|
Саралау, қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар жоспарлайсыз? |
Бағалау-оқушылардың білімін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелерін сабақ барысында сақтау |
Рефлексия |
|
Барлығы:тақырып бойынша керекті мәліметтер мен формулаларды дәптерге түсіреді. Өмірмен байланысты және мысал есептерді шығарады,сабақ мақсаты сараланып қойылған. Осыған сәйкес тапсырмалар сараланып беріледі |
Бағалау кезінде «Үш шапалақ» және «Матрица картасы» әдісі арқылы бағалау тиімді болды. Оқушылар карта бойынша бағаларын көтеруге ынталанып,қызығушылығы артып отырады. Ең көп «+» таңбасын жинаған оқушыны анықтау өзгелердің өздігінен білімін көрсете білуге ынталандырады. |
Жаратылыстану, математика пәндерінен алған білімдерін қолданады. Күнделікті өмірмен байланыстыра диалогке түсті. Оқушы денсаулығын сақтау мақсатында сергіту сәті жасалып, партада отыру тәртібіне нұсқау берілді. |
Сабақ өз мқсатына жетуде қолданылған әдіс-тәсілдер оқушылардың белсенділігін арттыруға жұмыс жасады. Өмірден мысалдар арқылы есеп шығару кезінде қызықты болды. |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Денелердің өзара әрекеттесуі
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Денелердің өзара әрекеттесуі Мектеп: «№9 мектеп-лицейі»КММ Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Караева Ж Сынып: 7 «А» Қатысқаны: 18 оқушы Қатыспағаны: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы: |
Тартылыс құбылысы және ауырлық күші. Салмақ |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқу мақсаты |
7.2.2.10-масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын ажырату |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар:масса, салмақ,ауырлық күші ұғымын ажырата алады және денелердің тартылыс күшін Исаак Ньютон ашқанын, өлшем бірлігі Н-мен өлшенетінін біледі. Көпшілік оқушылар:Гравитациялық өзара әрекеттесу, гравитациялық өріс және гравитациялық күштің айырмашылығын түсінеді. Кейбір оқушылар:Денеге әрекет ететін ауырлық күші мен оның массасы арасындағы қатынасты ажырата біледі,күрделі есептерді шығара алады, күнделікті өмірмен байланыстырып мысал келтіруде қолданады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Физика тілінде сөйлеу мәдениетін, көптілділікті дамыту
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
1.Қоғамдағы ұлттық бірлік 2.Тілдің біртұтастығы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Қазақ,орыс тілі. Математика. Астрономия. Жаратылыстану |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Күш. Динамометр. Күш түрлері |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 5мин |
1.Ұйымдастыру:Сәлемдесу,тарау басталғанда құралған топтар «Үйкеліс күші», «Серпімділік күші», «Ауырлық күші» орындарына отырады. 2.Ынтымақтастық қалыптастыру: Қол алысып,қане біз Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру Достарменен бір жүру Күлкіміз біздің көңілді,(бір-біріне жымияды) Жеткізсін жылу, шаттыққа(жүректерін ұстайды) Бөліскен жақсы ғой өмірде(саусақтарын күн сияқты алдыға созып ашады) Қуаныш,Мейірім,Бақытты.(қолдарын екі жаққа созады) Бастайық бүгінгі сабақты(қолдарын төмен түсіріп отырады) 3.Үй тапсырмасымен жұмыс: (жеке жұмыс) «Тірек сөздер»-интербелсенді тақтадан 1-мин көрсетіледі Деформация, динамометр, күш, Ньютон, әрекет, құрал, вектор, қатаңдық, бірлік,ұзындық, Гук, бағыт, тең әрекет, созылу,шама, қарама-қарсы, мән, сығылу, тепе-теңдік, өлшеу.
ҚБ:өзара
тексеру,тыңдау, қатені түзету,шапалақпен
бағалау |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 30 мин |
|
Қосымша-1 |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
ЖИГСО әдісімен оқулықтан «Тартылыс құбылысы және ауырлық күші. Салмақ»-тақырыбын түсіндіру |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
«Түртіп алу» әдісі арқылы-талқылап түйінді шешімдерді жазып алу |
Үлестірме қағаз
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
ҚБ: «Үш
шапалақ» |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Концептуалдық кесте толтыру: «Тартылыс құбылысы және ауырлық күші. Салмақ»тақырыбының мәтінін оқи отырып кесте толтырады
ҚБ: жұптық жұмыс әдісімен бір-бірін тексеріп матрица картасына белгілеу
|
Матрица картасы
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
«Саралау»- тапсырмалары: «Биоақпараттандыру және Синергетика»әдісімен А-деңгейі: №1.Массасы 300кг сом шойынға әсер ететін ауырлық күші қандай? №2.Массасы 70кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкелу коэффиценті 0,3. №3.Массасы 50 кг дене 200Н күштің әсерінен жазық жерде бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффиценті неге тең? №4. 800Н ауырлық күші әсер ететін құм салынған жәшіктің массасын есептеп тап. №5. Әсерінен массасы 500г дене 2м/с2 үдеумен қозғалатын күш. №6.Егер қозғалтқыштың тарту күші 90кН болса, онда жылдамдық алу кезінде массасы 60т реактивті ұшақтың үдеуі. №7.Массасы 5кг денеге 4м/с2 үдеу беретін күш №8.Егер соққыдан кейін ол 500м/с2 үдеу алса, ал соғу күші 420Н-ға тең болса, онда футбол добының массасы? В-деңгейі: №1. Көлемі 18,75л керосиннің салмағы қандай? №2. Көлемі 25л бензиннің салмағы қандай? №3.Массасы 1кг ыдысқа көлемі 5л керосин құйылған. Ыдысты көтеру үшін қандай күш жұмсау керек? №4. 320Н күштің әсерінен амортизатордың серіппесі 9мм-ге сығылды.1,6кН жүктемеде серіппе қанша милиметрге сығылады? №5.Динамометрдің серіппесін 4Н күштің әсерінен 5мм ұзарды. Осы серіппенің 16мм –ге ұзаруына әсер ететін жүк салмағы қандай? №6. Массасы 0,5кг доп 0,02с-қа созылған соққыдан кейін 10м/с жылдамдық алады. Соққының орташа күшін тап? №7.Жердің бетінен 400км биіктікте орналасқан, массасы 40кг дене Жерге тартылу күші. Жердің радиусын 6400км-ге тең деп алыңдар.
