Материалдар / Даярлық топ,1- 4 сыныптарға арналған "Алтын күз" атты сценарий.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Даярлық топ,1- 4 сыныптарға арналған "Алтын күз" атты сценарий.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауыз біршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қазан 2022
1636
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауыз біршілікке, ынтымақтастыққа баулу.


1-жүргізуші: (Алуа)— Армысыздар  құрметті мұғалімдер мен оқушылар! «Алтын күз» атты мерекемізге қош келдіңіздер. Берекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

2-жүргізуші: (Алина)

Біздерде ойын сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды-дей отыра бүгінгі күз мезгіліне арналған мерекелік концертімізді ашық деп жариялаймыз!

1-жүргізуші:(Алуа) Мен сендерге жұмбақ жасырайын. Жауабын табуға дайынсыңдарма?

Жиын – терін болатын,

Қамбаға астық толатын.

Жемістер мен көкөністер піседі,

Қызыл – сары жапырақтар түседі.

Берекелі, мереклі қай мезгіл деп ойлайсыңдар?

Балалар жауабы: «Күз» мезгілі.

2-жүргізуші: (Алина) 2-сынып орындауында «Күз келгенде» әні.

1-жүргізуші:( Алуа) Даярлық сынып орындауында би

1-жүргізуші: (Алуа) Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты. Қанекей қол соғып қарсы алайықшы.

(Ортаға музыка әуенімен «Алтын күз» келеді.)

Алтын күз:

Армысыздар балалар,

Күзгі бақтағы қонақтар,

Өздеріңе әкелдім.

Күздің сыйын көз тартар.

Балалар мен өздеріңе асығып жеттім.

Жаздан кейін кезек күттім. Мен туралы не білесіңдер, айта қойыңдаршы, балалар.

2-жүргізуші: (Алина) Балалар Алтын күзге арнаған тақпақтарын айтуға даярлық сынып пен 1 сынып шығады.

1-жүргізуші: (Алуа) Даярлық сынып орындауында ән.

Алтын күз: Рахмет, балалар мені жақсы біледі екенсіздер. Балалар сендер орманды қорғайсыңдар ма?

Балалар: Иә, қорғаймыз.

Ал балалар ойын ойнайық.

1-жүргізуші : (Алуа) Ойын аты: Орманымызды қорғайық.

2-жүргізуші: (Алина) Алтын күзге көмекке даярлық топ және 1,2 сынып оқушыларын шақырамыз.

Алтын күз: Қанеки балалар ортаға шығайық. Балалар біз барлық қоқыстан орманды тазалау керекпіз. Менің артымнан қыс келе жатыр. Қалың қар астында қоқысты біз жинай алмаймыз. Тезірек балалар жүріңдер, қоқысты бөлек жинайық. Жапырақты бір шелекке, пластиканы бір шелекке, жаңғақтарды бір шелекке, қағаздарды бір шелекке. (Балалар тез жинайды)

Жарайсыңдар балалар орманды тазаладық. Енді қоршаған ортаны тазалықта ұстайық.

Алтын күз: Балалар қараңдар жапырақтар жатыр. Ал балалар осы жапырақтарды теруге әр сыныптан екі оқушыны шақырамын.Алдарыңыздағы шашылған жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беріңдер.

1 - сұрақ: Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды?

- Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады. Адамдар, балалар жылы киінеді.

2 - сұрақ: Жұмбақ шешу.

Ағайынды бәрі,

Шықса – жасыл,

Түссе – сары.

Бұл не? (Жапырақ)

3 - сұрақ: Күз айларын ата. - Қыркүйек, қазан, қараша.

4 - сұрақ: Жұмбақ шешу.

Аспай піскен, қайнамай түскен. (Жеміс).

5 - сұрақ: «Мақал - мәтел жалғастыр»

Еңбек түбі --------------------

6-сұрақ: «Мақал - мәтел жалғастыр»

Еңбек етсең ерінбей --------------------

7 - сұрақ: Бес жеміс - жидектерді атап беру. - Алма, алмұрт, жүзім, өрік, шабдалы. 8 - сұрақ: Бес көкөністерді атап беру. - Пияз, қызанақ, орамжамжапырақ, картоп, сәбіз.

