Материалдар / Денсаулық-баға жетпес құндылық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Денсаулық-баға жетпес құндылық

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2018
2400
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қозыкеткен ЖОББМ






Тақырыбы: «Денсаулық – баға жетпес құндылық»













Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі

Бабай Қарашаш












2014-2015 жыл

-1-

Тақырыбы: Денсаулық – баға жетпес құндылық
Тәрбие сағаты мақсаты:
1.
Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.
2. Қимыл әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін, жерін қорғауға қажетті күш-қуатын молайту.
3. Дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру. Тазалық, жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілік: нақыл сөздер, тірек таблицалар, көріністер.
Тәрбие сағатының барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: «Сәлемдесу»
2. Үй тапсырмасы: Денсаулық оны сақтау, жекебас гигиенасын сақтау туралы ойларын ортаға салып айту, өлеңдер жаттау.
а) Кел, балалар, 
Кел бері, 
Қыздырайық денені.
Орнымыздан тұрайық, 
Жүгірейік бір уақ.
ә) Ұшықтырмай ауруға, 
Ішін, сыртын тазала.
Барлық тісің маржандай, 
Жарқырасын аузыңда.
3. Ой ашу: блиц-турнир сұрағы.
а) Тіс тазартатын құралдар (щетка, паста)
ә) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)
б) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ (дене тәрбие)
в) Жалқаудың досы (еріншектік, ұйқы)
г) Адам өміріне ең қажет (ауа, су, жылу, жарық, тамақ)
ғ) тазалық кепілі (денсаулық)
Денсаулық---- тамақ 
----------------- күш 
----------------- тазалық
V. Топпен жұмыс
а) 1. Топ
1. Денешынықтырудың маңызы қандай?
2. Спорттық ойынның қандай түрлерін білесіңдер?
3. Өзі тоймастың, көзі тоймас – дегенді қалай түсінесіңдер?
2. топ
1. Жеке бас тазалығы деген не?
2. Таза жүретін баланы қалай атайды? Оның достары не? (сабын, паста, сүлгі, су)
3. Тамақтың пайдасы мен зиянын айт. Мысал келтір: сыра - сүт, алма - кәмпит.
ә) Денсаулықтың достары мен қастары.

-2-

Топтастыру.
Достары Қастары
VI. Сергіту сәті «Денені шынықтыру»
VII. Әңгіме оқу, талдау.
- Ертеде бір кірқожалақ қыз өмір сүріпті. Оның дүниедегі жек көретін нәрсесі – қолын жуу және жуыну екен. Сол себептен қолында аяғында пайда болған жаралар денесіне тарайды. Ауыз арқылы ішке кірген микроб қызды ауруға шалдықтырады. Дәрігер қыз баланы тексеріп, ауруды жеңетін ғажайып затты ұсынады.
- Бұл не деп ойлайсыңдар?
а) Жұмбақ шешу.
1. Жылт-жылт еткен, 
Жылғадан өткен. (су)
2. Не зиян? Не пайдалы?
3. тіс емдейтін дәрігер (стоматолог)
4. Көз көрмегенде киетін зат (көзілдірік)
5. Асқар тауда қара орман (шаш)
6. Тәні саудың (жаны) сау.
IV. Ой қозғау.
- Балалар жеке бас гигиенасын сақтау дегенімізді қалай түсінесіңдер?
а) 1. Жеке бас гигиенасын сақтау деп таза жүру, таңертең тұрып жаттығулар жасау, жүгіру, жуыну қажет. Тырнақты өсірмей уақытында алып тұру.
2. Мектепте де, үйде де тазалықты сақтауымыз қажет. Тісімізді жуып, қолымызды сабындап жуу, бөгде заттарды ұстамау қажет.
3. Жеміс-жидектерді жуып жеу, тамақты асықпай шайнап жеу, тамақ үстінде сөйлемеу.
4. Спортпен айналысып, таза жүру әрбір адам өз денесін шынықтырса, жуынып, таза жүрсе оны аурудан сақтайды.
5. Адам еңбекке қабілетті болып өссе дене құрылысы сымбатты болады. Үнемі таза жүрсе денене жаман жаралар шықпайды.
ә) Тірек схемамен жұмыс
Балалар «Денсаулық – зор байлық» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?
Байлық туралы ой қозғау.

Байлық--- ақша 
------------ машина
------------ денсаулық
Ең үлкен байлығымыз – денсаулық.
Адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар?
1. Екі бала қатар тұрса да, бірін-бірі көрмейді (көз)
2. Өзі кірді ашады, суға салса қашады (сабын)
3. Аузы бүрмелі қызыл қалта, ішінде 32 малта (тіс(
4. Аузы жоқ, көзі жоқ.
Тілі жоқ, сөзі жоқ.

-3-

Бірақта тісі бар.
Басыңмен ісі бар.
Бұл не? (тарақ)
- Ата-ананың сабын туралы әңгімесі.
VIII. Ойын « Қай заттың орыны алмасты?»
Ойынның шарты: Заттарды мұқият қарап алыңдар. Сендер көздеріңді ашып, сол затты табыңдар.
- Балалар, осы заттың ішінде адам денсаулығына не зиянды?Неліктен?
- Шылым
- Қойған заттарды қалай атауға болады? Олардың пайдасы бар ма?
IX. а) Көрініс: «Тісі ауырған қолтырауын».
ә) Тіс күтімі «Дәрігермен кездесу»
X. Мақал-мәтел
а) 1. Ас адамның арқауы.
2. Ас иесімен тәтті
Табағымен жақсы.
3. Бал ұстаған бармағын жалатады.
4. Өзі тоймастың көзі тоймас.
5. Тәні саудың жаны сау.
6. Көзің ауырса қолыңды тый, 
Ішің ауырса аузыңды тый.
7. Тазалық - саулық кепілі, 
Саулық - байлық кепілі.
8. Демі бардың – емі бар .
9. Денсаулық – зор байлық.
ә) Көз бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулар.
XI. ойын. «Сен маған, мен саған»
XII. Ой тұжырымы:
- Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?
- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?
- Сендер қандай азамат болып өсулерің керек?













Тақырыбы: «Көшеде сақ бол!»


(тәрбие сағаты)

4-сынып






Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі

Бабай Қарашаш
























2014-2015 оқу жылы







-1-

Тақырыбы: «Көшеде сақ бол! »

Мақсаты: Жолда жүру ережесінің адам өміріндегі маңызы мен пайдасын

білуге үйрету.

Оқушыларды жауапкершілікке,сергектікке,жол ережесін бұлжытпай

орындауға жол белгілерін есте сақтау дағдысын тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бағдаршамның суреті,әр түрлі жазылған сөздер.


Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Көзін ашып жұмады

Бағыт сілтеп тұрады

/ бағдаршам/

Оқушылар жұмбақтың жауабын шешкеннен соң бағдаршам туралы өлеңдері оқылады.

Бағдаршам қамқорыңдай жанашыр,

Деп тұрғандай:

«Адамдарға жол ашық!»

Кезек ашып,жұмғанында үш көзің

Қалт жібермей,орында дәл,тос өзін.

2. Қызыл көзі жанғанда,

Сары көзі жанғанда,

Сақ абай бол барынша.

Жасыл жарық жол ашық,

Жүгіре бер бел асып.

Бас аяқты ойлап,

Бол ұқыпты жолда

Топпен жұмыс. Әр топқа сұрақтар беріледі.сол сұрақтарға дұрыс жауап беру.

1 сұрақ:Бағдаршам дегеніміз не?Оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?

Жауап: Бағдаршам-механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзі аспап.Ол жол бойын реттеуге адам өміріне апаттаан сақтандыратын көмекшіміз.Оның сырын біліп,тілін алу баршамыздың міндетіміз.

2 сұрақ: Жолдағы қозғалыс бағдаршамның басқа қандай белгілермен реттеледі?

Жауап: Арнайы бағанаға орнатылған жасыл-қызыл түсті, «жүріңіз,тұрыңыз» дегенді білдіретін адам кейпіндегі көрнекі белгілермен реттеледі.

3 сұрақ. Жүргіншілерге қай жолмен жүру керек?

Жауап. Жиек жолмен жүреміз.

4 сұрақ. Жиек жол болмағанда ше?

Жауап: Жер асты жолымен.

5 сұрақ Жолдың қай жағынан жүру керек?

Жауап: Жолдың он жағынан жүру керек.

6 сұрақ. Ата-аналарға барғанда қоғамдық көлікке қай жерден отырасыз?

Жауап: Аялдамадан отырамыз.

-2-

Бағдаршам ойыны: Барлық оқушы билеп жүреді.қызыл жанғанда тоқтап қалады.Жасыл жанғанда билеп жүреді. Сары жанғанда 1 аяғын көтеріп тұра қалады.Шартты бұзғандар ойыннан шығып қалады.

Ән: Біз жолаушы баламыз.

1.Сапар шексек,сіз бен біз,

Сан көлікке мінеміз.

ТDrawObject1 роллейбус,трамвай

Автобуспен жүреміз

2.Көліктерге мінеміз

Күнде тынбай жүреміз

ЖDrawObject2 ол жүрудің тәртібін

Ережесін білеміз

Қорытынды.

 Жолда жүру ережесі туралы ережелерді еске түсіреміз.

1.Сен көшеге шықтың.Жүріп келе жатқан адамдарға бөгет жас амау үшін әуелі сол жағыңа,содан кейін оң жағыңа қара.

2.Мектепке барар жолды,не көшені барынша аз қиындықпен өтетін ең қауіпсіз жолды таңдап ал.

3.Қала көшесімен келе жатқанда абай бол!Асықпа!Тек тротуармен немесе жол жиегімен ғана жүр.

4.Тар тротуармен келе жатқанығда алдыңнан қарсы келе жатқан үлкен кісіге жол бер!

5.Көшеде келе жатып қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең күте тұр.

Қай көше ,қалаға қарай барсаңыз да

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да

Жолда жүру ережесі заңды тәртіп

Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға – дей отыра бүгінгі «Жолда жүру ережесін білесің бе? » атты іс-шарамыз осымен аяқталды аман-есен жүрулеріңізге тілектеспіз.
















Тақырыбы: «Қайырымдылық-ең ізгі

қасиеті»

(тәрбие сағаты)

4-сынып






Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі

Бабай Қарашаш


























2014-2015 оқу жылы



-1-

Тақырыбы: «Қайырымдылық-ең ізгі қасиеті»

Мақсаты: Оқушылардың бойына қайырымдылық нұрын құю.Адамгершілік қасиет туралы түсініктерін кеңейту. Айналасындағыларға жақсылық жасай білуге үйрету.

Түрі : саяхат сабақ

Көрнекілігі: «Жақсылық», «Мейірімділік», «Қайырымдылық»

Елді мекендерінің аты жазылған карта.

І.Ұйымдастыру

ІІ.Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Балалар бүгінгі сабағымызда айнала қоршаған дүниедегі жақсылықтар туралы, адамдардың бойындағы ғажайып құндылықтармен, олардың арасындағы ізгі қатынастармен танысамыз.

Сендермен бірге «Жақсылық», «Мейірімділік», «Қайырымдылық» елді мекендеріне саяхатқа шығамыз. Осы елдердегі түрлі оқиғалардың куәсі боламыз.Қолымыздан келгенше осы жердің тұрғындарына көмек берейік.

Қане, бәріміз ғажайып мекенге сапарға аттанайық:

  • Біз қазір «Жақсылық» елді мекеніне келіп тоқтадық. Бәріміз көзімізді жұмып , қандай жақсылық жасағанымызды еске түсіреміз. Іштеріңде жақсылық жасағандарыңды бөліскілерің келетіндер бар ма?

  • Жарайсыңдар ,балалар, барлық уақытта жақсылық жасап жүріңдер.

  • Енді келесі елді мекенге аттанайық.Ол жерде бізді қандай қызық оқиғалар күтіп тұр екен.

  • Балалар сендер үйлеріңнен алыс жақтарға сапарға шыққанда ең бірінші кімді сағынасыңдар?

  • Сендерді ата-аналарың ,ата-әжелерің қалай еркелетеді?

  • Сендер мейірімді сөздерді кімдерден естисіңдер?

  • Сендер үшін өмірдегі ең мейірімді жан кім? – сұрағына жауап ала отырып, мейірімділік қасиетке сипаттама беру.

  • Сонымен балалар біз келген елді мекенді қалай атауға болады?

Келесі елді мекенге жеткенше сендерге мен А.Хамзин аталарыңның «Қайырымдылықты әжемнен үйрендім»әңгімесін оқып берейін.

