Материалдар / Дидактикалық материал

Дидактикалық материал

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақты жоспарлауда немесе дайын ҚМЖ ретінде мерзімін және кейбір өзгертем деген жерлеріне түзетулер енгізіп сабаққа пайдалануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Маусым 2018
915
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

  • Мұғалім түсіндірмесі:
  • Мәтінде не туралы айталған. Мұқият тыңдап, мазмұнын біліп алу.
  • Мәтіннің мағыналық бөлігінде негізгі және қосымша ақпарат болады.
  • Мәтіндегі негізгі ақпарат – мәтіннің негізгі идеясы, негізгі фактілері.
  • Мәтіндегі қосымша ақпарат мәтінге қосымша берілген иллюстрациялар, кестелермен қатар, негізгі ойды қолдауға бағытталған цитаталар (дәйектемелер), ойды дәлелдеуге негіздейтін мысалдар жатады. Мұндай ақпараттар мысалы, себебі, көбіне т.б. деген сияқты сөздермен көрсетіледі.


https://www.youtube.com/watch?v=W6lfYCpsuBo

Тыңдалым мәтіні. Сөйлеу адамға ғана тән қасиет.Ал жануарлар мен құстар тек дыбыстау арқылы ғана бір-біріне хабар береді. Ауызекі сөйлеу бұрын пайда болған. Ол кезде жазу, сызу жоқ болатын. Адамдар ауызекі тілде ғана сөйледі. Ол заманда адамдар ертегі айтты, өлең айтты. Батырлардың ерлігін де ауызша айтып келді. Кейін суреттер сала бастады. Алғашқы суретті тасқа қашады. Адамдар сурет арқылы алғаш рет жазбаша сөйлеуді ойлап тапты. Содан кейін сол суретті таңбалауға кірісті. Кейін таңбадан әріп пайда болды. Алғаш рет теріге жазу жазды. Енді адамдар өз ойын жазбаша жеткізетін жағдайға жетті. Бұдан кітаптар, газеттер, журналдар жарыққа шықты. Баспаханалар салынды. Сөйтіп жазбаша сөйлеу пайда болды. Ал енді сөйлеу қалай жүзеге асады? Зерттеп көрейік. Сөйлеу адамның дене мүшесіндегі: өкпе, тамақ, тіл, тіс және жақтың қимылдауының арқасында жүзеге асады екен. Біз сөйлеп тұрғанда жағымыз бен ауыз қуысындағы тіліміз қозғалыста болып, тамағымыздан дыбыс шығып тұрады. Дыбыстың бәрін ретке келтіріп тұратын құрал - тіл. Сондықтан тіл сөйлеудің басты құралы болып саналады. Есіңде сақта! Сөйлеу біреумен әңгімелескенде, сұрақ -жауап алғанда жүзеге асады.Тіл мен сөйлеу бір-бірімен тығыз байланыста болады. Тіл сөйлеусіз, сөйлеу тілсіз жүзеге аспайды. (170 сөз).







Қалыптастырушы бағалауТапсырма 1. Тыңдалымалды тапсырма.Оқушыларға бірнеше сұрақтар ұсынылады.Ойыларын дәлелді пікірлермен жеткізе алады.
  • Оқушылар «Мәдениет» сөзін қалай түсінесіңдер?
  • Жалпы «Сөйлеу» кімдерге тән қасиет?
  • Қалай ойлайсыздар? Ауызекі сөйлеу және жазба тілді бір-бірінен қалай ажыратамыз?
  • Ал қайсысымыз айта аламыз? Осы екеуінің қайсысы бұрын пайда болған деп ойлайсыз?
Тыңдалым бойынша тапсырма 2.1. Тыңдалым мәтіні не туралы екен?2. Мәтіннен өзіңе ұнаған тұсын жұбымен ақылдаса отырып, дәптерлеріне жазады. 3. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды тауып,кестеге толтырады.

Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат








Әр жұп мәліметтің неліктен қызықтырғанын 1-3 сөйлеммен жазады.

Бағалау дескрипторлары
Егер оқушы тапсырмаларды толық орындаса ....... .... жетті
1Мәтін мазмұнын толық түсіне алады.

2Мәтіннен негізгі,қосымша ақпараттарды таба алады.

3Қызықтырған мәліметті 1-3 сөйлеммен жаза алады

Оқушыларды бағалау үшін дескриптор құрылады.Бағалау. «Бес саусақ» Кері байланыс.
  • Бүгінгі сабақта жұптар белсенді әрекеттер жасады.
  • Мәтіннен ақпараттарды нақты таба алды.
  • Өздерін қызықтырған мәліметтерді ерекше тапқан жұптар болды. Оларға ризамыз.
  • Ойларын еркін айтқан оқушыларға смайликтер жапсырылады.
  • Оқушылар жауаптары ұнады, әйтседе ойын әдемі сөзбен жеткізсе деймін.


Тапсырма 3.«Тіл және сөйлеу» тақырыбында бейнематериал мазмұнын оқушылар қаншалықты түсінгенін анықтау мақсатында топтар бір-біріне 3 сұрақ әзірлейді.Жауабын 1 сөйлеммен ғана ауызша айтады.Бағалау. «Екі жұлдыз бір тілек».

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