Материалдар / Диалектика және оған баламалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Диалектика және оған баламалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Диалектика – табиғаттың және әлеуметтік дүниенің дамуы туралы терең де, жан-жақты ілім, ол философиялық дүниетанымның негізгі мәселесі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Мамыр 2022
1415
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Диалектика және оған баламалар


Жоспары:

1. Диалектика туралы түсінік

2.Диалектиканың негізгі заңдары

Негізгі ұғымдар: Диалектика, метафизика, материалистік диалектика, заң.

Қолданылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Ә.Х. Тұрғынбаев. Философия. - Алматы: «Білім», 2015. 121 - 124 бб

2. Г.Ә. Кактаева. Философия негіздері. – Астана: «Фолиант», 2010. 66 -87 бб

Қосымша әдебиеттер:

2.А. Боженов. Основы философии. – Астана: «Фолиант», 2017. стр. 159 - 175

3.Ю.М. Хрусталев. Философия. - Москва: «Академия», 2016. стр 209 -217


Диалектика – табиғаттың және әлеуметтік дүниенің дамуы туралы терең де, жан-жақты ілім, ол философиялық дүниетанымның негізгі мәселесі.

Диалектика даму жөніндегі, жалпыға бірдей байланыс жөніндегі ілім ретінде ерте кезде пайда болған. Алайда ертедегі диалектика стихиялы, тұрпайы болатын. Ол кездегі ойшылдардың көзқарасы қарапайым болатын.

Одан кейінгі бірқатар ғасырлар бойы заттардың өзгермейтіндігі және тұрақтылығы жайында, олардың қасиеттері туралы ілім - метафизика үстемдік етіп келді.

Даму өзгеру идеялары шамамен XVIIIғ аяғынан бастап қана ғылымға және философияға қайтадан ене бастады. «Диалектика» термині ежелгі Грецияда пайда болған.

Алғашында диалектиканы ақиқатқа жетудің жолы деп түсінген.

Аристотельдің айтуынша диалектиканы алғаш ойлап тапқан ежелгі грек ойшылы Зенон.

Диалектикалық ойлау тарихта 3 кезеңді басынан кешірді.

1 кезең. Антика дәуірінің диалектикасы. Оны тұтастықтың және бүтіндіктің диалектикасы деуге болады.

Бұл диалектикада әлі даму идеясы жоқ.

2 кезең. Диалектикалық ойлау тәсілінің классикалық кезеңі (XVIII-XIXғғ). Бұл диалектиканың негізін салушылар - классикалық неміс философиясының өкілдері, Маркстік диалектикалық ой.

Бұл кезеңдегі диалектикалық ой принциптері даму идеясы, даму іс-әрекеті.

3 кезең. ХХ ғасыр диалектикасы.

Бұл диалектиканың ерекшелігі – жекеліктің, даралықтың, жалқылықтың мәнділігіне ден қою. Бұл кезеңнің өкілдері А.Шопенгауэр, Ф.Ницше, А.Бергсон. Бұл диалектикалық ой

2 ағымға бөлінеді.

1 ағым – диалектиканы тек адам өмірінің, жан дүниенің аясында қарастыру. Бұл пікірді ұсынғандар Жан Валь, Ж.Ипполит, А.Либерт.

2 ағым – экзистенциализм идеясын ұсынған ойшылдар К.Ясперс, М.Хайдеггер, Ж.Сартр, М.Мерио-Понти.

Олардың пікірінше табиғатта диалектика жоқ.

Материалистік диалектика заңдарымен сипатталады. Диалектика элементтері тек болмыстың, табиғат пен қоғамның даму заңдары емес, танымның да даму заңы ретінде көрінеді. Осыған байланысты философияда объективті және субъктивті диалектика ұғымдары қалыптасқан.

Объективтік шындықтағы құбылыстар мен процестердің өзара заңды байланыстары объективті диалектикаға жатады.

Ал таным процесі субъективті диалектика болып табылады.

Материалистік диалектиканың теориясындағы басты принцип – даму принципі.

Даму дегеніміз – материалдық және идеалдық объетілердің заңды сапалық өзгерістерінің процесі, яғни даму белгілі бір бағытқа байланысты.