Мен өсіп тұрған гүлді теріп ,жия бастадым. Сонда әжем маған:

- Гүлді, көкті жұлмайды, балам солып, өліп қалады.Қатыгездікке барма, жаным!-деді. Мен жөнді мән бермей гүлді тере бердім. Бір кезде әжем қасыма келіп, уысымдағы гүлдерді қолына алып сабағынан тамып тұрған тамшыны көрсетіп: Міне, көремісің гүл де жылап тұр ғой,- деді. «Біздің қандай жазығымыз бар? Неге тиесің?»-деп , жылап тұрғандай көрініп кетті маған. Мен гүлдерді аяп кеттім. Жұлғаныма қатты өкіндім. Мен қайырымдылықты әжемнен үйрендім.

-               Сонымен біз қай елді мекенге жеттік деп ойлайсыңдар?

-               Қайырымдылық

-               Дұрыс, айтасыңдар. Оны қайдан білдіңдер?

-               Неге әңгіме «Мен қайырымдылықты әжемнен үйрендім »деп аталған?

-2-

Ой түйіндеу.

Бүгінгі сабақта біз қайырымды, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау керек екенін түсіндік.












































Тақырыбы: «Адам бойындағы асыл қасиет»

(тәрбие сағаты)

4-сынып






Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі

Бабай Қарашаш





























2014-2015 оқу жылы




-1-

Сабақтың тақырыбы: «Адам бойындағы асыл қасиет»

Сабақтың мақсаты: Балаларға асыл қасиет ұғымын түсіндіру. Оқушылардың адамгершілік қағидаларын басшылыққа алу, айналадағылармен рухани құндылықтар негізінде қарым-қатынас орнату қабілеттерін қалыптастыру. Адам бойында адамгершілік қабілетін, әдеп нормаларын сақтау әдетін үйрету. Өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеу дағдысын қалыптастыру.

Көрнекілік: интеректативті тақта

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, психологиялық тренинг

Сабақтың құрылымы: 1. Кіріспе бөлім

2. Әдеп түрлеріне тоқталу

3. Сұрақ-жауап

4. Тренинг

5. Жақсы мен жаман қасиеттер туралы

6. Қорытындылау

1. Кіріспе. Адамға қойылатын басты талап — асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам -өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамгершілік -адамның рухани арқауы.

-Адамшылық деген не? Бұл сұраққа жауап беру үшін рухани бай адам деген қандай адам, рух деген не?- деген сұрақтар төңірігінде ой өрбітемін?

Рух-деген адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын барлық игі істерінің қайнар көзі.

Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады. Ақ-қара, күн мен түн, ыстық пен суық, жақсы мен жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың-«рух пен нәпсі» күресі жүріп жатады.

Адамның ішінде болмайды аласы,

Оларды бұзатын нәпсінің таласы.

Шәкәрім.

Рухтың мекені-адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат ,ар-ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық, адамшылық осы жүректен туындайды. Рухтың табиғаты материалдық зат емес, оның табиғаты-асыл нұр.

Күн адамның рухы болса, күн сәулесі –ақыл. Себебі ақыл-рухтың құрамдас бөлігі.

Рухани бай адам-ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Осындай қасиеттері бар адамда адамшылық мол болады. Адамгершілік ұғымында да осы аталған қасиеттер мен бірге аяушылық сүйіспеншілік, жан аямай еңбек етушілік т.б. көптеген сапалар кездеседі.


2.1-оқушы. Қарапайым талаптардың бірі-әдептілік яғни сыпайылық. Алдымен

бір –біріне көрсеткен әдептілігі өзгені сыйлау мен қатар, өзін де сыйлағаны.

-2-

Өйткені, «сыйластық екі кісіден бірдей». Жақсы сөздердің өзіндауыс ырғағын, үнін екпінін әр түрлі қою арқылы кісіні ренжіту оп-оңай. «Халіңіз қалай?» «рахмет»-деген сөздердің өзіне кекесінді үн беру арқылы-ақ жолдасыңның көңілін қалдыруға болады.

2-оқушы. Біз қайда барсақ та үнемі арамдар арасында жүреміз, көшеде, мәдени орындарда вокзалда т.б. жерлерде де кейбір мәдениетсіз жастардың қылықтарынан ұяласың. Ол өзгені де өзін де сыйламау. Немесе жасы үлкенге жол беру, орын беру, көмек көрсету кейбір оқушылар тарапынан өте сирек кездеседі. Менің ойымша бұл-әдепсіздік.

3-оқушы. Сәлемдесу әдебі. Дәстүр бойынша жасы кішілер үлкендерге сәлемдеседі. Үйге кірген адам үлкен болсын, кіші болсын алдымен сәлемдеседі. Сәлемді алмау-мәдениетсіздік. Менің ойымша оқушылардың жасы үлкен адаммен сәлемдескенде пысықтап, тақылдап кетуі, қол ұсынуы жөнсіз. Тек сұраса ғана жауап беріп, әдеп сақтауы керек. Мысалы, кей оқушылар өздеріне сабақ бермейтін мұғалімдермен сәлемдеспейді. Бұл да әдепсіздік, мәдениетсіздік деп ойлаймын.

4-оқушы. Сөйлесу әдебі. Сөйлескен адамға үнмі ілтипат білдіріп, көңіл аударып тұрған жөн. Сөйлескен кезде жан-жағына қарау, теңселу, алаңдап, сөзді шала тыңдау ұят болады. Сондай-ақ, асығыс тез сөйлеу, мақтана сөйлеу, қаты сөйлеу, сөзді бұзу аяғына дейін тыңдамау әдепсіздіктің белгісі.


3. Адамға ар-ұят не үшін керек?

Пейіл білдіру қажет пе?

Сыпайгершілік деген не?

Қандай адамды тәрбиелі адам дейді?

Адам бойындағы жақсы және жаман әркеттерді ата

«Адамға ар-ұят керек пе?»

Ар-намыс адам бойындағы адамгершілік қасиеттің ең бастысы. Бұл қасиеттер туралы түрлі тұжырымдар қалыптасып, мақал-мәтелдердің дүниеге келуі тегін еес. Мәселен: «Ерді –намыс, қоянды-қамыс өлтіреді», «Арыңды сатпа, теріңді сат» «Әдепті бала-арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала.»

Ар сөзі мен намыс сөзі бір-бірімен мағыналас сөздер.

Әрбір адам бойында намыс болуы тиіс. Себебі барлық нәрсе осыған келіп тіреледі. Мысалы кез-келген шешімді қабылдау үшін ар керек. Ар, намысы бар жан өмірде қиыншылықтардан сүрінбей өтуі үшін әрекет жасалады. Әдетте көшеде келе жатып, аузына келген сөзді айтатын адамды көресің.

Сол айтып бара жатқан сөзі үшін ол тіпті маңғаздана қарайтын сияқты. Керісінше намыстану керек емес пе? Имандылықтың, әдептіліктің, тәрбиеліктің бастауы-ар-намыс. «Арсыз» деген сөз өмірдегі ең ауыр сөз. Қазіргі кезде қоғамдық көліктерде көпшілік орындарда жастарымыздың өзіне жараспайтын қылықтар, сөздер айтып келе жатқанын байқаймыз. Бұл әдептілікке жатпайды.


-3-

Пейіл білдіру қажет пе?

Мәдениеттің бір көрінісі-бұл пейіл білдіру. Пейіл білдіру, негізінен өте жақсы дүние. Себебі ол адам мен адамның жан-жағындағыларға аз да болса көмек ретінде пейіл білдіру қажет. Мысалы, көңілсіз отырған адамға солай пейіл білдірсе, ол адамның көңіл –күйі азда болса дұрысталады. Пейіл білдірудің көптеген түрі бар. Мысалы, адамның сыртқы келбетіне, сөйлеген сөзіне, жүрген жүрісіне, ішкі сұлулығына байланысы айтылады. Пейіл білдірудің қалай әсер ететінін білу қиын емес. Біреудің өзіне пейіл білдіру сәтін еске түсіріп, сезінсең болды.

Сыпайылық дегеніміз не?

Адам өмірде әдепті, ұқыпты болуы керек. Сыпайылық үлкенге құрмет кішіге ізеттіліктен басталады. Ұл ұятты, қыз инабатты болса, сыпайылық деген осы. Өзіңе тән жұмбақ мінезіңмен әрдайым сыпайы бола білсең, әдептіліктің кепілі. Сәлемдесуден қоштасуға дейінгі әдептілік те сыпайылық болып табылады. Үлкенге де, кішіге де сыпайылық таныта білу әдептілікке жатады. Сыпай болсаң өзіңе жақсы. Айналаңа сыйлы боласың.

Қандай адамды тәрбиелі адам дейміз?

Тәрбие тал бесіктен демекші әрбір адам тәрбиелі, саналы болуы керек. Тәрбиені адам бойына жастайынан сіңіру керек.

Тәрбиелі адам әрқашан дұрыс жүру, дұрыс сөйлеу әдебінен жаңылмақ емес. Әрқашан барлық жақсы нәрсе тәрбиеліктен басталады. Көшеде кетіп бара жатып, жаман сөз айтып айғайлап, жүрген адамдарды көресің. Сонда бұл не нәрсе деген ой еріксіз санаңда жаңғырары анық. Өмірдегі ең жаман нәрсе «тәрбиесіз» деген сөз. Тәрбиесіз болсаң бірінші өзіңе, одан кейін ата-анаңа сын. Ата-ананы ретжітпеу олардан алған тәрбиені дұрыс қабылдағаның болып есептеледі.

4.


1. Саусақтарыңызды бір-бірімен айқастырыңыз.



Егер оң қолыңыздың бас бармағы сол қолыңыздың бас бармағының үстінде жатса, параққа «2» деп жазыңыз, егер сол қолыңыз үстіде жатса - «1».

2. Бір көзіңізді жұмып, кез келген нысанаға дәлдеп көздеңіз.




-4-


Егер сол көзіңіз ашық қалса, «1» санын жазыңыз, егер оң көзіңіз ашық қалса - «2».

3. Қолыңызды кеудеңізге айқастырыңыз, қай қолыңыз үстіде жатыр?



Егер сол қолыңыз саусақтары оң қолыңыздың үстінде жатса, «1» санын жазыңыз, егер оң қолыңыз үстіде жатса - «2».

4. Көлденең шапалақтаңыз.


Егер сол қолыңыз үстіде болса - «1», егер оң қолыңыз болса, онда «2».

Қорытындысын сандардың орналасу тәртібі бойынша анықтаңыз:

«2222» - (жүз пайыз оңақай) – мінезі тұрақты, консерватизм, біреулермен шиеленісуден, ұрсысудан қашады.


«2221» - ең үлкен кемшілігі – батылсыздық, тартыншақтық.

«2212» - өте ашық, кез келген адаммен тіл табысып кетеді.

«2111» - тұрақсыздық, жалтақтағыш, біреудің қолдауы мен пікіріне тәуелді, өзіне сеніп үйрену керек.

«2211» - мұндай үйлесім көп кездесе бермейді. Ашық адамдар, жақсы қарым-қатынас жасайды, әрі мінездері жұмсақ.

«2122» - бұндай адамдарда аналитикалық ақыл-ой жүйесі қалыптасқан, мінезі жұмсақ. Бәріне сақтықпен қарайды, адамдармен өзін салқынқанды ұстайды.


-5-

«2121» - бұл тіркес те сирек кездеседі, қорғансыздық, адамдардың ықпалына ұшырап тұрады.

«1112» - өте әсершіл, қайратты әрі батыл адамдар.

«1222» - жиі кездесетін мінез. Әсершіл, алайда өмірлік сұрақтарды шешуде жігерлік пен батылдық жетпей жатады, басқалардың ықпалына көніп кетеді. Өте ашық, адамдар өздері тартылады.

«1221» - әсершіл, батылдық жетіспейді, мінезі жұмсақ, аңғал.

«1122» - досжанды адамдар, бірақ сонымен қатар аңғал және қарапайым. Істерін саралап, өз-өзін қазбалауға құмар. Қызығушылығы көп, бірақ уақыты жете бермейді.

«1121» - адамдарға қатты сенеді және мінезі өте жұмсақ. Көбіне шығармашылыққа бейім адамдар.

«1111» - (жүзпайыз солақай) – кертартпа адамдар. Шығармашылыққа өте бейім. Көптеген заттарға ерекше көзқараспен қарайды. Өте әсершіл, дарашылдық, эгоизм басым. Қыңыр әрі өзімшіл, бірақ бұл оларға өмір сүруге кедергі емес.

«1212» - рухы мықты адамдар. Бірбеткей десе де болады, қойған мақсаттарына жетеді.

«1211» - өз-өзін қазбалауға құмар, тұйық адамдар, көпке ашылмайды, бірақ рухы мықты, алдына мақсат қойса ештеңеден тайсалмайды.

«2112» - жайдары, еркін мінезді, достарды тез табады, танысуы да оңай және қызығушылықтарын да жиі ауыстырады.



