Материалдар / "Дені саудың- жаны сау"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Дені саудың- жаны сау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Үстаздарға, машықкерлерге көмекші
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Ақпан 2020
298
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК

«Бекітемін» ________________
Колледж әдіскері: Кабимолдина А.К
«Келісемін»________________
Сынып жетекшісі: Нугымарова. Г. Р
Тәрбие сағатының жоспары

Тақырыбы: «Дені саудың- жаны сау»
Өтетін орны: «№3 ЖОББМ» КММ
Сынып: 3«А»
Мерзімі:17.02.2020
Тобы: 201
Машықкер: Тазабекова Арайлым
Баға: «___ » _____________________
Баға: «___ » _____________________
Семей 2020

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға адамның жаны мен тәнінің
үйлесімділігі туралы түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығын ашу.
Тәрбие сағатының міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға адам денсаулығына ой тазалығы мен таза ниеттің
әсері туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Салауатты өмір салтына сай оқушыларды болашақтың тірегі
болатын, дені сау азамат етіп тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Жинақылыққа, ұқыптылыққа баулу.
Түрі формасы: жеке
Әдіс тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ- жауап
Көрнекілік: суреттер
Жабдықталуы: жапсырма, стикер , компьютер
Тәрбие сағатының құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

« Мен өзімді жақсы көремін себебі....» тренингі

3 минут

2. Техникалық қауіпсіздік ережесі

5 минут

3. Жұмбақ шешейік

5 минут

4. Мәлімет беру

5 минут

5. «Дерижер» ойыны

4 минут

6. Бейнеролик

3 минут

7. Талдау

3 минут

8. «Түсіп қалған әріптер»

4 минут

9. Мәнерлеп оқу

5 минут

10. Рефлексия

3 минут

11. Қорытынды

3 минут
Тәрбие сағатының барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме оқушылар! Көңіл күйлеріңіз қалай! Ал, енді тәрбие
сағатымызды бастайық.
Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын «Мен өзімді жақсы көремін себебі....»
тренингін өткізейік.

2. Техникалық қауіпсіздік ережелер
Сендер қауіпсіздік туралы не білулерің керек.
Үйде:
Қағаз парақшасына ата- анаңның ұялы телефондарын және шұғыл
қызметтердің телефондарын жазып ал:
101- егер үйде өрт болса;
102- егер пәтерге бөтен адамдар кіруге ұмтылса;
103- егер біреудің немесе сенгің денсаулығың нашарласа;
104- егер газдың иісін сезсең;
Ешқашан ешкімге есік ашпа.Бірнден ата-анаңа қоңырау шал және болған
жағдайды айт.
Егер бейтаныс адамдар пәтер есігін бұзып жатса, 101, ата-анаңа қоңырау
шал. Телефон болмаған, істемеген жағдайда балконға шығып, терезе
ашып, «Өрт! Өрт!» деп қатты айқайла.
Ата-ана, олар болмаған кезде, күні бойы болған барлық рқиғалар, үйіңе
келген, есігіңді қаққан адамдар, пәтер жанында тұрған адамдар туралы
хабарла.
Көшеде:
Егер үйден шықсаң, ата- анаңа қайда және кіммен бірге баратыныңды, қай
жерден сені іздеуге болатынын және қашан келетініңді жазып қысқаша
хат қалдыр.
Егер сен кеш қалып қойсаң, ата- анаңа ескерт.
Гараждарды, адам жоқ жерлерді қараңғы тар көшелерді айналып өтуге
тырыс. Жолдың, жертөлелердің маңында және шатырларда ойнама.
Бейтаныс адамдардан тәттілер немесе сыйлықтар алма және оған қоса атааналарыңа айтпастан , тіпті саған бірдеңе көрсетем, көлік пен
серуендетемін немесе компьютерлік ойынды ойнауға берем деп уәде
берсе де иолармен ешқайда барма. Көшеде танымайтын көліктерге
жақындам а. Бөтен адамдарға «жоқ» деп айтуға ұялма.
Егер сені қарақшылар тонап жатса, олапға бағалы заттарыңды бер.
Ең маңыздысы- сенің қауіпсіздігің.
Оқушылар мектепке сабақ басталмастан 15-20 минут бұрын келіп, киім
ілгішке сырт киімдері мен аяқ киімдерін тапсырып, сыныпқа кіреді және оқу

құралдарын дайындайды. Мектепке жарылғыш заттар, суық қару және өрт
шығу қаупі бар заттарды әкелуге болмайды.
Мұғалімнің рұқсатынсыз сабақ уақытында мектептен шығып кетуге тыйым
салынады. Егер сабақ қалдырған күндері болса оқушы дәрігерден
ауырғандығы жөнінде анықтама немесе ата-анасынан (не оларды
алмастыратын тұлғалардан) түсініктеме әкелуі тиіс. Себепсіз сабақ
қалдыруға ешқандай рұқсат жоқ.
Сабақ уақытында тамақ жеуге, су не сусын ішуге, сағыз шайнауға, мобильді
телефонмен сөйлесуге және сабақ өткізуге кедергі келтіретін түрлі ағымдағы
музыканы тыңдауға тыйым салынады.
Егер оқушы сабаққа кедергі келтіретін жоғарыда айтылған заттарды тауып
алған жағдайда мұғалім оларды тартып алуға және ата-ананың қолына табыс
етуге құқылы.
Оқушылар үлкенді құрметтейді, кішіге ізет көрсетеді. Сонымен қатар
оқушылар үлкендерге, жоғары сынып оқушылары – төменгі сынып
оқушыларына, ұлдар – қыздарға жол береді.
Мектептен тыс жерлерде, мәдени орындарда оқушылар өздерін талапқа сай
ұстап, мектеп атына кір келтірмеуі тиіс. Мектеп және басқаның мүлкіне өз
мүлкіндей қарауға және сақтауға міндетті.
3. Жұмбақ шешейік
1. Басты байлық не нәрсе?
(Денсаулық)
2. Тәні саудың-...
(Жаны сау)
3. Ағады алпыс екі бұлақ бір қайнардан,
Он екі бұлағы бар шыр айналған.
Ісіне таң қаламын қүдіреттің,
Бәрі де бәр нәрсеге ыңғайланңан.
(Алпыс екі тамыр, он екі мүше)
4. Мәлімет беру
Дені сау азаматтармемлекеттің ең бағалы капиталы.
(В.Комат)
Адамның табиғаттан алатын ең үлкен сыйы ол – денсаулық. Халық арасында
дені сау адамның қолынан келмейтін ісі жоқ деп босқа айтылмаған. Аталған
қарапайым ойды тек қана ағзамыз сырқат танытқанда ғана немесе

дәрігерлерге жүгініп, олардың қолынан келмейтінді талап еткенде ғана еске
түсірмей, үнемі есте сақтап жүрген абзал. Өз заманында әйгілі қолбасшы
Александр Суворов «салқын су денеге де, ақыл-ойға да пайдалы»-деп, білген.
Өйткені салқын сумен емделу – өзіндік туа біткен әлжуаздықтан арылу –
генералиссимустың шайқастарда жеңуіне септігін тигізді. Қазіргі заманғы
зерттеулер бойынша, суық суға сүңгушілік жынысы мен тектілікке
қарамастан адамның шартты биологиялық жасын төмендетеді. Яғни жасарту
әсері бар және ұзақ өмір сүруге көмегін тигізеді. Көп адамдар «Егер мен су
ойығына секірсем, мен өлемін, ауырып қаламын, бір жерім үсіп кетуі мүмкін
және т.б.» - деп, ойлайды. Қорқыныш үрей тудырады деген рас екен,
дегенмен су ойығына бірден секіруді шыныққан адамдардың өзіне де кеңес
етпейміз. Ал өзіндік психологиялық тосқауылды – алғашқы рет суға
түскендегі салқын су алдындағы қорқынышты – әрбір әлі еті үйренбеген
адам өзінше жеңуі тиіс. Көбінесе үрей тудыратын қорқыныштың көзі, жете
білмейтін «тілектестердің» кеңестері қыздыра түсетін, өзіндік ағзаның
шынайы мүмкіндіктері мен қорларын білмеу болып табылады. Сөзсіз, егер
алдын ала өзіңізді ауыруға икемдесеңіз, онда әрине ауруханадан табыласыз,
өзін-өзі сендірудің мүмкіндігі шексіз екендігін жақсы білерсіз. Шынығу –
сауықтырудағы керемет әдіс. Оның көмегімен көптеген аурулардың алдын
алуға болады, сонымен қоса еңбекке қабілеттілікті, өмірге деген махаббатты
сақтап қалуға көмектеседі. Әсіресе салқын тиген кезде шынығудың көмегі
зор!
Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты
екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы
бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын
жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз
денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.
Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Денінің сау болуын
қандай адам қаламайды?
Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек.
Қоғамадағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Адам
бұл өмірде мәңгілік емес. Сол берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана
білмесең, ғұмырың текке өтті дей бер. «Денсаулық – зор байлық» деп атамыз
қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек.
Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн.
Деніміз сау болмаса, ауру меңдеп, қалжыратса, шалқыған байлықтан,
ақшадан не пайда?! Осыдан біз ненің бірінші байлық екенін аңғарамыз.
Шопенгауердің «Дені сау кедей – ауру корольден бақытты»,- деген қанатты
сөзі өте орынды айтылған.
Дені саудың – жаны сау. Әрине денің сау болмаса, рухани сауыға алмасың
тағы бесенеден белгілі.
Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертенгі жалғасы.
Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі көп ретте денсаулық
мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық –
ел дамуының басты арқауы. Денсаулық сақтау біздің өміріміздегі келелі

