Материалдар / Дене тәрбиесі."Денсаулығым-болашағым"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дене тәрбиесі."Денсаулығым-болашағым"

Материал туралы қысқаша түсінік
дене пәнінен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Маусым 2018
494
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: « Менің денсаулығым мен болашағым»

Сабақтың мақсаты: 1 ) Денсаулықтың адам өмірі үшін аса қажеттілігін

оны сақтай білудің маңыздылығын түсіндіру.

2) Адам ағзасына зиян тигізетін заттар жайлы және

олардан аулақ болуға тәрбиелеу.

3) Дені сау адамның қоғамға қажеттігі туралы

түсініктерін дамыту.



Көрнекілігі: Денсаулық жайында қанатты сөздер.

Кесте. Зиянды тағамдар.

Әдісі: Сұрақ- жауап, өз ойын ортаға салу.



Сабақтың барысы.

1.Ұйымдарыстыру бөлімі.

2.Психологиялық дайындық.

Салеметсіздер ме балалар? Отырыңыздар. Терезеге қараңдаршы.Бүгін неткен тамаша, жарқын күн! Күннің сәулесі бізге жылу,жарық,мейірім мен қуаныш сыйлайды. Келіңдер,күннен өтінейік,ол әрдайым жылы әрі жарық сәулесін шаша берсін.

Жарқын күн,Жарқын күн!

Мен сені сүйемін

Мен сеннен сұраймын,

Бер маған жарқын күн,

Бейбіт күн жылуын!

Бер маған жарқын күн,

Денсаулық,ізгілік!

Көздеріңді жұмып,күннің сәулесі бойларыңа қалай тарап,жылу дарытқанын сонымен бірге денсаулық,ізгілік өз күштеріңе сенімділік және жұмысқа деген жақсы ниет өтініңіздер. Балалар бүгін біз сабағымызда «Аспан әлеміне» саяхатқа шығамыз.

Сұрақтар 1)Таңертең ұйқыдан тұрғанда не істеуіміз керек?

Тамақ жер алдында не істеу керек?

Денсаулық туралы мақал-мәтелдер айту.

Өте жақсы балалар енді зымыранға жайғасайық.

1)« Жаман әдеттер» планетасы.

Сол планетаның тұрғыны болып бір оқушы шығады.

- Мынау келген кімдер? Неге тап-таза болып отырсыңдар.Мен сендерді өз еліме алып қалып,парта сызуға,суға түспей жүруге,құстарды атуға үйретемін.

- Оқушы жауабы:

- Жарайды онда менің сендерге сұрағым бар.

- Тырнағы өскен, шашы көптен алынбапты-ау, масқара!Кім туралы айтылған?

- Оқушы жауабы:

- Қане, олай болса күштеріңді сынайын.

- Ой-ой, қолымды ауырттың ғой? Тез кетіңдер менің елімнен. Мен сендермен дос болмаймын.

2) «Зиянды заттар» планетасы.

- Мені танисыңдар ма? Менің пайдам өте көп. Мені тек қана крутой балалар ұстайды. Мен тәртіпсіз тентек балалармен дос болмаймын. Ал менімен кім дос болғысы келеді?

- Оқушылар тапсырмасы.

Үш қатар оқушыларына кесте беріледі, оқушылар сол кестені толтырады.

Аты

Иә, қажет

Қажет емес

Темекі







Балалар бұл планета біз үшін зиян екен. Олай болса ары қарай ұшайық.

3) «Спортландия» планетасы.

Оқушыларды спортландия ханшайымы қарсы алады.

-Қош келдіңіздер балалар. Мен спорландия елінің ханшайымымын. Біздің елдің адамдары спортпен айналысқандықтан ұзақ өмір сүреді және денсаулықтары жақсы болады.

-Сендер ше? Спортты жақсы көресіздер ме?

(Оқушылар қаражорға биін билейді)

Спорттың қандай түрлерін білесіңдер?

-Өте жақсы, балалар! Спорт туралы көп біледі екенсіңдер.

Олай болса мен сендерге бұл планетадан сыйлық ұсынамын.

Оқушылар берілген сыйлықтың адам өміріне пайдасын айтады.

Оқушылар «Спортландия» елінің ханшасына рахметімізді айта отырып өзіміздің әнімізді айтайықшы.