№8. Өлшемі
10 С-деңгейі №1.Массасы 60кг адамға жердің бетіне әсер ететін ауырлық күші. №2.Жердің бетінде 25кН ауырлық күші әсер ететін дененің массасы. №3. Жер бетінен бастау алған космостық ракета 20м/с 2 үдеумен вертикаль бағытта қозғалады. Егер ұшқыш-косманавтың массасы 90кг болса, онда оның кабинаға түсіретін салмағы (g=10м/с2) №4. Төмендегідей бағытталған, 1м/с2 үдеумен қозғалатын лифтінің еденін массасы 70кг адам қандай күшпен қысады: а)жоғары; б)төмен? №5.Массасы 600г дене 8Н күштің әсерінен түзу сызықты қозғалып дене120см қашықтықта 6м/с жылдамдыққа ие болды. Дененің бастапқы жылдамдығы. №6.Егер шарлар бір-біріне 0,01Н күшпен тартылатын болса, онда әрқайсысының массасы 100кг болатын осы шарлардың арасындағы қашықтығы. №7. Таудан түсудің соңғы мезетінде10м/с жылдамдыққа ие болатын массасы 60кг шаңғышы түсу аяқталғаннан 40с-тан кейін тоқтайды. Қозғалысқа әсер ететін кедергі күшінің модулі. №8.Білеуше столдың бетін 50Н күшпен қысады. Осы күш қалай аталады? Ол тақтайшаның ауырлық күшінен көп пе, әлде аз ба? Осы тақтайшаның массасы?
ҚБ: матрица картасына ұпайлары белгіленеді. |
Үлестірме қағаз Топтық жұмыс: А:№2,4,6 В:№3,4,7 С:№2,3,4 Жұптық жұмыс: А:№3,5,7 В:№2,5,6 С:№5,6,7
Матрица картасы
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
1 мин |
Сергіту сәті «Кім зерек»ойыны |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
4 мин |
В
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
ҚБ: Топ жұмыстары матрица картасына ұпайлары қосылады.
|
Матрица картасы
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы |
Үйге тапсырма: Бірнеше мектеп динамометрі бар. Динамометрді бүлдіріп алмай, 4Н-нан артық болатын күшті өлшеу үшін не істеу керек? |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
3мин |
Кері байланыс: «Сәйкестікті тап»
|
Слайд |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
2мин |
Рефлексия: EXPO-2017
|
Түрлі-түсті жапырақша қиындысына байланысты көңіл-күйін білдіреді. Жасыл-көтеріңкі Көк-орташа Қызыл-көңіл-күйім жоқ. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау, қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар жоспарлайсыз? |
Бағалау-оқушылардың білімін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелерін сабақ барысында сақтау |
Рефлексия |
|
Барлығы:тақырып бойынша керекті мәліметтер мен формулаларды дәптерге түсіреді. Өмірмен байланысты және мысал есептерді шығарады,сабақ мақсаты сараланып қойылған. Осыған сәйкес тапсырмалар сараланып беріледі |
Бағалау кезінде «Үш шапалақ» және «Матрица картасы» әдісі арқылы бағалау тиімді болды. Оқушылар карта бойынша бағаларын көтеруге ынталанып,қызығушылығы артып отырады. Ең көп «+» таңбасын жинаған оқушыны анықтау өзгелердің өздігінен білімін көрсете білуге ынталандырады. |
Жаратылыстану, математика пәндерінен алған білімдерін қолданады. Күнделікті өмірмен байланыстыра диалогке түсті. Оқушы денсаулығын сақтау мақсатында сергіту сәті жасалып, партада отыру тәртібіне нұсқау берілді. |
Сабақ өз мқсатына жетуде қолданылған әдіс-тәсілдер оқушылардың белсенділігін арттыруға жұмыс жасады. Өмірден мысалдар арқылы есеп шығару кезінде қызықты болды. |
шағым қалдыра аласыз

енн
диаграммасы



