Диалогтік оқудың тиімділігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Диалогтік оқудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақта пікірлесу ортасын құрудың, сындарлы диолог жүргізудің жолдарын үйреніп, іс-тәжірибелерінде қолдану шеберлігін арттырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы

Диалогтік оқудың тиімділігі



Жалпы мақсат:

Диалогтік оқыту тиімді педагогикалық тәсіл екендігін ұстаздардың  шеберлігі мен  іс-тәжірибесіне сүйене отырып түсіндіру,бағыт-бағдар бере отырып оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін жүргізілетін тапсырмалар түрімен таныстыру.Диалогтік оқыту, әңгіменің түрлері мен сұрақтың түрлері жайлы түсінік қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

Сабақта пікірлесу ортасын құрудың, сындарлы диолог жүргізудің жолдарын үйреніп, іс-тәжірибелерінде қолдану шеберлігін арттырады. Алған білімді өз тәжірибесінде қолданады;


Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 42-46 б.б.

Түйінді идеялар:

Әңгімелесу- оқушының белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын негізгі құрал

Сабақта қолданылатын ресурстар:

А-3, А-4 флипчарттары, маркер, қалам, стикерлер, Power point таныстырылымы.

Модульдер:

Диалогтік оқыту, СТО, АКТ

Тапсырмалар:

Әңгіме дебаттан зерттеушілік әңгімеге ұласатын сұрақтар мен тапсырмалар беру.

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті


Орындауға берілген тапсырмалар

Жағымды психологиялық ахуал туғызу


1. Мұғалімдермен амандасу:

Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Бүгінгі «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру» тақырыбындағы коучингімізге қош келдіңіздер! Өзара әріптестік үдерісіміз сәтті болсын дей отырып, сіздерге шығармашылық табыс тілеймін.

  1. «Мадақтау» тренингі арқылы мұғалімдер көңілін көтеру.

Топқа бөлу

Мұғалімдерге қима қағаздар үлестіріледі. Қима қағаздағы гүлдердің суретін құрастыру бойынша 3 топқа бөлінеді бойынша топқа бөлінеді.

1-топ: «Қызғалдақ»

2-топ: «Раушан»

3-топ: «Түймедақ»

Тапсырма №1

«Сұрақ қою шеберлері»

 Топ мүшелері берілген гүлдер бойынша толық мәлімет алатын сұрақтар дайындайды.

Тапсырма №2


Әр топтан бір қатысушы өзге топтарға сұрақтар қояды.

Топ мүшелері сұрақтарға жауап беріп, гүл туралы қызықты деректер мен мәліметтер айтады.

Тапсырма №3

Power point таныстырылымы арқылы коуч сұрақтың түрлері туралы мағлұмат береді.

Диалогтік оқытуда сұрақ қою маңызды орын алады.

Сыныпта бастама жасайтын және оны бақылап отыратын адам ол мұғалім (Мерсер)
Сұрақтардың түрлері:

Төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар.

Төмен дәрежелі сұрақтар (жабық немесе дұрыс емес).

Төменгі дәрежелі сұрақтар ол жаттап алуға бағытталған сұрақтар немесе мұғалімнің сұраққа өзі жауап беруі.

Жоғары дәрежелі сұрақтар белгілі бір жолмен ақпаратты қолдануға, қайта құруға кеңейтуге, талдауға бағытталады.

Оқушының білім алуын қолдау үшін:
түрткі болу, сынамалау және қайта бағыттау техникаларын пайдаланамыз.
Түрткі болу: сұрақты қарапайым етіп қою, өткенді пысықтау.
Сынамалау: толық жауап беруге, ойын толық айтуға итермелейді."Сіз мысал келтіре аласыз ба? "деген сұрақтармен бағыттайды.
Қайта бағыттау - сұрақты басқа оқушыларға бағыттайды."Көмектесе алатындарың бар ма?" деген сұрақ қойылады.

Тапсырма №4


  1. Интербелсенді тақтадан « Болайық бірге» әнінің қазақша және өзбекше нұсқадағы бейнебаяны көрсетіледі.

  2. «Ойлан, жұптас, талқыла»  әдісі бойынша бейнебаянды жан-жақты топта талқылайды. Әр топ бір-біріне сұрақ қояды және жауаптарын тыңдап, ой-пікірлер айтады.

Әңгіменің үш түрі таныстырылым

Power point таныстырылымы арқылы коуч «Диалогтік оқыту» туралы мағлұмат береді.

Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады (Мерсер мен Лилтон). Оқушылардың көбірек білетін басқа біреумен (сыныптастары немесе мұғалімі) диалог жүргізуге мүмкіндігі болған жағдайда, оларды оқыту оңай болады (Выготский).

Мерсердің зерттеуіне сәйкес әңгімелесудің үш түрі бар:

  1. Әңгіме-дебат

  2. Кумулятивтік әңгіме

  3. Зерттеушілік әңгіме.


1.Әңгіме-дебат.

Ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады; ресурстарды біріктіруге бағытталған талпыныс жасалады; қарым –қатынас көбіне “Иә, бұл солай”, “Жоқ, олай емес” деген бағытта жүзеге асады; орта бірлесуге қарағанда, көбіне бәсекелестікке бағытталған болады.

Айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әр – қайсысы механикалық түрде келісе беруі;

2.Кумулятивтік әңгіме

Әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдайды; идея қайталанады және жасалады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді;

3.Зерттеушілік әңгіме.

Әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;

Әркімнің идеясы пайдалы деп бағаланғанымен, мұқият бағалау жүргізіледі;

Қатысушылар бір-біріне сұрақтар қояды;

Қатысушылар дәлелдемелер жасайды;

Топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге жетуі де, жетпеуі де мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу).

Дәлелдемелер арқылы нақты пікір қалыптасады.


Кері байланыс


«Көңіл-күйді салу»

Бүгінгі коучингтен үйренгендерін, көңіл – күйін стикерге маркер, қарандаш, фломастермен смайлик, жапырақтар, гүл, күн немесе бұлт т.б. түрінде салады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2018
509
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі