Материалдар / Диаспорлогия диаспора ғылымы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Диаспорлогия диаспора ғылымы

Материал туралы қысқаша түсінік
Диаспора тарихы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
739
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Орындаған. Серікқан.Е.Е

1.Диаспорология диаспора және ирредента ұғымдарына түсінік

Қазақ «ирредентасы» мен «диаспорасы» ұғымы

Бүгінде әр түрлі мемлекеттердің өзара қарым-қатынасындағы тұрақтылық қазіргі халықаралық құқықтар нормасын сақтауға негізделеді. Халықаралық құқықтың негізгі қағидаты (постулаты) мемлекеттердің аумақтық тұтастығын сақтау. 1997 жылы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңында: ...«диаспора — халықтың өзінің тарихи отанынан тыс жерде өмір сүретін бір бөлігі (этностық тобы)», — деп көрсетілген.

Ирредента дегеніміз — этностың өз тарихи отанында тұрып жатқан, алайда ол аумақ түрлі себептермен өзге ел құрамына еніп, соған байланысты сонда қалып қойған этникалық азшылық. Қазақтардың Қазақстаннан тыс жерлерге орналасуы қазақ халқының өміріндегі бірқатар ірі тарихи оқиғаларға байланысты. Бұл үдеріс айтарлықтай көп уақытты — XVII—XVIII ғасырлардан XX ғасырдың ортасына дейінгі кезеңді қамтиды. Осы кезең оқиғаларықазақ диаспорасын қалыптастыруға негіз болды.Қытайдағы қазақ ирредентасының қалыптасуы XVII ғасырда қазақ-жоңғар соғыстары кезінде басталып, XIX ғасырдың екінші жартысында — Ресей—Қытай шекарасын белгілеу кезеңіне дейін жалғасқан.Ал Ресейдегі қазақ ирредентасы XVIII—XIX ғасырларда Ресей империясының қазақ жерін отарлауы кезінде қалыптасты. Батыс, Солтүстік және Шығыс Қазақстан шекарасындағы жерлердің 1921 жылғы әкімшілік шекара белгілеу кезінде РКФСР пайдасына бекітілуі Ресейдегі қазақ ирредентасының қалыптасуына негіз болды. Орталық Азиядағы қазақ ирредентасы 1918 жылы Түркістан АКСР-і және 1920 жылы Қазақ АКСР-і құрылуымен байланысты. Бұл бағыттағы келесі қадам 1924—1925 жылдары Орталық Азия мен Қазақстан аумақтарын ұлттық-мемлекеттік межелеу болды. Қазақстан аумағынан тыс жерлерде шамамен 4,5 млн қазақ тұрып жатыр. Олардың 1/5 бөлігі ғана диаспораға жатса, қалған бөлігі қазақ ирредентасы. Мысалы, қазақ ирредентасы Қытайда ұлттық үш облыс, екі округ, бір уезді иеленіп отыр. Ал Моңғолияда бір Баян Өлгий аймағында орналасқан.

Шетелдердегі қазақ ирредентасы мен диаспорасының пайда болуы

XVII—XVIII ғасырлардағы қазақ-жоңғар соғысы тұсында Қазақ мемлекетінің шекарасын анықтау аса зор қажеттілікке айналды, Бірнеше жыл қатарынан болған соғыс кезінде жоңғар жеріне шектес жатқан Жетісу аймағындағы жайылымдар үшін күрес қызу жүрді. Әсіресе «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталған қайғылы жылдарда қазақ халқы азып-тозып, бет-бетіне шашырап кетті.

1723—1725 жылдары, демограф М.Тәтімовтың есебінше, қазақ халқының шығыны 1 млн 100 мың адам болған екен. Қазақтар атамекенінен ауа көшіп, Ұлы және Орта жүздің бірсыпыра рулары Орталық Азия мен Ресейге бағыт алды. Осы кеткен қазақтардың көпшілігі отанына қайтып оралған жоқ, өйткені 1758 жылға дейін Жетісудың бір бөлігі, Орталық Азияның солтүстік аудандары, Түркістан және Ташкент қалалары Жоңғарияның қол астында қала берді. Жоңғар хандығын Цинь империясы жойып жібергеннен кейін қалмақтар басып алған қазақ жерлері де Қытай қарамағына өтіп кетті.

