"Дені сау бала-табиғаттың ең бағалы туындысы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Дені сау бала-табиғаттың ең бағалы туындысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
баланың денсаулығы жайлы ақпарат. тәрбиеші баламен және ересек адамдармен денсаулығын қалай нығайтуға болатыны туралы жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

ЖК «Сейсекенова»

«Балауса» бөбекжай-балабақшасы

Меңгеруші: __________

Байгонусова З.Я

«____»_____ ______ ж



Shape1

«Дені сау бала- табиғаттың ең бағалы туындысы»























Баяндама







Тәрбиеші: Ратаева Д.С











2024 жыл



І. Кіріспе

Өмір туралы түсінік.

ІІ. Негізгі бөлім

А) Денсаулық - ең бірінші байлық

Б) Алматы қаласының әсем жерлері.

III. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиеттер









































Өмір — адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі-оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы.

Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп орынды айтқан. Иә, денсаулықтан артық бағалы зат жоқ. Денсаулығымыз жақсы болу үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы зор. Елбасымыз Н. Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы-2050 стратегиясы: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында  «Білімді, денсаулығы мықты жастар ғана еліміздің тірегі ертеңіміздің кемел келешегі» деген болатын. Шынында да, тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар жас ұрпақтың дені сау болса ғана биік шыңдарға қолы жетері, халқына қызмет етері даусыз. Елбасымыздың Жолдауында айтылғандай «Салауатты өмір салтын» ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Таза ауада демалу, спортпен шұғылдану, тазалықты сақтау, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану-барлығы салауатты өмір салтына жатады. Бүгінгі күні қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының балабақшалардың, мектептердің, жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.

Денсаулық — ең бірінші байлығымыз! Осы сөздің түпкі мағынасын толық түсіне алмай жатамыз. Қазіргі кезде тіпті жаңадан туылған нәрестенің өзі түрлі аурулар мен әлсіздікпен туылып жатады. Біздің болашағымыз, ұрпағымыз дені сау, мықты болу үшін өзімізден бастауымыз қажет. Қазіргі кезде әлеуметтік желілер мен көптеген түрлі компьютерлік ойындарға қатты беріліп кеткені сонша қалай таң атып, қашан кеш батқанын аңғармай жататын кездері де кездеседі. Қозғалыссыз өмірдің арты семіздікке, ал семіздік адам органдарының жұмыс атқару принциптерінің өзгеруіне алып келеді. Түрлі дәрілер мен әртүрлі мықты-мықты дәрігерлерді іздегенше, отбасыңмен, достарыңмен  серуендейтін жер іздеу артығырақ емес пе?

Алматы — табиғаты керемет, жастардың қаласы. Қысы-жазы көркем табиғаттың сұлулығына қарап тоймайсың. Әсіресе, таулары мен өзен-көлдері. Қала тұрғыны болғандық, көбінесе, көп уақытымыз қоғамдық көлікте немесе. Сенбі, жексенбі немесе мереке күндері Алматының кермет табиғатын тамашалауға кеңес беремін. Аптаның бір күнін өз денсаулығыңыз үшін тауға көтеріліп, таза ауамен тынысталып, өз-өзіңізбен болып, табиғатпен сырласа біліңіз. Қала белсенділерінің қатарына қосылып сізде салауатты өмір салтын ұстана біліңіз. Алатаудың биік тауларына көтеріліп немесе Алматы алақандай көрінетін Көктөбеге және медеу, шыңбұлақ болмаса өз ауылыңыздағы кешкі көшелеріңіздің де әдемі екенін біле жүріңіз. Денсаулығымыз мықты болмаса, жан дүниеміз де мықты болмайды. Ең бірінші ұстаным өзімізбіз. Өзіміздің көңіл-күйіміз дұрыс болмаса балабақшадағы балалардың көңіл-күйлері қандай болмақ. Денемізге дұрыс күтім жасамасақ алдымызға келген бүлдіршіндер өздеріне күтімді қалай жасайды.

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін қалыптастыру қажет. Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де маңызды.

Өркениеттің  жолындағы елдің ертеңі – халқының саулығына байланысты. Дені сау халық – бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ, саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтеруі мақтаныш! Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы. Соны ұмытпауымыз керек.  

Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор. Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл- ойы айқын, өз- өзіне сенімді, жан- жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан, бала ағзасының қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру ең басты міндетіміз. Сондай- ақ баланың қозғалысын жетілдіру, қимыл- дағдыларын және дененің икемділігін, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыруға тұрмыста және дене тәрбиесі оқу іс- әрекеттерінде қажетті жеке және қоғамдық гигиена дағдыларын дамытуға баса назар аударылады. Дене тәрбиесі балалардың ақыл- ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына мүмкіндік тудырады.

Денің сау болсын десеңіз - Дене тәрбиесін қолға алыңыз. Дене тәрбиесі негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады. Балабақшаға таңертеңгі келген уақыт-тан бастап  күн тәртібі бойынша сауықтыру шараларын (Таңғы жаттығу, қимылдық ойындар, сергіту сәттері, серуен кезіндегі спорттық ойындар мен жаттығулар, спорттық мерекелер, ойын – сауықтар) өткізеледі. Дене шынықтыру оқу іс — әрекеті балаларды қимылға үйретудің негізі  болып табылады. Сонымен қатар  дені сау бала әр түрлі жағдайда (тұрып, отырып, жатып) жасайтын жаттығулар жоспарлау қажет. Жалпы жетілдіру  жаттығулар үшін (жалау-шалар, доптар, кубтар, секіргіштер, құрсаулар, гимнасти-калық таяқшалар т.б) пайдаланылады. Балалар негізгі қалыпқа дұрыс тұрып, жаттығулардың жасалу техникасын дұрыс сақтап, тәрбиешінің нұсқауы мен қимылдап, барлық бала бірдей қимылдаулары керек.

Таза ауадағы дене шынықтыру балалардың тек қана денесін шынықтырып ғана қоймай, сондай-ақ тәрбиелік мәні бар білімін ұш-тастыруға септігін тигізеді. Бірін – бірі сыйлау, ұйымшылдыққа, адамгерші-лікке тәрбиелеуде мәні зор. Спорттық ойындар арқылы балаларды төзімді-лікке, қайратты шымыр болуға баулу қажет. Таза ауадағы дене шынықтыруды өткізу үшін  алаңдағы орын барлық жағдайға сай жабдықтануы керек. Таза ауадағы дене шынықтыруды өткізу үшін балалардың денсаулығы туралы мәліметті балабақша медбикесінен алады. Егерде операция жасалған немесе бір жері қатты ауыратын бала болса, ол балалар тәрбиеші көмекшісімен бірге болып, жеңіл қимылды ойындар ойнайды. Сауықтыру шараларына медбике жиі қатысып, тексеріп тұрады. Ұйқыдан тұрған кезде ояту, Балалардың қимыл іс-әрекетін жетілдіру тек дене шынықтыру сабағымен шектелмейді бос уақытта балалардың қимыл іс әрекетіне көп көңіл аударуымыз керек. Тәрбиеші балалармен түрлі ойын, жаттығу өткізеді. Серуен кезінде де түрлі жаттығу, ойындар ойналады. Тәрбиеші көп қозғалмайтын балаларға ерекше көңіл аударып, ойынға үнемі қатыстырып отыруы тиіс.





























Қолданылған әдебиеттер:

«Таза Қазақстан» интернет желісіндегі жаңалық ұсыну сайты.

«Egemen Kazagstan» журналы интернет желісі



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2024
96
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі