Материалдар / Денешынықтыру пәні бойынша оқушылардың шығармашылығын дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Денешынықтыру пәні бойынша оқушылардың шығармашылығын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдермен әдіс алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Мамыр 2021
455
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Түркістан облысы

Төлеби ауданы










ТРЕНИНГ

сабақ


Пән мұғалімі: Ешов Батыр




















2020-2021 оқу жылы




Мақсаты: Кәсіптік бағдар беруде оқушыларына психологиялық қолдау көрсету.


Тренинг міндеттері:

-  Мамандық әлемі және олаордың ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту;

-  Оқушылардың мамандықтарға деген қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтау;

-  Мамандық таңдау мәселесін, жалпы өзіндік таңдау жасауға дайындықты  белсенділендіру.

 

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, жаттығулар, диагностика, ойын;

Құрал-жабдықтар:

Тренинг барысы

  1. Кіріспе сөз. Психолог:

Өмірде біз таңдай алмайтын өте аз нәрсе бар екен. Оларға біз өмір сүріп отырған тарихи дәуір,біздің ата-аналарымыз,балалық шағымыздағы оқиғалар т.с.с. жатады. Ал қалғандары көбінесе біздің таңдауымызға байланысты болады екен. Осы таңдаулардың жауаптысы, біздің тағдырымызды анықтайтын мамандық таңдау болып табылады. Бұған өте жауапкершілікпен, саналы түрде қараған жөн. Ал мамандықты дұрыс таңдау үшін мына 3 нәрсеге сүйену абзал.

Біріншіден, Сіздің кәсіби қасиеттеріңіз қандай екенін бағалау: олар: денсаулық, ,біліктіліктілігіңіз бен қабілеттеріңіз. Бұл сіздің мүмкіндіктеріңізді анықтайды. 

Екіншіден, Сіздің кәсіби  қызығушылықтарыңыз бен бейімділіктеріңіз қандай екенін анықтау. Қысқаша оны “Мен қалаймын” деп атайық.

 Үшіншіден, қандай мамандықтар еңбек нарығында сұранысқа ие, қайсылары перспективті, яғни бүгінгі таңда қоғамға керегі қайсысы.

Егер осы үш компонентті сәйкестендірсек мамандық таңдауымыз және зерттеулерге сүйенсек осылайша мамандығын таңдаған адамнан еңбек процесінде пайда да 100 пайыздық болады екен. Ал егер мамандыққа қызығушылғы төмен болса-85 пайыз. Ал қызығушылығы мен қабілеті жоқ, тек жекелеген іскерліктері мен дағдылары ғана болса 30 пайыздық нәтиже ғана болады екен.

 Мамандық таңдау – жасөспірімдік жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді екен. Бүгін біз Сіздермен болашақ мамандығымызды таңдауға алғашқы қадам жасаймыз деп және мамандық таңдаудың әрбір адам үшін маңызды таңдау екендігіне көзімізді жеткіземіз деп    ойлаймын. Өйткені аз уақыттан соң сіздердің де алдарыңыздан осындай өмірлік маңызды таңдау-мамандық таңдауын жасау керектігі туындайды.





(Балаларға сұрақтар: (Үй тапсырмасы) “Мамандық” (профессия)деген сөздің қандай мағынаны білдіретіні, қай тілден алынған сөз екендігін білетіндер бар ма?

Әлемде қанша мамандық бар екен? Ең сирек кездесетін немесе  жойылып бара жатқан, жаңа пайда болған мамандық түрлері туралы қандандай мәліметтерің бар, ортаға салатындарың бар ма?)

 

  1. Жаттығу: “Менің артықшылықтарым мен менің кемшіліктерім”

Нұсқау: Өздеріңнің артықшылықтарың мен кемшіліктеріңе сүйене отырып сызбаны толтыр, сонымен қатар артықшылықтарыңның арқасында туындайтын мүмкіншіліктеріңді, ал кемшіліктеріңнің кесірінен туындайтын шектеулеріңді жаз.

 

Менің артықшылықтарым:

Менің кемшіліктерім:

1.

2.

3.

1.

2.

3.

Менің мүмкіндіктерім:

Шектеулерім:

1.

2.

3.

1.

2.

3.


Өз кемшіліктеріңмен қалай күресіп, сол арқылы өзіңе  мүмкіндіктер әлемін кеңейтуге болатынын ойла.

Психолог: бірнеше баладан өздері жазғандарын оқып берулерін ұсынады.