мәселелердің, үшінші мыңжылдыққа атаған еліміз үшін өзекті міндеттердің
бірі.
Жеке адамның да, мемлекеттің, қоғамның да басты байлығы – денсаулық.
Осынау байлығымызға балаған денсаулығымыздың қамын ерте бастан
ойлауымыз қажет екенін естен шығарып алатынымыз өкінішті-ақ. Ынтымақ,
бірлігі жарасқан елімізде адам денсаулығын нығайту жолында үкіметіміз
ерекше көңіл бөліп отыр. Республикамызда салауатты өмір салтын сақтау
барысында Елбасы Н.Назарбаевтың бастауымен «2002 жыл – Денсаулық
жылы» жарияланғаны баршамызға аян.
Табиғаттың ең қымбат жемісі – адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені өзін-өзі сыйлағаны.Осыдан-ақ табиғаттың берген сыйы тұла бойына таза
қарап, өмірдің соңына шейін денсаулығы зор болып, адам атына кір
келтірмей өту абзал.
Адамның денсаулығы - өмір тіршілігінің ең бірінші шарты болып табылады.
Сондықтан үкіметіміз денсаулық сақтау ісіне, адамдарымыздың дені сау,
ағзасының күшті болуына үнемі қамқорлық жасап отыр.
Дені сау болса, адамның өзі де, жан-жағындағы адамдар да бақытты.
Адамға денсаулықтан не бар қымбат,
Ауру төнсе кең дүниені тар қылмақ,-дегендей, өкінішке орай, қымбат
байлығымызға кереғар әсерін тигізетін зиянды нәрселер де баршылық.
Бір кездері мақтаныш көріп,жерге салып тастаған сан түрлі зауыттардың
түтіні адам ағзасын тұншықтыруда. Шашты тік тұрғызар «Семей полигоны»
аталған аймақта әлі күнге шейін ауру балалар дүниеге келуде. Айдаһардың
үш басындай арақ, темекі және наша – ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің
басты себептері. Нашақор адамдар - өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ
адамдар деп ойлаймын. Саралап алсақ, осының барлығы адам қолымен
жасалып, қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізуде.
Ашық аспанымызға қара бұлт төндірген заман кеселдерінен арылу, арылту –
көкірегі асу, көзі ашық әрбір азаматтың борышы.
Жаңа ғасыр табалдырығынанаттанған болашақтың тағдыры – оның
денсаулығында. Ұлы Абай атамыздың «Бес нәрсеге ғашық бол, бес нәрседен
қашық бол» қағидасын берік ұстап, ертедегі ата-бабаларымыздың әскерлі сөз
мәйектерімен жеткізе білген денсаулық жайлы ойларының қадірін түсіне білу
керек.
Сау дене, азат ақыл, адам көңіл,
Үшеуімен бақытты болады өмір,- дегендей, өмірге адам болып келген соң,
адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен
қарау – міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын
ұстан.
Салауаттылық – саулық кепілі, ал саулық – байлық негізі.
Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі – халқының саулығына байланысты.
Дені сау халық – бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де
мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ, саған аманат еткен
тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік
көтер!

Есірткі, нашақорлық – азаматты жұтатын аждаһа екенін бір сәт естен
шығармайық!
Өміріміз - өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы
денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте
оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал!
Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам!
5. «Дерижер» ойыны
Оқушылар ортаға шығып, шаттық шеңберіне тұрады. Музыка
қосылғанда, соған сәйкес қыймылдар істейді. Кімнің аты айтылса, сол
оқушы бір қимыл көрсетеді. Ал қалғандары соны қайталайды. ОЙын
солай жалғаса береді.
6. Бейнеролик
Тақырыпқа қатысты бейнеролик корсетілетін болады. Бейнероликте
пайдалы әрі қажетті кеңестер айтылады.
7. Талдау
Бейнероликте айтылған кеңестерді қаншалықты түсінді және қажетті
ақпараттарды естерінде сақталып қалуы, қосатын жаңа ақпараттары бар
ма ененін білу үшін және әр оқушының ойын анықтау үшін талдау
жасаймын.
8. «Түсіп қалған әріптер»
1. Д…… і (дәрі)
2. в…та…н (витамин)
3. …. ны….. у (шынығу)
4. с…. ау……т (салауат)
5. Г…и…на (гигиена)
6. ту…ку…. ез (туберкулез)
7. тұ……у (тұмау)
8. д… ау…. қ (денсаулық)
9. Мәнерлеп оқу
1. Денсаулық ол – шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол - тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық ол - күлуің
Көңіл – күйің жадырай,

Денсаулық ол – жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
2. Қара айнаға, көресің
Өзіңді – адам денесін.
Қол - аяғың, басың бар,
Бұған кеуде қосылар Құрылысың бұл сыртқы.
Көрінбейді жүрегің,
Өкпе, миың, бүйрегің Құрылысың бұл ішкі.
3. Сымбат - мүсін дегенің
Бітім – көркі денеңнің.
Сымбат – жүру әдемі,
Дене қалпын тік ұстап:
Көтеріп сәл кеудені,
Иық жазып дұрыстап.
Түзу отыр, қисаймай,
Бүкіреймей, жантаймай.
Күш сап бас пен арқаға,
Жатып алма партаға.
10. Рефлексия « Көңілді – Көңілсіз қонжық »

11. Қорыттынды
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп халқымыз бекер айтпаған Жақсыны
көріп тыңдап , соған ұқсау керек Салмақты, сабырлы , білімді жат қылықтан
аулақ болып өсе берейік.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!