Материалдар / Дескриптор қадамдары – нәтижеге жету алгоритмі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дескриптор қадамдары – нәтижеге жету алгоритмі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Маусым 2021
898
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дескриптор қадамдары – нәтижеге жету алгоритмі.

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, «Ұзынағаш ауылындағы орта мектебі» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Казимова Салтанат Бердибековна

Соңғы жылдары білім саласына енгізілген жаңа бағдарлама бойынша «Қалыптастырушы бағалау» термині пайда болды. Қалыптастырушы бағалау – дәстүрлі оқытудағы «бағалау» терминіне қарағанда едәуір кең, түсінікті әрі нақты. Бағалау дәстүрлі оқыту кезінде алған білімнің өлшемі болып қана көрінсе, қалыптастырушы бағалау – білім алушының ары қарай қалай оқу керектігіне бағыт болып есептеледі.

Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Демек, неге және қалай оқытады, білім алушының қажеттілігі қандай және бағалау

тәжірибесінде жүзеге асыруға қажетті нәтижелерге жетуге қалай көмектесуге болады деген сұрақтарға жауап іздеу.

Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді

бағалайтынына сенімділік бар. Объективтілік, анықтық, валидтілік жиынтығы бағалаудың сапасын анықтайды. Барынша мазмұнды сипаттаманы бағалауды қаншалықты дұрыс өткізетінімізді және нақты нені өлшейтінімізді бағалаудың валидтілігі ұсынады. Аталған қағидатты жүзеге асыру:

- нені бағалау қажеттігін нақты түсіну және анықтауды;

- бағалау критерийлерін құрастыру және негіздеуді;

- тапсырмаларды құрастыру және рәсімдерді жоспарлауды көрсетеді.

Ашықтық және нақтылық. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады (Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық,Астана 2017)

Нұсқаулықта берілген қағидаттар бағалау балдық жүйеге ауысқанда да өз маңызын жойған жоқ. Керісінше қашықтық оқыту кезінде білім алушылар үшін де, мұғалімдер үшін де дұрыс шешім болды, деп ойлаймын. Себебі, сабақ соңында максималды балды жинақтай алмаған оқушы дескриптор қадамдарынан –ақ ары қарай қалай оқу керектігін жоспарлай алады. Бұл үшін педагогтың бағалау қадамдарын дұрыс құрастыру біліктілігі өте маңызды. Ол үшін алдымен оқу мақсатына жетелейтін тапсырманы дұрыс таңдап алуы тиіс. Әр пән мұғалімі тапсырманың ыңғайына қарай, өз пәніне тиісті біліктілікті қоса алады. Мысалы, қазақ тілі пәнінен жазылым дағдысына арналған тапсырма қадамдарына сауатты жазу ережелері: орфографиялық норманың сақталуы, пунктуациялық норманың сақталуын жоспарлайтын болса, оқушының сауатты жазуға деген құлшынысы арта түседі, деп ойлаймын.

