Материалдар / Деструктивті діни ағымдардың әсерінен зардап шекен балаларға психологиялық педагогикалық қолдау.

Деструктивті діни ағымдардың әсерінен зардап шекен балаларға психологиялық педагогикалық қолдау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру мекемелерінде террористік белсенді аймақтардан келген балалардың денсаулығын сақтау және қалыпты ортаға бейімдеу, салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыру іс - шараларын ұйымдастыруда мектеп психологтарының атқаратын іс шаралары балаларды ортаға бейімду жолдары айтылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2021
431
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Деструктивті діни ағымдардың әсерінен зардап шекен балаларға психологиялық педагогикалық қолдау.

Қазіргі психологиялық зерттеулерде экстремизм мәселесі тұлғаның бағыттылығы - әлеммен қарым-қатынас жасау жүйесі арқылы қарастырылады, бұл адамның экстремистік әрекетін және өмір сүруге деген түрткісі мен оның уәжін түсінуге мүмкіндік береді.

Экстремистік бағыт адамның экстремистік идеологияны қабылдауында және осы идеологияға сәйкес бүкіл мотивациялық – мінез –құлық саласын қайта құруда көрінеді. Сондықтан жеке тұлғаның деструктивті бағыты экстремизмнің маңызды элементі ретінде адамның нақты психикалық қоймасы сияқты оны тудыратын және сүйемелдейтін эмоционалды тәжірибелерге байланысты қарастырылуы керек. Яғни, экстремистік бағытты іске асыру механизмі ерекше эмоционалдық жағдайлармен, адамның психологиялық ерекшеліктерімен және мінез-құлық актілерімен байланысты. Тиісінше, баланың экстремистік әрекетке бейімділігін анықтау үшін сенімді психодиагностикалық құралды қолдана отырып, зорлық-зомбылықты жүзеге асыруға дайындығына әсер ететін әрбір психологиялық сипаттаманы зерттеу қажет.

Білім беру мекемелерінде террористік белсенді аймақтардан келген балалардың денсаулығын сақтау және қалыпты ортаға бейімдеу, салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыру іс - шараларын ұйымдастырудан басталады. Мектеп психологтарының атқаратын іс шараларының бірі ол балаларды ортаға бейімду. Өмірінде бірнеше рет жарақат алған оқиғаларды бастан кешірген балалар әсіресе қалыпты ортаға бейімделу деңгейі осал болады. Арты артынан қайталанған жиі үреймен қорқынышқа алып келген жағдайлар баланың өмір бойы жадында қалып, оның әрі қарай өмір сүруіне көп кедергілер мен қиындықтар тұыдыратыны туралы көптеген ғаламдар теория және практика жүзінде дәлелдеп келуде.

Террористік белсенді аймақтардан келген балалардың физикалық және психикалық жағдайы, олардың әлуметтік өзара әрекеттестігі, құндылығы мен рухани бағдарлары, ішкі көзқарастары мен танымы бұзылған. Сонымен қатар тұлға құрлымы да қатты ішкі өзгерістерге ұшраған. Бала психикасында өзіндік қалыптасқан жеке тұрақты құрлымдардың болмауы, сондай - ақ қауіпсіздік өзін - өзі қорғау механизімінің төмендігі травматикалық жағдайдан немесе созылмалы стрестік жағдайлардан туындайтын түрлі мінез – құлық дағдарыстарына алып келеді. Дағдарыстан кейінгі ыдыраудың салдарынан дивантты және делинквентті мінез – құлықтың, жеке психикалық немесе психосаматикалық бұзылыстардың жеке қасиеттері байқауға болады. Оның барлығы баланың әлеуметтік ортаға бейімделуіне кедергі тудырады.

Психикалық жарақат – бұл адамның денсаулығына қауіп төндірудің немесе зиян келтірудің (психиклалық, физикалық, моральдық) қоршаған ортаның қолайсыз факторларының немесе оған қатысты зорлық –зомбылықтың әерінің нәтижесі.

