Материалдар / Дефектология сауабы мол мамандық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дефектология сауабы мол мамандық

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздық мамандық бұл адамтану , адамның күрделі және қызықты, шымшытырғы мол рухани жан дүниесіне үніле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер ол даналықты жүректен ұғу болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Ақпан 2022
1086
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Дефектология-сауабы мол мамандық!

Менің мамандығым – Дефектолог. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты мектеп қабырғасында 9 сыныпта оқып жүргеннен бастап зерттеп,өзіме керегін алып,қызықтап,армандадым.

Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастамасы. 2018 жылы Ақтөбе облыстық білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы (түзетім) балабақшасына дефектолог маманы болып жұмысқа орналастым.
«Ұстаздық мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шымшытырғы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұғу болып табылады»,
 демекші мен ең алғаш «Ұстаз» деген атаққа ие болуым да осы балабақшадан басталды.

Өмірде екі нәрседен қателеспеген жөн. Оның бірі — жар таңдау болса, екіншісі — мамандық таңдау. Артымнан ерген іні-сіңілілеріме осы екінші таңдауда қателеспеуге аз да болса жол сілтеп, дұрыс бағдар көрсетсем деген оймен, өз үлесімді қоссам деймін.

 Мен кіммін? Болашақта қандай мамандық иесі болғым келеді? Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандырары сөзсіз. Бір кездері мен де осы бір сұрақтың жетегінде көп ойланып, толғанып, қиялдап, өзім қалайтын, өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім. Ақырында осы бір сұраққа жауап та таптым.

Ол әлем-дефектология әлемі болатын. Қазіргі таңда осы мамандық бойынша балабақшада жұмыс жасаймын.

Дефектология әлемі, дефектолог мамандығы мені несімен қызықтырады?Осы мамандықты таңдаған себебім? Бұл мамандықты естігенде қай-қайсыңыз болмасын «Ол не мамандық?» деген сұрақ қоярыңыз сөзсіз. 

Педагог-дефектологтың кәсіби әрекеті дәстүрлі ұстаздың әрекетінің белгіленген шеңберінен әлдеқайда кең болып келеді өйткені әлеуметтік-педагогикалық, оңалту, консультативтік-диагностикалық, психотерапиялық жеке коррекцияның көптеген түрлерімен бағытталған, яғни мүмкіндігі шектеулі тұлғаның әлеуметтік бейімделуіне және арнайы білім алуына ықпал ету.

Дефектология төрт салаға бөлінеді: 

сурдопедагогика – мылқау балаларға, 

тифлопедагогика – зағип балаларға, 

олигофренопедагогика – ақыл-ойы кеміс балаларға, 

логопедия – тілінің ақаулығы бар балаларға білім және тәрбие беру проблемаларын зерттейді. Бұл саладағы зерттеу нұсқасы мүмкіндігі шектеулі балалар, яғни тәрбиелеуі қиын балалар. Ондай жандарға қарап арың, ұятың оянады. Олармен жұмыс істеу өте қызықты, сонымен қатар аса жауапкершілікті, шыдамдылықты талап етеді. Мына бес күндік жалған дүниеден баз кешіп кеткеніңде, олардың арасына кірсең, бейнебір өзіңді өзге планетада жүргендей сезінесің.

Ғажап өмір! Алдымызға келген әрбір бала - біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі – жал дегенде жалғызы, бірі – ерке, бірі – қой аузынан шөп алмас момыны. Ортада жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен батырлық қажет.

Дефектология – дүние қуып, байлық жиғандардың араласатын шаруасы емес! Ыстық ықыласпен, мейірімді жүрекпен, асқан кісілікпен атқарылатын сауабы мол іс. Жауапкершілігі өте жоғары, тастан берік төзімділік пен шыдамды талап ететін мамандық.

«Баланың психикалық даму деңгейі төмен болған сайын, мұғалімнің білім деңгейі жоғарылай түсуі қажет» деп атақты неміс педагог-дефектологы П.Шуман айтқан екен. 

Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен. Оны мен өз басымнан білемін.

Егер мүмкіндігі шектеулі, көмектеріңізге зәру жандарға қол ұшын созып, жақсылық жасап дүниеден сауап, өмірден сабақ алғыңыз келсе, сіздерді осы бір қиыншылығы мен қызығы қатар жүретін мамандық бойынша білім алуға шақырамын.


Дефектолог: Нурлыбекова А.Б





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!