Материалдар / Дебат БПФ формат түсіндірме жұиыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дебат БПФ формат түсіндірме жұиыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда БПФ формат туралы мағлұмат беріледі.Және оны алып оқи аласыздар.Жәнеде дебат туралы қосымша ақпараттары тағыда салатын боламын.Сіздерге үлкен рақмет/
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2022
1339
26 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Британдық Парламенттік Форматының (БПФ) қысқаша ережесі

Ашушы Үкімет

Премьер-Министр (ПМ): қарарды ашады және анықтамаларды, қажет болған жағдайда механизмді енгізеді, АҮ аргументтерін ойынға енгізеді.

Премьер-Министрдің орынбасары(ПМО): ОЛ-іне қарсылық, ПM аргументтерін толықтыру немесе жаңа аргументтер ұсынып, командаларды салыстырады.

Ашушы Оппозиция

Оппозиция лидері(ОЛ): ПМ ұсынған анықтама мен механизмді жоққа шығара алады немесе ПM-ға қарсы, өзінің қарсылықтарын ұсынып, өз аргументтерін енгізеді.

Оппозиция лидерінің орынбасары(ОЛО): АҮ-ке қарсылық келтіріп, аргументтерін толықтырады немесе жаңа аргументтер ұсынып, командаларды салыстырады.


Жабушы Үкімет

Үкімет мүшесі (ҮМ): АҮ-ті кеңейтіп, АО-ға қарсылық келтіреді.

Үкімет хатшысы (ҮХ): ЖО-ға қарсылық келтіріп, ойынды талдап, қорытындылайды: Жаңа материал/аргумент қосуына тыйым салынады.

Жабушы Оппозиция

Оппозиция мүшесі (ОМ):

АО-ны кеңейтіп, АҮ және ЖҮ-ке қарсылық келтіреді.

Оппозиция хатшысы(ОХ): ЖҮ-ке қарсылық келтіріп, ойынды талдап, қорытындылайды: Жаңа материал/аргумент қосуына тыйым салынады.




Жабушы үстелдерде кеңейту болып не саналады?

1. Жаңа дәлелдер;

2. Жаңа қарсылық;

3. Жаңа мысалдар;

4. Аргументтерді жаңа қырынан талдау немесе түсіндіру;

5. Алаңда бар аргументтерді жаңа тәсілмен қолдану (мысалы, егер ҮХ қолданыстағы ЖҮ аргументі АҮ немесе ЖО жаңа аргументтерін қалай жеңетінін көрсетсе);

6. Ойынға жаңа критерий енгізу немесе алаңда бар критерийлерді жаңа қырынан көрсету.


Регламент:

  1. Қарар раундтан 15 минут бұрын жарияланады;

  2. Әр спикерге 7 минут және сөзін аяқтау үшін қосымша 15 секунд беріледі;

  3. Қарсыластың ақпарат нүктесі (сұрақ, анықтама, қосымша пікір) 15 секундтан аспайды, сұрақтар арасында кем дегенде 30 секунд өтуі керек;

  4. Әр спикердің сөзінің алғашқы және соңғы минутында қарсыластарға сұрақ қоюға тыйым салынады. Берілген уақыттың бірінші және соңғы минуттарын төреші немесе таймкипер «шапалақ» арқылы ескертеді;

  5. Қарсылас «сұрақ» немесе «анықтама» деп, орнынан тұрып, сөйлеп жатқан спикердің назарын аудара алады;

  6. Спикер өзіне қойылған ақпарат нүктесін қабылдайтынын немесе қабылдамайтынын өзі шешеді. Сондай-ақ, спикер қарсыласынан өз ойын аяқтау үшін сұрақты сәл кідіріп қоюын сұрай алады;

  7. Спикерлерге қарсылас командалардың кем дегенде бір сұрағын қабылдау ұсынылады.


Қарар түрлері:

  1. Заң жобасы: «БП ... қабылдайды, БП ... заңдастырады». ПМ қарар немесе инфослайд егжей-тегжейлі сипаттамаған жағдайда, қандай да бір әрекет қалай жүзеге асатынын түсіндіретін модель/механизмді ұсынуы керек. Үкіметте механизмді жүзеге асыру үшін барлық қажетті ресурстар бар деп есептейтін фиат ережесі жұмыс жасайды;

  2. Біржақты қарарлар: «БП Х ретінде». Бұл қарарларды белгілі бір актордің мүддесі/қалауы үшін ойнайды;

  3. Моральдық қарарлар: «БП ... д.е.», «БП таңдайды». Үшінші тараптан ойнайды және көпшіліктің мүддесін қарастырады.

  4. Салыстырмалы қарарлар: «БП футболды баскетболдан жақсы д.е». Критерийлермен салыстырып ойнатылады.


Төрешіліктің негізгі критерийлері:

  1. Релеванттылық. Ең алдымен, аргумент осы қарардың контекстінде өзекті, яғни осы қарарда орынды болуы керек. Егер аргумент қарар контекстінде маңызсыз болса, ол нашар дәлелденген немесе онша маңызды болмаса да, релевантты аргументті жеңе алмайды.

  2. Дәлелдену. Егер аргументтер бірдей релевантты болса онда келесі критерий дәлелдену. Маңызы аз, жақсы дәлелденген аргумент, маңызы жоғары дәлелденбеген аргументтен жоғары болады.

  3. Маңыз. Раунд барысында аргумент маңызын спикер көрсетеді. Егер спикер өз сөзінде маңызды көрсетпесе, бұл міндет төрешінің жауапкершілігіне өтеді.

  4. Шынайылық. Аргумент қарарда берілген немесе шынайы әлем контекстінде жүзеге асатын мүмкіндігі болуы керек.


Оқушылар арасында өтетін «El Umiti CUP» Ұлттық гранд-турнирінің Бас төрешілер алқасы барлық қатысушыларға сәттілік тілейді!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!