-Сау болыңдар балалар,күнде ертеңгілік жаттығу жасап, денелеріңізді таза ұстап, дұрыс тамақтаныңыздар, сендердің қастарыңда боламын.

Көріскенше достар.



Қортындылау.

Міне балалар сабақта айтылғанның бәрі денсаулық үшін істелінетін жұмыстар. Таза ауада демалу,спортпен шұғылдану,тазалықты сақтау,денені күтіп ұстау,еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы да салауатты өмір салтына жатады. Осы айтылғандарды күнде тұрмыста пайдалануымыз қажет.







Маңғыстау облысы.

Маңғыстау ауданы.

Жыңғылды ауылы.

Е.Айшуақұлы атындағы орта мектеп.

Бастауыш сынып мұғалімі Сейдалиева Айгүл.









Сабақтың тақырыбы: Өміріңді сақтау қолыңда, жол тәртібін орында.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жол ережесі мен қауіпсіздікті

сақтауға үйрету.

Көрнекілігі: Суреттер,жұмбақтар, бағдаршам суреті.



Сабақтың жүрісі.

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Үй тапсырмасы.

Өтілген тақырып бойынша сұрақ қоя отырып, қайталау жасаймын.

  1. Жаңа сабақ.

-Оқушылар біздің қолымызда,елімізде, барлық қала, ауылдарда бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да үлкендер де көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.Бағдаршам-өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Бағдаршамның сырын біліп,тілін алу баршамызға керек.

Енді бағдаршам қалай шыққандығы туралы айтып түсіндіремін.

Сөйлегенді білмейді

Бірақ,тоқта жүр дейді,

Бір көзі «кідір» дейді,

Бір көзі «абайла» дейді.

Қарап ол маңайға дейді

Ол не?

(Бағдаршам)

Көшеде бағдаршам болмаса

Кісі жоқ жол сілтер өзіне

Кідірме,абыржып онда аса,

Сенгейсің өзіңнің көзіңе.

Көшеде ортаға жеткенше

Әуелі көзің сол сол жаққа

Балақай ортадан өткен соң

Мойның бұл сол жақтан оң жаққа.

Мектепке келе жатқанда көліктің:

  1. Өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл.

  2. Жүріп келе жатқанда көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма.Ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше күт.

  3. Топталып келе жптқан балалар өзара әңгіме айтып,жол ережесін ұмытып кетеді,сосын апатқа тап болады. Жол өткелінде әңгімені қойып,барлық зейінді жол қауіпсіздігіне аудару керек.

  4. Көшенің шетіне өту үшін арнайы өткелден өту керек.

  5. Транспорттың артынан жабысуға болмайды.





Қортындылау

Балалар мына үйшіктің ішінде бірнеше сұрақтар бар, сол сұраққа жауап береміз.





























Сабақтың тақырыбы: Тазалықты сүй,тамақты сынама.

Сабақтың мақсаты: Сөздің мағынасын ашу, жасалу жолдарына назар

аудару.

Тыйым сөздер арқылы жеке тұлғаны

Әдептілікке,еңбекқорлыққа, тазалыққа,

мәдниеттілікке тәрбиелеу.

Оқушының ізденісін арттыру, түйінді ой айта

білуге үйрету.Өзіндік пікір қалыптастыруға

жетелеу.

Көрнекілігі: Тыйым сөздер.

Жүрісі.

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Кіріспе сөз.

Қазақ халқының үлгі етерлік дәстүрінің бірі әдептілік, тазалық. Бұл үлкен

кісілердің даналығынан,олардың өмірлік тәжірбиесінен байқалады.

  • Оқушылар тамақ жер алдында не істеу керек?

  • Дастархан басында қалай отыру керек?

Оқушылардан осы сұрақтарға жауап аламын.
Қолды жумай тамақ жеуге болмайды. Тамақ жеудің алдында және соңында қонақтардың қолына жылы су құйылады.Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады.Қолдың әрбір саусағын жеке-жеке жуады.Дастархан басындағылар жасына қарай отырады. Тамақ ішер алдында «Бисимилаһи рахмани рахмани» деп нанды сындырып ауыз тигеннен кейін басқатағамды жейді. Бұл сөз «мейрімді Алланың атымен бастаймын» дегенді білдіреді.

Ыстық тамақты, шәйды үрлеп суытпайды,тамақтың құты кетеді.