Алғашқы көмек

Ең алдымен, адамға сөйлеуге жағдай жасау керек. Оны тоқтатудың қажеті жоқ, тіпті егер ол өз басынан өткен оқиғаны барлық отбасы мүшелерімен таныстарып кезек-кезек айтып жатса да. Әңгіме барысында сезімдерді білдіруге шақырыңыз. Психологке сұрақтар қоюға болады, мысалы:

  • «Сізге қорқынышты болды ма? Ол кезде сіз неге алаңдадыңыз, абдырап қалдыңыз ба?» және т. б.;

  • Егер әйел немесе бала жылай бастаса - оларды тоқтатпаңыз, жылағаны басылғанша күтіңіз. Сонымен қатар, адамды құшақтап, оған жақын адамдар екенін физикалық тұрғыдан сезіну мүмкіндігін көрсетіңіз;

  • Жәбірленуден аман қалған адамда тыныс алу мәселелері жиі кездеседі: ол тұншығып тұрғандай сөйлейді және жылайды. Оның тыныс алуын бақылаңыз, егер сіз оның тұншығып жатқанын көрсеңіз - тыныс алу техникасын қолданыңыз;

  • Мұндай жағдайларда ер адамдар өздерінің реакцияларын жиі ашулану түрінде көрсетеді. Оған ашу - ызасын толық шығаруға мүмкіндік беріңіз, тоқтатпаңыз. Жағдайға байланысты сөздер айтып қолдау көрсетіңіз. Оның іс әрекетінен қимыл қозғалысынан бақлаңыз.

  • Лаңкестіктен кейін адамдарды жалғыз қалдыруға болмайды, олар тұйықталып, ұзақ мерзімдік үнсіздікке кіріп кетуі мүмкін. Егер адам бірден "менде бәрі жақсы" десе де, бұл дұрыс емес: ашылмаған мәселе тереңдей түседі, содан кейін қайтадан пайда болады.

  • Жәбірленушінің назарын басқа нәрсеге тез ауыстыруға тырысудың қажеті жоқ. Адам оған шынымен бір нәрсе болғанын білуі керек, оның реакциясын білдіруі керек.

Осы мәселенің алдын алу және оны түзету жолдарын қарастыру білім беру мекемелеріндегі психологтардың басты міндеті. Жүргізілетін жұмыстың басты мақсаты: білім беру мекемелерінде террористік белсенді аймақтардан келген балаларды қалыпты ортаға бейімдеу және алғашқы көмек көрсету болып табылады.

Алдын алу іс - шараларын ұйымдастырудың бір бағыты бұл - психолоиялық тренингтер. Ауыр психикалық жарақатқа ұшыраған адам, топтың бөлігі болса, психикалық тепе-теңдікті тезірек қалпына келтіретінін есте ұстаған жөн.

Бірінші көмек. Барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі бұл қорқыныш екендігін бәріміз білеміз. Олай болса түрлі техногендік немесе террористік жағдайлардан кейін адамда қорқыныш пайда болған кезде, үрей, мазасыздық пен қобалжу жағдайларының деңгейінде көтерледі. Бұл баланың тікелей денсаулығына әсер етеді.

Адам қорыққан кезде өз қорқынышын екінші адаммен бөліседі. Осы кезде психолог оның әңгімесін үзбей соңына дейін тыңдап, қолдау көрсету керек. Осы тақырып бойынша сөйлесіп, бала өзінің жан дүниесіндегіні бөліскені абзал.

Төтенше факторлардың әсерінен психикалық жарақат алған адамның жанында болу (террорлық шабуыл, апат, жақын адамдарынан айырылу, қайғылы жаңалықтар, физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылық және т.б.), ұстамдылық жоғары болуы керек. Жәбірленушінің мінез-құлқынан сіз қорықпай, тітіркенбей, таңқалмай қолдау жұмысын жүргізген абзал. Оның жағдайы, әрекеттері, эмоциялары — бұл қалыпты емес жағдайларға қалыпты реакция.

Қолдануға болатын жатығулар

1-жаттығу «Проективтік сурет арқылы қазіргі және болашақтағы өзін-өзі тану»

Тренердің нұсқауы: "түрлі-түсті қарындаштар, немесе бояулар көмегімен өзіңізді қазіргі сәтіңізді салыңыз. Басқа парақта болашақта өзіңізді қалай көретіндігіңізді сызыңыз".

Соңында келесі мәселелер талқыланады: Сіз нені бейнеледіңіз? Сіздің жоспарыңыз қандай? Суреттер қандай сезімдерді тудырады? Сіз қазір қандай? Болашақта қандай болғыңыз келеді? Ол үшін не істеу керек?


