Материалдар / «Дені сау ұлт- дені сау мемлекет»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Дені сау ұлт- дені сау мемлекет»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға денсаулықтың маңызын жеткізу, шынығу жаттығуларымен таныстыру, оқушылардың бойында зиянды әдеттерге, атап айтқанда, алкоголь ішімдіктеріне, нашақорлыққа, темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2021
712
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

kҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК









«Бекітемін» _____________________

Колледж әдіскері: Кабимолдина А.К.

«Келісемін»______________________

Сынып жетекшісі: Ахметжанова Мирагуль





Тәрбие сағатының жоспары


















Тақырыбы: «Дені сау ұлт- дені сау мемлекет»

Өтетін орны: «№8 ЖОББМ» КММ

Сынып: 5 «Ә»

Мерзімі: 15.10.2021

Тобы: 24

Машықкер: Танырбергенова Әсем

Баға: «__ »(________)

Баға: «___ »(________)








Семей 2021

Тақырыбы: «Дені сау ұлт – дені сау мемлекет»

Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушыларға денсаулықтың маңызын жеткізу, шынығу жаттығуларымен таныстыру; оқушылардың бойында зиянды әдеттерге, атап айтқанда ,

алкоголь ішімдіктеріне, нашақорлыққа , темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру


Тәрбие сағатының міндеті:

-Оқушыларды сабаққа қызықтыру;

- Спорттың және дене шынықтырудың маңызын ұғындыру;

- Зиянды әрекеттерден алшақ болуға үйрету

Тәрбие сағатының ұйымдастыру формасы, түрі: пікіралмасу, тренинг, әңгімелесу

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, тест, видеоролик, жағдаяттар, танымдық ойындар

Техникалық жабдықталуы: компьютер, интерактивті тақта

Көрнекілік: презентациялық жұмыс, суреттер, стикерлер

Қажетті жабдықтар: а4 форматындағы қағаз, бояу қарандаштар, қалам

Тәрбие сағатының құрылымы


І.Ұйымдастыру кезеңі 1-3 минут

- Сәлемдесу, кіріспе сөз 3-5 минут

ІІ. Негізгі кезең (сынып жетекші белгілеп берген уақытты пайдалану)10 - 20 минут

-

-

-

ІІІ. Қорытынды кезең 1-3 минут

Рефлексия

Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы.
Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігі жиі айтылады. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Дені сау ұлт – дені сау мемлекет» деп аталады.

Мұғалім сөзі: 

 «Денсаулық – зор байлық» деген сөздің астарында үлкен мағына жатыр. Адам баласы үшін денсаулықтан асқан байлық жоқ. Ол ақшаға сатылмайтын , ешбір бағалы затпен тең келмейтін байлығымыз. Сондықтан «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеніміз» абзал. Еліміздің қай азаматы болса да елінің болашағы алаңдатары сөзсіз. Еліміздің болашағы-бүгінгі бүлдіршіндер сіздерсіздер. Сондықтан сіздердің болашақта дені сау азамат болып өсуілерің еліміз үшін маңызды .

 

ІІ.Ой ашу сұрағы:

а) Тіс тазартатын құралдар. (Тіс щеткасы мен пастасы)

ә) Ол судан қорқады, кір одан қорқады. (Сабын)

б) Денені шынықтыратын денсаулыққа әсері мол сабақ. (Дене тәрбиесі)

в) Адам өміріне ең қажетті заттар. (Ауа, су, жылу, жарық, тамақ)

г) Жалқаудың досы. (Еріншектік немесе ұйқы)

Ой қозғау: 

-Балалар, қазір берілген стикерлерге 1 қатар және 2 қатардың жартысы зиянды тағамдарды, ал қалған жартысы мен 3-ші қатар пайдалы тағамдарды жазып, ілулі тұрған қағазға апарып жабыстырып қойындар. Мен оны оқи отырып, мәліметтерді айтатын боламын.
Балық- сүйек пен тісті қатайтады
Жұмыртқа- дауысқа және сүйекке пайдалы
Көкөністер- қанды көбейтеді және көздің көруін жақартады

газдалған сусындар- қант диабетіне әкеледі
фаст-фуд- семіздікке және инфарктқа әкеледі
чипсы- ағзада аллергия туғызуы мүмкін, өзіне тәуелді етіп қояды
-Балалар, пайдалы және зиян тағамдарды ажырата аламыз, сондықтан да пайдалы тағамды көбірек тұтыніға тырысайық! Ол өмір жастарынды ұзартып, өскен кездерінде ауру болмауға көмектеседі.

Жағдаят
Балалар, келесі кезекте жағдаятты шешіп көрейік.

Сағат шырылдайды. Болат орнынан тұрады. Терезені ашады. Жаттығу жасайды. Жақсылап беті қолын жуады. Мектепке келеді. Сабаққа белсенді қатысады.

Сағат шырылдайды. Самат сағаттың қоңырауын басып қойып, ерініп кеш тұрады. Беті қолын шала жуып, мектепке асығады. Сыныпта отырып ұйықтап қалады.

Салыстыр:

Балалар сендерге қай баланың қылықтары ұнады?

Болат сендерге несімен ұнады?

Саматтың күн тәртібі дұрыс па?

Ал сендер дұрыс күн тәртібін ұстанасындар ма?

Дұрыс-бұрыс ойыны
-Жақсы балалар, мен сендердің жауаптарымен қанағаттанамын, қазір Дұрыс-Бұрыс деген ой-қозғау ойының өтейік! Кезек-кезекпен жауап береміз (интернет арқылы жасалған ойын)
https://learningapps.org/watch?v=pddn9tvsc21
-Жақсы балалар, тапсырманы орындап болдық! Жарайсыңдар!

Сергіту сәті
-Оқушылар, дені сау болу үшін адамның дене шынықтыруы маңызды екенің білесіңдер солай ма? Олай болса сергіту жаттығуын орындайық. Барлығымыз орнымыздан тұрамыз, шуламай, видио артынан қайталаймыз!
/видиобейне/
https://youtu.be/AKuouDBQtOY
-Жақсы балалар, күнделікті таңертен осындай жаттығуларды орындап отырындар, оңай болсада, беретін пайдасы өте көп!




Видиобейне
-
Енді сабақты қорытындылау үшін видиобейнеге көз салайық, бәріміз мұқият тыңдаймыз!
https://youtu.be/Yh_ZXYB1cOU
-Бәріміз де видионы көрдік, және түсіндік деген ойдамын. Балалар сендерге түсінікті болды ма? Видиодан не ұққандарынды 1-2 сөзбен айтқысы келетіндер бар ма?


Тест. «Менің өмір сүру қалпым»

Тест. «Менің өмір сүру қалпым» 5-20 балл қою



Рефлекция
-
Балалар, сабақтан алған әсерлерінді стикерге жазып, маған өткізіңдер, бүгінгі сабақтан не ұқтындар, сендерге қаншалықты пайдалы болғаның жазыңдар.
-Сабаққа қатысқандарына рахмет! Сауболыныздар!

























































Picture 7



Picture 4

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!