Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Дидактикалық материал
Материал туралы қысқаша түсінік
даярлық сыныпқа дидактикалық материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
30 Желтоқсан 2018
431
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақ тақырыбы: | Геометриялық фигураларЗаттардың қандай айырмашылығы бар? (1) | Мектеп: |
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: | жиындарды элементтерінің белгілері (нысан-дардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құрады және жіктейді. | |
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар: | ||
Ресурстар: | заттарды сұрыптауға арналған бос қораптар;төрт адамнан құралған топқа арналған әртүрлі заттар топтамасы бар қораптар (ішінде қарындаш, пластмассадан жасалған ұсақ ойыншық, текшелер, жазық геометриялық фигуралар);қосымша тапсырмаға арналған мата бөліктері. | |
Тірек сөздер | түс;пішін;өлшем. | |
Сабақтың мақсаты: | Заттардың негізгі қасиеттерін, яғни пішінін, түсін, өлшемін анықтау және тани білу мақсатында оқушылардың заттарды өз бетінше зерттеуіне жағдай туғызу. | |
Сабаққа байланысты деректі материалдар | Сабаққа қатысты ескертпелер | |
Бұл сабақ заттардың негізгі қасиеттерін, яғни түсін, пішінін, өлшемін анықтауға бағытталған. Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша айтыла-тын қорытындыны топтарда ұйымдастырылған өз бетінше іздену жұмыстары нәтижесінде шы-ғаруы тиіс. Сабақта алынған білім жиын және жиынға байланысты операциялар туралы түсінік қалыптастыруға негіз болып табылады. Заттарға қатысты үдерістерді графика жүзінде модельдей білу дағдысын қалыптастыруға ерекше назар аудару керек.Сыныпты төрт оқушыдан тұратын топтарға бөліңіз. Әр топқа арналған түрлі заттар топтама-сын дайындап қойыңыз: қарындаш, пластмассадан жасалған ұсақ ойыншық, текшелер, жазық геомет-риялық фигуралары бар бірдей қораптар. Ұсақ заттарды қораптарға салуда оқушылардың көмегі қажет екенін хабарлаңыз. Заттарды сұрыптауға арналған критерийлерді беріңіз. Түсі, пішіні, өлшемі деген тірек сөздерді бос қораптардың сыртына жазып қойыңыз.Оқушыларға ұсынылған заттарды топпен өз бет-терінше зерттеуді ұсыныңыз. Топтағы әрбір оқушының әрекетін бақылаңыз. Өз пікіріңізді ұсынбай тұрып, керісінше олардың кез келген ұсыныс, ой-ларын қолдауға тырысыңыз. Заттарды топтастыру критерийлерін оқушылар өздері анықтай алады. Егер бірдей заттар әртүрлі топтастырылған болса, қызықты болады. Бұл сыныпта пайдалы диалог ту-дыруға көмектеседі. Әрбір топ өз ойын негіздей отырып, топтастырудың өзіндік нұсқасын ұсынуы керектігін ескертіңіз. Мысалы, бірінші топ заттарды түстері бойынша топтастыруды ұсынса, екінші топ — түсі мен өлшемі бойынша ұсынады т.с.с.Ортақ талқылауда әрбір оқушы өз пікірі маңызды екенін сезінетіндей сенімді түрдегі диалог жүргізуге тырысыңыз. Оқушыларға сізге көрсеткен көмектері үшін алғыс білдіріңіз және оларға әрбір топтың алдына қойған міндетін дұрыс орындай алғаны туралы айтыңыз.Оқушылармен тағы бір рет түсі, өлшемі және пішіні бойынша топтастыруға негіз болатын заттар-дың қасиеттері туралы талқылаңыз. Олардың мо-дельдеу дағдысын қалыптастыру мақсатымен осы қорытындыны графика түрінде бекітуге жетелеңіз. Оқулықтағы “Есіңе сақта!” айдарында қорытынды жасаудың үлгісі көрсетілген. Оқушылардан үш жұп фигураны салыстыруды және олардың атау-ларын сұраңыз. Сонымен қатар әрбір жағдайда фигураларды қандай белгісі арқылы салыстыр-ғандарын қорытындылатып айтқызыңыз. | Суреттерге мұқият қара. Ондағы заттардың қандай ұқсастықтары және қандай айырмашылық-тары бар? Сыныппен бірге талқылау арқылы тапсырманы орындау топпен жұмыс жасау кезінде алған білімдерін бекітуге көмектеседі. Оқушыларға тапсырмада берілген иллюстрацияларды қарап шығып, заттарға ортақ қасиет бар ма және олардың қандай айырмашылықтары бар екенін анықтауды ұсыныңыз. Жауап нұсқаларын тыңдап шығыңыз.Жауабы:заттардың бірінші жұбы (үрленген шар және доптың) пішіндері бірдей; заттардың екінші жұбының (балапан және бақбақ гүлінің) түстері бірдей;үшінші жұптағы заттардың (кішкентай үй және үлкен үй) пішіндері бірдей, бірақ өлшемдері әртүрлі.Шығарып көр. Іс-әрекетті модельдеу дағдысын қалыптастыруға бағытталған тапсырма.Кестенің оң жақ бөлігінде нақты заттардың су-реттері, ал сол жақ бөлігінде заттар қасиеттерінің өзгеру үрдісінің моделі көрсетілген. Кестеде беріл-ген заттарды қатар бойынша салыстыру қажет. Сол және оң жақтағы әрбір қатарды салыстыру бары-сында оқушылар заттардың қасиеттерінің кез келген өзгерісін модельдердің көмегімен бейнелеуге бола-тыны туралы қорытындыға келуі тиіс.Оқушыларға заттар мен олардың сызбасына қарауды ұсыныңыз.Қандай өзгерістер болғанын сұраңыз. Оқушылардың ұсыныстарын тыңдап шығыңыз. Сол жақтағы бейнелердің оң жақтағы бейнелерден қандай айырмашылығы бар екенін сұраңыз. Зерек оқушыларға өзгерістер үрдісін өз бетте-рінше табиғат нысандары арқылы мысалдарды ірік-теп, өзгеру үрдісін геометриялық фигуралардың көмегімен модельдеуді тапсырыңыз. Оларға мұғалім рөлін атқарып, сыныпқа өз тапсырмаларын көрсетуге болатынын айтыңыз. Қалған оқушылардың оқулықта қойылған сұрақтарға жауап беруін ұйымдастырыңыз.Жауабы:а)оң жақта: ағаштың өлшемі өзгерді, сол жақта: фигураның өлшемі өзгерді;ә) оң жақта: алманың түсі өзгерді, сол жақта: фигураның түсі өзгерді;б) оң жақта: мұз еріп, суға айналды, сол жақта: пішіні өзгерді. | |
Қосымша тапсырмалар | ||
Математикалық тірек сөздер мен түсініктерді түсіндіруге назар аудару қажет. Тірек сөздерді есте сақтауды жеңілдету үшін оларды сергіту сәтіне қосып пайдаланыңыз. “Сөздер тақтасын” қолданыңыз. Оқушыларға жаңа сөздерді сурет-термен бейнелеуді ұсынып және “Сөздер тақта-сына” жұмыстарын орналастырыңыз. | Гүлдің, жапырақтың, доптың суреттерін өсу ретімен сал. Оқушылар заттардың өлшемін жәнетүсін өзгерте отырып, олардың бейнесімен тәжі-рибе жасайды. Ол үшін заттардың көлемін үлкейте немесе кішірейте отырып, кестедегі бос торкөз-дерге суретпен бейнелеуі керек. Нәтижесінде әр-бір заттың үлкейтілген немесе кішірейтілген өл-шемдегі төрт бейнесі пайда болуы тиіс.Қандай фигура жетпей тұр? Оқушылар кестені толтыру ретін талдауы тиіс. Заттың өлшемі мен пі-шінінің кезектесу заңдылығын сақтай отырып, түсіп қалған фигураның суретін салу қажет. Нәтижесінде оқушылар заттардың кескіндерінің өлшемі мен пішінінің өзгеру реттігі сақталған кестені алады.Шардың түсін, өлшемін және пішінін өзгер-тіп сал. Оқушылар шардың пішінін, түсін, өлшемін өзгертіп салады. Тапсырмадағы өзгеру үрдісі бағ-дармен көрсетілген. Оқушылар назарын оқулық-та көрсетілген қорытындыға аудару керек. Барлық ой-пікірлерді берілген қорытындымен сәйкестен-діре орындауды үйрету керек. | |
Бағалау | Оқушылар сабақтың соңында:заттарды түсі бойынша салыстыруды;заттарды пішіні бойынша салыстыруды;заттарды өлшемі бойынша салыстыруды мең-гереді.Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тек-серу мақсатында сұрақ қойыңыз:— Заттарды қандай қасиеттері бойынша салыс-тыруға болады?Оқушыларға өлшемі мен түстері әртүрлі тек-шелерді көрсетіп, мынадай сұрақтар қойыңыз:— Заттарды қандай белгілеріне қарап ажыратуға болады? (Түстері және өлшемі бойынша.)— Заттар қандай белгілері бойынша ұқсас? (Пі-шіні бойынша.)Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік бас-палдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз. |
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)