Қазақтар дипломатиялық жолмен Тарбағатай төңірегіндегі жайылымдық жерді қайтарып алуға тырысты. 1763 жылы 5 қыркүйекте Қытай императоры Цяньлун Шыңжаң билеушілеріне арнаған арнаулы жарлығында қазақтар мен қырғыздардың Шу, Талас өзендері аймағында және Іле өзенінен батысқа қарай, Аягөздің оңтүстік жағындағы жерлерде көшіп-қонуына тыйым салды. Тыйымға қарамастан, қазақтар Тарбағатай мен Жетісуға көшуін тоқтатпайды. Сөйтіп, бұл аумақтар екі жақтың арасында дау туғызды. Бұл кезеңде Ресейдің Орталық Азияға ықпалы артып, Цин империясының беделі бәсеңдей түсті. 1864 жылы 25 қыркүйекте орыс-қытай шекарасын межелеу туралы Шәуешек хаттамасына қол қойылды. Бұл келісім бойынша Қытайдың Ресеймен батыс өлкесінің шекарасы анықталды. Шекара сызығын жүргізу кезінде Тарбағатайдағы қазақтардың жайылымы Цинь империясына ауысып, жергілікті қазақ рулары Қытайдың боданына айналады. Ливади (1879 жыл 20 кыркүйек) және Петербург (1881 жыл ақпан) келісімшарттары бойынша Іле өлкесі Қытайға тиесілі жер болып бекітілді. Орта жүз бен Ұлы жүздің біраз бөлігі, көбінесе найман, албан жәнекерей рулары Батыс Қытайдың қол астында қалып қойды. Сөйтіп, халықтың негізгі құрамынан бөлініп қалған қазақ шоғырлары алғаш рет қазақ-қытай шекара сызығын белгілегенде пайда болды.Шет мемлекеттердегі қазақтардың тарихы мынадай жағдайда қалыптасты.

Бірінші кезең — XIX ғасырда Қазақстан аумағын Ресей империясы мен Циндік Қытай мемлекеттерінің бөліске салуы нәтижесінде Алтай өңірі мен Жетісу қазақтары Моңғолия мен Шығыс Түркістанда қалып қойды. 1883 жылы Шығыс Түркістан қазақтарына бір жылдың ішінде екі мемлекеттің біреуін таңдау міндеті қойылды. 1884 жылы Маньчжур-Цин империясы Жоңғария жерлеріне Шыңжаң (Жаңа өлке) деген атау беріп, өзінің қол астына ресми түрде қосып алды. Алайда шекаралық аудандағы қазақтар шекараны әрі-бері кесіп өтіп көшуді көпке дейін жалғастыра берді. Осылайша Қазақстанмен шектесетін Шығыс және Оңтүстік-Шығыс өңірлерде ирридент қазақтар алғаш рет пайда болды. Бұл қазақтардың әр түрлі мемлекеттердің құрамына бөлшектенуі ұлттың біртұтастығына зиянын тигізіп, ұлттың бір-бірінен ажырап, бір бөлігінің оқшаулануыма әкелді. Дегенмен Қытайдың қол астындағы қазақтардың Ресейдің құрамындағы қалың қазақ еліне қосылуға деген табиғи ұмтылыстары сақталып қалды. Кейін оларға Ресейдің отаршылдық езгісінен қашқан қазақтар қосылды. Ал қазақтардың бір тобы жаңа жер іздеп Ертіс бойымен ХІХ ғасырдың басында Алтай аймағына көшіп барады. Алтай тауының Өр және Теріскей бөлігі Шыңжаң әкімшілігіне қарады. 1912 жылы құрылған Моңғолия мемлекетінің құрамына Қобда қазақтары да енді.

