Материалдар / Дені сау бала-болашақ жемісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дені сау бала-болашақ жемісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналар жиналысын жоспарлау үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
662
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін___________

Сыныбы: 5 «Б»

Сынып жетекшісі: Байдушова Анель Саликовна

Күні:13.04.17

Өтетін орны:№18 кабинет

Тақырыбы:Дені сау бала-болашақ жемісі

Мақсаты:

Ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу. 
Міндеттері: 

  • ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру.

  • ата-аналарға баларды Салауаттылыққа тәрбилеудегі отбасының рөлі

жайлы түсіндіру. 
Қолданылатын әдіс - тәсілдер:
түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығулар
Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты нақыл сөздер жазылған слайд
Тренинг ережесі:
1. Сөзді бөлмеу
2. Бір-біріне кедергі жасамау
3. Бірігіп жұмыс жасау

4. Сенімділік, Сыйластық, Жақын араласу
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Тренингке қатысушыларды шеңбер жасап тұрғызу.

- Сәлемдесу. Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін бір – бірімізбен

дәстүрден тыс амандасу түрін жасаймыз.

1 нұсқа. Алақанымыздың ішін және сыртын тигізіп бір – бірімізге күлімсірей қарайық

2 нұсқа. Бір – бірімізге маңдайларымызды тигізіп сәлемдесеміз.

3 нұсқа. Оң және сол жақ иықтарыңызды тигізіп сәлемдесу. Сәлемдесу кезінде қандай

әсерде болдыңыздар? Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз кім? (Бала , жанұя, отағасы,

т.б.)

ІІ. Негізгі бөлім

 «Жүрекшемен жаттығу» Бала сіз үшін кім? Жүрекшені бір-біріне ұсынып сұраққа жауап беру. Бала – болашағым, серігім, бақытым, өмірімнің жалғасы т.б.

«Өзіңді теңей біл» Әркім өзін бір затқа немесе бір табиғат құбылысына теңейік. Мысалы: Мен бұлақпын. Мен адамдарды, жануарларды қоректендіремін. Мен өмірге керекпін.

«Күн шуағы » Ойлауға арналған сұрақтар. Әр адам аяқталмаған сөйлемі бар үлестірмелер алады да өз сөздерімен сөйлемді аяқтайды,күнге күн шуақтарын жалғайды

1. Ең үлкен қорқыныш бұл – ....

2. Мен мынадай адамдарға сенбеймін.....

3. Мен ренжимін, егер....

4. Мен қуаныштымын, себебі.....

5. Баланы үнемі қолдап отырса.....

6. Мен үшін бақыт деген.....

7. Отбасының қорғаны кім?

8. Балаңыз сізге қасқыр мен түлкі туралы ертегі айтып беруін өтінді, сіздің әрекетіңіз

9. Мақалды жалғастыр. Бала жас шыбық... (қалай исең, солай иіледі)

10. Ана бауырындағы бұлақ.... (бала жағасындағы құрақ)

11. Балаңыздың қандай да бір іске өнері, қызығушылығы байқалса не істер едіңіз?

12. Сіздің балаңыз сізге түн неге қараңғы? Күн қайда кетті ? деген сұрақтар қойса, қалай жауап берер едіңіз

13. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз?

14. Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс - әрекетіңіз.






«Өтінемін» ойыны. Мен сіздерге бірнеше нұсқаулар айтамын. Сіздер іс – қимылмен көрсетесіздер. Мен «өтінемін» сөзін қосып айтқанда ғана қимылды жасайсыздар. Мысалы: Өтінемін қолымызды көтерейік Өтінемін билейік Ал енді бір – бірімізді құшақтайық. Өтінемін бір – біріңізге қарап жымиыңыздар т.б. ата-аналар жалғасырады.
Қорытынды
бөлім.

Ата - анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата - аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата - бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата - ана мен балабақша өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл - қыздары жан - жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Бала – ата - ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған ата - аналарымыз аман - есен жүрсін деген тілекпен бүгінгі тренингімізді жиналыспен жалғасытрамыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!