5. Алкоголь және есірткіні қолданудың алдын алу

Алкоголизм – бұл алкоголге деген патологиялық әуестенуден, психикалық іс-әрекеттің бұзылуынан, соматикалық және неврологиялық бұзылулармен, жұмыс қабілеттілігінің төмендеуінен, әлеуметтік байланыстарды жоғалтудан, тұлға деградациясынан көрінетін спирттік ішімдіктерді қолдану нәтижесінде пайда болған сырқат.

Наркомания – бұл есірткілік заттар тізіміне ресми түрде енген заттарды ұлғаятын мөлшерде қолдануға деген патологиялық әуестіктен көрінетін сырқаттар тобы.

Бұл сырқаттарға психикалық, физикалық тәуелділік, толеранттылықтың (әдеттену, үйрену) өсуі, ал қолданбаған кезде – абстинентті синдром (ломка) тән.

Кез-келген психобелсенді заттарды қолдану психикалық іс-әрекет пен адамның физикалық қалпына күрделі бұзылулар әкеледі, ол өз кезегінде науқастың өзіне де, оның туған туыстарына, жалпы қоғамға зиян келтіреді.

Алкогольді қолдану тілегі туындағанда кез-келген жағдайда ойша және шын келесі сұрақтарға жауап беріп көріңіз:

А) маған бұл (алкоголь) не үшін керек?

Б) алкоголді қолданғаннан мен не аламын?

В) менің алкогольді қолданғанымнан кім жеңеді және кім жеңіледі?

-6-

Г) өзім және менің отбасым бақытты болу үшін мен қандай мөлшерде алкоголь ішу керекпін?

Д) мен өзімді құрметтеймін бе?

Е) мен не үшін туғанмын?

Ж) менің алкогольді ішімдікті қолданғаным саналы әрекетке жатады ма?

Ұсынылған есірткі немесе алкогольден бас тарту кезінде ең ыңғайлы жауапты таңдаңыз:

«Рахмет, жоқ. Мен өз істеріме есеп беретіндей жағдайда болғым келеді».

«Рахмет, жоқ. Мен велосипед тепкелі жатырмын».

«Рахмет, жоқ. Мен ата-аналарыммен, мұғалімдермен кикілжіңге түскім келмейді».

«Рахмет, жоқ. Ішсем (есірткі қолдансам), өзімді билеу қабілетімнен айырыламын».

«Рахмет, жоқ. Маған алкогольдің (есірткінің) дәмі ұнамайды».

«Рахмет, жоқ. Ішімдік ішкен соң, тез шаршаймын».

«Рахмет, жоқ. Бұл менің стилімде емес».

«Рахмет, жоқ. Мен толғым келмейді (сыра – жоғарыкалориялы өнім)».

«Рахмет, жоқ. Мен спорттық жаттығуға баруым керек».

«Рахмет, жоқ. Басқа еш нәрсе ұсына алмайсың ба?».

Есірткіні таратушы адамдардың әдеттегі сөзі:

Факт: олардың барлығы сондай болса да, өз күштерін де, таланттарын да жоғалтқан.

Факт: нашақорлар барлық өмір қызықтарынан еркін болады.

Факт: тек бір рет қана бас тартуға болады – бірінші рет. Алайда адамдардың 99%-ы үшін ол соңғы болмайды.

Факт: ол барлық өмірді күрделі мәселеге айналдырады.

Факт: айырады, бірақ өмірмен бірге. (2892)

Қорытынды. Осындай жағымды ойларың сендердің бойларыңа қайырымдылық, өмірге сенімділік әкеледі. Сухомлинскийдің «Ата-ана педагогикасы» кітабынан мына бір оқиғаны айтып берейін.

92 жастағы анасы қайтыс болған жігіт анасына табыт жасауға тақтай таба алмай қиналды. Бірақ, мейірімді жандар кездесіп, ағаш қоймасынан ағаш тіліп берді. Енді ол тақтайын үйге алып баруға көлік жоқ. Бірақ бұл жолы да қайырымды адам кездесе кетеді. Жүргізуші жігіт аттанар сапарынан жарты сағатқа кешігетін болса да, апарып тастауға келісіп, ағашты тиеп алып, қоймадан шыға бергенде автоколонка бастығына кездесіп қалады. Тақтай тиеп алған өз көлігін көрген басшы айқай салып, тоқтатып, жағдайды тыңдамай, жігіттің тақтайын түсіртіп, машинаны жұмысқа қоя береді. Көзінің жасы көл болған жігіт, тақтайдың қасында егіліп тұр. Жанжалды құлағы шалып қалған, өтіп бара жатқан ат-арбалы адам бұрылып келіп, қайырымдылық жасап, көмек қылады. Қиналған адамға ізгілік нұрын шашады.



-7-

Адамгершілік туралы «Атамның өсиеті» деген өлең бар:


Әдеп сақтап аманда, Ынтымаққа қосыл да,

Әрбір адал адамға Ықылас қой досыңда.

Жасасаң бір жақсылық, Ар-мақсатың нық болсын,

Қайтарады саған да. Ақылыңнан тосылма.


Кішілерді аяла, Ақылы бар баласың,

Кісілерден аянба. Айтқан тілді аласың.

Адамдығың көрінсін намысты боп өссең сен,

Анадай жан саяңда. Нағыз адам боласың!





































Тақырыбы: «Экология және мен»

(тәрбие сағаты)

4-сынып






Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі

Бабай Қарашаш
























2014-2015

-1-

Тақырыбы: «Экология және мен»

Мақсаты:

1.     Оқушыларға экологиялық білім беру. Адам өміріндегі жануарлар мен өсімдіктер маңызын ұғындыру.

2.     Экология мәселелеріне, қоршаған ортаның тағдырына немқұрайлы қарамауға баулып, табиғатқа сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту.

3.     Қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақты тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Табиғат және экология туралы қанатты сөздер.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Жоспары:

1. Кіріспе.

2. Жүргізушілер 1,2

3. Сен білесің бе?

4. Нақыл сөздер, жұмбақтар.

5. Көрініс-тапсырма.

Кіріспе сөз: «Қазақстан -2030» Бағдарламасында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «2030 жылы Қазақстан мөлдір сулы, жасыл желекті, ауасы таза аймаққа айналады. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйіміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балалар кінаратсыз толыққанды өмір сүретін болады», -деп атап көрсеткен еді. Қазіргі таңда экология өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан, қоршаған ортаны қорғау-әрбір адамның төл міндеті.

 1-жүргізуші: -ХХІ ғасырда бүкіл дүниежүзін елендеткен екі өзекті мәселе алаңдатып отыр,бірі-ядролық қарусыздандыру да,екіншісі-табиғаттағы болып жатқан дағдарыс. Қазіргі біздің республикамыз атмосфераның ластануы жөнінен бүкіл дүниежүзі бойынша алдыңғы орынға шығып отыр.

     Арал теңізі мен Балхаш көлі суларының тартылуы сол аймақтың халық шаруашылығы мен табиғатына үлкен зиян келтіруде.Бүгінде Арал теңізі мен Балхаш көлінің тағдыры-бүкіл халқымыздың тағдырымен сабақтас болып отыр.

     Елу жыл бойы Семей жерінде атом бомбасының жырылып,одан тараған  әр түрлі зиянды радиоактивті заттардың ауаны ластауы және ауа,су,тағамдар арқылы ішкі ағзаға өтіп,адам өміріне әлі де қауіп төндіруде.

     Ірі қалаларда ауаға әр түрлі улы ғаздар бөліп шығаратын түрлі өндіріс орындарының көбеюі.

Атмосфераға зиянды улы ғаздар мен олардың қоспаларын бөліп шығатын жеңіл машиналар мен көліктер санының көбеюі.

 

2-жүргізуші:

Табиғаттан оқшау сырт қалам қайтіп,

Анасындай арнасын тастап қашып,

Арал қайтып барады,Арал қайтып

-2-

Тебіренші,қарашы таң нұрына,

Шақырамын,құлақ сал,жан-жырыма,

Арал сенің тағдырың әлемдегі-

Ұласып тұр адамзат тағдырына

1-жүргізуші:

Анаға бар адамның жаны ашыған,

Кім безер табиғаттай анасынан?

Аралым,күннен-күнге,жылдан-жылға

Алыстап бара жатыр жағасынан.

Балқаш та жалғызсырап аңыраған.

Кім келіп көрсетті екен жәбір оған,

Күн қайда сол кербездің бір өзіне

Жеті өзен жеті туыстай жамыраған.

 Мериман. - Қазіргі ғылыми прогрестің шарықтап,дамыған тұсында ауаның шектен 

   тыс ластануы-жер бетіне көптеген аурулар мен дерттерді қоса ала келеді. Осының

   салдарынан адам өмірі мен бүкіл тіршілік атаулығы қауіп төнді,адам өлімі

   жылдан-жылға көбейе түсуде. Климат өзгеріп,ауа-райы бұзыла бастады.

Иманғали. -Бүгінде табиғатты болып жатқан дағдарыс біздің республикамызға да  

    қауіп төндіріп тұрғаны баршамызға аян. Қазақстан жерінің бүлінбеген бір

    бұрышы,бұзылмаған бір ұясы қалмағаны анықталып,кеш те болса,әлемге жар  

    салынып зерттелуде,алдын алу іс-шаралары қарастырылуда.

 

Бекзат.   Ей замандас! Ең алдымен досыңды ұқ.

                       Досың-жер,мөлдір ауа,өсімдік

                      Ала жүріп осылардың сыйлығын,

                      Осыларды қорлау деген не сұмдық?

                      Жер ешкімге жазбайды деп арыз да,

                     Барын сарқып ала беру парыз ба?

                     Жоқ,замандас,әр ұрпаққа туған жер

                     Не берсе де беретіні-қарызға

 

Айнұр.   Тіршілікті қорғауға біз жарасақ

                 Қорық жасап,егін егіп,қала сап

                О,азамат,космостық дәуірің

                Талап етер сенен биік парасат.

 





-3-

Риза. – Табиғатқа қамқорлық жасау-әрбір азаматтың абыройлы міндеті әрі парасатты парызы. Табиғаттың тырылтпайық,мөлдір кәусәр тынысын, Пәк табиғат! Жүрегімнің тамылжыған жырысың.

Ей,адамдар! Қалай ғана қатыгездік жасайсың.

Ол –анаң ғой,ал,сен-кенже ұлысын.

                                                                                                        /М. Мақатаев/

ІІ. «Сен білесің бе?»

 

Алишер.

1. Неліктен көктемде ағаштарды әктейді?

2. Неліктен тауға шығар алдында альпинистер төменгідей ережені сақтауға тырысады?

    Егер биік таудың төбесінде өткізгін келсе,барлық темірден жасалынған заттарды жинап,өзіңнен оқшауырақ қойғын.

3.Адам баласы тәулігіне 1кг ас пен 2л суды пайдаланатын болса,ал оның тыныс алуы үшін тәулігіне 25 кг ауа қажет екен.

ІІІ түр.

1-көрініс:

«Экология»

2-көрініс:

«Аңшы мен бала» деп аталады.

 

Табиғаттан табар адам керекті

Отын етіп,кесіп емен теректі

Егін егіп,өнімдерін алумен

Малдарына орып жасыл желекті.

 

Қапқан құрып,бүркіт салып аңына,

Өрт шығарып ну орманның маңына,

Неге біздер жол береміз осындай

Суық қолды адамдардың торына!

 

О табиғат! Тағдырмысың сен менің

Сенің барлық өзен,тау мен көлдердің,

Ауаң,суың,өсімдігің болмаса

Дүниеде қалай өмір сүремін?

 

Құдыретті мол табиғат,мен саған

Әрқашанда алғыспен бас иемін!

 Қорытынды сөз: - «Тәрбие-бесіктен басталады» дегендей, экологиялық сауаттылық, экологиялық мәдениет отбасы, ошақ қасынан басталғаны дұрыс. Қоршаған ортаны қорғау-әрбір адамның төл мәдениеті. Ендіше, табиғатты аялай білетін, адамгершіліг мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары тұлға болуымыз керек.

































