Материалдар / «Денсаулық-өмір негізі»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Денсаулық-өмір негізі»

Материал туралы қысқаша түсінік
жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру;
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: Денсаулық-өмір негізі
Мақсаты: 
Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру;
Қимыл әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, денсаулығын сақтауға қажетті күш қуатын молайту;
Дұрыс тамақтану,спортпен шұғылдану,тазалық, жеке бас гигиенасын, мәденидағдыларын қалыптастыру;

Көрнекілігі: презентация, нақыл сөздер


Адамға шыншыл да, ең қымбатты – ол оның мәнді де, сәнді өмірі. Ал, осы өмірінің мәнді де, сәнді өтуіне оның басты байлығы денсаулығы тікелей әсер етеді.
-Саламатсыздар ма оқушылар!

Бүгінгі біздің шарамыздың тақырыбы «Денсаулық-өмір негізі» ашық журнал формасында өтпек. Ашық журналымыз да тақырыпқа байланысты тек денсаулық жөнінде болмақ .


Бүгінгі өткелі отырған шарамыздың мақсаты, күн тәртібін сақтау, жеке бас гигиенасын сақтау, жаман қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу бір сөзбен айтқанда салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу болып табылады
Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды.

Мұғалім: Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау.

Мұғалім: Балалар денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуіміз керек?
Оқушылар: Шынығып, спортпен дос болып, тазалық сақтауымыз керек.

Мұғалім: Балалар, салауатты өмір дегенді қалай түсінесіңдер?

Салауатты өмір салты деген не?

Денсаулық дегеніміз не?»

«Денсаулығымызға қалай күтім жасаймыз?»

«Денсаулықтың адам өміріндегі маңызы не?»

Қарақат:

Адамның денсаулығы, еңбекке қабілетті болуы көбінесе үйдегі тұрмыс жағдайына байланысты. Сондықтан да үй тұрмысы, әсіресе оның тазалығы белгілі санитарлық-гигиеналық талапқа сай болуы қажет. Үй ішіндегі бөлмелер тұратын адам санына сай және әрқашанда құрғақ та жылы, күн сәулесі жақсы түсетін кең болуы керек.

Әр түрлі жұқпалы аурулардың адамға микробтар арқылы таралатыны және одан микробтардың кір-қоқысты жерлерде өсіп-өніп, шаң-тозаңмен бірге ауаға көтерілетіні баршамызға белгілі жағдай. Сондықтан тұрмыста тазалық сақтау адамның денсаулығына өте қажетті жағдай екенін естен шығармаған дұрыс.

Айзара

Тісті күніне екі рет тазалауымыз керек .
2. Тамақтан кейін ауызды шаю керек.
3. Ыстық тамақтан соң суық нәрсе ішпеу керек.
4.Жаңғақты тіспен шақпаукерек.
5.Дер кезінде тіс дәрігеріне көріну қажет.
6.Тәттіні көп жеуге болмайды.
7.Әркімнің өзінің жеке тіс щёткасы болуы керек.

Мөлдір

Денсаулық – адамның ең үлкен байлығы. Денсаулық деген қазынаны ешқандай  дүние алмастыра алмайды. Ең алдымен сапалы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық аса қажет. Ал сол денсаулықты сақтау, оны қорғау – өз қолымызда, яғни өз еншімізге тиген үлес.

Аманат:

Ал қазір мектепте дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Онда арнаулы мамандар иесі қабілетін анықтап, бағыттап отырады. Спорттың түрлері өте көп. Стол теннисі, шахмат, баскетбол, футбол сияқты түрлері кеңінен тараған. Кейінгі кездері жылдамдықты, тездікті талап ететін спорттың түрлері де пайда болды.Сонымен қатар денені шынықтыратын ұлттық ойындар да бар. Олар:  «Бәйге», «Қызқуу», «Көкпар», «Аударыспақ», «Жамбы ату


