Материалдар / ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНЕ ҚАЖЕТТІ ЖАҢАЛЫҚТАР
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНЕ ҚАЖЕТТІ ЖАҢАЛЫҚТАР

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру пәнін оқытуда тың жаңалықтарды пайдалану көздерін қарастыру. Гандбол спорты жайында түсінік беру. Дене шынықтыру пәнін оқытудағы тың идеяларды сараптау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2023
270
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Оқу –ағарту министрлігі Қызылорда облыстық білім басқармасы Қазалы аудандық білім бөлімі

Ғани Мұратбаев атындағы №91 орта мектебі












БАЯНДАМА



ТАҚЫРЫБЫ: МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЖАҢАША ОҚЫТУ ИДЕЯЛАРЫН ЕНДІРУ ТӘСІЛДЕРІ









Дайындаған: дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бақытбергенов Дәулет Бақытбергенұлы



















Ғани Мұратбаев ауылы

2022-2023 жыл





Авторы: Бақытбергенов Дәулет Бақытбергенұлы

Қызылорда облыстық білім басқармасы Қазалы аудандық білім бөлімі

Ғани Мұратбаев атындағы №91 орта мектебі









Тақырыбы: Мектептегі білім беру үрдісіне жаңаша оқыту идеяларын ендіру тәсілдері



Мақсаты: Дене шынықтыру пәнін оқытуда тың жаңалықтарды пайдалану көздерін қарастыру. Гандбол спорты жайында түсінік беру. Дене шынықтыру пәнін оқытудағы тың идеяларды сараптау.


Міндеті: Тың жаңалықтар мен дене шынықтыру пәнін ұштастыра отырып оқыту.























І. Кіріспе

Дене шынықтыру пәніне қажетті жаңалықтар. Салауатты өмір салтын насихаттау.

ІІ. Негізгі бөлім

Гандбол спорты туралы қысқаша түсінік.

ІІІ. Қорытынды.

VІ.Пайдаланылған әдебиеттер


































І Кіріспе


Білім –адамзаттың асыл қазынасы. Ұдайы білім беру процесі қандай да бір мемлекеттің негізгі ұстанымы болып табылады. Пост кеңестік елдер негізге алып отырған білім саласы және білімді беру мен жеткізу формасы, дәстүрлі, классикалық білім беру орталықтары жалпы әлемнің озық елдеріндегі мектептермен салыстырғанда едәуір ескірген. Қазақстанда ашылған алғашқы мектептің үлігілік формасы және кеңестік мектептің түрі елімізде әлі күнге дейін сақталып тұрғаны көңілге қаяу ұялатады. Соңғы уақыттарда мемлекет тарапынан білім саласына ілгерінді өзгерістер енгізу процесі жүріп жатыр. Оқу күндерінің азаюы, мұғалім жүктемесінің жеңілденуі, одан өзге ұстаздар мәртебесінің артуы мектептің жаңа қалыпқа түсіп келе жатқанының белгісі. Өздеріңіз білетіндей заманның қарыштап дамуына байланысты оқушыға білім беру үрдісі жаңартылды. Оқушының да озық ойлы болып, білім саласына күнделікті жаңалық қажет етіп отыратыны қуанышты нәрсе. Десе де озық ойлы баланың денсаулығы жақсы, санасы сергек болғаны барлығымызға қажет. Сондықтан өзім сабақ беретін дене шынықтыру пәніне қажетті жаңалықтар және өзім айналысатын «Гандбол» спорты жайында айтып өтпекпін.

Мемлекеттік білім беру стандарты негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын тиімді етіп, бір –бірімен тығыз байланыстыру жолдарын қарастырып жатыр. Бұл тұрғыда барлық пәндерден бөлек «дене шынықтыру» пәнін бөлек қарастырған абзал деген ой түйеміз


Қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі жаңа технологияларды күннен –күнге дамыту, оқушыларды сол технологиялар арқылы оқыту дағдыға әрі талапқа айналып келеді. Қоғамдағы қандай да бір өзгеріс жалпы мектептен басталатыны бәрімізге мәлім. Мектептке жасалатын түрлі эксперименттер барлығымызға қажет –ақ, десе де оның қаншалықты маңызды екенін өзіміз білеміз бе? Кейбір әріптестеріміз өздерінің білімдерінің арқасында өзі сабақ беретін пәндерге жаңалықтар енгізіп жатыр. Біздің де сол көштен қалыспай жалпылама түрде «дене шынықтыру» пәнін жаңаша оқыту идеяларымен бөліспекпіз. Еліміздің бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіруі үшін халықтың денсаулығы маңызды деген еді ел Президенті бір сөзінде. Қазіргі уақытта әлеметтік фактор, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, экология, қоршаған орта, тиімсіз тамақтану халық денсаулығынң едәуір төмендеуіне әкеп соғуда. Азаматтарымыздың денсаулығын жақсартып, дені сау ұлт жасақтау үшін біздің басты міндет мектеп жасынан бастап оқушыға салауатты өмірдің маңыздылығын түсіндіріп, жастайынан зиянды әдеттерден аулақ қылып, спортқа баулу. Салауатты өмір салтын насихаттау, салауатты өмір салтының мәдениетін қалыптастыру, оларды тәрбиелеу – дене шынықтыру пәнінің жалпы міндеті. Ал, осының барлығын біріктіріп, оқытуға жаңаша бағыт іздеп, үйрету – ұстаздың мақсаты. Мектептегі жалпылама дене шынықтыру пәнін оқыту үшін қандай жаңалықтар қажет, осыған тоқталсақ.