Даму процесінде кез келген объект өзінің пайда болу, бөліну, жойылуынан тұрады. Сонымен, материалистік диалектика дегеніміз-дамудың жалпы философиялық теориясы.

Ол табиғаттың, қоғамның, адам ойлауы дамуының ең жалпы заңдарын зерттейтін ғылым.

Диалектика адам ойлауының, оның болмысына қатынасын және соны бейнелейтін заңдар мен категорияларды қарастырады.

Заң дегеніміз – құбылыстардың арасындағы жалпы қажетті, тұрақты, маңызды қайталанып отыратын байланыс.

Яғни заңдар дегеніміз – нақты бар байланыстар деп қорытынды шығара аламыз. Олар төңірегімізді қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарға тән нәрсе, оларды осы заттар мен құбылыстардан бөліп алуға болмайды. Заттар мен құбылыстар бағынатын заңдарды білу олардың өзгеру, даму жолдарын алдын-ала біліп, олармен жұмыс істей алуына мүмкіндік береді. Мысалы, биологияның ашқан заңдарына сүйене отырып, адамдар өсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлерін шығарды, эволюциялық процестерді басқаруды үйренді.

Материалистік диалектика өзі зерттейтін заттар мен құбылыстардың арасында болатын қажетті байланыстарды, яғни белгілі бір заңдарды ашуға ұмтылады.Бірақ диалектика дегеніміз – философиялық ғылым, содықтан оның заңдарының барлық басқа ғылымдардың заңдарынан үлкен айырмашылығы бар.

Енді диалектикалық даму туралы диалектикалық-материалистік ілімнің мәнін ашып беретін негізгі заңдарын қарастырайық.

Олар: 1. Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күрес заңы

2. Сан және сапа өзгерістерінің өзара ауысу заңы

3. Терістеуді терістеу заңы

Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күрес заңы-диалектиканың негізгі өзегі болып табылады.

Бұл заң даму процесінің ішкі заңдылықтарын ашып, ескінің жойылып, жаңаның пайда болу себептерін көрсетеді. Дүниеде сан қилы заттар бар, олардың өздеріне тән әр түрлі белгілері мен жақтары болады. Солардың ішінде диалектикада қарама-қарсылықтар деп аталатындар бар.

Қарама-қарсылықтардың аса қарапайым мысалдарын келтірейік, олар: Күн мен түн, жылы мен суық, жоғары мен төмен, буржуазия мен пролетариат және т.б. Ең алдымен қарама-қарсы жақтардың өздерінің бір белгісі, сипаты, тенденциясы бойынша бір-бірінен айрықша бөлініп тұратындығы, ал егер бір жағында осы белгілер болса, екінші жағынан мүлдем болмайтындығы көзге түседі. Мысалы, буржуазия мен пролетариаты салыстырып көрейік. Бұлар қоғамның бір-біріне қарама-қарсы топтары, өйткені олардың біреуінде өндіріс құрал-жабдықтары бар, екіншісінде жоқ.

Жалпы қарама-қарсылықтар дегеніміз-әр түрлі жақтар, құбылыстар ғана емес, сонымен бірге бірінсіз бірі өмір сүре алмайтын, өзара бір-бірінің болуын көздейтін жақтар мен құбылыстар.

Сонымен, қандай да болсын бір заттың қандай болсын бір белгісі бойынша бір-бірінен бүтіндей айырмашылығы бар және сонымен бірге бір-бірінің болуын көздейтін, бірінсіз бірі өмір сүре алмайтын жақтарын, кезеңдерін, сипаттарын диалектикадағы қарама-қарсылықтар деп білеміз.

Әр заттың, құбылыстың өзінде қарама-қарсылықтар болады. Өйткені объектілер әр түрлі әсерлерге ұшырайды, өзгереді, дамиды, олардың ішінде жаңа элементтер пайда болады.

Қарама-қарсылықтың өзара әрекет жасауының осы кезеңі белгілі бір заттың нақ диалектикалық қайшылығы болып табылады.

Дамудың белгілі бір кезеңінде қайшылық шешіледі: қарама-қарсы жақтардың арасындағы сәйкессіздік жойылады да, зат жаңа күйге, іштей қарама-қарсылықтары бар жаңа сапаға көшеді.

Қайшылық заттардың өзгеріп, дамуына негіз болады – бұл диалектикалық қайшылықтар түсінігі.