«Нан қатты екен,шала пісіпті,күйіп кетіпті» деген сөздерді айтып сынамайды. Нанды,тамақты сынау ашаршылықты шақыратын жаман ырым.

Баяғыда үлдемен бүлдеге оранған,байлыққа масаттанған ханның жалқау әйелі баласының дәретін нанның қалдығымен сүртіпті.Жақын жерде жұмсауға адам болмаған,өзі ерінгенде, көзі қасындағы нанға түскен.Содан аштық басталды, отының басы азып – тозды.Аштан өлуге жақындағанда бай әйелі баяғы баласының дәретін сүрткен нан есіне түсіп, сол жерден нанды тауып алып,жепті. Содан кейін ғана молшылық қайта басталған.

Сондықтан балалар нанды қашанда қадірлеп жүріңдер.Халқымыз «Құраның үстіне шығып нанды алуға болады,нанның үстіне шығып құранды алуға болмайды»-деп нан қадірін білдіреді.Ұлылар айтқан «тыйым сөз» деген тақырыпта көркем шығармалардағы тыйым сөздерді жинақтауға болады.

  • Оқушылар тамаққа байланысты тыйым сөздер айтады.

  1. Нанды төңкеріп қоюға болмайды.

  2. Дастарханды ашық тастама.

  3. Бір қолыңмен нанды үзбе.

  4. Қонаққа сынық кесемен шәй құйма.

  5. Нанды баспа.

  6. Тамақтан аттама.

  7. Тамақ жеп отырып сөйлеме.

  8. Үлкендерден бұрын тамаққа қол созба.



Қортындылау.

Оқушылар осы сөздердің бәрін үлгі тұтып жүрулерің керек.

































Сабақтың тақырыбы: Күш көпшілікте

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ,күш

шапшаңдық,ептілік сияқты қасиеттердің адам

өміріне өте қажетт екендігін түсіндіру.

Ойын арқылы спорттық өмірге белсендіру.

Спортқа деген сүйіспеншілігін, отанына деген

Патр-ық сезімін кеңейту. .

Көрнекілігі: Музыкалық аспап, баскетболдық доп,секіргіш.

Әдісі: Ойын

Жүрісі



1.Ұйымдастыру бөлімі



2. Кіріспе



3.Сабақтың жүрісімен таныстыру



4.Қортындылау





Балалар бүгінгі сабағымызда біздің сыныбымызға,адам баласына зиянын келтіретін шақырусыз қонақтар кіріп кетіпті,олар сендерді жаман қылықтар мен әдеттерге үйретіп өздеріңмен бірге алып кетпекші.

  • Жалқаубек, балаларды жалқаулыққа,салақтыққа шақырып балаларды өзіне тарта бастайды.

  • Мыстан,балаларды тәртіпсіздікке,әдепсіздікке,бұзақылық жасауға үйрете бастайды.

  • Дымбілмес, балалардың сөмкелерін,кітаптарын жинап,оларды ойнауға, оқу құралдарын бүлдіруге шақырады.

Балалар біз бұл қонақтардан құтылу үшін жеңіспен денсаулықтың үш кілтін тауып, бірлікпен, татулықпен, бірге жұмыс жасауымыз керек.

1.Кілт «Жылдамдық» кілті.

Оқушылар кілтті алу барысында кедергілерге ұшырайды.

Кедергілерден өту

1) Орнымызда тұрып жүгіру(30 сек)

2) Қос аяқпен оңға секіру.

3) Қос аяқпен солға секіру.(3 рет )

Музыкалық әуенмен сандықша ашылады, ішінен «жылдамдық» кілті алынады.

2-кілт. «Епілік кілті».

  • Балалар « епілік кілтін» үлкен аю апанына салып алыпты.Оны алу үшін біз тез шапшаң қозғалуымыз керек.

1-жаттығу. Тізерлеп отырып тез алға секіріп жүру.

2-жаттығу. Орнынан отырып,тұру(5рет)

Аюдың тапсырмасы.

«Қаражорға» биін билеп берсе кілтті беремін дейді.

Оқушылар биді билеп «ептілік» кілтін алады.

3-кілт. «Күш кілті».

Оқушылар «күш» кілтін Тау соғар алып қойыпты.

Біз біріге отырып Тау соғармен күш сынасып жеңсек «күш» кілтін аламыз.

Арқан тартыс ойыны ойналады оқушылар үш кілтті ала отырып күш біріктіріп, жағымсыз қонақтарды сыныптан қуып шыгады.





Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.

Сабақтың тақырыбы: 1) Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік

беру. Салауатты жазу дағдыларын жетілдіру.

2) Сөйлемнің жалаң, жайылма болып бөлінуі

турлаулы,тұрлаусыз мүшелерге байланысты

екенін меңгерту.

3) Оқушылардың тілін дамыту жылдам ойлауға,

шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі.

Әдіс – тәсілдері: Сұрақ- жауап, түсіндіру,көрнекілік,ойындар.



Жүрісі.

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексерту.

2) Үй тапсырмасы.

  1. жаттығуды тексеру.Өтілген тақырыптарды қайталау.Ереже сурау.

3) Жаңа сабақ.

Оқушылар бүгінгі сабағымызға Негеш пен Білгішпек қонаққа келді.Олар құр қол келген жоқ. Оқушыларға бірнеше қызықты тапсырмалар алып келіпті.

Бүгінгі сабағымызда Жалаң және жайылма сөйлемдермен танысамыз.

Негеш: Мен жай сөйлем және оның түрлері туралы білгім келеді дейді.

  • Балалар сендер де жай сөйлем туралы білгілерің келе ме?

Онда бізге Білгішбек көмекке келеді. Ол өзімен бірге сызба алып келген,енді осы сызба бойынша жаңа тақырып туралы мағұлмат аламыз.





Shape2 Shape1 Жай сөйлем



Shape5 Shape4 Shape3 Жалаң сөйлем Жайылма сөйлем

Shape7 Shape6

Бастауыш Баяндауыш Бастауыш Баяндауыш Тұрлаусыз

мүшелер



Бір ғана тиянақты ойды білдіретін жеке сөйлемді жай сөйлем дейміз.

Мысалы: Қар жауды.Оқушылар сабақ оқыды.Жай сөйлем жалаң және жайылма болып екіге бөлінеді.

Жалаң сөйлем бастауышпен баяндауыштан құралады.

Мысалы: Сатушы келді.

Жарас қуанды.

Турлаулы мүшелерден басқа турлаусыз мүшелері де сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.

Сатушы дүкенге келді.

Жарас қатты қуанды.

Негеш пен Білгішпектің тапсырмаларын дұрыс орындаған оқушыларға олардың қызықты сыйлықтары бар. Кім көп сыйлық,қанша сыйлық алды сол бойынша бағалаймыз.

Негешпектің тапсырмасы:

Негеш көптеген сөздер алып келіпті. Сол сөздерден сөйлем құрастыруымыз керек.

Енді Бегешпек пен Негеш бізге пойызбен келген екен. Пойыздың вагондарының өз атаулары бар.

Негештің пойызы: «Жай сөйлем»

Бегекштіңтің пойызы: «Жайылма сөйлем»деп аталады.

Құрылған жалаң,жайылма сөйлемді тиісті вагондарына орналастырамыз.Оқушылар енді оқулықтағы 80- жаттығуға қарайық.

Сөйлемді көшіріп жазамыз.

Білгішпектің тапсырмасы.

Жай сөйлемнің түрлерін анықтау.

Сергіту сәті.

Біз жаздық, оқыдық

Өте қатты шаршадық.

Қолдарымыз жайылды,

Ұшақ болып кәдімгі.

Қанатымыз серпілсін

Бір,екі,бір,екі.

Қолдар жанға созлып.

Бір-біріңе көз салып.

Бір,екі,бір,екі

Түссін қолдар төменге

Жайғасайық стөлге.

81-жаттығу.

Негештің тапсырмасы: Жалаң сөйлемдерді оқып,оларды жайылма сөйлемге аударып жазады.

Оқушылыр мектепте кездесті.

Жолаушылар ауылға жақындады.

Ұстаз сабақ түсіндірді.

Айдын жарысқа қатысты.

82-жаттығу

Білгішпектің тапсырмасы.

Жай сөйлемдерін түрлеріне қарай сәйкестендірді.

Қортындылау.

-Оқушыларға жеке-жеке тапсырма беремін. Әр бір оқушы берілген тапсырмаларға ауызша жауап береді.

-Оқушылардың алдарындағы суреттер бойынша тиісті бағаларын қоямын.