Екінші кезең — 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басып-жанышталғаннан кейін қазақтардың жаппай ауа көшуі байқалды. Ресей әскері Шыңжаңға өтпекші болған қазақтарды зеңбірекпен атқылайды. Қазақтардың біразы қырылып, қалғаны Қытай шекарасына қарай қашады. 1916 жылы Қазақстаннан Қытайдағы Шығыс ТүркістанныңІле, Шәуешек, Алтай аймақтарына кеткен босқын қазақтар мәселесін Шыңжаң үкіметі бейбіт түрде шешуге тырысып бақты. Шекараны бұзып барған қазақтарды бейбіт,мәмілегерлік тәсілдермен кейін қайтарып жіберуге бар күшін салды. Себебі, Тарбағатайдағы шағын қытай әскерінің саны көп босқындарды тоқтатуға әлі келмеді. Сонымен бірге босқындармен немесе орыс әскерлерімен қақтығыс Шыңжаң өлкесінде де дүрбелең туғызуы мүмкін еді. Қытайға қарай толассыз ағылған босқындар легін тоқтатуды талап етіп Іле өлкесінің бас бақылаушысы Ресей елшісіне наразылық нотасын да тапсырады. Қытай үкіметі босқын халықты өз еліне қайтару мақсатында әскер шығарады. Қытайдағы «босқын қазақтар» мәселесі Қытай үкіметін де біраз әуре-сарсаңға салды. Шыңжаңда оған дейін де 500 мыңдай тұрғылықты қазақтар болды. 1916 жылы Орталық Азия мен Қазақстаннан барған қазақтар Іле, Тарбағатай, Алтай, Ақсу, Қашқар аймақтарына қоныстанды. Әсіресе ауа көшу Жетісуды көбірек қамтыды. Ашыққан, күйзелген адамдар тобы Қытаймен шекараға жақын өңірлерге ығысты. Үрімші, Құлжа, Ақсудағы босқындар лажсыздықтан тиын-тебен үшін бай қытайларға жалданды. 1917 жылы Іле бойына келгендердің көп бөлігі — 200 мыңдай адам Қазақстанға қайтарылды. Алайда алғашқы қайткан қазақтарды Қаракөл деген жерде оқтың астына алып, 700 адам қаза тапты. Бұл қырғынды естіген қалған бөлігі Қытайдан кетуден бас тартады. Олар осындағы байырғы қазақтармен араласып кетеді.Қазақ ирредентасының одан әрі кең етек алуына Ресей отаршылдығы да тікелей ықпал етті. Өзбекстандағы қазақтар патшалық Ресейдің Орталық Азия мен Қазақстан жерін саяси-әкімшілік жағынан бөлуі барысында пайда болды. Бұл әкімшілік бөлініс халықтардың ұлттық мүддесі және этностық орналасу тәртібімен санаспай жүргізілді. 1867 жылы бұрынғы Қоқан хандығы иеліктері жерлерінде Түркістан генерал-губернаторлығына енген Сырдария облысы Ташкент уезінің 28 болысының 17 болысында қазақтар тұрған. Ташкент уезінің Шыршық, Қарасу (Тайтөбе) аудандарында қазақтар басым болды. Қарасу, Келес өңіріндегі халықтар түгелдей қазақтардан тұрды. Ал Ангрен тобының Осман болыстығында қазақтар жергілікті халықтың көпшілігін құрады. Жалпы, Ангрен өңірінде көбінесе құрама халықтар мекендеген. Олар әр түрлі ұлттардың қосындысынан туған халықтың бір тобы. Олардың ішінде өзбектеніп кеткен тәжіктер, қалмақтармен бірге қазақтар да болды. Шындығында, олардың тұрмыс-салты, тілі, түр-тұлғасы қазақтарға ұқсас. Құрамалардың ішінде қазақ рулары кездеседі. Сонымен, XX ғасырдың басында Ташкент уезінің 64,1% халқын қазақтар мен құрамалар құрады. Ресей өкіметінің қазақтардың жерін тартып алып, орыс шаруаларын қоныстандыруынан Сырдария облысы Ташкент уезі қазақтарының көші-қон аумағы қысқарды. Олар көбінесе отырықшы елді мекендерге баруына тура келді. Өзбекстанның қазіргі Ташкент облысы аумағындағы қазақтар саны кеми бастады. Олардың бір бөлігі Орталық Азияға ішкерілеп еніп, Бұхараға, Әндіжанға, Ферғанаға, Тәжікстанға, Түрікменстанға қоныс аударды.Мұнда ежелден тұрып келе жатқан қазақтардың орнын қоныс аударған орыс шаруалары басты. 1915 жылға дейін жалпы саны 200 мың қазақтар сыртқа кетуге мәжбүр болды. Орталық Азия мен Ресей Федерациясына іргелес жерлерде қазақтар ежелден-ақ қоныстанып келді. Оларға 1916—1921, 1931— 1933 жылдардағы аштық пенголощекиндік геноцидтен қашқандар қосылды.

Жалпы, Қарақалпақстандағы, Түрікменстандағы, Өзбекстандағы қазақ диаспорасы да осылай қалыптасты. Ал ат-көлігі барлар одан әрі Ауғанстан, Иран елдеріне асып кетті. Сондықтан Ауғанстан қазақтары, негізінен, Кеңес өкіметінің қысым көрсетуінен Сырдария бойынан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстаннан ауып барғандардан тұрды. 1978 жылы Ауғанстандағы төңкерістен кейін қазақтар Иранға өтіп кеткен.Маңғыстау өлкесін мекен еткен адай тайпаларының бір бөлігі көшпенділік салтымен қазіргі Түрікменстан аумағындағы Жаңғақ, Балқантауға дейін мекен етіп келген.Кеңес Одағы құрылғанға дейін қазақтар Жаңғақ, Бесқала маңын атамекені деп санаған. 1897 жылғы халық санағы бойынша Закаспий облысына енген Красноводск, Ашхабад, Мерв, Тәжен уездеріндегі бүкіл халықтың бестен бір бөлігін (72 589 адам) қазақтар құраған. Демек, аталмыш өңірлердегілерді қазақтар ирредентасы деп толығымен айтуға болады.Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі кеңестік таптық реформаларға жұт пен аштық сияқты табиғи апаттар қосылып, халық күйзелген жылдары қазақтар Маңғыстау түбегінен Түрікменстанға, одан әрі Ауғанстан, Иран елдеріне кетуге мәжбүр болды. Түрікменстанның Шағадам, Байрамалы, Бесқалада қоныстанған қазақтар тұрмыс-салттары, діні мен тілі туыстас түрікмен, өзбек халқымен тез тіл табысып кетеді.Туған жерінен қол үзіп келгендерге түрікмен халқы қонақжайлық көрсеткенін қазіргі оралмандар ерекше ризашылық сезіммен атап өтеді.Иран еліндегі қазақ диаспорасы, негізінен, Бендер-Түрікмен,Гүрген, Күмістөбе кенттерінің төңірегінде орналасқан. Ирандағы қазақтар көбінесе Маңғыстау өңірінен кеткендерден тұрады.Иран еліндегі қазақтарды екі топқа жіктеуге болады. Олардың біріншісі Иранға 1930 жылдардың бас кезіндегі аштық жылдарында Маңғыстау өңірінен қоныс аударғандар, екінші тобы Ауғанстаннан Иранға қоныс аударып келгендер.