Қалыптастырушы бағалаудың 10 балдық жүйеге енуі - оқушының күнделікті білім сапасы,  білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу,   оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою, оқушының бағалаудан алған жағымсыз әсерінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы, бағалаудың әділдігі, анықтылығы және ашықтығы, өзін-өзі бағалау  дағдыларын дамытуға жетелейді. Мысал келтіре кетейік, 5-сыныптың қазақ тілі сабағында төмендегідей оқу мақсаты берілген: 5О1. Ақпаратты түсіну: Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау. 5.ӘТН3. Лексикалық норма: омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану. Сабақтың нәтижелілігі - оқу мақсатына жетелейтін тапсырманың ауытқымай, тура жолда болуы. Дұрыс жоспарланған тапсырмадан кейінгі маңыздысы – дұрыс құрастырылғын дескриптор қадамдары. Себебі, оқушы дескриптор қадамдарын білу арқылы қашықтықтан оқу кезінде де дұрыс бағдар ала алады. Жоғарыдағы бірінші оқу мақсаты оқылым болғандықтан, білім алушыларға оқылым мәтіні ұсынылады. Мәтін мазмұны мен көлемі баланың жас ерекшелігіне сәйкес болу шарт. «Осы мәтін ішінен негізгі ақпараттарды ғана іріктеп алыңдар» деген нұсқаулық оқу мақсатына сай болғанымен оқушының жасына күрделі әрі қызықсыз. Ал, тапсырманы басқалай, әдіс арқылы ұсынатын болсақ, 5-сынып оқушыларына әлдеқайда жеңіл әрі қызықты болар еді. «10/5», «7/3» деген атаулармен берілген сөйлемдер санын өз сөзіңмен қысқартып, 10 сөйлемнен 5 сөйлем ірікте, -деген сияқты нұсқаулармен берген жөн. Ал, балл қоюға келмейтін қадамдарды алып тастамай, балл қоятын дескриптор қадамдарымен біріктіріп қоюға болады. Мысалы, мәтінді түсініп оқиды деген қадамын «мазмұнын 5 сөйлемге жинақтайды» деген қатарға қосып беруге болады. Дескриптор қадамдары:

-Мәтінді түсініп оқиды, 5 сөйлемге қысқартады-1;

-Негізгі ақпараттарды анықтайды – 1;

-Қосымша ақпараттарды ажыратады – 1;

Екінші оқу мақсатына арналған тапсырма қазақ тілі сабағы болғандықтан жазылым дағдысы арқылы беріледі:

-синонимдерді табады-1;

-омонимдерді табады-1;

-антонимдерді табады-1;

-орфографиялық норманы сақтайды-1;

-пунктуациялық ережені сақтайды-1;

-стильдік ережені сақтайды-1.

Балл санын жұмыс ішіндегі мысалдардың күрделілігіне байланысты көбейтуге болады, жазылым тапсырмасы болғандықтан міндетті түрде орфографиялық, пунктуациялық ережелерді бағалау қадамдарына қосу керек.


Үлгі ретінде осы оқу мақсаттарына құрылған сабақ жоспарын ұсынамын


Бөлім:

Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

Педагогтің аты-жөні

Казимова Салтанат Бердибековна

Күні:


Сынып: 5

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жануарлар - табиғат тамашасы


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5О1. Ақпаратты түсіну: Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау.

5ӘТН 3. Лексикалық норма: омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.

Сабақтың мақсаты

Оқылым мәтінінің мазмұнын түсінеді, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды. Жазылым барысында омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Сабақ мақсатымен таныстырады. Тыңдалым мәтінін ұсынады

Сабақ мақсаттарымен танысады. Тыңдалым мәтінін тыңдайды, мазмұнымен танысады

-Платформа жүйесінің пайыздық есептеу нәтижесі

Online.mektep-Bilim land

Платформасы, Қазақ әдебиеті оқулығы

Сабақтың ортасы

25 мин

Оқу мақсатына жетелейтін тапсырмаларды ұсыну:

1.Мәтінді оқып, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыз.(оқылым мәтінін ұсынады)

2. Оқылым мәтінін ұсынады.

«Жануарлар - табиғат тамашасы» тақырыбында омоним, антоним, синонимдерді қатыстырып әңгіме жазуды тапсырады

1 Тапсырма «10/5» әдісі

Мәтінді түсініп оқиды, негізгі мәліметті жеткізіп тұрған сөйлемдерді анықтайды. Қосымша мәліметтерді ажыратады.

Бағалау кртитерийі

  • Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды

2 Тапсырма

Оқылым мәтініне сүйеніп, «Жануарлар - табиғат тамашасы» тақырыбында омоним, антоним, синонимдерді қатыстырып әңгіме жазады.