Тақырыбы: «Құстар-біздің досымыз»

(тәрбие сағаты)

4-сынып






Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі

Бабай Қарашаш































2014-2015

Тақырыбы: «Құстар – біздің досымыз!»
Мақсаты:
А) Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.
Ә) Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстар бағына саяхаттауды техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.
Б) Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Құстар – біздің досымыз!», нақыл сөздер.
Жүрісі:
1 - бөлім «Құстар - біздің досымыз!»
2 - бөлім «Құстарға ұя жасайық!» ойыны (Жұмбақтар шешу)
3 - бөлім Ертегілер елінде
4 - бөлім «Артық болмас білгенің» (Халық болжамдары)
5 - бөлім «Оқушы шығармашылығы»
1 - жүргізуші
Жақсы хабар береді.
Ән құрадым әніммен
Сән құрадым гүліммен
Қуантамын бәріңді
Құт - береке күнімен
2 - жүргізуші
«Құстар – біздің досымыз» атты тәрбиелік шараны тамашалауға шақырамыз.
Сәлем достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда
Шат -- шадыман көктемің
Шаттық болсын қашанда
1 - оқушы
Елімізде 500 - ге жуық құстың түрі бар. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан олар табиғат емшілері.
2 - оқушы
Олар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді. Балапандарын қанаттандырып, жауларынан қорғайды.
3 - оқушы
Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып,
адамдардың көңіл - күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп. Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек.
4 - оқушы
Жыл құстары дегеніміз - Салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз, тырна.
5 - оқушы.
Құстар туған жерге топ - тобымен ұшып келіп жатыр. Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді. Биік асулардан асады. Өздерінің таныс жолдарынан адаспаған.
6 - оқушы
Жыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралы әңгімелейік. Мысалы: қарлығаш - адамға дос. Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады. Оның өз әні бар. әні құлаққа жағымды.
7 - оқушы
Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді. Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.
8 - оқушы
Қарлығашпын мен
Адамның тұрағымын
Мекен етіп тұрамын
Тазалаймын үй - ішін
Ел аузында мақтаулы
Тазалықшымын төселген
9 - оқушы
Қараторғай - өзі кішкентай, өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып, шырқаған.
10 - оқушы
Мен қараторғаймын
Шегірткедей жұртыңды
Қырғи болып қиямын
Егістікке жайылымға
Қорғаушы боп тұрамын
Жәндіктерді зиянды
Құртатұғын батырмын
Дайындайтын ұямды
Достарға келе жатырмын
11 - оқушы
Құс сұлуы аққумын
Табиғат көркін сыйлаған
Мылтығын кезеп еш мерген
Атуға көзі қимаған.
Сұлулықты паш етіп
Жырлаған талай ақындар
Нәзік үнді, көл көркі
Құс патшасы мен болам
12 - оқушы
Аққу - 30 - 40 жыл өмір сүреді. Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс. Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген, адамдар да аққуды атпаған. Ол киелі құс. Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген.
13 - оқушы
Халық көктем келсе көкек келді дейді. Осы бір құстың аты неге ең тамаша ай атына теңеу келеді екен. Не деген ғажап, көкек деген. Өйткені көкек көктем келе салысымен көкек, көкек деп ән салады. Сондықтан сәуір айы көкек айы деп аталған.
14 - оқушы
Жаршысымын көктемнің
Көкек дейді мені жұрт
Өз атын айтар құс менмін.
Көктемді күтсең мені күт.
15 - оқушы
Мен еркін бақытты бұлбұлмын
Бұлағын тасытқан ән - жырдың
Тамаша тамылжып шырқаймын
Шаттығын тауыса алмай әр күннің
16 - оқушы
Тоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт - құмырсқадан тазартады.
17 - оқушы
Құртты іздеп ініне
Қарағайды үңгіген
Тоқылдақ құс дәрігер
Қашан да ол әбігер
18 - оқушы
Қазақ халқы құстарды ерекше бағалаған. Шебер әншісін - бұлбұлға теңеген. Азаматын - сұңқарға, сұлуын - аққуға, ез жігітін - жапалаққа теңеген.
2 - бөлім Жұмбақтар шешу
Туысы дейді құстардың
Інісі дейді тышқанның
Тышқан да емес, құс та емес
Екеуінен де тыс қалдым
(Жапалақ)
Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан
Жүнімен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс?
(үкі)
Қашаудай мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт, қоңыз, аулап жарысам
Орман дәрігері боп табылам
(Тоқылдақ)
Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай
(Қарылғаш)

Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап
Қыста алысқа кетеді
(Қараторғай)
Он екі айдың біреуі
Сірә оның атында
Өзге ұяға із тастап
Мен деп жар сап жүреді
(Көкек)
3 - бөлім «Ертегілер елінде»
(Интерактивті тақтадан көрсету арқылы ертегіні рольге бөліп айту)
4 - бөлім «Халық болжамдары»
1 - жүргізуші
Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.

Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.
Жаңбыр жауарда қарғалар у - да шу болады.
Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.
Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
Шағала келсе сең бұзылады.
Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.

5 - бөлім «Оқушы шығармашылығы»
(Оқушылардың өздері дайындаған өздері салған суреттері)
6 - бөлім Қорытынды

















 














Тақырыбы: «XXI ғасыр көшбасшысы»

(интеллектуалдық ойын)

4-сынып






Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі

Бабай Қарашаш



















2014-2015 оқу жылы

-1-

Тақырып: «XXI – ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы
Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Әдісі: баяндау, ой қозғау, сұрақ - жауап
Түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, интерактивті тақта, балдық жүйе

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Құрметті оқушылар, әріптестер бүгінгі «XXI – ғасыр көшбасшысы» атты білім сайысына қош келіпсіздер! Бұл білім сайысының мақсаты екінші сынып оқушыларының білім деңгейін жетілдіру, дамыту. Оқулықтан тыс ақпараттармен оқушыларды қаруландыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

- Бүгінгі сайысымыз төрт кезеңнен тұрады. Әр кезеңнен кейін ұпайы аз екі оқушы шығып отырады.
1 - кезең: «Бәйге»
2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
3 - кезең: «Қызықты тоғыздық»
4 - кезең: «Жорға»

Негізгі бөлім:
- Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыз бәйге сайысына кезек береміз.

1 - кезең: «Бәйге». Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысасыңдар. Жауаптарың дұрыс болмаса, келесі оқушы жауап бере алады. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай алуға мүмкіншілік бар. Сонымен, бірлеріңе сәттілік тілеймін!
- Ал, бастайық!

1. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
2. Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? (Тоқтар Әубәкіров)
3. Қ. Р. рәміздерін атаңдар? (Ту, елтаңба, әнұран)
4. Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
5. «Оян қазақ» кітабын жазған жазушы?(М. Дулатов)
6. Екі тәулікте неше сағат бар?(48 сағат)
7. Қазақтың ұлы ақыны?(Абай)

-2-

8. Азиада ойындарының бойтұмары не? (Барыс күшігі Ирби)
9. Өсімдік мүшелерін ата? (Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл)
10. Қ. Р. мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)
11. Теңдеу құр және оны шеш: х пен 50 - дің қосындысы 60 - қа тең.(х+50=60 х=10)
12. 28 сағатта неше тәулік, неше сағат бар?(1 тәулік 4 сағат)
13. Аңыз дегеніміз не? (Өмірде болған, адам басына құрылған әңгімені аңыз дейміз)
14. Топырақтың құрамы? (Су, ауа, шірінді, құм, саз)
15. Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады?((Қосымша)
16. 2 минут 30 секундта неше секунд бар?(150 секунд)
17. Мақалды жалғастыр: Оқусыз білім жоқ,....................(Білімсіз күнің жоқ)
18. Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
19. Тамырлар сөзін сөз құрамына талда
20. а+35қай түріне жатады? (санды өрнек)

2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағында өмірдің,
Айыра біл, үш тіліңді – дей келе кезекті сайысымыз «Жеті жұрттың тілін біл».
Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендер жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Барлықтарыңа табыс тілеймін!
1. Қабат – қабат қаттама
Ақылың боллса аттама. (кітап – книга - book)
1. Футболшының алаңдағы ойын заты? (доп – мяч - ball)
2. Жүз теңгең болғанша,
Жүз....... болсын. (дос – друг - friend)
3. Әй, керемет бір ит бар
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)
4. Жеті қазынаның бірі –
Адамды қорып жүретін досы.
(ит – собака - dog)
3 - кезең: «Қызықты тоғыздық»
- Бұл кезеңде сендер өздерің таңдап алған сұраққа жауап бересіңдер. Мына сызбаға назар аударайық! Жеңіл сұрақ алғыларың келсе 20 ұпайлық сұраққа жауап беру арқылы аласыңдар. Мұндағы ең күрделі сұраққа жауап беру арқылы 40 ұпай жинақтауға болады.

-3-
20 ұпай: Шоқан туралы көп жазған балалар жазушысы? (с. Бегалин)
20 ұпай: Үш кесіндіден тұратын фигура. (Үшбұрыш)
20 ұпай: 0 ондық 3 бірлік пен 5 бірліктің қосындысы?
30 ұпай: Тыңайту дегеніміз не?
30 ұпай: Лондон олимпиадасында неше алтын алды?
30 ұпай: Жазылуы бір, мағынасы әртүрлі сөз деген не? Мысал келтір.
40 ұпай: Үй тапсырмасына 24 сөз жазуға берілді. Әсел оның 10 сөзін оқыды. Әсел енді неше сөз оқуы керек?
40 ұпай: Қ. Р. Ұлтаралық тілі?
40 ұпай: Көкжиектің негізгі тұстарын ата?

4 - кезең: «Жорға»:
- Сендер бұл кезеңде дайындалған 20 сұрақтың қаншасына жауап берулеріңе қарай ұпай жинауға болады. 1 сұраққа 1 минут уақыт беріледі. 1 сұрақ 1 ұпай болып есептеледі. Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!
1. Үш би?
2. Қ. Р. Президенті?
3. Қазақ тілінде неше әріп бар?
4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
5. Сөйлем неден құралады?
6. «Қасқыр мен түлкі» ертегінің қай түріне жатады?
7. Төрт түлік малды ата?
8. 1 сағатта неше минут бар?
9. Өсімдік тіршілігіне не қажет?
10. «Үлгілі бала» кітабының авторы кім?
11. 1 дм неше см?
12. Жуан дауыстыларды ата?
13. Әкеңнің әкесі саған кім болады?
14. «Қазақ хрестоматиясы» оқулығының авторы кім?
15. Астанамыз қай қала?
16. Ұя салмайтын құс?
17. Абайдың әжесі?
18. Заттың санын білдіретін сөздер қалай аталады?
19. «Байлық пен ақыл» ертегінің қай түріне жатады?
20. 5 ондық пен 3 бірліктің қосындысы неге тең?

1. Орман дәрігері?
2. «Қартқожа», «Ақбілек» кімнің романдары?
3. 12 мен 5 - тің қосындысы неге тең?
4. Дауыссыз дыбыстар нешеу?
5. Балықшы сөзінің түбірін тап?
6. Түйенің төлі қалай аталады?
7. Қосымша нешеге бөлінеді?
8. 12 ай неге тең?

-4-
9. Абайдың анасы?
10. 7 ондық 0 бірлік неге тең?
11. Шаршы қандай фигура?
12. Түбір сөз дегеніміз не?
13. Тіктөртбұрыштың қасиеті?
14. «Сұлба» деген не?
15. Ауаның негізгі қасиеті?
16. Буын дегеніміз не?
17. Сапарғали Бегалин қай жақта дүниеге келген?
18. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім?
19. 1 метрде неше см?
20. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім?

Қорытынды:
Сайысқа қатысқан оқушылардың арасынан көшбасшы анықталады - ол ұпайы ең жоғары сайыскер. Барлық қатысқан оқушылар белсенді қатысқаны үшін мадақтау.

































Тақырыбы: «Тәртіпке бас иген құл

болмайды»

(тәрбие сағаты)

4-сынып






Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі

Бабай Қарашаш
























2014-2015

Тақырыбы: Тәртіпке бас иген құл болмайды 
Сабақтың мақсаты

а) Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру. 
ә) Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. 
б) Еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу; патриоттық тәрбие беру. 
Сабақтың көрнекілігі: 
Қазақстан Республикасы Конституциясының баптары, Бала құқығы конвенциясының баптары, қанатты сөздер.
Қанатты сөздер: 
«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» 
Б. Момышұлы. 
«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» 
Н.Назарбаев. 
Сабақтың барысы: : Тәрбие сабағымызды бастамай тұрып осы бүгінгі кездесуіміздің мәні 
болып түрған мына қанатты сездерге назар аударайық. 
«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» 
Б. Момышұлы. 
«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» 
Н.Назарбаев. 
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген аталы сөзді атамыз 
бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды кұрметтеп, ата бабамыздың 
тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау 
иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс 
жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, 
қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады. 
Заңды білу - заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет кұру идеясын жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана- сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы- атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі- қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. 
Енді осы кезге дейін жүріп откен құқықтық жолымызға көз салып көрелік: 
-1787 жылы Дүниежүзіндегі тұңғыш Конституция қабылданды. 
-1789 жылы 26 тамызда Адам және азаматтардың кұқықтары декларациясы қабылданды. 
-1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ да Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы қабылданды. 
-1959 жылы 20 қарашада БҰҰ ның Бас Ассамблеясында Балалар құқығы декларациясы қабылданды. 
-1989 жылы Бала кұқығы туралы конвенциясы қабылданды. 
-1993 жылы 28 қаңтарда егеменді еліміздің алғашқы Конституция қабылданды. 
-1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы бекіткен екінші Конституциямыз қабылданды. 
- 2002 жылы 8 тамызда Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары 
туралы заңы қабылданды. 
- 2004 жылы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты 
Заңы қабылданды.  Адамзат баласының емір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатын сияқты, ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы - Конституция. 
Еліміз 1995 жылы өзінің талғам - талқысынан өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. 
Қастерлі кұндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды. 
Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін 
айқындайды. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам 
басты.
 