Үшінші кезең — Азамат соғысы жылдардағы қазақтарды күштеп отырықшыландыру және ұжымдастыру жылдарында қазақтардың шетел асуы. Халықтың босқыншылыққа ұшырауының басты себебі — күштеп ұжымдастырудағы асыра сілтеулер, бұрмалаулар мен аштық еді. 1932—1933 жылдары жабық шекарадан өту көп шығынға ұшыратты. Шекара бойындағы ОГПУ қызметкерлері ауа көшкен әлсіз де аш қазақтарды шеп құрып, пулеметпен қарсы алды. Ауа көшу, негізінен, шекаралық аудандарды қамтыды.1931—1932 жылдардағы аштық кезінде қазақтар Батыс Сібір мен Орта Еділ бойына босып кетті. Олар бұрыннан сол жақта тұрып жатқан қазақ ауылдарын паналады. Орта Еділ, Орынбор өңірінде, Самара төңірегіне Батыс Қазақстан жерінен келген 50 мыңдай адам қоныстанды. Ал Батыс Сібірдің 33 ауданында 1932 жылы 46,6 мыңдай қазақ босқындары тіркелген.

1930 жылдан бастап қазақтардың Орталық Азия жеріне ауа көшуі кең ауқымда жүрді. Көрші республикалар — Өзбекстанға, Түрікменстанға, Тәжікстанға кетті. Қарақалпақжеріне Қазалы, Арал, Шалқар, Темір, Ақтөбе аудандарынан келгендер болды. Оңтүстік Қазақстаннан Орталық Азия республикалары арқылы Ауғанстан асқан қазақтар салыстырмалы түрде көп болған жоқ. Кейін қазақ босқындарын Қазақстанға қайтару жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыста С.Меңдешев көп еңбек сіңірді. Дегенмен босқындардың жартысына жуығы барған жерінде қалып қойды. Өзбекстанның Әндіжан, Хаваст, Самарқан, Қаттақорған, Ташкент ауданындағы босқын қазақтарды да елге қайтару ісі жүргізілді. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату кезеңіндеКеңес автономиялық республикасын құру мақсатында әкімшілік шекараны анықтау шаралары жүзеге асырылды. Ақгвардияшылар мен интервенттерден босатылған Қазақстан мен Сібір аумақтарында Қырревком (қырғыз (қазақ) революциялық комитеті) және Сибревком (Сібір революциялық комитеті) құрылды. Сібір жерлерінің азат етілуіне орай Сибревкомға Ақмола және Семей губерниялары бағындырылды. 1921 жылы сәуірде бұл екі губерния Қазақ АКСР-інің құрамына енгізілді. Алайда қазақтар мекендейтін бірқатар аудандар РКФСР-дің құрамында болды. 1926 жылғы 17 желтоксандағы бүкілодақтық халық санағының деректері бойынша Сібір өлкесінде 48 392 қазақтар өмір сүрген. 1920 жылы тамыз айындағы Қазақ АКСР-і құрылуы кезеңінде батыс шекарадағы бірқатар аумақтар (Астрахан, Саратов облысының кейбір аудандары) республика құрамына кірмей қалды. 1925 жылы астана Орынбордан Қызылордаға ауысқаннан кейін Орынбор мен оның маңындағы жерлер РКФСР-ге берілді. РКФСР-дегі қазақ ирредентасы осылайша пайда болды. Сонымен, Өзбекстандағы, Түрікменстандағы, Ресейдегі қазақтардың бір бөлігі өз жерінде тарихи себептермен бөлініп қалғандар тобына жатады. Кейін оларды 1929—1930 жылдары келгендер толықтырды.

2.Қазақстанда диаспорология ғылымының дамуы

Диаспора — грек тілінде белгілі бір халықтың (этникалық қауымның) біраз бөлігінің өз елінен тыс өңірге орын тебуін білдіретін ұғым. Диаспораның күштеп ығыстыру, жойылып кету қаупінің төнуіне байланысты да қалыптасуы ықтимал. Ал диаспорология болса, диаспораның қалыптасу және өзгеру тарихы мен динамикасын зерттейтін ғылым саласы.