Қортындылай келгенде, қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күрес заңының мәні 1) шын дүниедегі заттар мен құбылыстарға бір-бірінен бүтіндей айырмашылығы бар және сонымен қатар бірінсіз бірі өмір сүре алмайтын белгілі бір қарама-қарсылықтар тән келеді.

2) қарама-қарсылықтардың күресі, өзара бірін-бірі жоққа шығаруы, бір-бәріне сәйкес келмеуі заттар мен құбылыстардың

өзгеруіне және дамуына түрткі болады. Бұл заң дамудың себебі недеген сұраққа жауап береді.

Сан және сапа өзгерістерінің өзара ауысу заңы.

Бұл заңның мәнін ұғыну үшін ең алдымен заттар мен құбылыстардың сапасы мен саны дегеннің не екенін анықтап алайық.

Сапа – объектіні анықтаушы, заттың, құбылыстардың тұтастығын, тепе-теңдігін білдіреді.

Яғни затты, құбылысты анықтайтын оның сапасы.

Әр зат немесе құбылыс өзіне ғана тән ерекшелігімен сипатталады. Мұндай ерекшеліктер Сапа ерекшелігі деп аталады.

Сонымен, заттың сапасына оның әр турлі жақтары (қасиеттері, құрылымы, атқаратын қызметі және т.б.) кіреді, олар өзінің жиынтығында келіп айрықша, біршама дербес затты құрайды.

Зат сапасын адам өзінің практикалық қызметінде ғана анықтай алады.

Заттың қандай да болсын бір сапасын белгісінің (қасиетінің) дәрежесі оның саны болып табылады.

Сан- заттардың, құбылыстардың қасиеттерінің құрамдас бөліктерінің даму ауқымын білдіреді

Бізді айнала қоршаған заттар мен құбылыстарды бақылай отырып, біз оларда болатын өзгерістердің әр түрлі сипатта болатындығын байқаймыз.

Алдымен заттардың сандық белгілері (зат салмағы, қозғалыс жылдамдығы, өлшемі артады не кемиді) өзгеріске ұшырайды.

Сонымен бірге сандық өзгерітермен қатар құбылыстар сапалық өзгерістерге де ұшырайды, бір күйден екінші бір күйге ауысады.

Әдетте сан қзгерістері белгілі бір кезеңге дейін сапа өзгерістерін туғызбайды.

Сапа мен санның өзара байланысын жақсы түсіну үшін өлшем ұғымын қарастырайық.

Өлшем дегеніміз –қандай да болсын бір заттың сапа және сан жақтарының бірлігі.

Жаңа сапаның, жаңа заттың өз өлшемі бар. Бір сападан екінші сапаға көшу әрқашан бір өлшемнен екінші өлшемге көшу болып щығады. Өлшемнің бұзылып, зат сапасының өзгеруін секіріс деп атайды.

Секіріс өте қысқа мерзімді және едәуір ұзаққа созылуы мүмкін.

Секірістің ұзақтығы құбылыстың жаратылысына, сол сапалық өзгерістің болатын нақты жағдайларына және осы секірісті туғызатын себептерге байланысты.

Секіріс сапаның бәрі бірден өзгеріп, оның орнына бірден жаңа сапа пайда болатындай жағдайда өтуі мүмкін.

Секіріс көбінесе ескі сапаның жойылып, оның орынын жаңа сапаның элементтері басу жалымен болады. Сонымен диалектиканың екінші заңы заттар қандай өзгерістерге ұшырадайды, бұл өзгерістер өз ара қалай байланысқан деген сұраққа жауап береді. Сол өзгерістердің сапа өзгерістеріне және керсінше айналу заңы дамуды сапа жағынан жаңа заттар мен құбылыстардың шексіз пайда болуы процесі, бір затардың екінші заттарға айналу процесі деп сипаттайды. Өзгеру процесінің қандай да болсын бір бастама пункті мен нәтижесі арасында, бұрын болған ескі құбылыстар мен олардың орынына келген жаңа құбылыстар арасында қандай байланыс бар?