Ата Заңым бабалардың лебізі, Ата Заңым барлық заңның негізі. Арқа сүйер Ата Заңда адамды Артық санау, кемсітудің жоқ ізі.
Еркін елдің Ата Заңы ардақты, Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты. Адам кұқы бостандығы, теңдігі - Барлығын да қарастырған жан-жақты. 
Ата Заңмен арайланған айналам, Басшы орынға сайлаймын да, сайланам.
Білім алам, еңбек етем, дем алам, Қартайғанда зейнеткер боп жайланам. 
Ата Заңым - мемлекет айбыны, Ата Заңым - ақыл ойдың айдыны. Туған жердің - Қазақстан елінің, Ата Заңмен қорғалады байлығы. 

Ата Заңымыздың артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы 
баптарын саралап шығайық: 
12 - бап 
1.Қазақстан Республикасында Конституцияга сәйкес адам құқықтары мен 
бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріліді. 
2.Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар 
абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де 
нормативтік құқықтық актілердің мазмұны қолданылуы осыған қарай анықталады. 
З.Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады. 
5.Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы 
басқа адамдардың кұқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық 
құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұсқан келтірмеуге тиіс. 
13 - бап 
І.Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің кұқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы. 
14 - бап 
І.Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. 
2.Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діңге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. 
17-бап 
1. Адамның қадыр - қасиетіне қол сұғылмайды. 
2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық - зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір - қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге, не жазалауға болмайды. 
18-бап 
1. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының кұпиясының болуына, ар - намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар. 
2. Әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының , телефон арқылы сөйлескен сөздерінің , почта , телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғаңа жол беріледі. 
19 - бап 
І.Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы. 
2. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас, тәрбие,оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар. 
27 - бап 
1. Неке мен отбасы, ана мен әке жэне бала мемлекеттің қорғауында болады. 
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата - ананың етене құқығы әрі міндеті. 
29 - бап 
І.Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. 
30 - бап 
1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарына тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. 
36 - бап 
1. Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. 
2. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет ақарады. 
Заң міндетті бәрімізге, халайық, Заңнаманың басын ашып алайық, Барлық заңның біріктірер бастарын, Ата заңды қасиетке балайық! 
Енді ата заңымыздың тарихына көз жүгіртейік. Сөз кезегі тарихшыларда. 
Тарихшы: Бүгінгі бар деректерге сүйенсек Қазақ хандығы қүрылған кезде XV ғасырда барша жүрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі «Әдеп» (Адат) Заңына бағынып келген. Қазіргі күнге дейін сөйлеген сөзімізде, жазған мақаламызда халық арасында әбден қалыптасқан, бұлжытпас қағидаға айналған істерді баяндағанда «Әдеттегідей»,әдетте деп жататынымыз бар . Әдет Заңы бүкіл қазақ қауымы үшін Ата Заңы болатын.Мемлекеттегі барлық істер осымен өлшеніп, осымен бағамдалды, «Әдетке»бүгінге дейін ұлттық болмысымызға тән болып келген барлық әдет - гұрыптар тән болды. 
Тарихшы: XVI ғасырда әдет - ғүрыптарды Қасым хан тұңгыш жүйелеп, 
жинақтауға және жетілдіруге тырысып бес Жарғыны тұжырымдап берді. Олар: 
1 .Мүлік заңы 
2.Қылмыс заңы 
3.Әскери заңы 
4.Елшілік жоралары 
5.Жұртшылық заңы 
2 бап- Әскери іс мәселелеріне байланысты 
3 бап- Шаруашылық іс мәселелеріне байланысты 
4 бап - Қылмыстық іс мәселелеріне байланысты 
5 бап- Діни мәселелеріне байланысты. 
6 бап - Жұртшылық мәселелеріне байланысты 
7 бап - Отбасы және неке мәселелеріне байланысты 
Осы Жеті жарғы заңдары XX ғасыр басына дейін өз күшін сақтады. 
Кеңестік дәуірінде Қазақстанда қабылданған 1937ж және 1978ж Конституциялары болды. Қас қағым сәтте күрделі оқиғалар туындап жататын бүгінгідей жүйрік уақытта егемен еліміздің Ата Заңын жетілдірудің қажеттігі күн тәртібіне қойылды. Бүл ғарыштық жылдамдықпен зымыраған заманның талабы болатын. Сөйтіп,1995 жылы 30 тамызда өткен бүкілхалықтық референдумның нәтижесінде республиканың жалпы бесінші, ал тәуелсіз елдің екінші Конституциясы қабылданды. Бүгінгі қолданыстағы негізгі заңымыз кіріспеден, 9белімнен, 98 баптан құралған. Ол бүгінгі заманның барлық маңызды мәселесіне толық жауап беріп келеді. Келесі маңызды заңның бірі Балалар құқығы туралы конвенция -халықаралық келісімшарт. 1990 жылы әлемнің көптеген елдері осы келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша кез келген бала шыққан тегіне қарамастан қамқорлыққа алынуы тиіс. Бұл құжатқа әлемнің 156-шы елі болып 1995 жылы Қазақстан да қол қойды. 
Конвенцияның баптарына көз жүгіртейік, өйткені біздің колледжде 18 жасқа толмаған балалар 1,2 курстарда оқып жүр : 
1 - бап. 
Шарт бойынша 18 жасқа толмаған әрбір адам бала болып есептеледі. 
2 - бап. 
Әрбір баланың нәсіліне, түріне, жынысына, тіліне, дініне,этникалық және әлеуметтік шығу тегіне қарамастан құқығын қамтамасыз етеді. 
6 - бап. 
Әрбір бала өмір сүруге толықтай құқылы. 
7- бап. 
Бала жарық дүниеге келе салысымен есім және азаматтық алуға құқылы. 
9 - бап. 
Бала өз ата- анасынан ажырамауға құқылы. 
13 - бап. 
Бала өз пікірін еркін білдіруге құқылы. 
14-бап. 
Бала ойлау, ар - ұждан, діни сенім бостандығына құқылы. 
15-бап. 
Бала кұрама одақтарға мүше болуға және бейбіт жиындарға қатысуға құқылы. 
16-бап. 
Баланың отбасылық өміріне біреулер қол сұға алмайды. 
17-бап. 
Бала ақпарат көздерінің материалдарына еркін қол жеткізуіне құқылы. 
19-бап. 
Баланы күш керсету және психикалық тұрғыда озбырлық керсетудің барлық түрінен қорғайды. 
27 - бап. 
Баланың әлеуметтік жағынан өсіп - жетілуі үшін қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді. 
28 - бап. 
Баланың білім алу құқығын мойындайды. 
32 - бап. 
Баланың экономикалық қанаумен денсаулығына қауіп төндіретін, әлеуметтік өсуіне нұқсан келтіретін кез келген жұмысты істемеу құқығын мойындайды. 
33 - бап. 
Қатысушы - мемлекеттер: бір де бір баланың ар намысын аяққа таптайтын айуандық қинаулар мен қатал ұрып соғу сияқты жаза түрлеріне жол бермейді. 
31 - бап. 
Мемлекеттер баланың демалуына және уақытын өз қалауынша өткізуіне, ойын - сауықтарға қатысу құқықтарын мойындайды. 
Баланың жеке басының құқықтары: 
- Аты - жөні, тегіне құқылы. 
- Жанұяда тұрып, тәрбиеленуге құқылы. 
- Ата - анасын біліп және олардың қамқорлығында өмір сүруге. 
- Адами қасиетін силауға. 
- Туған - туыстармен араласуға. 
- Өз құқығын қорғауға. 
- Құқығын қорғау үшін құзырлы мекемелерге шағымдануға, 14 жастан сотқа жүгінуге құқылы. 
- Мемлекеттік стандарттарга сай білім алуға құқылы. 
Біз құқылы мемлекеттің азаматтарымыз, сондықтан әр бір ұжымның, 
оқу орнының, ішкі міндеттері мен құқықтары,ережелері бар. Мысалы:
Геология барлау колледжінің  де Жарғысында колледж оқушыларының міндеттері 
керсетілген: 
1. Колледждің  ішкі тәртіп - ережелері мен жарғысын сақтауға міндетті. 
2. Ұстаздар мен әкімшіліктің талаптарын орындауға. 
3. Оқу болмелерінде тазалық пен реттілік сақтауға, колледж мүлкіне ұқыпты қарауға, егер бүлдірсе оны қалпына келтіру, шығынын өтеуге міндетті. 
4. Өзінен кішіге қамқорлық көрсетуге. 
5. Сабаққа қажетті құрал - жабдықтарының толық болуына. 
6. Сабаққа 15 минут ерте келуге. 
7. Кезекшіліктің міндеттерін ұқыпты орындауға. 
8. Сабақ кезінде тәртіп пен тыныштық сақтауға міндетті. 
Осы колледж оқушыларының міндеттері мен қатар тиым салынатын ережелері де көрсетілген. 

 

Тиым салынады: 
1. Ішімдік, қару, темекі, наркотикалық және улы заттарды колледж аумағына әкелуге. 
2. Колледж ішіне және оның аумағына өрт пен жарылысқа әкелетін заттарды жақындатуға. 
3. Қорқытуға, жәбірлеуге, жеке мүлкін тартып алуға. 
4. Адам өміріне қауып төндіретін әрекет істеуге тиым салынады. 
: Бүгін біз Еліміздегі ең манызды заң күжаттарына және колледж ережелеріне көз жүгірттік. 
«Еркіндікте болу үшін, заңға бағыну керек деген көне нақыл сөз жүз мәрте әділетті» деген Нұрсұлтан Әбішұлының сөзі бар. 
Еліміздің көпшілігі заңға бағынып еркін жүргенде, сонымен қатар өмірде заң бұзушылық та орын алуда. 

Ежелгі Грекияда әділдік құдайы Фемида болған. Қазір үстел үстінде жатқан заттар 
арқылы : таразы, семсер, көзбайлауыш және мантиядан Фемиданың бейнесін 
жасау керек.  
Фемида-әдлеттілік сот символы. Фемиданың маңызды атрибуттары — семсер мен таразы. Олар сот және кұқық қорғау мекемелерінің эмблемасында жиі қолданылады. 
Фемида - мантия киген, келбетті де келісті әйел.Сол қолында таразы, оң қолында семсер, көзі байлаулы. 
Таразы мөлшер мен әділеттіліктің белгісі. Таразыда жақсы мен жамандық, күнә мен күнәсіздік, әдлет пен әдлетсіздік таразыланды. Көне мифологияларда о дүниенің патшалары адамдардың жаман және жақсы қылықтарын таразылап тағдырларын шешкен. Таразы Фемиданың сол қолында -өйткені денесінің сол жағы сезімтал қабылдағыш екен. 
Семсер-Рухани күштің, кек алудың символы. Семсер екіжақты ол тек жазалау емес, ескерту мағынасын да білдіреді. 
Көзбайлағыш -әділеттіліктің нышаны. Сот алдына келгенді көрмей, тек фактілер мен шындыққа сүйене отырып Фемида әділетті шешім қабылдайды. 
Заң бұзушылықтың себебі қандай? заң бұзушылыққа не әкелуі мүмкін? 
(Жағымсыз қоршаған орта, наркотиктар, маскүнемдік, адамның әлеуметтік жағдайы, қызығушылық, заңды білмегендік). 

Адам өзінің іс әрекеттерін дұрыс бағалауы қажет, соған талпынуы керек 
өйткені ер жеткенде ол өзі үшін және басқаға да жауапты болады. Сондықтан кәзірден бастап ол өзіне болашақта жүретін жол таңдауы қажет. Алдымызда екі жол; бірі ақ, бірі қара. 
Қара жол дегеніміз не? ( маскүнемдік, наркотиктар, заң бұзушылық , жазалау, ыза болу, көралмаушылық, жұмыссыздық.) 

Ақ жолды неге теңеуге болады? Олар: жауапкершілік, сүйіспеншілік ,білімділік пен біліктілік, жұмыспен қамтылу, жауаптылық ,төзімділік, салауатты өмір салты, заңды білу және оны құрметтеу. 
Адам заңды білуі керек , бірақ оған бағына ма жоқ па шешуші өзі. Жүретін жолды таңдаушы да өзі.Алдарыңда екі жол . Таңдауын өздерің жасайсыңдар. Біз сіздерге тек ақ жол тілейміз.

