Алтын күз: (Аяулым) Жарайсыңдар!!!!

1-жүргізуші: (Алуа) Алтын күз сізге балалар сыйлық дайындады. Қабыл алыңыз. Ал қанеки балалар тосын сыйлығымызды сыйлайық .

2-жүргізуші: (Алина) 1 сынып орындауында «Алтын күз» биі

Алтын күз: Балақайлар сендердің тосын сыйларын ұнады, рахмет сіздерге.

1-жүргізуші: (Алуа) Алтын күз тоқта, мақтанышыңды айтуға асықпа, бізде тағы сыйлығымыз бар.

Алтын күз: Қандай сыйлық?

2-жүргізуші: (Алина) Сіздердің алдарыңызда 3 сынып орындауында «Күз » әні

Алтын күз: Ой, балалар мынау керемет болды ғой, мені былай ешкім қарсалған жоқ, рахмет сендерге.

Осындай тамаша көңіл –күймен бір керемет ойынмен жалғастырайық.

1-жүргізуші: (Алуа) Ортаға 3-ші және 4 сынып оқушыларын шақырайық

Алтын күз: Ойынның аты: «Кірпілер»

2-жүргізуші: (Алина)

Ойынның шарты:

Артқы жағында ыдыста кішкентай доптар бар, кірпілердің мақсаты, 1 барғаннан барынша көп допты қолдарына сығызып, сыныптың алдында тұрған ыдыстарға әкелу. Ойын барысында киімдерін қолдануға болады. Яғни, киімдеріне салып тасуға болады, бірақ киімдерін шешіп қолдануға болмайды. Барынша көп доп әкелген кірпі жеңіске жетеді.

Алтын күз: Жарайсыңдар!!!!!

Алтын күз: Балалар!!! Сендер менің көңілімді көтердіңдер, менде сендердің көңілдерінді көтердім. Ал мен енді басқа мектептерге барайын, рахмет сендерге балақайлар.

Балалар: (дауыстап) Тоқта!!!!! Алтын күз

Алтын күз: Не боп қалды? Сендер маған рұқсат бермейсіздерме кетуге? (ренжіп айтады)

1-жүргізуші: (Алуа) Жоға Алтын күз, балалар сені ренжіткісі келген жоқ! Балалардың саған деген тосын сыйы бар.

Алтын күз: Қандай тосын сый? Бүгін тосын сыйлар көп болды ғой (қуанышын білдіріп тұр)

2-жүргізуші: (Алина) 4-сынып орындауында көрініс

Алтын күз: Көптеген тосын сыйларды дайындапсыңдар үлкен рахмет сіздерге, мен сіздерге құр қол келген жоқпын, меніңде дайындаған сыйлығым бар.

Алтын күз қолындағы таяқшасын айналдырып;

-Сиқырлы таяқшам, сиқырла,

Балаларға сыйлығыңды дайында.

Сиқырлы таяқшам, сиқырла,

Балаларды қуантуға дайындал.

Себетті сиқырлап, орамалын ашып, себетте толы алмалар бар екенін көрсетеді. Балалар бұл сіздерге!!!
Балалар: Рахмет саған Алтын күз!
1-жүргізуші: (Алуа)

Шалқып, тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Бүгінгі күз кешінде
Би билейік бәріміз

Алтын күз: Ал қанеки балалар билейік.

0-4 сыныптар мен Алтын күз қосылып флешмоб билейді.

Алтын күз: Оқушылар енді сендермен қоштасатын кез келді. Келесі күз мезгіліне дейін қош сау болып тұрыңдар. (балалармен қоштасып шығып кетеді)

2-жүргізуші: (Алина) Осымен Алтын күз атты мерекеміз аяқталды .

Екі жүргізуші: Келесі күзге дейін кездескенше!








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!