Материалдар / Дефектологтің ашық ұйымдастырылған оқу қызметі, "Менің отбасым" ,
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дефектологтің ашық ұйымдастырылған оқу қызметі, "Менің отбасым" ,

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл оқу қызметім жас мамандарға пайдасы тиіп қалар деп ойлаймын. Себебі, бұл менің жас маман ретіндегі алғашқы жұмысым
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2018
1712
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Мұғалім-дефектолог:

Сақтағанова Н.Ә


Білім беру салалары /Образовательные области:«Коммуникация», «Шығармашылық»

Бөлімі / Раздел: « Сөйлеуді дамыту»

Тақырыбы / Тема: «Менің отбасым»

Мақсаты / Цель: Отбасы туралы түсініктерін қалыптастыру, отбасы мүшелерінің атын атауға үйрету; қол-қимыл жаттығулары мен артикуляциялық жаттығулар арқылы сөздік қорын байыту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, бала бойына сыйластық пен адамгершілікке тәрбиелеу

Көрнекіліктер: отбасы мүшелерінің суреті, айна

Сөздік жұмыс / Словарная работа: отбасы, жанұя

Қос тілділік компонент / Билингвизм: отбасы- семья


Қызметтің

кезеңдері

Этапы

деятельности

Мұғалім-дефектологтің әрекеттері

Действия учителя

Балалардың әрекеттері

Действия детей

Мотивациялық - түрткі болатын

Мотивационно-побудительный

Қонақтармен амандасу.


-Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті.

-Сәлеметсіздер ме?

Жылулық шеңбері

«Психологиялық жаттығу»:

-Балалар оқу қызметімізді бастамас бұрын көзімізді жұмамыз

-Қолдарымыз демалады

-Аяқтарымыз демалады

-Бүкіл дене босаңсиды

-Дем алады, ұйықтайды

-З-З-З-З-З деп бізді ара оятып жібереді

Артикуляциялық массаж:

-Енді, біз ояндық! Ұйқыдан тұрған соң не істейміз?

-Дұрыс, жуынамыз. Керілеміз. Қане бәріміз айнаға қарап бетімізді жуамыз, маңдайымызды, көзімізді, қасымызды, тізімізді, құлақтарымызды 2-3 рет

-Ал, енді тілімізді де ұйқысынан оятайық!

«Таза тіс» артжаттығуы




Балалар қонақтармен амандасады





Шеңберге тұрып,

қимылмен мұғалім соңынан қайталайды












Керіледі.

Жуынады








Күледі. Тілдерімен жоғары сосын төмен тістерінің үстінен жүргізеді

2-3рет

Ұйымдық – іздену

Организационно - поисковый

Суретпен жұмыс



-Балалар, мына суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?

-Дұрыс. Ата, әже, әке, ана, әпке, аға, іні, қарындас, сіңілі т.б.

-Әр адамның өз үйі болады. Сендердің үйлеріңде кімдер тұрады?

-Дұрыс осылардың бәрін бір сөзбен айтқанда отбасы немесе жанұя деп атаймыз.

-Отбасы- сыйластық, жарастық орнаған, тәрбиелік мән беретін орта.Онда оның отбасы мүшелері тұрады. Олар: ата-әже- отбасы тәрбиесіндегі әдет-ғұрыптарды атадан әкеге, әкеден балаға жеткізуші, әке- асыраушы, ана- отбасының қамқоршысы, жылуы, шуағы.

-Анамыз үйде болмаса не істейміз?


Билингвальды компонент:

Ата-дедушка, әже-бабушка, әке- отец, ана- мать, аға-брат, әпке-сестра

-Жарайсыңдар балалар!


Сергіту сәті

«Менің жанұям» саусақ ойыны

- Бармақ-әке, бармақ- әке қайдасың?

- Бармақ ана, бармақ ана қайдасың?

-Бармақ аға, бармақ аға қайдасың?

-Бармақ әпке, бармақ әпке қайдасың?

-Бармақ бөбек, бармақ бөбек қайдасың?


Дыбыстық жаттығу:

А-а-а ата, аға, ана, апа

Ә-ә-ә әже,әке, әпке













Балалар өз ойларынан жауап береді



Отбасы мүшелерін атап шығады


-Ата, әже, әке, ана, мен т.б


Балалар суретке назар аударып, мұқият тыңдайды








-Қарнымыз ашады, сағынамыз....



Мұғаліммен бірге қайталайды










-Мындамын, осында қалың қалай? деп балалар жауап беріп көрсетеді







Мұғалім соңынан айнаға қарап қайталайды

Рефлекстік – түзету

Рефлексивно – корригирующий

Қорытындылау


«Менің жанұям » ойыны

Шарты: отбасы мүшелерінің суретін жаңылмай айтып, саусақтарға жапсырып шығу керек

-Сонымен балалар, бүгін отбасы туралы және оның мүшелері туралы білдік пе?

-Кәне, тағы да өлеңді қайталап жіберейікші


Балаларды мадақтау

Жасаған жұмыстарын смайликпен бағалау.

-Ал, балалар қонақтармен қоштасамыз!

-Сау болыңыздар!





Ойынды қызыға ойнайды


-Иә!



Мұғалім соңынан қайталайды.


Балалар қуанады




-Сау болыңыздар!



Күтілетін нәтиже / Ожидаемый результат:

Білу / Знать: отбасы мүшелерінің атауларын атауды;

Түсінуге тиіс / Иметь: отбасында сыйластық, адамгершілік, тәрбиелілік ұғымын;

Істей білу керек / Уметь: өз жанұясының мүшелері туралы айтып беруді;








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!