Біздің елімізде қазақ диаспорасының пайда болуы мен өзгеру мәселелерін арнайы қарастыратын ғылым саласы қалыптасты. Сондай-ақ қазақ диаспорасын зерттеумен тарих ғылымы ғана емес, этнология, демография, ұлттық психология, т.б. ғылымдар айналы суда. Бұл ғылым салалары қазақ этносын өздеріне тән әдіс-тәсілдермен жан-жақты зерттеу үстінде.

Диаспорология осы аталған ғылыми бағыттар жинаған деректерге талдау жасайды. Сөйтіп, белгілі бір бөлігі өзінің этностық отанынан тыс өмір сүріп жатқан этнос туралы тұтас білімдер жүйесін қалыптастырады. Басты мәліметтер ретінде диаспораның қалыптасу себептері мен кезеңдеріне қатысты тарихи дәйектер мен оқиғалар, диаспораның мәдениеті, дәстүрі, тұрмысы, саны жөнінде түрлі деректер, жас-жыныстық, кәсіби құрамы, т.б. деректер алынады.Қазақстаннан тыс жерде өмір сүріп жатқан қазақтардың басым бөлігін қазақ ирреденталарына жатқызуға болады.Қазақ диаспорасы қазақтардың Қытайға, Орталық Азия мемлекеттеріне, Ауғанстан, Иранға, одан әрі Үндістан, Пәкстан, Түркияға қоныс аударуының нәтижесінде дүниеге келді.Қазақ диаспорасы біртекті емес, әр типті, өйткені ол ұзак уақыт бойына, әр қилы жағдайларда қалыптасты. Қазақ диаспорасы басым түрде саяси күштеу шараларының салдарынан пайда болды. 1960 жылға дейін саяси қысым көрсетудің салдарынан болған мәжбүрлік көші-қон, 60-жылдардан кейін экономикалық себептерге, яғни неғұрлым жоғары өмір деңгейін іздеген еркін көші-қонға ұласты. 1960 жылдарға дейін дүние жүзі бойынша қазақтардың көшіп-қонуы жаппай сипат алса, одан кейінгі кезеңде жекелеген адамдардың орын ауыстыруына ұласты. Сондықтан Батыс Еуропа, араб елдерінде және АҚШ-та қазақтар шашырап орналасқан. Бірақ Түркия сияқты Азия елдерінде қазақ диаспорасының үлкен шоғырын да кездестіруге болады.Қазақ диаспорасын біріктіріп тұрған негізгі нәрсе — олардың өздерін қазақ этносына, оның құрамындағы белгілі бір руға тән екендігін мойындауы, этникалық тілі менсалт-дәстүрін жоғалтпауы. Қазақ диаспорасына тән сипат — өзі өмір сүріп жатқан ортасында сандық тұрғыдан азшылық болуына қарамастан өз ерекшеліктерін құндылық ретінде сақтап қалуы. Көшпелі қоғам сыртқы және ішкі жағдайларға бейімделуге икемді ашық жүйе болып табылады. Қазақтар өзінің тектік, рулық бөлінісін қатаң сақтай отырып, дүниені танудың әр алуандық сипатындағы өзге діндер мен өзге мәдениетті Кеңінен қабылдай алатын ділі бар халық.

Қазіргі диаспорология гуманитарлық ғылымның ең бір қызықты бағыты, өйткені қазақ диаспорасының қалыптасу және даму мәселесі әлі толық зерттелген жоқ. Бүгінгі қазақ диаспорасы — сыртқы ықпалдарға байланысты ылғи да өзгерісте болатын организм.Қазіргі кезеңде барлық саяси, экономикалық және мәдени үдерістер жаһандық сипат алған жағдайда диаспораның рөлі мен мәніне де көзқapac өзгерген. Диаспора қазіргі жағдайда тарихи отанымен және өзі өмір сүріп жатқан елдің өмірімен тығыз байланыста қарастырылады. Орналасу ауданына, шоғырлана өмір сүруіне, саны мен даму деңгейі (білім, мәдени, экономикалық) жағдайына қарай диаспора мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас, ынтымақтастықты күшейтуге әсер етуі мүмкін.

