Материалдар / "Дені саудың-жаны сау!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Дені саудың-жаны сау!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге берер көмектері мол
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2020
884
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Денсаулық-тазалық кепілі».
Мақсаты: Балалардың жеке басының гигиенасы, тазалық, денсаулық туралы ұғымдарын кеңейту. Тазалық құралдары туралы айта білуге, оларды пайдалана білуге үйрету.Тазалықтың пайдасын суреттер арқылы көрсетіп, ой-өрісін, дамыту. Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу. Балаларды сөзді аяғына дейін толық, дұрыс айтқызу, логикалық ойлауын жетілдіру, тазалықты сақтау, тазалық заттарын дұрыс ажырата білгізе отырып, жеке түзете – дамыту жұмыстарын жүргізу.
Керек құрал-жабдықтар: Тазалық заттары, кірқоймастың макеті, сиқырлы қапшық, телефон.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жұмбақ шешу, ойын.
Тәрбие жұмысының барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.    
Шаттық шеңбері.
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық,
Күннен жылу алайық.
Жүрекке жылу салайық.
Жиналған жылы шуақты,
Бір-бірімізге сыйлайық.
-    Көңіл-күйлерің жақсы сияқты. Енді орнымызға келіп отырайық.
Осы кезде қоңырау шылдырлайды.
-    Бізге біреу хабарласып жатыр. Кім екен?
-    Алло! Бұл кім екен? Кірқоймас? Иә, бұл «Өркениет» тобы. Келіңіз. Біз сізді күтеміз.
-    Бізге Кірқоймас келді. Оны қарсы алайық.
Кірқоймас:
-    Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Кірқоймаспын. Мені сендер жақсы білулерің керек. Күнделікті ертемен жуынасыңдар, үнемі қолдарыңды шаясыңдар.
Осы кезде есік қағылады.
Тәрбиеші:
-    Тағы да қонағымыз келді. Бұл кім болды екен? (Топқа дәрігер кіреді)
-    Сәлеметсіңдерме, балалар!
-    Сәлеметсізбе, дәрігер апай. Сіз кімді іздеп жүрсіз?
Дәрігер:
-    Мен жаңа ғана бір кір қожалақ баланы көріп едім, соны таппай қалдым.
Мен оған таза жүрмесе, ауырып қалатындығын ескертіп таза жүруін айтайын деп едім. Балалар сендер таза жүресіңдер ме?
-    Иә, таза жүреміз.
(Осы кезде есік ашылады, топқа кір қожалақ баланы сүйреп, екі тазалық секторлары кіреді)
Тазалық секторлары:
-    Осы топқа Кірқоймас пен тазалықты сақтайтын дәрігер келді деген соң
Жомартты ертіп келдік. Бұған не айтасыңдар?
Тәрбиеші:
-    Ұят-ай, балақай,
Дейміз бе мазақтай.
Көрінбе ешкімнің көзіне.
Жүрме енді сен бұлай.
Жомарт:
-    Балалар, мені мазақтамаңдаршы. Онсыз да бетім қышып мазамды алып тұр.
Дәрігер:
-    Көрдің бе, сен таза жүрмегендіктен үсті басың қышып тұр, сен ол үшін өз-өзіңді таза ұстап жуынып жүруің керек. Әйтпесе сен ауырып қаласың.
Жомарт қатесін түсінеді (жылайды).
Кірқоймас:
-    Балалар, Жомарт қатесін түсінді. Оған көмектесейік. Ол үшін менің көмекшілерім керек. Оларды шақыруға қалай қарайсыңдар?
Балалар:
-    Иә, шақырайық.
Тәрбиеші:
-    Ертемен күнде сен,
Қолыңды сүйкесең,
Кетіп кір-ласың,
Тап-таза боласың.
Бұл не? (Сабын)
-    Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сипайды қолын да,
Сипайды жонын да. Бұл не? (Сүлгі)
Кірқоймас:
-    Жомарт, міне сенде тазалыққа керекті заттардың бәрі болды. Енді не істейміз?
Жомарт:
-    Мен жуынып, тап-таза болып жүремін. Кір болып жүру шынында ұят екен.
Тәрбиеші:
-    Олай болса, бүгін біздер тәрбие сағатымызда тазалық жайлы айтамыз. Сендер біздің балаларымызбен бірге тазалық жайлы біліп, біздің балаларымыздың қаншалықты тазалықты дұрыс сақтайтындарын біліп кетіңдер. (Оларды орындықтарға жайғастырып, отырғызу)
Бүгінгі біздің өтетін ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Тазалықты сүйеміз» деп аталады.
Тазалық дегеніміз қол, денесін, киімін таза ұстау, уақытылы жуынып жүру. Мысалы, тамақ ішер алдында міндетті түрде қолды жуып отыру керек. Адам ұйқыдан тұрғанда қолын, бетін, құлағының ішін жуады, тісін тазалайды. Ұйқыға жатар алдында осыларды орындау керек. Оған кішкентай кезінен бала дағдылану керек.
-    Ал, сендер осылай тазалықты сақтайсыңдар ма?
Суретпен жұмыс.
-    Суретте кімді көріп тұрсыңдар? (Бала)
-    Бала не істеп жатыр? (Төсегін жинап, бетін жуып, тісін шайып, жаттығу жасап жатыр)
-    Дұрыс. Яғни, бұл бала тазалықты сақтап, денсаулығын күтеді екен.
Жұмбақ шешу.
-    Енді мұқият тыңдап, мына жұмбақтарды бірігіп шешіп көрейікші.
(Тақтада жұмбақтардың шешуіне байланысты тазалық заттарының суреттері ілініп тұрады, балалар жұмбақтардың шешуіне байланысты суреттерді бір жерге топтастырып іледі)
    Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ тісі бар.
    Басыңмен ісі бар. Бұл не? (Тарақ)

    Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп,
    Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не? (Айна)

    Ертемен күнде сен,
    Қолыңды сүйкесең,
    Кетіп кір-ласың,
    Тап-таза боласың.
    Бұл не? (Сабын)
-    Жақсы, дұрыс шешуін таптық. Бұлардың бәрі тазалық құралдары.
Міне, сондықтан да адам өзінің денсаулығы болу үшін жуынып, таза жүруі керек. Дені сау адам көңілді, мықты, жұмысқа қабілеті жақсы болады.
Сергіту сәті.
    Шынықтырып денені,
    Тісін жуып, тазалап
    Мектебіне келеді,
    Міне нағыз азамат.
Ойын.
«Қима суреттерді құрастыр»
Жұмбақтардың шешуіне байланысты тазалық заттарының суреттерін құрастыру.
Ойын:.
«Сиқырлы қапшық»
    Қазір біздер ойын ойнаймыз. Мына қапшықтың ішінде заттар бар, сол заттардың ішінен тазалық заттарын тауып алып көрсетулерің керек.
-    Қане, бастайық.
Қорытынды.
    Балалардың белсенділіктеріне қарай мақтап, мадақтап, әрқашан таза жүріңіздер деп, тазалық заттарын үлестіріп беру.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!