Материалдар / Дененің еркін түсуі,еркін түсу үдеуі.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дененің еркін түсуі,еркін түсу үдеуі.

Материал туралы қысқаша түсінік
9-cыныптың "Кинематика негіздері" бөлімінің "Дененің еркін түсуі,еркін түсу үдеуі" тақырыбына арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2019
2271
7 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Кинематика негіздері.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақтың тақырыбы

Дененің еркін түсуі,еркін түсу үдеуі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.2.1.9 еркін түсуді сипаттау үшін теңайнымалы қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін қолдану.

Сабақтың мақсаты

1.Теңайнымалы қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін қолдана

отырып, еркін түсуді сипаттау;

2. Теңайнымалы қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін есептер

шығаруда қолдану;

3. Еркін түсуді теңайнымалы қозғалысқа жататындығын дәлелдеу;

Бағалау критерийі

  1. Еркін түсуді сипаттау үшін теңайнымалы қозғалысқа мысалдар келтіреді.

  2. Теңайнымалы қозғалыстың кинематикалық теңдеуін қолданып есептер шығарды

  3. Тәжірибе жүзінде еркін түсуді теңайнымалы қозғалысқа жататындығына көз жеткізді.

Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер

Еркін түсу үдеуі, үдеу, лездік жылдамдық, орын ауыстыру, дене координатасы сөз тіркестері мен терминдерді қолданып, өмірмен байланысын сипаттайды

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер

  1. Неге умаждалған және жазық парақтар әр түрлі уақытта түседі?

  2. Неліктен жазық парақтар бірдей уақытта да, әр түрлі уақытта да түсуі мүмкін?

Құндылықтарға баулу


Еркін түсу үдеуінің аймақтың еңдігіне тәуелділігін ескеріп, өндірісті дамытуда техникалық және кәсіби мамандыққа баулу.

Пәнаралық байланыс

География - еркін түсу үдеуі аймақтың ендігіне тәуелділігін біледі.

Математика – формула негізінде есептеулер жүргізеді

Алдыңғы білім


Қозғалыс, үдеу, теңайнымалы қозғалыс, жылдамдық, орын ауыстыру

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

7 мин




«Домино» әдісі арқылы сұрақтар мен формулаларды сәйкестендіруге тапсырма беріп, үй тапсырмасын сұраймын, 3 топқа топтастырамын.

Бағалау Дыбыстау арқылы бағалау.

«Оооо!» - өте жақсы

«Уууу!» - жақсы

«Ммм!» - ойлану керек



үлестермелер








Сабақтың ортасы

28 мин

8 мин





























10 мин























































10 мин


























1-тапсырма. «Шахмат» әдісі арқылы кестедегі бос орындарды толықтыр.



Шамалар

Тең айнымалы

Еркін түсу

Үдеу

?

g=9,8 м/с2

Лездік жылдамдық

?

gyt

Орын ауыстыру

?

Координатасы, қозғалыс заңы

?

«Басбармақ» әдісі арқылы жұптық бағалау жүреді.

Түсінген оқушылар басбармақты жоғары көтереді

Жартылай түсінген оқушылар басбармағын жанына қаратады

Рисунок 3

Түсінбеген оқушылар басбармағын төмен түсіреді

Рисунок 4




2-тапсырма. «Кемпірқосақ тобы» әдісі арқылы деңгейлік есептер шығаруға тапсырма беремін.

«А» деңгейі 1.Дене бастапқы жылдамдықсыз 5 м биіктіктен еркін құлады. Жердің бетіне қандай жылдамдықпен жетеді? g=10м/с² деп қабылдасақ.

«В» деңгейі 2. Тікұшақтан бастапқы жылдамдықсыз бірін екіншісінен 1 с кешіктіріп екі жүк тасталды. Тасталғаннан кейін 1 мин, 1,5 мин өткеннен кейінгі жүктердің арақашықтығын табыңдар «С»деңгейі 3. Еңіске қарай жүріп бара жатқан пойыз 20с ішінде 340 м жол жүрді де, жылдамдығын 19 м/с-қа дейін арттырды. Пойыз қандай үдеумен қозғалған және оның еңіс басталған жердегі жылдамдығы қандай еді?



Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Теңайнымалы қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін қолданып, есептер шығарады

«А» деңгейі

Жылдамдықтың формуласын пайдаланып есептеулер жүргізеді.

«В» деңгейі

  1. ХБЖ-не түрлендіреді.

  2. Орын ауыстыру формуласын қолданып, бірінші және екінші арақашықтықты есептейді.

«С» деңгейі

Теңайнымалы қозғалыс теңдеуін пайдаланып, үдеуді, бастапқы жылдамдықты табады.



3-тапсырма. «Жоба» әдісі арқылы массалары және пішіндері әртүрлі денелердің қалыпты жағдайда және ауасы жоқ кеңістікте түсуін бақылай отырып, еркін түсуді теңайнымалы қозғалысқа жататындығын анықтауға тапсырма беремін.


1-тәжірибе


2-тәжірибе


«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау



Кестелер
























Деңгейлік тапсырмалар
































Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс «Чемодан, еттартқыш, себет»


Үйге тапсырма: Секундомер және сантиметрлік таспаны пайдаланып үй жағдайында еркін түсу үдеуін бақылаңдар.


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Сыныптағы саралау жұмысының тәсілдерінің бірі:

Тапсырма тәсілі арқылы білім деңгейі әртүрлі оқушыларға «Кемпірқосақ тобы» әдісімен деңгейлік есептер шығаруға тапсырмалар беремін.

«Домино» әдісі

«Жоба» әдісі арқылы тәжірибелер жасатып шығармашылық ізденісті талап ететін тапсырмалар арқылы білім деңгейін арттыруға болады.

«Шахмат» әдісінде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету», Қарқын, Дерек көздер тәсілін қолдана отырып кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек беріледі, әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсетіп және ынталандырамын.



-Дыбыстау арқылы бағалау.

  • «Басбармақ» әдісі арқылы жұптық бағалау жүреді.

  • «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау;

  • 578тг - Сатып алу
    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!