Кез –келген оқушы жеке тұлға. Оның өзіне тән өмірі, өзіне тән қоршаған ортасы болады. Бала мектепке келгенде жаңа білім алып, өзінің алдына қойған мақсатын іске асыру жолдарын іздейді. Жаңаша ойлайтын, технология ғасырының балаларын қалай оқытпақпыз? Оның ішінде дене шынықтыру пәніне қызығушылығын қалай арттырамыз?

Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшелігі бар. Бұл сабақта оқушының физикалық дайындығы, ойлау қабілеті және қабылдау ерекшеліктері қатаң ескеріледі. Сабаққа келген бала тек қана физикалық тұрғыдан емес менталды да өзіне сенімді әрі дайын болып келуі қажет. Ал, мұғалімнің аталмыш пәнге енгізетін жаңашылдығы қандай:

  1. Оқушы сабаққа келгенде оның смартфонға деген алаңдауын, қызығушылығын және тәуелділігін ескерген абзал;

  2. Баланың дене шынықтыру пәніне деген дайындық деңгейі қандай екенін білуі керек;

  3. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым –қатынасты қалыптастыру және жетілдіру мақсатында оқушының эмоционалды хәл –ахуалына жіті назар аудару қажет;

  4. Оқушылармен спорт әлемінде болып жатқан соңғы жаңалықтар жайында талқылаған дұрыс. Бұл талқылауда мұғалім оқушының қай спорт түріне қызығатынын әрі бейім екенін анықтайды.

  5. Интелектуалды спорттың да жай –жапсарын айтып, жаратылыстану бағытына қабілетті оқушыларды осы спорт түрлеріне тартқан абзал;

  6. Оқушыға салауатты өмір салтының қаншалықты маңызды екенін көрсететін фильмдер, посттар немесе әлеуметтік маңызы бар видеолар көрсету қажет;

  7. Қазіргі таңда психологияда, адамның ойлау жүйесенде «МОТИВАЦИЯ» деген ұғым пайда болды. 21 –ғасырдың ұрпақтары үшін кез –келген мотивация түрі өте маңызды. Осы факторды ескере отырып оқушыға мотивациялық фильмдер көрсету қажет. Бұндай фильмдерді көрсету арқылы біз оқушылардың ішкі түйсігін оятып, қоршаған ортамен байланысын арттыра түсеміз.

  8. Әлем елдері мойындағандай қазіргі таңда кәдуілгі спорттан бөлек киберспорт та дамып келеді. Бәлкім оқушылардың ішінде спорттың осы түрімен айналысатындары да болуы мүмкін. Сондықтан оқушылармен осы тұрғыда жиі әңгімелескен дұрыс.

  9. Әр адам сайысқанды жақсы көреді. Сондықтан оқушылардың арасында эстафеткалық жарыстар өткізіп тұру қажет.

  10. Оқушының қызығышылығын дамыту үшін түрлі спорт секцияларын жүргізу қажет. Бұл туралы негізгі бөлімде сөз қозғаймыз.



Мен атап көрсеткен бөлімдер дене шынықтыру пәні үшін жоғары маңызға ие. Жаңаша әдістерді сабақтарда үнемі қолданысқа енгізу әрі оны практикада қолдану дене шынықтыру пәнінің дамуына өзіндік үлесін қосады. Бұл сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясында тиімді пайдалануға болады. Оқушылардың ойлау деңгейін дамыту арқылы біз олардың физикалық дайындығын да дамытамыз.

Күтілетін нәтиже – дене шынықтыру пәніне деген қызығушылықтың артуы. Оқушының өзін – өзін басқар алуы, дене мәдениетінің қалыптасуы, топтарда жұмыс істеп үйренуі, логикалық ойлау қабілеттерінің дамуы, қимы – қозғалыс әрекеттерінің реттелуі.

Дене шынықтыру пәнінде жаңа инновациялық технологияларды қолданудың орны орасаң зор. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге сыныптан тыс спорттық шаралардың, мұғалім мен оқушының арасындағы қарым –қатынас, спортқа бейімділік өте маңызды екенін білдік.




ІІ. Негізгі бөлім

Жоғарыда атап өткенімдей оқушының салауатты өмір салтын ұстануы үшін спорт секцияларының болуы маңызды. Аяқ және қол спортының дамуы біздің еліміз үшін үлкен маңызға ие. Әлемдік ареналарда еліміздің жалауын өзіміздің шәкірттеріміз көтеріп жатса мұғалімнің мерейі өсіп, көңілі марқаяды. Өзім сабақ беретін мектепте қосымша гандбол спортын жүргіземін. Оқушыларым осы спорт түрінен түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алып, өздерін дәлелдеп келеді. Бұл да бір ұстаздық қызметте жеткен жетістік деп білемін. Жалпы бұл спорт жайында айта кетсек:

Алғашқы қол добының яғни гандболдың техникалық-тактикалық ережесі өте қарапайым ережеге негізделді. Ойын тек басында қыздар үшін құрылғандықтан көп жағдайда жеңіл қол техникасына ғана мән берілді. Уақыт өте келе ойын күрделене түсіп, техникалық-тактикалық ереже де соған сай дами түсті.