Тақырыбы: Тәулсіз елдің баласы.

Мақсаты: Ел тарихын болашақ ұрпаққа жетілдіру және Желтоқсан

құрбандарын еске алу.

Елін ,жерін қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреті.

Әдісі: Әңгіме.





Жүрісі:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Кәріспе.





Оқушыларға хормен Әнұран айтқызамын.Бұл Әнұран сөздері дүниеге келіп,Егеменді Бұл қазақ халқының ары мен намысына, тағдыры мен тарихына өшпес із салған 1986 жылғы оқиға.Бүгінгі тәрбие сағатымызда сол құрбан болған аға апаларымызға еске аламыз.

1991 жылдың желтоқсанында Н.Ә.Назарбаевтың « 1986 жылғы 17- 18 желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөніндегі» жарлығы шықты. Осы жарлық бойынша Қазақстан Республикасында желтоқсанның 17 – сі Демократиялық жаңару күні болып жарияланды.

1991 жылғы желтоқсанның 16 –да Қазақстан Республикасының Тәуелсісдігі жөнінде Конститутциялық заң қабылданды.

Желтоқсанның 16 –сы , бүкіл ел еңсесін көтерер күн.

1986 жылы бас көтерген қазақ жастары нені аңсады, нені мақсат тұтты? Еркіндікті,бостандықты деп жауап берер еді халық. Желтоқсандағы жалынды жастардың қазахи рухы дегеніне жетті! Әттең, сол қайғылы күнде жандарын құрбан етіп, бостандық үшін шырылдаған боздақтардың көзі қазақ елінің туы биікте самғаған күнін көре алмады. Бірақ, көзі көрмесе де, олардың сөзі, желтоқсан үні бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге жетіп отыр...

Ия, көңіл шат! Ашық аспанда күні жарқырап, қыраны қалықтаған елдің кө

Алла тағалам кербез даланың, кең даланың еркіндігін қолымызға қайтарса, қуанбасқа не шара ?! Кемел елдің кемеңгері болған Нүрекең,қазақстандық жастардың ғасырлар тоғысындағы әлеуметтік жағдайына жағымды мүмкіндіктер жасаса, халық қалауының оң болғандығын көрсетпей ме ?! Атаның қанымен, Ананың жасымн келген Егемендік, атыңнан айналайын Тәуелсіздік қой бұл, көңілге шаттық ұялатқан!

Қаншама елдер тәуелсіздігімізді мойындап, өз қатарына қосты. Көп елдерді басып оздық! Жетістік емей немене?!

Жігерлі құрбы құрдастарды көргенде, ашық аспан төрінен қанатын кең жайып самғаған алып қыранды ойға алғанда, қазақтың қара домбырасының үні мен мұңды қобызының сазы қазақ даласымен әуелеп ұшқанда,айтар әнің – Тәуелсіздік!

Тарих беттеріне үңілсек, Тәуелсіз Ел болған күндеріміз аз емес екен, дегенмен тәуелсісдік еңсемізді езіп – ақ болды. Өз туымыз үшін ата – бабамыз қаншама қан төкті, ана баладан,жас келін жарынан, бойжеткен сүйіктісінен, бүлдіршін әке, ағаларынан айырылды. Тізе бүктірер күн де арман болған еді. Қан мен жастың нәтижесін енді, міне,біз көрудеміз. Жаңа қаз тұрып келе жатқан Ұлы Қазақ Елінің қайта атқан Бостандық таңы мәңгілік болады деген сенімдеміз!

Біздер, ел жастары, ертеңгі күні аяқ асты болмауымыз үшін, бүгіннен – ақ,желбіреген көк байраққа бас иіп, көтерілген Тәуелсіздік тұғырына тізелегеніміз жөн. Халық абыройы, ұят ожданы – өз қолымызда!



  1. Қортындылау.



Міне балалар, ата – бабаларымыздың жерімізді, елімізді қорғай отырып, ғасырлар бойы тәуелсісдікті аңсап, осы тәуелсіздікке қолымыздың қалай жеткенің, кімдердің еңбек еткенінен аз да болса мағұлмат алдық.

Бүгін Қазақстан өз алдына Тәуелсіз Мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Әнұран, Елтаңбамыз бар.

