Материалдар / Дені саудың жаны сау.

Дені саудың жаны сау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2020
480
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Респбликасының Ғылым және білім министрлігі

«Әсел» бала бақшасы











Эссе

Тақырыбы: Дені саудың- жаны сау.








Тәрбиеші: Жаманқараева Ш.













Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулықДенсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.

Біреулер денсаулықты әсемдікпен, әдемілікпен байланыстырады. Енді біреулер үшін денсаулық — күш-қуат, ерік-жігер, салауатты ой сана. Тағы бір топ ағзадағы сырқат белгілерін айта бастайды. Шындығында, біздің денсаулығымыз қоршаған ортамызға, тыныс-тіршілігімізге тікелей байланысты.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының жарғысында «Денсаулық — физикалық ақаудың, аурудың болмауы ғана емес, адамның физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік тұрғыдағы толыққанды белсенділігі» ретінде түсіндіріледі. Бірақ, бұл менің ойымша, келешекке бағытталған түсіндірме.
Қазақ халқы дұрыс айтқан: «Бірінші байлық — денсаулық, екінші байлық — ақ жаулық, үшінші байлық — он саулық». Зерттеулер бойынша, Қазақстанда, мысалы, абсолютті 100% дені сау адам жоқ. Халықтың 20%-ы салыстырмалы түрде ғана дені сау деп айта аламыз. Бірақ қатты күйзеліс, қатерлі факторлар әсер ететін болса, олар бұл санаттан шығып қалуы ықтимал. Енді 40%-ы сырқаты емделсе де, нәтижесі нашар жандар. Адамға кез-келген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Соның әсерінен әртүрлі күйзелістер пайда болған адам өз күшімен бұл жағдайдан шығып кете алмайды. 20%-ы ауру алды күйде және аурулардың созылмалы түріне өткен. Тұрғын халық, денсаулық сақтау ұжымдары, басқа да кез-келген ұжым денсаулыққа көп көңіл аудару қажет.
Денсаулығына деген қажеттілік әр жаста әртүрлі көрініс береді. Жаңа туған балаға ананың сүті, жәй ғана мұқтаждық емес, денсаулығының негізгі көзі болса, кейін бала өсе келе оның орнын толықтыру үшін тағам рационынан басқа құндылықтарды керек етеді. Мысалы, май қосылған тамақтар, белок дүниесі, сосын жеңіл кәдімгі тағамдар молырақ болуы керек. Мектеп жасына келгенде бала ойнайды, яғни дене қимылы мол болғандықтан, олардың да тамағында өзгерістер болады. Денсаулығы жақсы болуы үшін, ортасына лайық болуы үшін, мысалы, отырып жұмыс істеутін ғалымдар, мұғалімдер, дәргерлердің энергия жұмсау мөлшері аз болғандықтан, тамақтың сапасын да басқаша көріністе беріп отырады.

Жалпы, денсаулықтың 53%-дауы өмір сүру салтына байланысты, 18%-дайы сыртқы ортаның әсерлеріне байланысты, тағы 18-20%-дайы әр адамның өзінінің генетикасына немесе тұқым қуалаушылығына байланысты. Сонда қалған 5-10%-дайы ғана медицина мамандарына байланысты (денсаулық сақтау саласында қазіргі кезде оң өзгерістер көп, кемшіліктер де жоқ емес). Сондықтан, адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы, өзін-өзі күте білуі, өзін-өзі жақсы көруі керек. Денсаулық, салауаттылық санадан бастау алады.

Бүгінде әлем жұртшылығын дүрліктірген коронавирус көптеген елдерге тарап үлгерді. Вирусты жұқтырған адам саны күннен күнге артуда. Менің ізденіуім бойынша бір адамның өзі жиырма адамға дейін жұқтыру мүмкіндігі басымырақ екен. Ал ауырған адам үйден шықпаған жағдайда бір жарым адамға жұқтырады екен. Сондықтан меніңше, барлығымыз барынша үйде отырғанымыз абзалырақ деп санаймын .
Менің ойымша, жер жаһанды коронавирус жайлап жатқанда одан қорғанудың жолдарын білу маңызды. Мұны бірі ескерсе, енді бірі елей бермейді. Коронавирус -бұл жануарлар арасында да, адамдар арасында да таралған вирустардың үлкен тобы.
Коронавирустың берілу жолы қандай?
Коронавирус адамнан адамға ауа-тамшы жолымен (жөтелу, түшкіру, әңгіме кезінде) берілуі мүмкін, сондай-ақ жұқтыру тұрмыстық заттар арқылы және жұқтырылған тамақ, су арқылы болуы мүмкін. Сондықтан, түшкіргенде бет-орамалмен аузымызды жабуымыз керек және де беті-қолымызды сағат сайын, тамақ ішер алдында жуып отыруымыз керек. Себебі, Денсаулықтың досы – тазалық. Ол үшін біз жеке бас гигиенамызды таза ұстауымыз керек.Адамның дене қызуы көтеріліп, жөтел қысса бірден ауруханаға баруға асықпау қажет деп ойлаймын. Өйткені коронавирус жұқтырған болса, өзгелерге қауіп төнуі мүмкін. Сол үшін үйден шықпай, жедел жәрдем шақыртқанын дұрыс деп білемін.Сондай-ақ ауруға қарсы тұру үшін уақтылы тамақтанып, ұйықтап, спортпен шұғылдану да маңызды. Бұл имунитетті көтереді. Ал медициналық бетпердені негізінен ауырған адам тағуы керек дейді. Бірақ, сау адамға да ол артық етпейді.Ол бетпердені көбінесе көпшілік ортада ғана таққаны дұрыс деген ойдамын.
Менің ізденісім бойынша, короновирус індеті сыртқы ортаға төзімді емес екенін білдім. Дезинфекциялық және құрамында спирті бар заттарға төзімді емес екен және бұл індет 57 градус С және одан жоғары температурада өлетін тәрізді. Сондықтан барлығымыз үйімізді күніне бір рет болсын барынша хлорлы сумен сүртіп тұрғаынымыз абзал.

Адам әр нәрсенің бағасын басынан өткізген кезде ғана біледі...
Денсаулық - адам өміріндегі ең жоғары бағалы дуние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. "Денсаулық - зор байлық" – деген сөз бекер айтылмаса керек. Дені сау адам қоғамның белсенді бір мүшесі. Менің алдыма қойған мақсатым көп... Оған жету үшін үнемі күресу керек. Күресу үшін денсаулық керек.

Қорынтындылай айтсам бұл індетпен барлығымыз бірге күресуіміз қажет. Барынша үйден шықпай, аурудың алдын алып отырайық!Әр адам жеке басының гигиенасын сақтап, қоғам алдындағы жауапкершілігімзді сақтай білейік!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