Қазіргі таңда қол добы атлетикалық ойын ретінде ерлер мен әйелдер арасында бірдей тең дәрежелі техникалық ережесімен нақтыланады. Қол добымен үздіксіз жүйелі түрде айналысатын гандболшы атлеттердің аяқ, қол бұлшық еттері пропорцианалды түрде қатайып, ойыншының ойын сәтінде төзімді болумен бірге тез шешім қабылдай алу қабілетін жетілдіреді. Қол добы – ұжымдық ойын, сонымен бірге ойын сәтінде конфликтілік жағдай тудыратын спорттық жарыс. Команда ойыншылары өз қарсыластарынан басымдылық танытып, ойын кезінде өз ойларын жасырын ұстап, сонымен қатар қарсыластың келесі мезгілдегі іс-әрекетін тез шешуге ұмтылады.

Сондықтан да командалар арасындағы спорттық күрес бәсекелестігін қарсылас позициясынан алып қараған дұрыс. Қол добы ойыны үрдісі үш негізден: техника, тактика, стратегиядан тұрады. Осы үш негізсіз команда ойыншыларының спорттық бәсекелестігі құрылмайды. Қол добы ойынында техника дегеніміз - ойын сәтінде қарсыласты жеңу үшін қолданылатын рационалды кешенді қимыл-қозғалыс жүйесі. Ал тактика - бір кездесу барысындағы ағымды мәселені шешуге бағытталған қарсылық күрес ойынының іс-әрекет жүйесі. Ойын сәтінде қолдарына доп тиген бір команда ойыншылары қарсыластың қақпасына көп рет доп салу мақсатында қорғаныс пен қақпашыны алдап соғуға ұмтылады. Ал оған қарсы тұрған екінші команда өзіне басқа міндет қояды: өз қақпасына доп ұрғызуға жағдай жасатпау, қарсыласы допты лақтырғанға дейін тартып алу және қайтарма шабуылға шығу. Екі команданың өз мақсатына жетуге деген ұмтылысы ойыншылар арасында өзара күресті туғызады. Қол добы ойынындағы стратегия-бұл ойындағы күресті басқару өнері болып табылады. Спортта стратегия жарыс күресінің заңдылықтары мен ойын ережесін білу негізінен құрылады.


Басқа спорт түрлері секілді гандбол спорты да дене шынықтыру пәніндегі иновацияның бірі болып табылады. Оқушының психологиялық әрі физикалық дайындығын талап ететін бұл спорт түрі білім алушылардың мықты болып қалыптасуына өзіндік әсерін тигізеді. Оқушының бұлшық еттерінің дамуына әрі жылдам ойлануына мүмкіндік беретін бұл спорт түрі мектепке қажетті оқытудың жаңаша бағыты деп түсінгеніміз абзал. Білім алушының менталды түрде мықты әрі бәсекеге қабілетті болуы спортқа да тығыз байланысты екенін ескергеніміз жөн.



ІІІ. Қорытынды.


Кез –келген мектепке жаңалықтың көп болуы, жаңашылдықтың болуы маңызды. Біз құрып жатқан жаңа Қазақстанның бағыты да осында. Ескілікті ұмытып, жаңадан жол салып, педагогикаға енді келіп жатқан жас буынды оқыту тәрбиелеу біздің міндет. Өзім қызмет етіп жатқан саланың маңыздылығын, мектепке қажетті иновациялық жаңалықтарды қысқаша айтып өттім. Баяндаманы жазарда жаңалықтарды жан –жақты қарастырып, ұжымдық зерттеуге қол жеткіздім. Жаңа идеяларды енгізудегі керекті бағыттарды көрсеттім. Әлемнің үздік, озық ойлы идеяларына сүйене отырып, өзіміздің ұлттық танымнан жаңылмайтын азаматтарды тәрбиелеу үшін бар күшімізді салуымыз керек. Ой жарысқа түсетін заманның баласы білімді, ал ұстазы сол білімді сапалы беру шарт!








Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. https://ust.kz/word/bayandama_mektep_pen_otbasy_yntymaqtastygy-109666.html

  2. https://kk.wikipedia.org/wiki/Қол_добы

  3. http://www.rusnauka.com/14_KPSN_2016/Sport/1_211729.doc.htm


  1. Уанбаев Е.К. Уанбаев Ф.Ж. Дене тәрбиесі мен спорттың теориясы мен әдістемесі. – Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2006-270 б.

  2. Уанбаев Е.К. Уанбаев Ф.Ж. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын жоспарлау, бақылау және есепке алу. – Өскемен: БАЙ баспасы, 2006.














































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!