру. II. Кіріспе. Қызығушылықты ояту.«Миға шабуыл» әдісі «Қазақы дастарханым» әнін тыңдату.Сабақтың тақырыбын ашу, мақсатын айқындау.
  • Балалар қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болады?
  • Біз қазақ халқының тұрмысы, салт-дәстүрі туралы әңгімелесеміз.
ДАСТАРҚАНДастарқан-қазақ салтында пейілдің, ықыластың, жомарттықтың белгісін танытатын, үй иесінің ниетін көрсететін берекесі. Қазақ дәстүрі бойынша әр адам қолынан келгенше барын пейілмен дастарқанға арнап, ықыласын сездіруге тырысады. Дала түлегі қазақтар қай мезгілде болса да үйіне түскен кез келген жолаушыны жатсынбайды. Ашық-жарқын қабақпен қабылдайды. Ықылас білдіріп, төрге шығарады. Содан кейін дастарқан жайылады. Жолаушы тамақтанып, сергігеннен кейін барып, үй иесі жөн сұрап, хал-жайын, бағыт-бағдарын, шаруа жайын ұғады. Бұл да ежелгі салт. Тіпті танымайтын адамды да «Қырықтың бірі – Қыдыр» деп, құт санайды. Халықтың осынау кеңпейілділігін салт ретінде берік сақтауы да ұрпақ үшін дәстүр жалғасы болып қалыптасқан.(Интерактивті тақтадан «қазақтың дәстүрлері» атты презентация көрсету)III. Негізгі бөлім. Мағынаны ашу. Мұғалім сөзі: «Қазақ халқы» салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл-оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Біздің халқымыз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым-тыйыммен тәрбиелеп, аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттер де осы жол арқылы дарыған.Дәстүрдің де жақсы-жаманы болады. Жаманы жолшыбай қалып қояды, жақсысы ғасырдан ғасырға кете барады. Қазақ дәстүрі ата-ананы, үлкенді сыйлауға баулиды. Үлкенге сәлем беру, жол беру, алдынан көлденең кесіп өтпеу, қонақты қарсы алу, төрге шығару, жақсы қабақпен аттандырып салу, жолдас-жораға қайырымды болу сияқты дәстүрлер өмір бойы ескірмейді. Халықтық жақсы дәстүрлерді ешбір ұлы адам аттаған емес, әрбір жас дәстүрді қорғаушы, орындаушы әрі дамытушы болғай-ақ.Сұрақ-жауап: «Қоржындағы сұрақ»(Оқушылар суреттер бойынша дәстүрлерді тауып атайды. Мәліметтер береді.) 1. Шілдехана-сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түкпірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс.2. Қырқынан шығару-бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады. 40-күннің өзі ананың бой көтеріп, денсаулығы түзелген кезде болады. Жалпы осы уақыт ішінде ананың да, баланың да денсаулығы өте мықты күтімді қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс. Бұл дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады.3. Есімін атау (ат қою)-бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі. Қазақ аттарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою «көз тимесін» деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады.4. Бесікке салу-бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларын алып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесік ті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «ит көйлегі» жүгіртіледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойынына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Осы жерде жиналған аналар бесік жыр ларын айтады.5. Тұсау кесер-бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен жүргізеді.6. Баланы атқа мінгізу салты-баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиын шылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі. Балаға ер – тұрмандарын сыйлап (ашамай, жандарба, тоқым, жүген, ноқта), атқа мінгізіп той жасайды. Бұл ер баланың азамат болуға дайындалғанының белгісі болып саналады.IV. «Бейне сұрақ» Имандылық, инабаттылықтың көзі болып табылатын ұлттық дәстүрге деген құрметтің қазіргі таңдағы халі кімді болмасын алаңдатары сөзсіз. Ұлттық рухани дүниеміздің жанашырлары-ұстаздарымыздың оқушыларға қояр сұрақтары бар екен. 1-сұрақ: Ерулік беру дегеніміз не? Жауабы: Ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса, сол ауылдың адамдары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп табақ тартады. Бұл-жаңа адамдарды бөтенсіретпей өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі. Мұның әлеуметтік, қоғамдық мәніде бар. Мысалы жаңа көшіп келген үйге отын, су әкеліседі. Міне, кең ойлап, терең ойлайтын қазақ салты мұны да ұмытпаған.2-сұрақ. Жылу жинау дегеніміз не?Жауабы:Бір бақытсыздыққа ұшырағанда, үй мүлкі, малынан айырылғанда ауыл тұрғындары, көршілері, туған-туыстары мал, дүние, ақшалай көмек көрсетеді. Мұны бір адам ұйымдастырады. Бұл жәрдем жылу жинау деп аталады. 3-сұрақ : Енші беру дегеніміз не?Жауабы: Ата-анасы баласы балалы болғаннан кейін «енді өз күндерін өздері көре алады» деген сенімге келіп, отау тігіп бөлек шығарады. Сонда малынан-мал, мүлкінен мүлік бөліп береді. «Менің түйгенім»(Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша білгендерін жинақтап тірек сызба құрастырады)Мұғалім оқушылардың халықтың өмір тәжірибесі, халық даналығы, салт-дәстүрлері оның маңызы туралы білімдерін жинақтап, ортаға салуы үшін олармен әңгімелесу жүргізеді. Әңгімелесу кезінде оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады:• Халықтың өмір тәжірибесі ұрпақтан ұрпаққа қалайша жетіп отырған?«Салт-дәстүр» деген сөзді қалай түсінесіңдер?• Халықтық дәстүрден қандай өнеге-үлгі алуға болады?• Өзің үшін маңызы бар халқымыздың игі дәстүрлері туралы айтып беріңдер.Салт-дәстүрді неліктен халықтың асыл қазынасы дейміз?Қорытынды Ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрімізді үйреніп, халқымыздың рухани байлығын бойымызға сіңіру, ұлтымыздың  дәстүрлерінен  үлгі алуымыз  қажет. «Өткенді білмей келешекті білу мүмкін емес. Бұрынғының парқын білгендер ғана бүгінгінің нарқын ұғады»-деген  болатын  атақты жазушы  Ғ. Мүсірепов. Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстү-рін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру - әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!