Тақырыбы: «Ата-ананың парызын

өтеу-сенің қарызың»

(тәрбие сағаты)

4-сынып






Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі

Бабай Қарашаш

























2014-2015

Тақырыбы: Ата-ана парызын өтеу сенің қарызың

Мақсаты: а) Оқушылар бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздар болуға тәрбиелеу. Ата-ананың алдындағы жауапкершіліктерін түсініп құрметтеуге баулу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі:  ата-ана туралы мақал-мәтелдер, ұлағатты сөздер, хадистер,балалардың  ата-аналарының суреттері

Тәрбие сағатының барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Көрнекілік арқылы түсініктеме беру және тақырыптың барысында кіріспе сөз сөйлеу, мақсатын түсіндіру.

ІІІ.Бейнекөрініс көрсету

             ІҮ.   Ата-анаға ақ тілек

Ү. Қорытынды

Мұғалім: Армысыздар ардақты ұстаздар, ардақты ата-аналар!

«Ата-ана парызын өтеу сенің қарызың» атты 7 сыныбының ашық тәрбие   сағатын бастауға

рұқсат етіңіздер!

Мериман:

Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,

Әкеге арнап, марапатты бастар күн.

Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.

Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.

Абдуллаһ:

О, Ата-анам!

Таянышым, тірегім!

Бар бақытты бір басыңа тіледім

Бізді жақсы болсын екен деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Дильназ:Әке-шешенің бала алдындағы борышын санасақ сан жетпейді. Бұлардың біразына тоқталатын болсақ: жастығын, денсаулығын, күш-қуатын жұмсап, тоғыз ай жүрегінің астында ұстап, өмірге әкелген, емізген және дені сау, тәрбиелі, әдепті етіп өсірген ананы көз алдымызға елестетіп бір көрейікші!

Ән.Ана туралы ән

Алишер:Әке деген баласының азық-түлігін тауып тәрбиелеу үшін, оймен де, денемен де, қиыншылықтардан бет бұрмаған. Ақындарымыз жырлағандай, әкенің де баласына деген сүйіспеншілігінің шексіз екендігіне күмән жоқ.

Адилет: Ата-ана алдындағы әдептілік – баланың бармақтай кезіне бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау – елді сыйлау. Ата-әжесін құрметтеу – өмірді құрметтеу.

Біздің борышымыз – Ата-ананы құрметтеу.

Иманғали:Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,

Мейірімінен ананың жасалады.

Жырақ жүрген анасын сағынған,

Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.

Екеуінің қуанышы тілегі,

Әрқашанда бір арнадан табылған.

ән:ата-ана

К.Аружан: Ендігі кезекте ата-ана туралы дана сөздерді жеткізуші ұрпақтарға құлақ түрсек.

Әйгерім: Ұл-қыз, ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата-ананың ұл-қызы болып өседі.

Риза: Ата-ананы сыйлау  – сәби шағында олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.

Бекзат: Ата-ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.

Ангелина: Ата-анасын ұмытқан бала опасыздың опасызы, рақысыздың рақымсызы. (Ғ. Мұстафин).

Ата-ананың қадірін білмеген, халық қадірін білмейді.

Снежана: Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін, ерекше бағаламасаңдар, ол – қорлық.

Ардақты ана,аяулы ана қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп,талай түн қаттың.

Өміріме нәр береді ақ сүтің,

Кең құшағың-аясындай гүл бақтың.

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің

Қандай жақсы ортамызда жүргенің

Қуанып көз алдыңда жүргеніме.

О,ана ,жетсе екен бар өмірің ,

Қартайған шағымды да бір көруге

«Қарт пен бала әңгімесі» көрініс.

 Мериман: Біздің қазақ әр сөзді тұспалдап та, туралап та, астарлап та жеткізген халық. Ата-ана туралы қаншама мәнді де маңызды сөздер айтылады. Сонымен бірге ата-ана туралы хадистерді білетін оқушыларымызды тыңдап көрейік.

Бекзат:Алла-тағала былай бұйырады: «Кінәлардың ішінде бір кінә бар, менің жанымдағы ең үлкен және ауыр кінә, ол әке-шешесі баласын шақырған кезде әміріне мойынсынбау, келмеуі.

Әке-шешесі баласын шақырған кезде қандай жұмыспен айналыссаң да, олардың әміріне жүгіну керек. Әке-шешең саған ашуланып айқайласа да, сен оларға ешнәрсе айтпа. Әке-шешеңнің дұғасын, рахметі мен батасын алғың келсе, саған берген міндеттерін жылдам және жақсылап істеуге тырыс. Сенің бұл ісің олардың көңілінен шықпай, саған теріс дұға етулерінен қорық. Ата-анам сырқат болса, олармен бірге болып, жәрдем ет. Оларды ренжітіп теріс дұғаларын алсаң, дүние дәне ақиреттік жаза болады. Сондықтан олардың тірі кезінде қадірін біл».

 Иманғали: Алла-тағала «Исра» сүресінің 22-аятында былай деп бұйырған: «Алла өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер де сол екеуінің бірі немесе екеуі де кәрілікке жетсе, «Уф» деме, яғни кейіс келтірме, сондай-ақ ол екеуіне зекіме де, екеуіне де сыпайы сөз сөйлепкішірейіп, мархабат құшағын жай да: иә, Аллам, ол екеуі мені кішкентайдан тәрбиелегендей, сен де оларды мархабатыңа бөлей көр деп айт».

Кино фильмнен үзінді көрсету «Ата-ананың ақысы»

1.Ата –ананың ақысы немен өлшенеді?

2. «Ата-анаңа не қылсаң алдыңа сол келер» дегенді қалай түсінесің

Зарина:Мұсылмандардың екі маңызды міндеттері бар.Бірі тек қана Аллаға ғибадат ету.Екіншісі,Алланың жарақаттарына мейірім-шапақат көрсету.алланың жаратқандарына адам баласы үшін ең жақыны әке менен шеше болмақ. Өйткені бізді жарық дүниеге әкеліп қана қоймай бағып,ер жеткізіп, тәрбиелеп өсірген адамдар.Олар бала-шағаларын бала-шағаларын бағып-қағудан бедел күтпегендей,бұнықиыншылық-ауыртпашылық деп сезінбеген,шын пейілдерімен  беріле істеген,өздері ішпегендерін балаларына ішкізіп,кимегендерін оларға кигізген адамдар.Олар балаларының жайлы өмір сүруі үшін еш нәрселерін аямаған жандар.

Міне осы себептерге байланысты,дініміз әке-шешемізге байланысты,дініміз әке-шешеге немқұрайды қарап,құрметсіздік көрсетуге тыйым салған және бұны үлкен күнә деп есептеген.

Бұл жайында Пайғамбарымыз (с.а.у) былай деген:

«Ауыр күнәлар-Алланы басқаға теңеу, әке мен шешеге қарсы шығу, адам өлтіру және жалған уәде беру» (Бұхари, Иман, 16)

«Кешірімге келмейтін үш нәрсе бар: Аллаға серік қосу, әке-шешеге құрметсіздік көрсету және соғыстан қашу». (Ат-Тарғиб уат-Тарһиб, 3т.)

«Алланың ризасы-әке-шешенің ризасы. Алланың азабы әке-шешенің азабынан келеді». (Тирмизи, Бирр, 3).

Олжас:Әке-шешеге әсіресе, жасы ұлғайған кездерінде көрсетілген қызмет бір адамның жәннатқа кіруіне, ал, құрметсіздік көрсету жаннаттан айырылып, тозаққа кіруіне себеп болады.

Сол себептен де Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Қорлық көрсін, (яғни азап отына түссін), тағы қорлық көрсін, тағы да қорлық көрсін!»-деген екен.

Қасындағылар:

-                            Ол кім болды екен, уа Алланың Пайғамбары?-деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Әкесі мен шешесінің бірі немесе екеуі қолында қартайса да, жәннатқа кіре алмағанда»-деп жауап қайырған (Мүслім, Бирр, 3).

Әке-шеше- қызмет етілуге  және сый-құрмет  көрсетілуге  лайық адамдар. Оларды ренжітетін әрқандай әрекеттен аулақ болу керек. өйткені олар біздің тіренішіміз. Ешқандай бір сылтау оларға деген сый-құрметті әлсіретпек емес.

Кино фильмен үзінді «Қарттар үйі»

1.Ата-аналардың қарттар үйіне қоныс аударуына не себеп болады?

Оқушылар пікірін тыңдау

Ән: Ата -ана

Көшеде қалаған ана тағдыры„кино фильмен үзінді

Көшеде қалған ананың тағдырына кім жауапты?

              Оқушылар пікірін тыңдау

Бекзат:

Адамдықтың ашқан соң қақпасын кеп,

Туған елің сүйсіне мақтасын деп.

Пәк сезіммен тілеймін адамдардың,

Анасының ақ сүтін ақтасын деп.

 

Дильназ: Борыш – ата-анаға, үлкен ұстаздар мектебіне қызмет жасап, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу. Егер нағыз адам болсақ, ең әуелі ата-ана алдындағы борышты өтеу мақсатын қоямыз. Құрметті әке-шеше, атыңа кір келтірмеуге ант етемін!

Әкем –анам жасыл бағым жайнаған,

Сол бағыңда асыр салып ойнағам

Пәк жүрекпен жыр жазды перзентің

Бар тілегі тек сіздерге арналған

Оқушылардың ата-аналарға арнаған ақ тілектері

Қорытынды:

   Сонымен балалар біз бүгін сендермен бірге үлкен тақырып аясында ой бөлістік.Білмеген- дерімізді бір-бірімізден үйреніп білдік.Ата-ана ардақтау хақында айтылған хадистерді оқып талдадық.Осының барлығы ата-аналардың арқасы. Ол үшін алдымен ата-анамызды ардақтап,құрметтеп,сыйлау біздің басты міндетіміз екенін ұмытпайық.




















Тақырыбы: «Ата мұраң-асыл қазынаң»

(тәрбие сағаты)

4-сынып






Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі

Бабай Қарашаш
































2014-2015

Тақырыбы: Ата мұраң-асыл қазынаң

Мақсаты: ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып халықтық педагогика негізінде салт-дәстүріміз туралы білімдерін байқау; ұлттық ән, би, қолөнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау; отбасы Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, пікірлесу.

Көрнекілігі: 1) сайыс өтетін орын түрлі-түсті шарлармен безендіріледі.

2) Атадан қалған асыл мұра, көне жәдігерлерден көрме ұйымдастырылды.

3) «Отбасы – тәрбие бастауы», «Баланың басты ұстазы – ата-ана», «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілесің» деген қанатты сөздер.

Барысы:

Оқушылар 2 топқа бөлініп, орындарына отырғызылады.

Кіріспе: Ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің іргетасы. Сондықтан, балаға өмірінің алғашқы жылдарынан-ақ адамгершілік сезімдерін сіңірудің орны бөлек. Бұл халқымыздың салт-дәстүрлері арқылы жүзеге асырылады. Жастайынан бойға сіңген мінез басқа бір зор күш әсерінен болмаса, есейгенде де сақталады. Салт-дәстүрлер дүние есігін ашқан сәбилік шақтан-шілдехана, бесікке салу тойынан басталып, бүкіл өмір бойы адамға рухани азық беріп, тәрбиелеп өтеді.

Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Олардың бар тілеуі балаға бағытталған.

І шарты. «Беташар»

ІІ шарты. «Ата мұраң –асыл қазынаң».

ІІІ шарты. «Сұрақ-жауап» ойыны.

ІҮ шарты. «Бір-бірімізді жақсы білеміз бе?» ойыны.

Ү шарты. «Жағдаяттар».

ҮІ шарты. «Өнерлі өрге жүзер».

І шарты: «Беташар».

Беташарын сайысымыздың бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Сайыскерлер таныстырсын өздерін

Әрбір топтың айтар сөзін тыңдайық.

1-ші оқушылар тобы – «Мирас»

2-ші оқушылар тобы – «Жас талап»

ІІ шарты. «Ата мұраң – асыл қазынаң».

«Мирас» тобына сұрақтар:

  1. Тоқымқағар дегеніміз не?

  2. Баланы қырқынан шығару дегеніміз не?

  3. Беташар, тәрбиелік мәні неде?

  4. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата?

  5. Ат әбзелдерін ата.

  6. Қазақтың қонағы неше түрлі болады?

  7. Бесік, түрлері, жабдықтары.

  8. Табақ түрлері.

  9. Ұлттық ойын түрлері.

«Жас талап» тобына сұрақтар:

  1. 9 бен 40 және 3 пен 7 санына байланысты қандай салт- дәстүрлерді білесіңдер?

  2. Жеті ата.

  3. Жерден ауыр не, судан терең не, көктен биік не, оттан ыстық не?

  4. Дүниеде ең әдемі не? Ең семіз не? Ең қырағы не?

  5. Сұлу әйелдің неше түрі бар?

  6. Сан айтысының түрлері.

  7. Жеті қазына.