 

  1. Жаттығу: “Психогеометриялық тест”

Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын.

Зигзаг.  Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай-ақ  шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен  өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.



Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар. Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.

Біз Сіздермен кәсіби бағдар бойынша диагностикалық жұмыстар жүргізген болатынбыз, естеріңізде болса (желтоқсан айының  басында),солардың кейбіреуіне тоқталып өтейік: таныстыру.

 

  1. Д. Голландтың кәсіби-тұлғалық типті анықтау тестісі

Реалистік тип – нақтылыққа бағытталған, жоғары эмоционалдық тұрақтылыққа ие. Көбінесе механик, жүргізуші, инженер, агроном және т.б. нақты тапсырмаларға бағытталған мамандықтарды қалайды.Физика, экономика, кибернетика, химия, спорт сиқты салаларда жетістікке жетуі мүмкін,

Зияткерлік тип – сараптамалық ақыл-ой, ерекше тәуелсіз ой-тұжырым жасау тән. Әдетте ғылыми мамандықтарды таңдайды. Жоғары белсенділігімен  ерекшеленгендігімен, қызметте қарым-қатынас жасауға бейім емес, негізінен томаға –тұйық. Физика, математика, география, геология сияқты мамандықтар саласын таңдайды.

Әлеуметтік тип – Айналасындағылардан тәуелсіз, орын алған жағдайларға тез икемделеді. Күйзеліске берілгіш, сезімтал.Ұсынылатын қызмет түрі: оқыту мен емдеу (мұғалім, дәрігер, психолог)

Конвенциялды тип –құрылымы айқын қызмет түрін қалайды. Мінезі стереотипті, нақты әрі іскер. Консервативті, тәуелді, үйлестіруге, шығармашылыққа икемі жоқ, қызмет түрін ауыстырғанды ұнатпайды. Ұйымдастырушылық қабілеттері әлсіз, математикалық қабілеттері басым.

Іскер тип - күш-жігерді, ұшқыр ойлылықты, импульсті көрсетуге мүмкіндік беретін мақсаттарды таңдап, шытырманоқиғаларды ұнатады. Осы типтің өкілдері басымдылықты, өзін айналасындағылардың мойындағанын, жетекшілік жасағанды жақсы көреді.Көбінесе: әртіс, журналист, телеоператор, меңгеруші, дипломат т.б.

Әртістік тип –эмоцияға, қиялға, ішкі сезімге арқа сүйейді; өмір сүруге деген күрделі көзқарасқа ие. Шешім қабылдауда тәуелсіз, ерекше. Музыка, сурет, әдеби шығармашылық қызмет түрлерін қалайды.

 

Жеке тұлғаның  кәсіптік мамандықтарды  таңдау типтері:

- реалистік

- зияткерлік

- артистік

- әлеуметтік 

- конвенциалды 

- іскер

 



1) жеке тұлғаның  реалистік типі - адамдармен жұмыс істегеннен гөрі,  еңбектің басқа да маңызды обьектілерімен, механизмдерімен жұмыс істегенді ұнатады.

Негізгі бағыттары:

* техникалық білім,

* ауылшаруашылық білімі,

*орман шаруашылығы,

* табиғатты қорғау,

* әскери мамандықтар.

2) жеке тұлғаның зияткерлік типі - Ғылымға және ғылыми зерттеулер-ге, ашылуларға, жаңалықтарға және идеяларды  іске асыруға бағытталған.

Негізгі бағыттары:

*  математика,

*  физика,

*  биология,

*  биомедициналық инженерия,

*  генетика.

3) жеке тұлғаның әлеуметтік типі - Адамдармен қарым- қатынасқа бағытталған. Адамдарға көмектескенді және олардың мәселелерін шешкенді ұнатады

Негізгі бағыттары:

* өнер,

* әлеуметтік қызмет,

* социология,

* кеңес беру,

* коммуникация,

* мектепалды тәрбие және балалардың дамуы.(мұғалім,дәрігер,психолог)

4) жеке тұлғаның  конвенциалды типі – мінезі стереотипті, нақты әрі іскер. Консервативті, тәуелді, үйлестіруге, шығармашылыққа икемі жоқ, қызмет түрін ауыстырғанды ұнатпайды. Ұйымдастырушылық қабілеттері әлсіз, математикалық қабілеттері басым.

Негізгі бағыттары:

*  бизнес

*  кеңсе, есеп айырысуға байланысты мамандықтар

*  маркетинг,

* құқық.