2-жаттығу «Жоспарлар».

Психологтің нұсқауы және орындау барысы:

"Сіз өміріңіздің бес жылдық жоспарын жасап көріңіз.

  • Болашақта сіздің үш басты мақсатыңыз қандай?

  • Осы мақсаттардың әрқайсысына жету үшін қазір не істеп жатырсыз?

  • Алдағы бес жылда қандай бес мақсатқа қол жеткізгіңіз келеді? Осыдан кейін сіздің өміріңіз қандай болады деп ойлайсыз?

  • Сіздің қазіргі жағдайыңызға сүйене отырып, жоспарланған нәрсеге қалай жетуге болатындығы туралы ойланыңыз. Сіз таңдаған тәсілдер мен құралдар мақсаттарға қаншалықты сәйкес келеді?

3-жаттығу «Менің күн сәулесіндегі портретім»

Нұсқаулық: Күннің суретін сызыңыз, Күн шеңберінің ортасына өз атыңызды жазыңыз немесе портретіңізді салыңыз. Содан кейін сәулелер бойымен барлық жақсы қасиеттеріңізді жазыңыз. Мүмкіндігінше көп сәуле салуға тырысыңыз. Қатысушы "Мен неге құрметке лайықпын?» деген сұраққа осы сәулелердегі жазылған сөздермен жауап береді.

4-жаттығу: «Ұқсастықтар мен айырмашылықтар»

Бұл жаттығу балаларға әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар екенін көруге көмектеседі, ал екінші жағынан, басқаларындың ерекшеліктерін табуды үйретеді.

Материалдар: әр қатысушыға қағаз, қарындаш беріледі

Психолог: Араларыңда басқа балаларға ұқсас екендеріңді білгенде, қуантадындарың бар ма? Ал сендер басқалардан өзгеше қасиеттерің бар екенін білген кезде риза болып қуанғандарың бар ма? - біздің әрқайсымызда осының екеуі де бар.

Қатысушыларды жұптарға бөліп отырғызамыз. Жұптарға екуінде де бар сегіз сипаттаманы табу беріледі. Содан кейін жеке өздерін ерекшелейтін сегіз қасиет жазады. Жазып болған соң жұптар парақтың сол жартысына "ұқсастықтар", ал оң жағына "айырмашылықтар" жазады.

Жаттығуды талдау:

- Сізге не қиын болды: ұқсастықтарды табу немесе айырмашылықтарды табу?

- Сізді серіктеспен біріктіретін қандай қасиет ұнады?

- Сіз басқалардан ерекшелейтін қандай қасиет ұнады?

- Қандай қорытынды жасауға болады.


5-жаттығу «Қарсы пікір»

Психологтің нұсқауы: Өзіңіздің бойыңыздағы әлсіз жақтарыңыздың тізімін жасаңыз. Оны парақтың сол жартысына жазыңыз. Әр тармақтың оң жағында оған қарсы пікірді көрсетіңіз.

Мысалы:

Мен жалқаумын, өзімді сабаққа дайындалу өте қиын.

Мен еңбекқор адам бола аламын.

Мен тұрақсыз, шешеім қабылдауда қорқамын

Мен қажет болған кезде жинала аламын және жоспарларымның бәрін орындай аламын



Қарсы пікірді кеңейтіңіз және негіздеңіз. Оларға қолайлы мысалдарды табыңыз. Топтағы жолдастарыңыздың біреуін таңдап, оларға мысалдармен растай отырып, осы қарсы дәлелдерді айтыңыз.


Қорытынды. Жалпы терроризм агрессияны қару қылатын, ортаға бейкүнә балаларды саясаттың арбауына салу, мешітке ағылған адамдар әрекетін жағымсыз етіп көрсететін саясаттың лас технологиясының бірі. Сондықтан бұл әрекетке қарсы күресу барша халықтың міндеті болып табылады. Сонымен қатар жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді шаралар өткізу керек. Атап айтқанда, бұған тәрбиенің және білімнің құқықтық компонентін айтарлықтай кеңейту ықпал етуі мүмкін. Өз құқықтары мен бостандықтарын білу жас ұрпақ бойында басқалардың құқықтары мен бостандықтарын, оның ішінде олардың өмірі, денсаулығы мен қадір-қасиетін құрметтеу сезімін дамытуға ықпал етеді.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