  8. Қазақстанның астаналары қай қалалар болды?

  9. Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды?

ІІІ шарты: «Сұрақ – жауап» ойыны.

  1. Отбасының қорғаны кім? (Әке – асқар тау)

  2. Үйдегі алтын қазық кім? (Үйдегі алтын қазық - ана)

  3. Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? (Ана)

  4. Өмірде кім жетім? (Ата – анасы болмаса, бала жетім)

  5. Үйде кім қадірлі, елде кім қадірлі? (Үйде – қонақ, қарт адам, бала қадірлі, елде – ұстаз, ата – ана қадірлі)

  6. Адамға ақыл беретін кім? (Адамға ақыл беретіндер: ата – ана, ұстаз, дос)

ІҮ шарты: «Бір – бірімізді жақсы білеміз бе?» ойыны.

Қойылған сауалға бала жазбаша, ата – ана ауызша жауап береді. Бұл жерде екеуінің де жауаптары сәйкес келуі керек.

  1. Балаңыз қандай тағамды ұнатады?

  2. Балаңыздың сүйікті пәні қай пән?

  3. Балаңыз бос уақытында немен шұғылданады?

  4. Бала қай жыл мезгілін ұнатады?

Ү шарты: «Жағдаяттар»

Аналарға: кешкі ас ішіліп болған соң, ауыз үйде ыдыс – аяқ жуылмай қалды, себебі, кино басталып кетті. Кино аяқталған соң қызыңыз сізге: «шеше, ыдыстарды таңертең жуа салайыншы» десе, сіз не деп жауап бересіз?

Әкелерге: «темекі денсаулыққа зиян болса, сіз неге тартасыз?» деген сұраққа қалай жауап берер едіңіз?

Оқушыларға: сабаққа кешігіп келген оқушы асығып, сырт киімін теріс киіп алыпты. Сыныптың алдында ұялтпай тығырықтан қалай алып шығар едіңдер?

ҮІ шарты: «Өнерлі өрге жүзер».

Ата – аналар мен балалар өз өнерлерін ортаға салады.

Сайыстың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар аталды.

Қорытынды сөз.

«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей ата- баба дәстүрін сақтап ұл- қыздарымызды ұлттық салт – дәстүрімізге сай тәрбиелеу - ата-ананың парызы. Ендеше, бүгінгі ашық тәрбие сағатынан әр оқушы мен ата-ана ой түйіп, «Отбасы – тәрбие бастауы» деген қағидамен келіседі деп ойлаймын.
















































Тақырыбы: «Математикалық сандық»

(ойын)

4-сынып






Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі

Бабай Қарашаш



























2014-2015

Тақырыбы: «Математикалық сандық» ойын

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау
қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.
2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Барысы:
Жүргізуші: Математика ғылымдар патшасы деп
Мойындаған бар ғылым жер шарында.
Сол қағида тағы да дәлелденбек,
Бүгінгі кеш бағдарлы жоспарында.
Бүгінгі кеш, қызықты кеш
Көрермендер халайық
Ой - түйсікті қозғап қазір
Биік қанат қағайық
Математика салтанаты
Осы жерде құрулы
Белсенділік көрсетейік
Бар ықылас бұрулы
Әлі де бар сөзжұмбақтар
Сурет жұмбақ тағы бар
Шешсе егер кімде - кімнің
Жарқыраған бағы бар,- деп бүгінгі кеште математикалық түрлі ойындар ойналмақшы.
1. Ребус.
Ребусты шешкенде орыс математигі Н. И. Лобачевскийдің математика туралы дана сөзі шығады.
«Математика барлық нақты ғылымдар сөйлейтін тіл»
2. Криптограмма
Дұрыс шешсеңіз неміс математигінің математика туралы айтқан сөзі мен оның фамилиясын оқисыз.
16, 2, 9, 17, 2 - жоғары алгебрадан еңбектер жазған 22 жасында қаза тапқан белгілі француз математигі( Галуа)
2, 11, 5, 15, 1, 4, 3, 5, 6, 2 - математикалық пән аты (Арифметика)
10, 4, 6, 2, 11, 3 - сандарды түзу нүктелер арқылы кескіндеу тәсілін тапқан француз математигі (Декарт)
13, 2, 11 - геометриялық дене (шар)
7, 2, 14, 8, 11 - уақыт өлшемі (ғасыр)
2, 12, 3, 2 - жеті күндік мерзім (апта)
«Математика - ғылымдар патшасы, арифметика - математика патшасы» Гаусс
Фокус «Лезде қосу»
Фокусшы: Тақтаға сендермен кезектесіп, бірінің астына бірі жазылған, цифрлар саны бірдей үш сан жазамыз. Мен сендерге жауабын бірден айтамын.
156 - тақтаға шыққан оқушы
843 - фокусшы
372 - тақтаға шыққан оқушы
(1+371) жауабы: 1371
645
354
265
Жауабы: 1264
Тәсілі: Фокусшы тақтаға шыққан оқушының жазған санының әрбір цифрін (1, 5, 6) тоғызға дейін (8, 4, 3) толтырып отырады да, оқушыға соңғы санды (372) жаздырып өзгеріссіз қалдырады. Енді қосындыны табу үшін соңғы саннан 372 бірді шегеріп пайда болған алдына жазады. 1 371
Бокал және шие. 5 таяқшадан бокал құрастырылған.
Ішінде шие бар. Екі таяқшаны қозғалту арқылы шиені бокал
сыртында қалдыру керек.
Фокус деген 5 сөзден 7 рет фокус сөзі шығатындай етіп жаз.
Ф о к у с
Ф о к у с
Ф о к у с
Ф о к у с
Ф о к у с
Квадрат тәрізді алаңның төрт бұрышының әрқайсысында бір - бір ағаш өсіп тұр. Ағашты кеспей, алаңды қалайша кеңейтуге болады?
Тапқырлықты талап ететін логикалық есеп «Фигура құрастыру».
Тоғыз шырпыдан 5 үшбұрыш құрастыру керек.
Бүгінгі өскелең өміріміздің қарышты дамуы елеулі өзгерістер әкелуде. Цифрограмманы «Компьютер» деп атағанды жөн көрдік. Жыпырлаған цифрлардың тілін тауып, сөйлеткенде ежелгі грек ойшылы әрі математигі Пифагордың сандар туралы айтқан тұжырымын оқуға болады. Ол үшін цифрларды қазақ алфавитіндегі әріптердің рет санымен алмастыру қажет.
Жауабы:»Бар болмыстың бастамасы – сан».
Лезде көбейту. 25*25=2*3 25
35*35=3*4 25
105*105=10*11 25
«Жаңылмаймын» ойыны. 1 - ден 30 - ға дейін санау керек. Санағанда 3 - тің еселіктерін және 3 - і бар санды айтпай орнына «жаңылмаймын» сөзін қолдану керек.
Мысалы, 1, 2, жаңылмаймын, 4, 5, ж, 7, 8, ж10, 11, ж, ж, 14
«Сүт сату» 8, 5 және 3 литрлік бидон бар. 8 литрлік бидоннан 6л сүтті қалай құйып алуға болады?
Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады,
Кеш қызығын талай адам тыңдады,
Көңіл бөліп бұл кешке
Келгендерге көп рахмет
Шын сезінген көрерменге
Мың рахмет, мың рахмет.





Тақырыбы: «Салауатты өмір салтын

дәріптейік»

(тәрбие сағаты)

4-сынып






Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі

Бабай Қарашаш



























2014-2015

Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салтын дәріптейік
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың денсаулық жөнінде, өзінің денсаулығын сақтау және нығайту жөнінде білімдерін кеңейту. Салауаты өмір салтын қалыптастыру. Балаларда денсаулықтың құнды және маңызды екендігі жөнінде түсініктерін қалыптастыру.
2. Оқушылардың зиянды заттардан аулақ болып, өз денсаулықтарын күтуге тәрбиелеу.
3. Баланың өз денсаулығын сақтау мен нығайтуға деген сезімін дамыту. Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып болашаққа деген көзқарастарын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, әр топқа берілетін сұрақтар, мақал - мәтелдер, ойынға қажетті заттар (маркер, плакат)

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалім: Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ болғалы тұр. Біз бүгін салауатты өмір салтын дәріптей отырып, «Ел байлығы - денсаулық» тақырыбында тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз және бүгінгі сабағымызға құрметті дәрігерлер де қатысып отыр. Яғни бүгінгі сабағымыз дәрігерлермен кездесіп, оларға зиянды заттар туралы, адам ағзасының достары мен қастары туралы айта отырып, қонақтарымыздың ақыл - кеңесіне құлақ түреміз. Ендеше сөз кезегін оқушыларымызға береміз.
1 - оқушы: Бекзат:
Денсаулық - бар байлығың басыңдағы,
Жайнаған өміріңнің жасыл бағы.
Қастерлеп мәпелесең, аяласаң,
Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы.
Денсаулық қашаннан да алтынға тең,
Болады болашағың жарқын да кең.
Аңдамай жақын болсаң арсыздықпен,
Ойланып көп тасымай ақылға кел.

2 - оқушы: Абдуллаһ:
Адам болу, ел болудың жолы да,
Оңай емес ойлау керек оны да.
Ел қатарлы тірлік етіп кем болмау,
Бақыт құсын қондыру да қолыңда.
Сондықтан да салауаттылық сабағын
Шығарма естен басқан сайын әр адым.
Жаман әдет жуымасын жаныңа,
Табиғаттай таза ұлы бол даланың.
Ниетің де, тілегің де, ойың да,
Сұлу болсын, таза болсын бойың да.
Адал еңбек сені алға бастасын,
Жеңіл пайда, жеңіл жолға бой ұрма.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар. Жаман әдеттен аулақ болып, салауаттылық сабағын әркез естен шығармауымыз керек. Балалар мен қазір сендердің білімдеріңді тексеруді жөн көріп отырмын. Қазір біз «Шығармашылығыңды шыңдай біл» деген ойын ойнап жіберейік.
«Шығармашылығыңды шыңдай біл!» ойыны
Ойынның шарты: Класс 3 топқа бөлінеді. Әр топқа плакат, маркер беріледі. Әр топқа мақал - мәтел дайындалған. Сол бойынша мақалды ашатын сурет салып, салған суреттерін қорғаулары керек.
І топ: «Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде»
ІІ топ: «Тазалық - саулық негізі,
Саулық - байлық негізі»
ІІІ топ: «Досың көп болса, жалғызбын деме,
Денің сау болса, жарлымын деме»
(Әр топ салған суреттерін қорғайды, мақалдың мағынасын ашады)

Мұғалім: Ал бұдан басқа қандай денсаулық жайлы мақал - мәтел білеміз? Оны тексеру үшін балалар экранға назар аударайық. Бізге мақалдың бірінші жолы беріледі, біз оның жалғасын табуымыз керек. Яғни бұл ойынымыз «Жалғасын тап» деп аталады.
«Жалғасын тап» ойыны
Ойынның шарты: Денсаулық жайлы мақалдың бірінші бөлігі экранда жазулы шығады, оқушылар жалғасын тауып, мақалдың мағынасын ашулары керек.

Мақал - мәтелдер:
1. Денсаулық -(зор байлық)
2. Жарлының байлығы -(денінің саулығы)
3. Жан ауырса тән азады,
(Қайғы басса - жан азады.)
4. Дені саудың (жаны сау.)
5. Дені сау ұрпақ -(ел болашағы)
6. Ауруын жасырған (өледі.)
7. Шынықсаң (шымыр боларсың)
8. Дені сау адам -(дәулетті адам)
9. Ішің ауырса, аузыңды тый,
(Көзің ауырса, қолыңды тый.)
10. Денсаулықтың қадірін (ауырғанда білерсің)
11. Азған денеге (ауру үйір)

Мұғалім: Жарайсыңдар балалар. Денсаулық туралы мақал - мәтелдерді жақсы біледі екенсіңдер. Жалпы бұл мақалдар бізді жаман, зиянды әдеттерден аулақ болып, жақсымен дос болуға тәрбиелейді. Ең жаман қасиет - ол темекі шегу, арақ ішу және наша қолдану. Бұларды пайдаланған адамның денсаулығы еш уақытта жақсы болмайды, олар сырқатқа шалдығып, аяғы өлімге апарады. Қазір балалар сырқат пен саулыққа байланысты сыныптастарыңның дайындаған көрінісі бар екен, соны тамашалайық.
Көрініс: «Сырқат ханның қаһары мен Саулық ханның ақылы»
Қатысатындар:
Автор: Мериман
Сырқат хан: Абдуллаһ
Жігіт:
Темекі:
Арақ:
Наша:
Енжарлық:
Саулық хан:

Автор: Мериман Сонау ерте заманда
«Дерт» деген үлкен қамалға
Сырқат атты азулы хан басшы болыпты.
Қатерлі жау адамға
Кәрілік те, енжарлық та,
Темекі мен арақ та.
Қатерлі де, қатыгез хан Сырқаттың
Айбарынан сескеніпті бірақ та.
Дүниені жаулап алу арманы -
Хан Сырқаттың қолы жетпей қалғаны.
Армандау да айып па екен?
Бір күні халқын жинады,
Сөз бастады байыппен.
(Сахнаға жүзі суық, қаһарлы Сырқат хан шығады)

Сырқат хан: Абдуллаһ
- Уа, халайық!
Өз елімнің абыройын,
Қорғанысын, ақыл - ойын
Қайтсем «биік көтерем» деп ойладым.
Бір болса да бірегейлі,
Хандығыма түбегейлі
Жаңа өзгеріс кіргізуге белді мықтап байладым.
Көп толғанып, ойға келдім мынандай:
Хандығымның төрт тағандап
Тұруы үшін құламай,
Бар әлемді жаулау керек.
Кенде емеспіз күштен де,
Тағдыр біздің даңқымызды
Әлде келте пішкен бе?

