Өткізген: Ахметова
Б.Т
Денсаулық достары мен
қастары
Сабақтың мақсаты: Қоршаған
орта, денсаулық жайлы түсінік беру.
Міндеті: Қоршаған ортаны
таза ұстап аялауға, өз денсаулықтарын күте білуге,тиянақтылыққа,
еңбекқорлыққа тәрбиелеу,ойлай білуге,ойын жүйелі түрде жеткізуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сөзжұмбақ,
бүктеме, суреттер.
Әдісі: Сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Біріккен
сабақ.
Сабақтың барысы:
І.Кіріспе
Балалар хормен: Қош
келдіңіздер!
Денсаулыққа қатысыты
мақал-мәтелдер сұралады.
Көрініс. “Дәрігер мен бала”.Осының алдында айтқан мақал-мәтелдерінде “Аурудың алдын ал”
деп айттыңдар.Қашанда босын аурудың алдын алып, дер кезінде
дәрігерге көрінген абзал.
Көрініс. “Әже мен бала” .
Далада
немересі ойнап жүреді.Әжесі сабақтан қалып қоятынына, уақытында
тамақ ішпегеніне мазасызданып шақыра береді. Әжесін әбден шаршатып
немересі келеді.Келе салып, кітап, дәптерін, киімін іздейді.Тамақты
асығыс шайнайды. Қолын да жумайды.
Осы көрініс жайлы жекелеген
оқушылар өз пікірін ортаға салады.
“Денсаулықтың достары мен қастары” деп аталатын әдеби монтаж.
1. Қазақ халқының
педпгогикасы әдет-ғұрып жырларында да терең қамтылған. Сол
әдет-ғұрып жырларының бірі – “Өс-өс!” жырында:
Өс-өс,балам, өсе бер,
Батыр бол- балуан
білекті,
Батыр бол- таймас
жүректі
Аяғыңды созайық,
Саусағыңды жазайық,
Епті болсын балтырың,
Епті боп
өс,жарқыным,өс-өс!- деп тілек айту дәстүрі сақталған. Ол жас
нәрестенің дене құрылысының дұрыс өсуіне жасалған қамқорлық.
2.Біздің әдет- ғұрып
жырларының бірі- “Тұсау кесерде” ұрпағының әрі күшті, әрі білімді
болып өсуі үшін мынадай тілек білдіреді:
Қаз- қаз, балам, жүре
ғой
Балтырыңды түре ғой.
Тай, құлын боп шаба
ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Өмірге аяқ баса бер,
Асулардан аса бер.
3. “Ауру астан ” дегендей,
денсаулыққа шипалы әрі жеңіл астың бірі- сүт өнімдері.Ол жайында
әдет- ғұрып жырларында былай делінген:
Ақ сиырдың сүтін іш,
Ақ сүт берер саған күш.
Шым- шым мөлдір суға
түс,
Тұмау келсе,қуа түс.
4.Орта Азияда ІІ ші
Аристотель аталған Әл-Фараби “Егер тән саламат болса, онда сол
халді сақтау керек, егер дімкәс болса, онда сол кеселді жоюдың
тәсілдерін қолдану керек” деген.
5.Қазақта шешендер
көп.Соның бірі- арғыннан шыққан арғын Абыз аталып кеткен шешен
былай деген:
Ақ білектің қадірін,
Әл кеткенде білерсің.
Жиырма бестің қадірін,
Жас өткенде білерсің.
Отыз тісітң қадірін,
Қақсағанда білерсің.
Денсаулықтың қадірін,
Ауырғанда білерсің.
6. Өмірдегі ең қымбат
алтын емес, адам. Ең қымбатты адам болғаннан кейін оған қажеттісі-
денсаулық.Денім сау болсын десең, денсаулықтың достарын біліп
қойыңдар.Абай атамыз айтқан:
Талап,еңбек,терең ой,
Қанағат,рақым,ойлап
қой.
7. Денсаулықтың достары-
таза ауа, күннің сәулесі.Деннің сау болу үшін таза ауа, күннің
шуағы өте керек екенін ұмытпа.
8. Адам күш- қуатты
тамақтан алады.Денсаулықтың досы- тамақ. Тамақты асықпай дұрыстап
шайнап жеу керек. Дұрыс шайналмаған ас асқазанға зиян
келтіреді.
9. Адам еңбегімен қадірлі.
Денсаулығың мықты болсын десең, денсаулықтың досы - еңбек. Барынша
көп қимылдап еңбек ету керек.
10. Денім сау болсын
десең, денсаулықтың досы киімдеріңді жылдың төрт мезгілінде лайықты
киіну керек. Аурудың көбі суықтан да болатынын ұмытпа.
11. Денсаулықтың
достарының бірі- тазалық. “Тамақты қазақша қолмен жесең, қолыңды
сабындап жу ” деп Халел Досмұхамедұлы айтпақшы, әсірісе, баубақша
өнімдерін жеместен бұрын қол жууды ұмытпауымыз керек.Өйткені жеміс-
жидек өнімдері жұқпалы іш ауруларын жылдам туғызады.
12. Денсаулықтың
достарының бірі- демалысты ұйымдастыру.Ұйқы адамға күш береді.Жана
туған нәресте 16-20 сағат, ал үлкендер 9-10 сағат ұйықтауымыз
керек.
13. Денсаулықтың
достарының бірі- қоршаған ортаны жер, су, ауаны таза ұстау. Мұны
грек тілінде “Экология” дейді. Қоршаған ортаны атом бомбасы мен,
радиациямен, өзгерістің зиянды қалдықтарымен улау адам баласына
үлкен індет аурулар әкеледі.Сондықтан бүгінде жер бетіндегі адамзат
баласы табиғат тазалығы үшін күресуде.
Денсаулықтың
қастары.
Абай атамыз айтқан:
Өсек, өтірік,мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал
шашпақ.
1.Денсаулықтың қастарының бірі- еріншектік. Бетін суық суға
тигізгеннен қорқып, денесін шынықтырмай, есік алдына шығып ойнамай,
еңдек етпей жүрген балаларды айтамыз.
2.Денсаулықтың қастарының
бірі- демалмастан ұзақ уақыт теледидардың алдында отыру.
3. Денсаулықтың қастарының
бірі- шамадан тыс тамақ ішу.
4. Денсаулықтың қастарының
бірі- әке- шешенің, мұғалімнің,үлкен адамдардың айтқандарын
тыңдамау.Ол кісілер оқы, үйрен дейді.Ал оқып үйренсең, ойдың
сергектігі денсаулықты тазалыққа жетелейді.
Шағын
концерт.
Хор “Денсаулықты
сақтайық”.
Қорытынды.