5) іскер типі – күш-жігерді, ұшқыр ойлылықты, импульсті көрсетуге мүмкіндік беретін мақсаттарды таңдап, шытырманоқиғаларды ұнатады. 

Негізгі бағыттары:

* әртіс,

* журналист,

* телеоператор,

* меңгеруші,

* дипломат.




6) жеке тұлғаның артистік типі - өзінің әсемдікке деген сүйіспеншілігін,  мүмкіндігін  ашуды көркем- өнерде, артистік ортада жұмыс істеуді ұнатады.

Негізгі бағыттары:

* өнер,

* музыка,

* театр,

* билер,

* тілдерді оқу, меңгеру,

* жобалау және дизайн.

 

  1. Бейімділік картасы, «Мен қаладым» саралаушы-диагностикалық сұрақнамасы

Мұғалім:

Адамның белгілі бір мамандықты игеруі үшін және нәтижелі еңбек ету үшін осы мамандық адамнан талап ететін нақты қасиеттері болуы тиіс.Сондықтан мамандықты таңдай отырып оның қоятын талаптарын білген жөн. Мысалы диагностикалық тапсырмалардың бірі осы мамандықтар классификациясына арналған болатын. Алғашқы белгілері,еңбек құралы, іс-әрекет шарттарына байланысты барлық мамандықтар бірнеше типтерге классификацияланады. Олар:“Адам-басқа адамдар”, “Адам-табиғат”, “Адам -техника”, “Адам-белгілер жүйесі”, “Адам-көркем образ”, “Адам-адамның өзі” .

1)  “Адам-басқа адамдар”: Бұған көбінесе, адамдардың өзара қарым-қатынасы,олардың бір-біріне тигізетін әсеріне байланысты мамандықтар жатады.Бұл мамандықтарды игеру үшінадамдармен тіл табысып үйреніп,қарым-қатынасқа бейімделу керек.

Мысалы:

  • Дәрігер.

  • Менеджер.

  • Мұғалім.

  • Психолог.

  • Әлеуметтік қызметкер.

  • Сатушы.

  • Жаттықтырушы.

2)  “Адам-табиғат”: Мұндай жұмыстірі табиғат нысандарына бағытталған.

Мысалы:

  • Агроном.

  • Фермер.

  • Кинолог.

  • Ветеринар.

  • Гүл өсіруші.

  • Микробиолог.

  • Ара өсіруші.

  • Орманшы.




3)  “Адам-техника”: Бұл мамандықтар: техникалық тетіктерді қайта жөндеу мен қызмет көрсетуге байланысты :

  • Жүргізуші.

  • Ұшқыш.

  • Поезд машинисі.

  • Компьютер жүйесіне қызметкөрсетуші.

  • Инженер-технолог.

  • Металлургия.

  • Машина жасау.

Бұл мамандық салаларында табысқа жету үшінтехникалық ақыл-ой,дәлдік, нақты әрекеттерге деген бейімділік керек.

4)     “Адам-белгілер жүйесі”: Бұл мамандықтарда мәтінмен,құжаттармен,түрлі қор деректермен,математикалық қосындылармен істелетін жұмыс басым. Мысалы:

  • Аудармашы.

  • Программист.

  • Бухгалтер.

  • Экономист.

  • Корректор.

  • Іс жүргізуші.

Мұндай жұмыстар үшін асқан дәлдік,шыдамдылық,сараптап-саралайтын ақыл-ой қажет.

5)   “Адам-көркем образ”: Мұндай мамандардың қызметі түрлі бейнелеу құралдары арқылы көркем образды ойлап табуға,жетілдіруге,жөндеуге бағытталады:

  • Мүсін,сәулет өнері.

  • Әдеби мәтіндерді құрастыру.

  • Киноматография.

  • Суретші.

  • Жазушы.

  • Дизайнер.

Бұл мамандықтар шығармашылық жұмыстарды қажет ететіндіктен, оны меңгеру үшінсоған сәйкесқабілеттер, ой-қиялының күштілігі, жаңа, ерекше жағдайларда әрекет етуге дайындығы керек.

6)   “Адам-адамның өзі”: Бұл мамандықтар адамның өзін-өзі жетілдіруге негізделгендіктен, жалақыны жұмыс нәтижесіне байланысты алады. Мұндай мамандықтар көп емес,мысалы:

  • 770 ₸ - Сатып алу

    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!