Енжарлық: Бекзат(әрең сөйлеп)
- Алдияр хан!
Қоя тұрғын әлем жаулап алуды,
Саулық ханның әскері бар қарулы.
Адамдар да аяусыз күреспенен
Жойып салар жаныңды.
(Секіріп күліп Арақ шығады)

Арақ: Олжас
- Тоқта! Тоқта!
Мені көрсе ішіп алар адамдар, шыдамай,
Ішу үшін бұл өмірде сылтаулар көп мынадай:
Табысы мен атақ – даңқы, қолы жеткен мансабы,
Себепсіз құр ішу мақсат ауып кетсе аңсары.
Осы арқылы мен алдымен адамдарды жаулаймын,
Ақырындап уақыт өте әлемді де жаулаймын.
(Әдемі киінген Темекі жан - жағына жымия қарап, күліп кіріп келеді)

Темекі: Имангали
- Уа, тақсырым,
Мен барлық адам өмірін
Көк түтінге улатып,
Тәнін жаулап аламын.



























Тақырыбы: «Жер ананы жасыл етіп

сақтайық»

(тәрбие сағаты)

4-сынып






Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі

Бабай Қарашаш

























2014-2015

Тақырыбы: «Жер - Ананы жасыл етіп сақтайық»
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы олардың дүниетанымдық және табиғатты қорғау қабілеттерін арттыру.
2. Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға үйрету.
3. Табиғат пен адам арасындағы байланыс, табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы түсінік беру.
Барысы: Құрметті оқушылар!
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы табиғатты, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отырған «Жер - Ананы жасыл етіп сақтайық!» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
Кіріспе сөз:
Табиғат, Жер - Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген киелі сөздер құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті ұғымдар.
Жер - Ананы сүйе білу, оны аялау – адамзаттың азаматтық борышы. Бұл туралы Елбасымыз өз Жолдауында: «Жаһандандыру және күрделене түскен әлемдік бәсекелестік жағдайда қазақстандықтар адам дамуының басты салаларындағы таза ауыз су және табиғатты қорғау мәселелерін шешу адамдық және азаматтық борышы екендігін адамгершілік қасиетпен сезінуі тиіс» деген болатын.
І. Тіршілік тірегі – табиғат. Ол жалпы адам баласының ортақ қазынасы. Табиғат Ананың қасиетті сырларын бойымызға сіңіріп алмайынша, онымен тең отырып «сөйлесу» қиын. Алайда, біз алғашқы «Табиғатпен тілдесу» атты бөлімімізде оқушылар шығармашылығы арқылы табиғатпен тілдесіп көрейік.
1. Олжас. 2. Снежана. 3. Адилет. 4. Алишер. 5. Марлен
ІІ. Оқушылар, сендер білесіңдер ме? «Көгілдір қазына» дегеніміз не? Әрине тіршіліктің тірегі – су. «Су бар жерде өмір бар» деп ата - бабаларымыз текке айтпаса керек. Осы «Көгілдір қазына» деп аталатын өзендер мен көлдер адамның жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлаған береке бастауы болып саналады. Ата - бабамыздың тіршіліктің тірегі су туралы тағы қандай мақал - мәтелдерін білесіңдер? Өте жақсы тамаша. Енді су туралы қандай өлең шумақтарын білесіңдер? 1. Аружан. 2. Риза. 3. Ангелина.
ІІІ. Келесі бөліміміз «Күн райын бақыла» деп аталады. Бұл бөлімімізде біз бұрын ата - бабаларымыздың табиғат құбылыстарына қарап ауа - райын қалай болжағаны туралы мәлімет аламыз. Бұл туралы бізге қазір Дильназ бен Айнур әңгімелеп береді.
1. Шырыны ақ қайыңның көк түске енсе,
Онда жауын жауады сүт піскенше.

2. Құстардың тынса үндері,
Күн күркірерін білгені.

3. Ұлу шөптің сабағын,
Бойлап жайлап жоғары,
Өрмелесе қарағын,
Аптап ыстық соғады.

4. Ақ тиіндер жаңғақты көп жинаса,
Алдағы қыс ұзақ, суық тым аса.

5. Осқылап тырналаса мысық жерді,
Дей бер қыста бұрқасын қысып келді.
Яғни, табиғаттың осындай тылсым құбылыстарына қарап, ата - бабаларымыз ертерек шаруаларын қамдап, күн райын болжап отырған екен.

IV. Жасыл желек дауасы бөлімімізде Жер - Ананы жасыл етіп сақтау үшін қоршаған ортаны көгалдандырудың маңызы зор екенін басып айтқым келеді. Себебі, жасыл желек жан - жануарлардың тіршілігіне қажет ауаны тазартады. Тірі ағзаға зиян көміртегін жұтып, пайдалы оттегін бөледі. Мысалы: белгілі аймақтың 15% көгалдандырса – шаң - тозаңның мөлшері 20%- ға кемиді. 35% жер көлемге көшет отырғызылса – шаң - тозаң 50%- ға азаяды, ал 65% көгалданған аумақта шаң - тозаң 95%-ға дейін жойылады екен.

Ал, балалар сендер көгалдандырудың, жасыл желектің тағы қандай пайдасы бар екенін білесіңдер? Өте дұрыс. Яғни, тал - терек таптырмас кондиционер, үйді жағалай егілген бау - бақ пештегі жылуды ұзақ сақтап, бораннан қорғайтын, қанатты достардың әуеніне кенелетін, көгалдандыру – достық, ынтымаққа шақыруға себепші, ормандар – көмірқышқыл газынан қорғайтын, көшет отырғызу дегеніміз – балаңның балаларына жететін ғұмырлық азық болатын пайдасы бар екен. Жасыл - желек адамдарға келтіретін осындай пайдасы арқылы зор маңызға ие екен.

V. Ой қозғау.
Бүгінгі таңда адамзат баласының алдындағы ең басты мәселе - өзімізді қоршаған тіршілік ортасын, келешек ұрпаққа бүлдірмей, ластамай, көркейтіп, көріктендіріп жеткізу. Өйткені, тіршіліктің барлығы сыртқы ортамен байланысты.
Осыған байланысты Елбасының сөзімен айтатын болсақ:
Қазіргі таңда табиғатқа түсіп отырған ауыртпалықтың дәрежесі орасан екендігі соншалық, оны қорғауға тиісінше шұғыл көңіл бөлінбесе, мұның ақыры апатқа әкелуі мүмкін. Өйткені, қоршаған ортаның ластану ауқымы халықтың денсаулығы мен еңбек қабілетіне қатер төндіретіндей дәрежеге жеткендігі анық.
Республика территориясындағы осындай экологиялық апат аймағы болып саналатын жерлердің бірі Арал өңірі, Семей полигоны, Байқоңыр космодромы және үлкен өндіріс орталықтарынан шыққан зиянды заттар – бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі.

VI. Қорытынды:
Құрметті оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыздан қандай ой түйдіңдер? Жер - Ананы, Туған жердің табиғатын кіршіксіз сақтау үшін не істей аламыз?
1. Жерімізді таза ұстауымыз керек.
2. Көгалдандыруымыз керек.
3. Жер - Ананы сүйе білу, оны аялай білуіміз керек.
4. Жер - Ананың байлығын орнымен пайдалануымыз керек!
5. Ауаны ластанудан сақтауымыз керек.
Ендеше, оқушылар! Ел мен жер, оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқақ таулары – біздің басты байлығымыз.
Жер, су, ауа адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына. Міне, осы қазынаны аға ұрпақ өкілдері біз де, келешекте сендер де, барлығымыз да көз қарашығындай сақтап, ел игілігіне жұмсауымыз қажет» - деген Ыбырай Жақаевтың сөзімен қорытындылаймыз!









































Тақырыбы: «Аулақ бол жаман әдеттен»

(тәрбие сағаты)

4-сынып






Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі

Бабай Қарашаш























2014-2015


Сабақтың тақырыбы: Аулақ бол, жаман әдеттен.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге
қамқор болуға үйрету.
Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Әдептілікке, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Көрністерге қажетті құралдар, макеттер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І Кіріспе.
Адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады. Бізге адалдықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, ата-бабаларымыз, ұстаздарымыз үйретеді. Алдымен бұл қасиеттер біздің бойымызға ананың ақ сүтімен дариды.
Сондай-ақ адам бойында жаман, жат, теріс қасиеттер де болады.
Ол қандай қасиеттер, одан қалай сақтанамыз, оны бүгінгі «Аулақ бол , жаман әдеттен» атты сабағымыздың барысында білетін боламыз.
ІІ Негізгі бөлім.
1.Атасына келді де, 
Сұрады сәби немере.
Жақсы деген немене ?, 
Жаман деген немене ?.
(Тақтада жазылған адам бойында болатын қасиеттерді «жақсы», «жаман» деп бөледі.)
2.Абай атамыздың «Адам болам десеңіз» өлеңі жатқа оқылып, бес асыл іс пен бес дұшпанды ажыратады.
Үш артық: адалдық, еңбексүйгіштік, өнерпаздық.
Үш кемдік: надандық, еріншектік, зұлымдық. (Абай)
3.Көрініс «Үш ұл»
Талдау жүргізіледі.
Екі баланың осындай болуына не әсер етті деп ойлайсыңдар?
Үшінші балаға мінездеме беріңдер.(Үлкенді сыйлайтын, еңбекқор, адамгершілігі мол бала)
«Жалқаубек» әні орындалады.
4.Айтыс. «Не жақсы?» , «Не жаман?»
5.Сурет бойынша әңгіме «Екі дос»
6.Жұмбақ шешу.
Дәптеріне әріпті
Қаздай тізіп жазатын, 
Үйді таза сақтайтын, 
Кітаптарды шашпайтын баланы кім дейміз? (ұқыпты)
Түймесін де қадайтын, 
Сабақтан да қалмайтын, 
Еденді де жуатын
Еңбекті қатты сүйетін баланы кім дейміз? (еңбекқор)
Қол ұшын беріп, 
Көмегін де аямайтын.
Қызығына қуанып, 
Ренжи қалса , жұбататын адамды кім дейміз? (дос)
Ән де айта алатын, 
Би де билеп беретін, 
Домбырада күй ойнап, 
Сурет сала білетін баланы кім дейміз? (өнерлі)
Жаны үнемі жадырап, 
Күлімсіреп қарайтын, 
Жылы сөздер айтатын, 
Жүрегі жұмсақ адамды кім дейміз? (мейірімді)
Үлкеннің жолын кеспейтін, 
Сәлем беріп жүретін, 
Кішіге ізет білдіріп, 
Қамқоршы бола білетін баланы кім дейміз? (әдепті)
7. «Мен қандаймын?»
Балалар күннің суреті салынған параққа өздерінің бойында қандай қасиеттер барын жазады.
8. «Ыстық орындық»
Ортадағы орындықта бір оқушы отырады. Басқа оқушылар сол баланың бойында бар қасиеттерді айтады.
Ол баланың өзі жазған пікірімен салыстырылады.
9. «Халық тағылымы»
Тыйым сөздерді оқушылар кезектесіп айтады.
10. Көрініс «Бақша ағаштары»
Талдау жүргізіледі.
ІІІ Қорытынды.
Интерактивті тақтада жаман -жақсы қасиеттер суреттер арқылы салыстырылып берілген.
Адам бойында болатын қасиеттердің ұнамды, ұнамсызын ажырата білейік.
Ата –анамыздың, ата-әжелеріміздің және ұстаздарымыздың айтқан ақыл кеңесін ойымызға тоқып, жаман әдеттерден аулақ болсақ, болашағы жарқын, адамгершілігі мол адам болып өсеміз.



















Тақырыбы: «Отбасы-ұлағат ұясы»

(тәрбие сағаты)

4-сынып






Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі

Бабай Қарашаш
















2014-2015 оқу жылы




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!