Материалдар / «Дене мүшелері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Дене мүшелері»

Материал туралы қысқаша түсінік
мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Маусым 2018
1161
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Дене мүшелері»

Сабақтың мақсаты: Дене мүшелерін атай отырып, сөйлеу тілін дамыту.

Дене бөліктерінің арасындағы кеңістік қатынастарын қабылдауды үйрету:

оң-сол қол (аяқ)

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, сергіту сәті, ойын

Көрнекі-құралдар: ойыншықтар, суреттер, т.б

I апта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Ұйымдастыру кезеңі: баланың зейінін сабаққа аудару,оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау.

Психожаттығу: -Қорбандап жүрген аюдың жүрісін салайықшы.

-Қорқып қашып бара жатырған қоянды саламыз






III. Жаңа сабақ.

Бүгінгі тақырыбымызда адамның дене мүшелері туралы айтамыз. Дене мүшелерін атай отырып сөйлеу тілін дамыту.Адам-ақыл-ойдың иесі.Сурет көрсету. Суреттерге қарап дене мүшелерін атап беру.Тақырыпқа байланысты жұмбақ шешіп жіберейік.

Таңертең төрт аяқты,

Түсте екі аяқты,

Кешке үш аяқты

Бұл не? (Адамның сәби, жігіт, қарт кезі)

Адамның дене мүшелеріне бас, мойын, қол, аяқ, тізе, шынтақ, саусақ, кеуде, қарын, иық, т.б. жатады. Мұны адамның қаңқасы дейді.

Адамның бас мүшелерінде шаш, бет, көз, құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, шеке, иек, қас, ерін, тіл, тіс, таңдай т.б. мүшелеріне орналасқан. Адамдар баспен ойлайды, көзбен көреді, мұрынмен дем алады, құлақпен естиді, ауызбен тамақтанады, тілмен сөйлейді, тіспен тамақ шайнайды, аяқпен жүреді, қолмен ұстайды. Бұлардың бәрі көзбен көруге болатын дене мүшелері.

Бұлардың көзбен көруге болмайтын да ағзалары да бар. Оларды дәрігерлер жақсы біледі. Көзге көрінбейтін мына ағзаларды жеке адамдар да сезеді, олар: асқазан, бауыр, бүйрек, жүйке, жүрек, өкпе, тамақ, іш. Өйткені адамдар бұлармен жиі ауырады. Дене мүшелерін таза ұстау керек. Беті-қолды сабынмен жуып, тісті тіс щеткасымен тазалап отыру керек. Шашты сабынсумен жиі жуып, құлақтың ішін сабындысумен жуып тұру керек. Денсаулықтың кепілі-тазалық. Көз-көру мүшесі. Адамдар заттарды көзбен көреді. Көру арқылы заттың түсін, пішінін, түрін ажыратады. Әр адамның көңіл күйін көзіне қарап байқауға болады.Сурет көрсету.Суреттерге қарап дене мүшелерін атап беру.

Музыка тыңдату арқылы дене қимылын жасату.

Босаңсытып денеңді,

Бей-жай күйге ен енді

Басты көтер, тік ұста

Емін – еркін тыныста!

IY.Сергіту сәті: Бас бармағым бастап берді.

Саусақтарым ән салып берді.

Шылдыр шүмек шылдырлады

Кіші бөбек былдырлады.

II апта

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: баланың зейінін сабаққа аудару,оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау.Суреттер көрсету.

Тыныштық сәті: Үнтаспадан жағымды әуен естіліп тұрады. Кәнікей денемізді

түзу ұстап, басымызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырамыз. Ауаны терең

жұтып, еркін тыныс аламып енди көзімізді ашамыз.

«Қамқоршы балалар» ойын. Екі бөліктен түратын киімнің суретін құрастыр.

Әуен тыңдату арқылы дене қимылын жасату.

Саусағымды жаздым,

Жұдырығымды түйдім.