  Ботагөз

 "Тәні саудың -дені сау" демекші, егер адам әрдайым жақсылық жасап, алғыс алып жүрсе оның жан дүниесі, тәні таза болады. Егер тәнің сау болса, онда денің де сау болады.
Үлкен кісілермен амандасып жүр. Сау болғың келсе, баршаға саулық тіле.Жалғыз басты кәрі кісілерге, мүгедектерге көмектес. Сонда сен алғыс аласың, достарың да көп болады.
Қызғаншақ болма! Өз бойыңдағы жалқаулықты, қорқақтықты таста! Өтірік айтпа, жаман ойлардан аулақ бол. Ауыра қалсаң, көп уайымдама. Бастаған істі аяқта! Жақсы оқы.
-  Адамның ішкі ойы таза болса, дені де сау болады. Барлық уақытта адамдар мен айналаң туралы жақсы ойласаң және оларға жақсылық тілесең, өзіңді әрқашан жақсы сезінесің..

Гүлжан: Дұрыс тамақтануға да ерекше мән беріп, табиғи өнімдердің адам денсаулығы үшін пайдасының көлкөсір екендігінен хабардар болған, әрі сол пайдалы өнімдермен күнделікті тамақтанып отырған. Дәл бүгінгі уақытта дені сау ұрпақ-болашақ кепілі. Себебі, қоғамдағы ең белсенді адам – дені сау адам, ең алғыр адам да дені сау адамнан, өнімді жұмыс пен берекелі еңбектің де ең негізгі өкілі дені сау адам екендігін ұмытпауымыз керек

Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі

Алма – дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар. Банан – жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді
«Әлемдегі ең пайдалы азықтар»   

Ақжол: Сүт тағамдары витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай. 
Айран, сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры


Аяулым:

Пияз және сарымсақ – инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.
Қызылша – бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді. 


Ерасыл:

Балық қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
Жұмыртқа ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.

Бекарыс:

Жаңғақтың қоректік құны жоғары. Оның құрамында ақуыз, қанықпаған май қышқылы, көмір-су қосылысы, кальций, фосфор, темір, каротин, рибофлавин, никотин қышқылы бар. Ол адам денесіне өте қажетті, пайдалы азықтық ретінде қарастырылады.

Миды қуаттандырады..

Теріні ажарландырады. 

Санжар:

Деніміз сау болу үшін қандай тағы мынадай нәрселерге мән беруіміз керек:

Уақытымен ұйықтап, ұйқыдан тұрған соң төсек орнымызды жинап, жуынып таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдырып, таза жүрсек, өз-өзімізді күте білсек , деніміз сау болады. Әрдайым күліп жүруіміз керек .

Айназ

Деніміз сау болу үшін қандай нәрселерге мән беруіміз керек:
» Ең әуелі денеміздің тазалығына мән беруіміз керек.
»
Жүйелі түрде моншаға түсіп тұруымыз керек.
» Тырнақтарымызды жиі-жиі қысқартып, таза ұстауымыз керек.
» Тамақтан алдын және кейін қолымызды жууымыз керек.
» Тамақ ішіп болған соң және ұйықтар алдында тістерімізді тіс пастасымен жуу керек.»

Жүйелі түрде спортпен шұғылдану, мүмкіндігінше табиғи тағамдармен және үйлесімді  қоректену керек.»

Ұйқымыздың жүйелі болуына мән беру керек. Ертежатып,ерте тұрукерек.»

Егетін (прививка) дәрілерді уақытында ектірту керек.»

Жеміс, көкөністерді жемес бұрын жақсылап жуу керек.

Тағамдардың таза болуына аса мән беру керек.

Балалар, денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер?

1) Денсаулық - зор байлық
2) Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады.
3) Жан ауырса, тән азады.
4) Тәні саудың – жаны сау.
5) Тәуіптің жақсылығы - ауруға ауру жамамағандығы
6) Бас аманда мал тәтті, бас ауырса жан тәтті.

7) Аңдамай сөйлеген, ауырмай  өледі.
8) Ауруын жасырған өледі
9) Денің сау болса ... жарлымын деме
10) Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі.

11) Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
12) Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.
Мұғалім: Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау. шарамыздың да мақсаты да осы

ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңдер! . Сондықтан болашақта сендерден дені сау, мықты да шымыр, отбасына тірек болатын азамат, азаматша шығады деп сенемін.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!