Бағалау кртитерийі

  • жазылым барысында омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады

Платформа жүйесінің пайыздық есептеу нәтижесі

-Мәтінді түсініп оқиды,

5сөйлемге қысқартады-1;

-Негізгі ақпараттарды анықтайды – 1;

-Қосымша ақпараттарды ажыратады – 1;

-синонимдерді табады-1;

-омонимдерді табады-1;

-антонимдерді табады-1;

-орфографиялық норманы сақтайды-2;

-пунктуациялық ережені сақтайды-1;

-стильдік ережені сақтайды-1.

Online.mektep-Bilim land

Платформасы, Қазақ әдебиеті оқулығы

Сабақтың соңы

5 мин

Оқушылардың тапсырмаларды қалай орындап отырғанын бақылау, тиісті жағдайда кері байланыс беру.

Орындаған жұмыстарының нәтижесін пайыздық көрсеткіш арқылы сабақтың соңында бақылай алады

Платформа жүйесінің пайыздық есептеу нәтижесі

Online.mektep-Bilim land

Платформасы, Қазақ әдебиеті оқулығы





Сонымен қатар, өзін-өзі бағалау ұғымы айналасында да бірер сөз қоссам.


Мұғалімнің шешімі объективті болу үшін тапсырмаларда қолданылатын дескрипторлар анық, нақты болуы қажет. Дескрипторлар білім алушыларда тапсырманы орындаудың қай кезеңінде қиындықтар туындағанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушыларға кері байланыс беруге мүмкіндік туғызады. Қалыптастырушы бағалау теориясына сәйкес (Уильям, 2007)

үдеріске қатысушыларды есепке ала отырып, үш позицияны ұйымдастыру қарастырылады: мұғалімнің бағалауы, өзін-өзі бағалау және өзара бағалау.

Мұғалімнің бағалауы

Аталған нұсқаулықта берілгендердің көбісі мұғалімнің бағалау үдерісінің сипатын көрсетеді. Сондықтан берілген ұсыныстарды мұғалімнің қаншалықты түсінетіні, бейімдеуі, қолдануы, жетілдіруі олардың қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесінде тиімді қолдана алуына байланысты.

Өзін-өзі бағалау

Мектепте білім алушылардың дағдыларды бойға сіңіруі және өзін-өзі бағалау тәжірибесі жинақталуы қажет. Білім алушылардың өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру кезінде негізгі назарды өзін-өзі реттеуіне, өз бетінше білім алуына ынталандыруға аудару керек. Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы оқу үдерісінде өзінің күшті және әлсіз тұстарына өзі талдау жасай алуына мүмкіндік береді. Білім алушыларды не білетініне, қандай дағдыларды меңгергеніне объективті

қарауына, өз кемшіліктерін және нәтижесінде неге қол жеткізгісі келетінін анықтауға үйрету маңызды. Алайда, білім алушының өзін-өзі бағалауы тым жоғары немесе өте төмен болатын жағдайлар да кездеседі. Бұл сабақта өзін-өзі бағалауды өткізудің жалпы оңтайлы әсерін төмендетеді. Мұндай білім алушыларға мұғалім барынша объективті түрде көмек бергені дұрыс. Мысалы, мұғалім жетекші сұрақтарды қолдануына болады. (Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық,Астана 2017)

Нұсқаулықта берілген өзін-өзі бағалаудағы «алайда» - білім алушының өзін тым жоғары немесе өте төмен бағалауы балдық жүйеде көрініс таппайды. Білім алушыға тапсырмамен қоса ұсынылған дескриптор қадамдары, оның дәл, қай жерде дұрыс орындамағанын көрсетіп береді. Сондықтан әрбір ұстаз, балдық жүйеге негізделген дескриптор қадамдарын жүйелі, дұрыс құрастырып отырса, шәкірттеріміз дұрыс жолдан жүріп отырады, нәтижеге жетеді.











Пайдаланылған материал:


«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ

Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша

нұсқаулық


Оқу-әдістемелік құрал

Астана, 2017




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!