Материалдар / Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы жайлы мағлұмат беру.Дене импульсі. Импульстің сақталу заңын күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
744
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Күні: 14.11.17

Сыныбы: 9

Пәні: физика


Сабақтың аты

§19 § 20 Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

*Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы жайлы мағлұмат беру

* Дене импульсі. Импульстің сақталу заңын күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету

*Бірін-бірі бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже

*Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы жайлы мағлұмат алады

*Дене импульсі. Импульстің сақталу заңын күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді

*Бірін-бірі бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

Үй тапсырмасын тексеру.

І. Бос орнына толықтыру тесті

1. Дененің салмағы ______ белгіленеді, дененің массасы ___ , еркін түсу үдеуі ____ белгілейді.

2. Үдеумен вертикаль жоғары көтерілгендегі дененің салмағы

_______

3. Күшті өлшеу құралы

_________________

4. Лифт 1 м/с2 үдеумен жоғары көтерілуде. Лифтінің ішіндегі

массасы 1 кг дененің салмағы қандай?

_______________

ІІ. Сәйкестендіру тесті

Сұрақ

 

Жауап

Ауырлық күшінің өлшем бірлігі


Fүйк =μN

Ауырлық күші деп

Fсерп =kx

денелердің Жердің центріне тартылу күшін айтады

Үйкеліс күшінің формуласы

Үйкеліс күші деп

1 Н = 1 кг· м/с2

Серпімділік күшінің формуласы

Денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күшті айтады және ол күш әрдайым жанасу бетінің бойымен қозғалыс бағытына қарама-қарсы жаққа қарай бағытталады


ІІІ. «Ия-Жоқ» тесті

1. Күштің өлшем бірлігі Ньютон ба?

Ия жоқ

2. Дененің қатаңдығын F әріпімен белгілейміз ба?

Ия жоқ

3. Күшті өлшейтін құрал динамометр деп атала ма ?

Ия жоқ

4. Күш векторлық шама ма?

Ия жоқ

5. Жаңбыр тамшысын Жерге құлататын ауырлық күші ма?

Ия жоқ


Жаңа сабақ:

Дене импульсі – дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шама : ; өлшем бірлігі кг·м/с

«Импульс» ( impulsus) грек тілінен аударғанда «соққы» деген мағына береді.

Импульс- векторлық шама. Дене импульсінің бағыты әрдайым дененің қозғалыс жылдамдығымен бағыттас.




Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі күш импульсі деп аталады.

Күш импульсі: ; өлшем бірлігі Н·с


Дене импульсінің өзгерісі күш импульсіне тең.

Тұйық жүйе деп сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер бір-бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйені айтады.

Ипульстің сақталу заңы: жүйе ішінде туындайтын өзара әрекеттесулер нәтижесінде тұйық жүйенің қосынды импульсі өзгермейді.



Тапсырмалар

Топтық жұмыс: Есеп шығару

№1

Массасы 10 кг дененің импульсі 40 кг·м/с болса, оның жылдамдығы қандай?

№2

Массасы 440 г болатын тыныштықта тұрған допты бала 22 Н күшпен тепті. Доп 20 м/c жылдамдыққа ие болса, күштің допқа әрекет ету уақытын табыңыз.

Жеке жұмыс: «Т» кестесі, «Ішке-сыртқа» әдісі

Кері байланыс

Білім пирамидасы

Бағалау

Өзін-өзі бағалау

Үйге тапсырма

§19, 20 Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы 17-/1/

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!