Бұл сұраққа жауап беру үшін теріске шығару ұғымын қарастыру керек. Ескі мен жаңаның өзара қатынасын қарастыған мына процесс көзге түседі; ескі жойылады, жаңа пайда болады. Бұның негізін ескіден безгендік, ажырасқандық деп түсінуге болмайды. Даму барысында жаңа ескіні теріске шығара отырып, оның ішінде, күн озған, өзгерген, жаңа жағдайға үйлеспей қалған нәрсенің бәрін лақтырып тастайды. Ал жойылып бара жатқан ескі құбылыстағы қонымды нәрсенің бәрі сақталып, жаңаға біте қайнасып, енеді.

Кез келген зат өзінің бұрынғы тіршілік түрлерін теріске шығармайынша ешуақытта дами алмайды.

Диалектикалық терістеу – дамудың қозғаушы күші.

Егер бір зат, құбылыс екінші бір затты, құбылысты құртып, жойып жіберсе, бұл терісту болып есептелмейді. Бұл терістеу заттың сыртқы қарым-қатынасынан туындайды. Мұндай терістеу заттың одан әрі даму барысын тежейді.

Мысалы, өсіп келе жатқан шөпті тамырымен жұлып алып, лақтырып тастаса, онда даму барысы тежеледі.

Әрбір жаңа құбылыс ескі құбылысты теріске шығарады, яғни оны керексіздендірмей тастайды, мұнымен бірге оның кейбір жақтарын сақтап қалады. Бірақ уақыт жеткенде ол да ескереді, оны басқа бір құбылыс теріске шығарады.

Бірінші теріске шығарумен салыстырғанда бұл теріске шығару енді теріске шығаруы теріске шығару болыр табылады.

Материя мүлде жоғалмайды, ол бір формадан екінші формаға ауысады. Жаңа мен ескі қарама-қарсы. Олардың күресі барысында жаңа ескіні жеңеді, жаңа ескіні терістейді. Ескінің негізінде және күрес барысында жаңа отырып, жаңаның пайда болуын терістеу деп атайды.

Терістеу дегеніміз – белгілі бір зат пен құбылыстардың қайшылықтарын ашу, оларды шешудің жолдарын анықтау, жаңа сапаның пайда болуына мүмкіндік туғызу.

Сонымен терістеуді терістеу заңы даму процесінде ескі мен жаңаның арасында қажетті байланыс болатынын ашты.

Қорыта келгенде, деалектиканың негізгі заңдары өзара тығыз байланыста,өйткені олардың бәрі дамудың бір тұтас процесінің әр жақтарын сипаттайды. Қарама – қарсының бірлігі мен күрес заңы даму неліктен болады деген сұраққа жауап береді.

Сан және сапа өзгерістерінің өзара өзара ауысу заңы даму процесінің негізін ашып береді.

Терістеудің терістеу заңы, ескі мен жаңаның өзара қандай байланысы болатынын анықтап бередіі.

Диалектика даму процесін, оның күрделі, қиын жақтарының бәрін ашып береді. Сондықтан біз оны даму туралы ең жан – жақты, ең терең ілім деп білеміз. Дүниеге диалектикалық көзқарасқа қарама – қарсы метафизикалық көзқарас қалыптасқан.

Метафизика – дүниені ешбір өзгеріссіз деп тану.

Бұл терминді ең алғаш болып қолданған Аристотель.

Метафизика- сезімдермен тануға болмайтын, тек ақылмен ғана мәніне жете алатын түркі бастаулар туралы ғылым.

Метафизиканы диалектикаға қарсы ойлау тәсілі мағынасында алғаш қолданған Гегель.

Ол танымдағы, ойлаудағы бір жақтылығын, әр нәсенің өзгерісін ескермейді.Әр заттың нақты белгілі, қасиеттерін оқшау алп қарайды. Диалектика мен метафизика арасындағы басты айырмашылық – дамудың себептерін түсінуде.

Метафизика не өзгерістің, дамудың қайдан, қалай туатынына соқпайды, не болмаса мұны сыртқа себепке аударады.

Диалектика өзгеру мен дамудың түп тамырын заттардың өзінде деп біледі.





Қайдалауға арналған сұрақтар.

  1. Заттар мен құбылыстардың өзгеруінің, дамуының қайнар көзі қандай?

  2. Сапа өзгерісінің сан өзгерістерінен айырмашылығы неде?


Тапсырма: Диалектиканың 3 заңын Венн диаграммасы арқылы салыстырыңыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!