Қазақ диаспорасының қоныстану аумағының кеңеюі

Қазақ диаспорасының Үндістан, Пәкстан, Түркияға таралуы Қытайдағы оқиғаларға байланысты болды. XX ғасырдың 30-жылдарында Шыңжаңда Ханзу (Қытай) ұлтынан өзге халықтарды ұлттық және діни жағынан кемсіту күшейе түсті. Аз ұлт өкілдері, оның ішінде қазақтар да көтеріліске шықты. 18 мыңдай қазақтар Алтайдан Ганьсу мен Синхайға жер аударылды немесе өздері қашып барды. 4 мыңдай қазақтар оңтүстікке қарай жылжуды жалғастырып, тибеттіктермен соғыса жүріп, 1 жылдан аса көшкен ел 1941 жылы Гималай арқылы Үндістанның Кашмир қаласына жетті, көп адамдар жолда мерт болды. Бұл босқындар Үндістандағы қазақтардың алғашқы ірі толқыны болатын.1944 жылы Шыңжаңға Гоминьдан әскері енгізілді. Бұл жерде қалған қазақтар тағы да бас сауғалауға кірісті: олардың бір бөлігі уақытша паналау үшін Шығыс Қазақстан облысының аумағына өтті. 1949 жылы Қытайда билік басына коммунистік партия келеді. 1949— 1950 жылдардың күзі мен қысында қазақтар қытайлық коммунистермен келіссөз жүргізіп, діни бостандық, көшпелі өмір салтын сақтау және Шыңжаңда еркін көшіп-қонуға рұқсат ету кепілдіктері мәселесін талқылады. 1950 жылы 28 наурыздаБаркөл ауданында қазақтардың құрылтайы өтіп, онда Шыңжаң қазақтарының бұдан былайғы тағдыры сөз болды. Туған жерді тастап, туыстарының өмірін сақтан қалу керек пе, әлде тең емес шайқаста айқасып өлу керек пе? Көпшілігі Үндістан бағытында жылжуды жалғастыру керек деп шешті. Олар Тибет өлкесіндегі Гималай таулары арқылы 2 мың шақырым жерді жаяу азаппен жүріп өтті.1951 жылы тамыз айында босқындар үш топ болып Үндістан шекарасына жетті. Бұл Кашмирге келген қазақтардың екінші толқыны болатын. Бір айға созылғанкеліссөзден кейін қазақтар Үндістанға енгізілді. Алайда көп ұзамай Үндістанның тәуелсіздік алуына байланысты қазақтар тағы да қиыншылыққа тап болды. Тілі мен діні басқа елде күн көру оңайға түспеді. Олар мұсылман болғандықтан, жаңа құрылған мұсылман мемлекеті Пәкстанға көшуге мәжбүр болды. Мұнда қазақтар қорғансыз кедейлік жағдайында өмір сүрді. Қытайға қайта оралар жолдары кесілген, Пәкістанда тұрақтап тұра алмай, азаматтық алу қиындық тудырып, болашақ күмәнді болғандықтан, қазақтар түпкілікті қоныс табу мәселесіне қайта оралды. 1951 жылы қазан айында Пешаварда «Қазақ босқындарының шығыстүркістандық қауымдастығы» құрылып, қазақтарды Түркияға көшіру мәселесімен айналыса бастады.1952 жылы 13 наурызда Түркияның министрлер кабинеті шығыстүркістандық қазақ босқындарының Үндістаннан, Пәкстаннан және Сауд Арабиясынан келуіне рұқсат етті. 1953 жылы қыркүйектен желтоқсан айына дейін Пәкстаннан Түркияға 1379 қазақтар көшіп барды. Сөйтіп, 20 жылға созылған Қытай қазақтарының көші 1954 жылға қарай Түркияда аяқталды. Алайда Түркияға мұсылман босқындарының иммиграциясы Пәкстан мен Үндістаннан ғана болып қойған жоқ. Бұған дейін 1947 жылдың 1 шілдесінде-ақ БҰҰ жанындағы халықаралық босқындарды ұйымдастыру (ХБҰ) дайындық комиссиясы Стамбұлда өз кеңсесін ашқан болатын. Осы ұйым арқылыТүркия,Германия,Аустрия, Италия, Франция және Швейцария сияқты елдерден де мұсылман босқындарын көшіріп алып, орналастыруға қаражат бөлініп отырды.Қазақтар Еуропа мен АҚШ елдерінде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана орналаса бастады. Олар, әдетте, Германиядағы бұрынғы әскери тұтқындар және Түркістан легионының мүшелері болды. Соғыстан кейін дүние жүзінде этностық азшылық, босқындар және басқа иммиграциялық тұрғындар өкілдеріне байланысты халықаралық конвенциялар мен келісімдер ерекше маңызды бола бастады. Еуропаның еңбек нарығы бұл кезеңде төмендегідей факторлармен сипатталады: экономикалық жәнедемографиялық жағдайлар соғыстан кейінгі шаруашылықты қалпына келтіру үдерісімен байланысты болды. Демографиялық фактор Екінші дүниежүзілік соғыста өте көп адамдар шығынына байланысты күрделене түсті. XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап Түркиядан батысеуропалық елдерге жұмысшы күші ағыла бастады. Иммигранттарды — Түркиядан шыққан жұмысшы күшін ең көп тұтынушылардың бірі ГФР болды, онда иммигранттардың осы түріне арналған «гастерарбайтер» — сырттан келген жұмысшы деген термин қалыптасты. 1967 жылы наурыз айында Швеция Түркиядан жұмысшы жалдау бюросын ашты. Біртіндеп қазақтар эмиграциясы Бельгия, Франция, Аустрия, Норвегия, АҚШ сияқты мемлекеттерді де қамти бастады. Қазақ-гастерарбайтерлерінің басты мақсаты — мемлекеттен алған қарыздарын қайтару және өз отбасының өмір сүру жағдайын жақсарту, капитал қорын жасау үшін ақша табуға ұмтылуы. Сөйтіп, қазақ диаспорасының дүние жүзі елдерінде этностық өмір сүруге талпыныс үдерісі бірнеше ғасырларға созылды.

3. Шығыс Қазақстан өңіріндегі көп ұлттылықтың қалыптасыуыныңи тарихи алғышарттары.

Ұлтаралық қатынас көп ұлтты ҚазақстанРеспубликасында ерекше көңіл аударуды қажет ететін мәселелер қатарына жатады. Қазақстан жерін мекендейтін халықтардыңдостық, туысқандық қарым-қатынасы, оларды біртұтас мақсатқа жетелейтін жетекші ұлттық мүдде болуы қазіргі саясаттың маңызды бөлігіне айналды. Мұнда Түркиятәжірибесін мысал ретінде алуға болады. Кемал Ататүрік халқын біртұтас ұлттық қозғалысқа біріктіре отырып, ұлттық идеологияны қалыптастырды. Түркияның бүгінгі басшылары Ататүріктің жолын қуып, қазіргі заманға лайықты ізгілікті мақсаттарды көздейтін ұлттық мемлекетке айналған. Қазақстан да жаңа дәуірге бейімделген өзіндік жолын таңдап алды.Кеңес Одағы ыдырар алдында елде бұрын байқалмаған толқулар күшейді. Н.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» кітабында: «Ең қауіптісі — олар таза ұлттық cипат ала бастады. Ұлт мәселесінің соншалық асқындауы әуелі теориялық дәрменсіздіктен етек алды», — деп жазды. Ал XX ғасырдың соңында тек Кеңестер елінде ғана емес,бүкіл әлемде ауқымды ұлттық оянудың үдере бас көтеруі басталған болатын.Тоталитарлы жүйе тұсындағы жалпы мемлекеттік саясатқа эклектизм, яғни қарама-карсы әр түрлі философиялық көзқарастарды, теориялық алғышарттарды, саяситұжырымдарды қалай болса солай дәйексіз біріктіре салу тән болды. Соның нәтижесінде ұлттарды аға мен ініге теңеу саясаты, келеңсіз көріністер орын алды. Кеңес халқы тоталитарлық-саяси әдістермен біріккен қауым, оның мәдени негізі идеологияландырылған кеңес мәдениеті болды. Сол себепті саяси қатаң тәртіп сол әлсіреген кезде «адамдардың жаңа тарихи қауымдастығы» ыдырап кетті. Кеңес өкіметі құлағаннан кейін бұрынғы ұлт саясатындағы бір ұлтты жоғары қою арқылы, екіншілерін төмендету, екінші қатарға ысырып тастауға, империялық көңіл күйге, экстремистік әрекеттерге тосқауыл қойылды. Ұлт мәселесі «атылмаған жанартау» болудан қалып, ұлт мәселесінің ақылды, парасатты шешімдерді қажет ететіндігі мойындалды.

Бұл парасаттылықтың астарында әрбір қазақстандықтың өзін, ең алдымен, қазақстандық екендігін, сонан кейін өз ұлтының перзенті екендігін сезінгенде ғана ұлтаралыққарым-қатынастың жоғары мәдениеті қалыптасады. Сонда ғана шынайы ұлттық келісім мен шынайы саяси және қоғамдық тұрақтылыққа қол жеткізуге болады. Ол қазақстандық патриотизмге негізделуі қажет. Ұлтаралық, этностық топтар арасындағы келісім — барша азаматтың нәсіліне, ұлтына, діни сеніміне қарамастан қашанда бір-біріне көмекке келуге әзірлігі, психологиялық тұрғыдан дайындығы, достық қарым-қатынасын бейнелейді.Қазақстанның даму, өсу, өркендеу жолындағы басым бағыттарының бірі — ұлттық келісім, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейі екені даусыз.Әрине, ұлттық келісімге келгенде, әрбір адамның азаматтық құқы сақталуы шарт екендігі түсінікті. Сонымен қатар елдегі саяси тұрақтылықтың кепілі ретінде ұлтаралық келісіммен бірге халықтың әл-ауқатының жақсаруы да өз әсерін тигізеді.Қазақстан Республикасындағы ұлт саясатының бағдарламасы саяси тұрақтылықтың кепілі болып қала бермек. Күллі қазақстандықтардың теңдігін қамтамасыз ету үшінәділеттік принципі мен ұлтаралық татулық санасын қалыптастыру маңызды. Осыған орай еліміздегі қазақ ұлты мен басқа этикалық топтардың мәдениетін, жан-жақты дамуын қамтамасыз етудің маңызы зор.Қазақтар Кеңес Одағы ыдырап, көптеген ұлттық топтардың өз отанынан жырақта қалған жағдайын жақсы түсінеді. Тоталитаризм жылдарында қазақтардың өзі оның зардаптарын басынан өткерді, миллиондаған қазақтар шетелге кетуге мәжбүр болып, демографиялық апатқа ұшырады. Ендеше кеңестік тоталитаризм қазақ халкының басына да орны толмас бақытсыздықтар әкелді. Әрі халқымыздың басым көпшілігі өздерін Қазақстанның азаматы ретінде танитыны айдан айқын.Сондықтан азаматтыққоғам идеяларын жалпы ұлттық идеялармен үйлестіре отырып, республикадағы азаматтық қауымдастықты қалыптастыруға әбден болады. 1999 жылғы Бүкілхалықтық санақ Қазақстан тұрғындарының ұлт құрамында саны жағынан бірінші орында қазақтар, екінші орында — орыстар, үшінші орында —украиндар, төртінші орында — өзбектер, бесінші орында — немістер және т.с.с. болғандығын көрсетті.

Қазақтар Оңтүстік Қазақстан облысында — 13 мың, Алматы облысында — 925 мың, Шығыс Қазақстан облысында — 740 мың, Жамбыл облысында — 640 мың адам. Ал орыстар Шығыс Қазақстан облысында — 700 мың, Қарағанды облысында — 610 мындай, Қостанай облысында — 430 мыңдай, Солтүстік Қазақстан облысында — 360 мыңдай, Павлодар облысында — 330 мың, Ақмола облысында — 330 мың адам орналаскан.

Украиндардың ең көбі Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында шоғырланған. Беларустар Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарына көптеп түрақтаған. Өзбектердің көпшілігі Оңтүстік Қазақстан облысында түрады. Немістер Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында топтаскан. Татарлар Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында көптеп мекендейді. Ұйғырлардың көп бөлігі Алматы облысында, дүнгендер — Жамбылда, түріктер Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түрады. Корейлер Алматы облысында, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, күрділер — Алматы мен Жамбылда, ал тәжіктер, негізінен, Оңтүстік Қазақстан облысында көп шоғырланған. Тек 1989, 1999 жылғы санақ нәтижелері республикадағы этникалық топтардың қатарында орыстардың үлес салмағы төмендегенін көрсетті. Оған көші-қондық ағымдар, табиғи өсімнің азаюы, әлеуметтік жағдайдың нашарлауы кері әсер етті. Қазақстанға алыс және шетелдердегі қазақтардың көшіп келуі де жергілікті халықтың абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштеріне өзгерістер әкелді.19891995 жылдардағы орыстардың көші-қондық кері ағымдары қарқынды жүрді, нәтижесінде барлық облыстарда олардың абсолюттік санының азаюы байқалды.Қоныс аударушылардың көпшілігі 19791989 жылдары Оңтүстік Қазақстан, Жезқазған, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарынан шыкса, 1989-1993 жылдарыМаңғыстау, Қызылорда, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Талдықорған, Ақтөбе облыстарынан кете бастаған.Ал Қазақстандағы жалпы демографиялық жағдайға байланысты туудың кеми түсуі мен оның табиғи өсімге әсер етуі де орын алуда. Оған төмендегідей жағдайлар: қазақтарда көп балалы отбасынан орташа отбасыларға, орыстарда орташа отбасылардан аз отбасыларға ауысу жүріп жатыр. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрмысының шапшаң өзгеруі, көші- конның барлық түрлері және т.б. факторлар ықпал етті. Табиғи өсімнің азайып, өлімнің көбеюін және жастыққұрылымның қартаюын 19911995 жылдарда туған балалардың саны кестесінен көруге болады.Әсіресе демографиялық өсу қарқынының баяулай түсуі, негізінен, қала жұртының, кейіннен ауылдық жерлерде бала санының шектеле бастағанын білдіреді. Ал ұлттараралас тұратын ірі қалалар мен өндіріс орталықтарындағы халық саны ауылдан келушілер есебінен толығуда, яғни кенттену барысы жылдам жүруде. 1989 жылғы санақ қорытындысы бойынша Қазақстанның 50 қаласының 6-уында ғана қазақтар 50%-дан артады. Қалған қалаларда орыстар мен басқа ұлттар басым. Бірақ алдағы кезеңдекала тұрғындарының ішінде қазақтардың үлесі арта түспек деп күтілуде



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!