Материалдар / дидактикалық материал "Қазақ тілі" 3 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

дидактикалық материал "Қазақ тілі" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дидактикалық материал оқушымен жеке жұмыс жасауға негізделген. Оқушының тілін дамыту, ой-өрәсәнә кеңейту, танымдық қабілеттерін арттыруға арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2018
4057
13 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қазақ тілі
3-сыныпқа арналған дидактикалық материалдар

Мәтін
1-тапсырма.
а)Қазақ тілі сабағында нені оқимыз?
ә)Мәтін деген не?
б) Мәтін сөзіне дыбыстық талдау жаса.
2-тапсырма.
Күз-жыл мезгілінің бірі.Күзді сары алтынға теңейді.Себебі,
айнала сап-сары болады.Күзде жеміс-жидектер жиналады,егін орылады.Күз береке.Мен күзді ұнатамын.
1.Мәтінге ат қой.
2.Мәтіннің қай түріне жатады?
3.Күз туралы мәтінге қосымша өз пікірлеріңді айтыңдар.

3-шығармашылық тапсырма.
Тірек сөздер:Қараша,жаңбыр,күн,суық,жапырақтар,құстар.

1.Осы тірек сөздерді пайдаланып,мәтін құрастыр.
2.Қарашада ауа райы қандай болады?

4-тапсырма.
Бұл қай құс?.Жұмбақ ойын

1.Әр топ әр құсты сипаттау арқылы мәтін құр.
2.Осы мәтінде қандай құс туралы айтылғанын тауып,соған жұмбақ жасыр.
3.Құстардың пайдасы туралы айт.
1-топ.Бұл өте сүйкімді,бауыры ақ,пайдалы.Бір жылда бір миллион
құрт жейді.Ұясын адамға жақын жерге салады.Бұл құсты
адамның досы деп те атайды.Ендеше бұл қай құс?
(Қарлығаш)





2-топ.Бұл құстың тұмсығы ұзын,ағаш діңінде отырып,тұмсығын
діңге тоқ-тоқ соғады.Ағаш қабығындағы құрт-көбелектерді
тазалайды.Бұл құсты емші құс деп те атаймыз.Бұл қай құс?
(Тоқылдақ)
5-тапсырма.
1.Берілген сөйлемдерге тақырып қоюға бола ма?
2.Бәрі мәтін бе?
3.Неге олай ойлайсың? Түсіндір.

а) Қымыз шипалы сусын.Ауылда үлкен мұражай бар.Балалар циркке барды.
ә) Саққұлақ жақсы ит.Ол мал күзетеді.Бір күні қораға қасқыр шапты.Саққұлақ оған тап берді.Қасқыр қорқып қаша жөнелді.
6-тапсырма.
1.Мәтіннің түрлерін ата.
2.Әрбір мәтіннің сұрағын және ерекшелігін түсіндір.
3.Интерактивті тақтада берілген мәтіндердің түрлерін ажырату.
4.Алматы қаласының суреттерін көрсету.Бұл қай қала?
а) Алматы Іле Алатауының етегінде орналасқан.Қазақстанның ірі қаласы.Ұзақ уақыт бойы көптеген деректемелерде қаланың атауы Алманың атасы деп аударылады.
Тақырыбы:
Мәтіннің түрі:
Неге олай ойлайсың?Түсіндір.

ә) Күз белгісін алдымен ақ қайың сезеді.Өйткені басқа ағаштардан гөрі оның жапырағы бұрын сарғаяды.
Тақырыбы:
Мәтіннің түрі:
Неге олай ойлайсың? Түсіндір.

б) Арпа бір жылдық шөп тектес өсімдік.Ол астық тұқымдастарына
жатады.Оның сабағы түп-түзу,жіңішке.Масағы төрт қырлы,немесе алты қырлы.


Тақырыбы:
Мәтіннің түрі:
Неге олай ойлайсың?Түсіндір.
7-тапсырма.
1.1.Иттің суретін тақтаға ілу.
1.2.Сөйлемді жалғастырып,мәтін құра.
Ит адамға пайдалы,себебі ...

1.3.Бұл қандай мітін?Дәлелде.

2.1.Қамыстың суретін тақтаға ілу.
2.2 Сөйлемді жалғастыр.
Біздің өзенде қамыс өседі. ...

2.3.Бұл қандай мәтін.Дәлелде.