Сендер – Отанымыздың болашақ ұрпақтарысыңдар! Сабағыңызды жақсы оқып, тәртіпті болыңыздар.













Тақырыбы: Ой тереңдігі жұмбақта.

Мақсаты: Оқушыларға жұмбақтар жаттату. Шапшаңдыққа

тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Жұмбақтар буклеті, кітапшалар.

Әдісі Ойын сайыс.

Жүрісі.

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Жүрісі.

І – Кіріспе.

Оқушылар,кішкентай ғана бүлдіршіндер біздің халқымыз өте ақылды, дана халық.Олар бала тәрбиесіне аса мән беріп,оның дүниетанымын артыру үшін жұмбақ ойлап тапқан,қиялын дамыту үшін ертегілер шығарған.

Қазір онда біз 2 топқа бөлініп жұмбақ айтудан сайыс ұйымдастырамыз.

І – топ. « Тапқырлар »

ІІ – топ « Білімділер »

  1. Топ басшылары өз топтарын таныстырады.

1 – ші топ 5 жұмбақ айтып, 2 – ші топ жұмбақтың шешуін табады.

ІІ. 2 – ші топқа жұмбақ айтып шешуін сұраймын.

Атпен қуып жеткен,

Қашқан қызды өпкен.

(Қыз қуу).



Мініп алып арғымақ,

Кедергілерден қарғымақ.

(Ат спортшысы).

Айдын суда жылтыр,

Құлаштап жүзіп малтар.

( Жүзгіш).

Екі мықты « мен » дескен,

Бір – бірімен белдескен.

( Палуан ).

Найза лақтырып алысқа,

Түсетіндер сайысқа.

( Найза лақтырушы).

Допты алып қолға,

Дәл түсірген торға.

( Баскетболшы ).

Ат үстінде алысқан,

Белуардан шеініп

Бір – бірімен сайысқан.

( аударыспақ ).



ІІІ – бөлім.

Ребус шешу.

Екі топқа ребус бөліп шешіуін оқытамын.

IV – бөлім.

Ойын. «Сурет сала білемін».

V – қортындылау.

Жақсы көрсеткішке ие болған топты мадақтау.















Сабақтың тақырыбы: Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әдептілікке, кішіпейілдікке,

сыйластыққа, адамдар мен қарым – қатынас жасай

білуге үйрету, оқушының ой – өрісін дамыту, іскерлі

дағдыларын қалыптастыру, сәлемдесу мәдениетіне,

үлкенді сыйлай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Киіз үй үлгісі, сұрақтар, нақыл сөздер.

І. Кіріспе.

ІІ. Қызығушылығын ояту.

Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы

« Сәлем – сөздің » деп аталады, яғни ол тегін емес екен. Неге десеңдер сәлем - әдептілік белгісі.

Сәлемдесу адамдардың бір – бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөлену,тілдесу, яғни ізеттілік пен инабаттылық нышанын білдіреді.

Сәлемнің түрлерін атайық:

  • Сәлеметсіз бе!

  • Сәлем бердік.

  • Аман - есенсіз бе!

  • Армысыз! Қош келіпсіз!

« Сәлем – сөздің анасы » деп неге айтқан?

1 – оқушы: Үлкен адамға сәлем беру – кішінің міндеті. Салем беру инабаттылық,имандылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.

2 – оқушы: Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы жалпы үлкенді сыйлап,алдынан қия өтпей сәлем беру ата дәстүрімізде бар қасиет.

Сәлм беру, әдептілік туралы көптеген даналар өз ойларын айтқан екен.Өздерің білетін нақыл сөздердің мағынасын ашайық.

  1. Сәлем – сөздің анасы.

  2. Әдепті елдің баласы

Алыстан сәлем береді.



  1. Адам сөйлескенше

Жылқы кісінегенше.

  1. Сәлем беру де – парыз,

Сәлем алу да – парыз.



  1. Сәлем – әдептілік белгісі.

Әркім кіммен қай жерде, қандай жағдайда жолығып тұрғаның жаңылмай,өзінің тәртібіне, деңгейіне қарай барынша сыпайы, әдепті сәлемдесіп үйренгендерің абзал.

Көрініс: Дәурен қаладан атасының ауылына келеді. Амандықтарын сұрасты. Ата – әжесімен дастарқан басында әңгімелесіп отыр. Көрші Жақып қария сексенге келіп қалғанына қарамастан, Дәуренге амандасуға келіпті.

