Материалдар / Дебат: "Интернеттің пайдасы мен зияны" 10 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дебат: "Интернеттің пайдасы мен зияны" 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дебат: "Интернеттің пайдасы мен зияны" 10 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
2359
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Интернеттің пайдасы мен зияны»

Сабақтың түрі: дебат (пікір-талас)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек-интернетке байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп, тексере отырып қорытындылау;

Тәрбиелік: Оқушылар өз ойларын тянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап/ ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар /дербес компьютер, қанатты сөздер, АКТ.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу.

Жүргізуші:Айсәуле

Дүниедегі құбылыстың мәнін де,

Интернеттің, жаңалықтың бәрін де

Мүмкін емес информатикасыз түсіну,

Компьютер дүние кілті бүгін де,-демекеші, заман талабына сай әрбір адам компьютердің қыр сырын білгенге не жетсін.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерге 10 сыныптың оқушылары арасындағы «Интернеттің пайдасы мен зияны» жайлы пікір таласты ашық деп жариялаймыз.

Біз бүгінгі дебатта сіздердің толғандырып жүрген сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Ақпараттық технологияны заманға сай қолдана білу біздің міндетіміз. Интернет-бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі. Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол -бүкілғаламдық желі – Интернет деп санар едім..

Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1,5млрд адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз. Ал қазіргі уақытта біз өз өмірімізді «Дүниежүзілік өрмексіз» елестете алмаймыз. Бұл пікірталаста 10 «Б» сынып оқушыларынан құралған «ARPANET» тобы жақтаушы, 10 «А» сынып оқушыларынан құралған «Интернет» тобы даттаушы.

Біздің сарапшыларымыз Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Абишева Кулайша апай, математика пәнінің мұғалімі Қарабалаева Салтанат апай

1. Жүргізуші ашық пікірталастың шарттарымен таныстырады:

Пікірталас шарттары:

1. «Таныстыру» Әр топ өздерін таныстырады.

2. «Баяндама» 3 мин, әр топ өз тақырыптарын қорғайды

3. Слайд-шоу, дәлелдемелер келтіреді.

4. Видеоролик, мысал келтіреді.

5. «Сұрақ -жауап» Екі топ өзара сұрақ алмасады.

Интернет өмірімізге қаншалықты маңызды екенін білу үшін 10сынып оқушылары арасындағы «Интернеттің пайдасы мен зияны» атты дебатты бастаймыз.

Жүргізуші:

1-кезең: «Таныстыру»

Топ жетекшілерге сөз беріледі. 3мин



1. «ARPANET» тобының топ жетекшісі

2. «Жалын» тобының топ жетекшісі

Жүргізуші:

2-кезең: «Баяндама» 3 мин, әр топ өз тақырыптарын қорғайды

1. «ARPANET» тобының мүшесі

2. «Жалын» тобының мүшесі

Жүргізуші:

3-кезең: Слайд-шоу, әр топ өз тақырыптарына дәлелдемелер келтіреді.

1. «ARPANET» тобының мүшесі

2. «Интернет» тобының мүшесі

Жүргізуші:

4-кезең: Видеоролик, мысал келтіреді. 3-5мин

Жүргізуші:

5-кезең: «Сұрақ -жауап» Екі топ өзара сұрақ алмасады.

Екі топ өзара кезектесіп 3 - сұрақтан алмасады. Ойлануға 1 минут. Әділқазылар уақытты
қадағалайсыздар

Жүргізуші:

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу ығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсеңде, жеңілсең де қалма жасып.

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді талантарға.



Жүргізуші:

Сөз кезегін әділқазыларға береміз

Осымен біздің 10 сынып арасында «Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында өткен пікір таласымыз аяқталды.
Сіздердің келіп қатысқандарыңызға көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!