Дебат -оқушының көшбасшылығын
арттырады.
“Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер
бар:
бірі – қолбасшылық,
екіншісі – шешендік”
ууууууМарк Ту́ллий
Цицерон
Қазіргі таңда білім беру
саласындағы өзгерістер мұғалімдерден үлкен жауапкершілікті талап
етуде. Жан –жақты ізденетін, өздігінен білім шамшырағын жағуға
ұмтылатын, оқушы кезеңнің өзінде болашағын болжай алатын бәсекеге
қабілетті тұлға дайындау ұстаздың қолында. Сыни тұрғыда ойлап, өз
ойын қоршаған ортада дәлелдейтін және қорғай алатын, жаңаша
көзқарастағы, рухы жоғары, өзінің алған білімін жаңа Қазақстанның
алға басуына жұмсай алатын тұлға тәрбиелеген ұстаз-бүгінгі күннің
табысты ұстазы болып саналады. Осыған орай жаңа бағдарламаның,
ұтымды әдіс- тәсілдерін таңдап алып, үйлесімді, тиімді жолдарын
қолдана білу-ұстаз шеберлігінің белгісі. Бүгінгі таңдағы
педагогиканың басты проблемасы болып саналып жүрген оқушының пәнге
деген қызығушылығын арттыру мәселесі. Бұл бағытта бізге көмекке
келетін Мерсердің «әңгіме-дебат» әңгіме түрінен бастау алатын
«Дебат» бағдарламасы. Дебат бағдарламасы-оқушының әлеуметтік және
шығармашылық қабілеттерін ашуға, дамытуға елеулі ықпал ететін
инновациялық оқыту технологиясының бірі. Сабақ барысында
оқушылардың ізденушілігі мен зерттеушілігі белес алып, білім
дағдысын толықтыра жүріп пәнге деген қызығушылығы
артады.
Дебат – жастарды көшбасшылыққа
баулудың бір жолы. Ел ертеңі болатын бүгінгі оқушының өз ойын ашық
білдіріп, еркін сөйлеуі маңызды. Оларға қоғамдық-әлеуметтік маңызды
мәселелерді талдап, түсіне алу қабілеті қажет. Пікірсайыс
оқушыларымызды ұтқыр ойлы, саяси сауатты болуға баулиды, оқушының
танымын кеңейтеді.
Сонымен қатар бұл бағдарлама
тәртіп пен тәрбиенің, сыйластықтың ортасы. Ойында сөз жарыстыра
отырып, қарсыласқа ұтымды жауап қайтару, өз идеяңды қорғап шығу
үлкен шеберлік. Оқушылар бір - бірінен үйренеді, басқа оқушылардың
идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпалын тигізеді, оқытудағы
қиындықтар мен түсінбестіктерді
анықталады.
Қорыта айтқанда, дамыту,
жетілдіру мақсатында қолданылатын әдістердің бірі ретінде дебат
технологиясын сабақта қолдану оқушының өз бетінше, дербес ізденуіне
жол ашады, оқушының танымдық өрісін дамытады, белгілі бір
мәселелерді шешуде өз бетінше әрекет жасауына ықпал етеді.Тарихқа
көз жүгіртсек дебат арқылы талай мәселелер талқыланып, шешімін
тапқан. Бүгінде де бұл өнер өзектілігін жоғалтқан жоқ. Ел ертеңі –
жастар. Көзі ашық, көкірегі ояу, заман талабынан қалыспайтын, ұтқыр
ойлы, шешен тілді оқушыларымыз көп болсын!
«Опорный жалпы білім беретін
мектеп»
Құқық пәнінің мұғалімі
Ибраева Айсара