Жақып ата: Ассалаумағалейкум, Дәурен батыр!

Дәурен: Уа, ағалейкуммассалам, ата, - деп қолын берді.

Міне, мынадан нені білдік? «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем береді,» дейтін аталы сөз бар. Алыс жол жүріп келген немесе ауылға алғаш рет ат басын тіреген адамға жасының үлкендігіне қарамай, үлкен адамдар өздері келіп сәлем береді.

« Кішіпейіл болғаннан кішірейіп кетпейсің » деген осыдан шыққан.

ІІІ. Ой толғаныс

Сынып сағатымызға арнайы сұрақтармен үш сәлем хат келіпті.

1 хат. Сыныпта сенімен сәлемдеспейтін оқушыға не айтар едің?

2 хат. Ауылдағы ата – әжеңе қандай сәлем жолдар едің?

3хат. « Сәлемі түзу» дегенді қалай түсінесің?



Қортынды:

Балалар, міне осының бәрінен қандай түйін шығарар едіңдер?

  • Сөздің басы сәлеммен басталады. Сәлемдесе білу де – өнер. Сәлемдесе

білейік.

  • Сәлем беру өткінші міндет емес, өмірлік міндет.

  • Сәлемдесуден жалығуға хақымыз жоқ.

  • Сәлем беру – кішіліктің белгісі.

«Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені».



Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп







Тәрбие сағаты







Тақырыбы:Салауатты өмір денсаулық кепілі.











Өткізген: Сейдалиева Айгүл.



Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір – денсаулық кепілі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: жас ұрпаққа денсаулықтың қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.

Дамытушылығы: сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру.

Тәрбиелігі: Оқушылардың дені сау,білімді, тәрбиелі, ұстамды, өзін – өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Түрі: сайыс.

Көрнекілігі: комьютер,мультимедия,қанатты сөздер, суреттер.

Әдісі: сұрақ – жауап , ойнау, талдау – жинақтау, ой қозғау, сахналау.

Пәнаралық байланыс: валеология, музыка, ана тілі, дене шынықтыру.

І. Ой қорғау

1. Бірінші байлық не?

2. Жақсы оқу үшін не керек?

3. Еңбек ету үшін не қажет?

4. Ауруды болдырмау үшін не істеуіміз керек?

5. Ауру жанның арашасы кім?



ІІ. Топтастыру стратегиясы

Ауру шарасы

Shape10 Shape9 Shape8

Дәрігер Мейірбике Халық емшісі

ІІІ. « Денсаулық – терең бақыт» кездесу

Ауру десе алаңдап асығасың

Ақ ниет арманың басылмасын.

Өмір,өлім таласып айқасқанда

Жапа шеккен жандардың қасындасың.

Ауылымыздың емшісі, сынықшы апаймен кездесу өткізіледі.

Ән. «Ақ жаулықты аналар» орындалады.

Би. « Қазақ биі»

ІV. Ел болашағы - дені сау ұрпақ

  1. Оқушы:

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа

Өмірде бақыттысың денің сауда

«Денсаулық – терең бақыт»деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.

  1. Оқушы:

Денің сауда күштісің бұл әлемде

Денің сауда сұлусың жер бетінде

Сол мықты денсаулықтың арқасында

Жеңерсің ауыр заман тәлкегін де.

  1. Оқушы:

Денің сауда жетерсің арманыңа

Жоспаолап алға қойған мақсатыңа

Денің сауда көрерсің бұл дүниенің

Бар қызық,рахатын,жарығын да.

  1. Оқушы:

«Жанын алар

Адамның,

Дерт –

Жендеті ажалдың, -

Дейді үнемі дәрігер:

Аурудың ал алдын!»

V. Сәлем берем халқыма

Әр топ төсбелгі, ұранымен таныстырады.

ІV. « Денсаулық - зор байлық»

Тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап береміз.

10. Деннің саулығын сақтау үшін не істеу керек?

10. Дене шынықтырудың маңызы не?

10. Таза жүретін баланы қалай атайды?

Оның достары кім?

20.Туберкулез ауруынан сақтанудың жолдары қандай?

20. Жеке бас тазалығы деген не?

20. Темекі тартудың адамға зияны қандай?

30. Күннің, таза ауаның, судың денсаулыққа тигізер пайдасы қандай?