Қайшылайық 1,2,3

Бойға жинап күш

IY.Сергіту сәті:   Жданов әдісі бойынша

1.Көзді алақанмен жабу.

2.Көзді жыпылықтату.

3.Төртбұрыш сызу және керісінше – 3 рет

4.Сағат тілі - 3 рет

5.Жылан – 3 рет

Көзге арналған жаттығулар: Екі көзімізбен бірге мұрын ұшына қарап осылай 5 секунд тұрамыз.

Тапсырма: Сұрақ – жауап:

1. Дене мүшелерін атап беру?

2 . Көзбен көруге болмайтын мүшелерді атап беру?

3. Көзбен көруге болатын мүшелерді атап беру?

III апта

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: баланың зейінін сабаққа аудару,оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау.

«Ұшты - ұшты»

Мақсаты: Ненің ұшатынын, ненің ұшпайтынын, аңғарымпаздыққа тәрбиелейді.

Ойынның мазмұны: Ойынды үй ішінде де сыртта да ойнауға болады. Ойынға қатысушыларға бастаушының сөзін қалт жібермей бағып отыру шарт. Ұшатын құс не зат айтылса, қолдарын жоғары көтереді де, ұшпайтын зат айтылса тырп етпей отырады. Қателескен бала айып тартып тақпақ айтады не ән салады. Екі рет жаңылса айып шарты, ұлғая түседі. Бастаушы ойынды былай жүргізеді.

Ұшты - ұшты сұңқар ұшты

(қол көтереді)

Ұшты - ұшты қарға ұшты

(қол көтереді)

Ұшты - ұшты арба ұшты

(қол көтермейді)

Ұшты - ұшты дауыл ұшты

(қол көтермейді)

Ұшты - ұшты ұшақ ұшты

(қол көтереді)

Ұшты - ұшты торғай ұшты

(қол көтереді)

Ұшты - ұшты жылан ұшты

(қол көтермейді)

Осылайша жүргізілген ойында жаңылмаған ойыншы жеңеді.

IY.Сергіту сәті:   Жданов әдісі бойынша

1.Көзді алақанмен жабу.

2.Көзді жыпылықтату.

3.Төртбұрыш сызу және керісінше – 3 рет

4.Сағат тілі - 3 рет

5.Жылан – 3 рет

Альбоммен жұмыс: Суреттерді су бояумен, түрлі- түсті қарындаштармен бояу.


Жаңа тақырыпқа кіріспе: а) Мозайка құрастырамыз.

Тапсырма: Суретке қарап дене мүшелерін орын орнына қойып,

көрсетіп беру.

IY апта

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: баланың зейінін сабаққа аудару,оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау. Психологиялық жаттығу. «Күн шуағы»
Көзімізді жұмамыз, біз бақшаға келе жатырмыз деп ойлаңдар. Өздерің білесіңдер күн жылы шуағын төгіп, жарқырап шығып тұр, сен қуаныштысың айналада кұстар сайрап жатыр. сен сол дыбысты естіп бір сәт тұрып қалдың, осы кезде анаң «балам бол жүгір бақшаға кешігесің - деді». Сен жүгіріп бақшаға жөнелдің. Ал енді көздеріңізді ашыңыздар.
- Қандай сезімде болдың, көңіл - күйің қалай?
- Керемет, бақытты, тамаша.

IY.Сергіту сәті:   Жданов әдісі бойынша

1.Көзді алақанмен жабу.

2.Көзді жыпылықтату.

3.Төртбұрыш сызу және керісінше – 3 рет

4.Сағат тілі - 3 рет

5.Жылан – 3 рет

V. Бекіту.

Көзге арналған жаттығулар: Екі көзімізбен оң жақ иығымызға қараймыз да, 5 секунд тұрамыз. Екі көзімізбен сол жақ иығымызға қараймыз да, 5 секунд тұрамыз. VI. Қорытынды.

Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.

VII. Бағалау.

Баланы мақтап мадақтау.





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!