30. Күнге қыздырыну керек пе?

40. Микроб деген сөзді естідіңдерме? Ол не?

40. Ұйқының қандай пайдасы бар?

40. Нашақорлықтан сақтанудың жолдары не?

VІІ. Бірінші байлық – денсаулық

Шарты: Әр топ денсаулыққа байланысты мақал – мәтелдер айтысады.

VІІІ. « Жақсы кеңес жан семіртеді»

«Шымыр» «Сымбат» «Денсаулық»

тобы тобы тобы

Айран Құрт Бала сабыны



Көрініс: « Тіс ауруы »

ІХ. Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз

Шарты: Әр топқа сурет беру, пайдалы заттар табу

Х. Спорт – біздің досымыз

1. Күш сынасу2. Арқан тартыс3. Қағазбен алма – кезек жүру.

Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп















Сынып сағат



«Қазақтың балаларға арналған ұлттық ойындары»









Өткезген. Сейдалйева Айгүл.









Сабақтың тақырыбы: Қазақтың балаларға арналған ұлттық ойындары

Сабақтың мақсаты: Сабақ оқушыларды баларға арналған ұлттық

ойындармен таныстырып, ойнайбілуге және оларды

дене тәрбиесін жетілдіріп, епті әрі шымыр,

адамгершілік болуға үйретті.

Тәрбиелігі: Адамгершілік,ұлттық,сыйластық,дене тәрбиесін беру.

Ойын,жарыс түрінде көрсету,үйрету,дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдісі: Түсіндіру,әңгімелесу,ойнау,жарысу.

Сабақтың көрнекілігі: Қолдан жасалған аттар, дене шынықтыруда

қолданылатын арқан, төсеніштер,асықтар,ләңгілер, бес

тастар, ойын туралы суреттер.

Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру сабағы.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Дене шынықтыру сабағына киетін киімдерін кию,спорт залға бару,сапқа тұру.

2. Әнұранды айту.

3. Сапты түзеу ( қазақ тілінде бұйрық беру ).

Сапқа түзу тұрыңдар, 1 – нші,2 –нші деп санаңдар,1 –нші топ, екі адым ілгері шығыңдар, - оңға бұрылыңдар, 2 – ші топ, солға бұрылыңдар.

ІІ. Жаңа сабақ:

  1. Сабақтың мақсаты, барысымен таныстыру.

  2. Ойындармен танысу, ойнау.

  1. «Ақ серек, көк серек» : топты айтатын сөздермен таныстыру.

Ақ серек, көк серек,

Сізге бізден кім керек?-

Ақ серек, көк серек,

Сізден бізге....керек.

Шығарылған оқушы кесіп өтсе, ойыншыны алып кетеді,өте алмаса сол топта қалады.

  1. Теңге алу: Атқа мініп, еңкейіп ортадағы теңгені алу, қай топ көп жинаса сол топ жеңеді.

  2. Қазақша күрес: Төсеніште күшін, айласын пайдаланып жеңу. Ойында дөрекілік жасауға болмайды.

  3. Арқан тартыс: Қай топ арқанды тартып әкетсе, сол топ жеңеді.

  4. Білектесу: Қол арқылы күш сынасу.

  5. Асық: Шарты:дәл түсіру, кім көп асық жинаса, сол жеңеді.

  6. Бес тас: Қыздарды дөңгелек етіп отырғызып,шартымен таныстыру. Бір тасты жоғары лақтырып,жердегі тастарды алдымен бір, одан 2-2,одан 1-3, одан 4 тасты бір қолмен ала білу, бір- бірлеп торға түсіре білу.Қыздар екі-екіден ойнайды,кейін жеңгендер ойнайды, бәрін жеңген адам жеңімпаз болады.

  7. Ләңгі тебу. Шүберекпен жасап әкелінген ләнгіні қалай ойнайтынын түсіндіру. Ептілікпен жоғары секіріп, аяғының артымен тебе білу.Оқушылар алдымен өздерін- өздері сынайды, мықтылар ортаға шығып, өзара жарысады.

ІІІ. Сабақты қортындылау.

Сабақта өткен ойын аттарын еске түсіру.

Үйге тапсырма беру: Ұлттық ойындарлы бос уақытта, демалыс уақытында достарымен, отбасымен демалыс орындарында, аулада ойнау.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!