3.1.Күздің суретін тақтаға ілу.
3.2.Сөйлемді жалғастыр.
Күз түсті. ...
3.3.Бұл қандай мәтін?Дәлелде.
8-тапсырма.
1.5-6,7-8,9-11,12-13,14-15,16-17-ші сөйлемдерді біріктіріп,бір сөйлем құраңдар.
2.Мәтінді байланыстырып,көлемін шағындаңдар.
3.Осы сөйлемдерді қатыстырып өздерің жайлы мәтін құраңдар.
4.Мәтінге ат қойыңдар.
1.Мен,Әлия Сырымқызы.
2.Мен 1983 жылдың 25 маусымда тудым.
3.Мен Семей облысының Қарақол ауылында дүниеге келдім.
4.Қазір Алматы қаласында тұрамын.
5.Менің әкем Гарифуллин Сырым.
6.Менің әкем ағаш шебері болып жұмыс істейді.
7.Менің анам Нұргүл Қабдығалиқызы.
8.Менің анам-мектепте оқытушы болып жұмыс істейді.
9.Менің Думан деген бауырым бар.
10.Думан менен кіші.
11.Ол төртінші сыныпта оқиды.
12.Менің Жанар деген сіңілім бар.
13.Ол балабақшаға барады.
14.Мен мектепке 1989 жылы бардым.
15.Мектепті 1999 жылы бітірдім.
16.мектепте математика пәнін тереңдетіп оқыдым.
17.Мектеп бітірген соң,қытай тілінде мұғалім дайындайтын оқу орнына түстім.
18.Қазір аудармашы болып жұмыс істеймін.

Сөз таптары (зат есім)
9-тапсырма.
1.Алдымен мал аттарын,содан соң құс аттарын теріп жаз.
2.Оларға сұрақ қой.
3.Қарамен жазылған зат есімге – шы, - ші жұрнақтарын жалға.
4.Оларға 2-3 сөйлем құра.

Қарлығаш,сиыр,қой,қарға,жылқы,бүркіт,түйе,сауысқан,ешкі.
5.Мына суретке қарап туынды зат есімді айт.

Балықтың суретін салу ШЫ
10-тапсырма.(шығармашылық тапсырма)
1.Сұрақтардың орнына тиісті сөздерді қойып жаз.
2.Зат есімнің астын сыз.
(Кім?) балаларды оқытады.(Не?) жапалақтап жауады.(Кім?) сурет салды.(Не?) мөңірейді.Үйді (кімдер?) салады.(Кім?) егін егеді.(Кім?) балаларды емдейді.
3.Мына цифрларды орнына қой,ережені айт.
7 3 2 5 1 4 6
м т а с з е і
11-тапсырма.
1Негізгі және туынды зат есімді ажыратып жаз.
2.Негізгі зат есімнің туынды зат есімнен айырмашылығы неде?

Күй,өрмекші,жылқы,күйші,өрмек,жылқышы,егін,балықшы,
ән,егінші,балық.
3.Осы зат есімдерді қатыстырып 2-3 сөйлем құрастыр.
12-тапсырма.
1.Мына зат есімдерді жекеше және көпше түрде тәуелдеңдер.
Әке,дәптер,дос.
2.Алдымен не? сұрағына,соңынан кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазыңдар.

Ұя,айтыс,ғалым,шыбық,сауыншы,сағат,дәрігер,ыдыс,оқушы,
кітап,мұғалім,парта,Болат.
13-тапсырма.
1.Мәтіннен жалпы және жалқы зат есімдерді тауып астын сыз.
2.Зат есімге дыбыстық талдау жаса.

Бөгенбай батыр
Бөгенбай-қазақ халқының атақты батыры.1709 жылғы бір соғыста Бөгенбай ерекше көзге түседі.
Бөгенбай батыр халықтан жасақ жинайды.Қару-жарақ жасатады.Бұланты өзенінің бойында жауға қатты соққы беріліп,Бөгенбай жеңіске жетеді.

Балдырған журналынан.
14-тапсырма.
1.Көп нүктенің орнына негізгі зат есімді қойып жаз.

. . . – дәрігер . . . – биші
. . . – сыйлық . . . – бастық
. . . – ойыншық . . . – көлшік
. . . – кітапхана . . . – үйшік
2.
а) Өлеңді мәнерлеп оқы.
ә) Негізгі зат есімдердің астын –бір,туынды зат есімдердің астын екі рет сыз.
Егіншілер әулеті
Астық – елдің дәулеті,
Бір дән жолда жатпайды.
Егіншілер әулеті,
Ел сенімін ақтайды.
(Е.Ерботин)
3.Сөздерге –ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе,-қ,-к,-ық,-ік,-ақ,-ек,-ыш,-іш,-н,
-ын,-ін,-у қосымшаларының тиістісін жалғап,туынды зат есім жаса.

Көп,сүз,кес,тара,күре,қыз,қуан,сүйін,бора,жу,түй, саба,жама,еге.
4.а)Жұмбақтың шешуін тап,жатқа жаз.
ә) Зат есімдерді тауып,сөз құрамына талда.
б) Негізгі зат есім бе,туынды зат есім бе?

Құжынаған жұмыскер,
Бірлескенде тым іскер. (құмырсқа)
15-тапсырма. Не артық? ойын
1.Осы зат есімдерді қатыстырып 2-3 сөйлем құрастыр.


ҮЙ


ЕСІК



ТЕРЕЗЕ

БАЛА





ТЕЛЕВИЗОР


КІТАП


ҮСТЕЛ


ҚАЛАМ






НАН


СҮТ


ДӘПТЕР


ҚАНТ




БӨЛМЕ


ЖОЛ


БАҒДАРШАМ


МАШИНА


2.Дөңгелектің суреті.
3.Дөңгелек сөзінен әріптердің орнын ауыстырып,мағыналы,мәнді сөздер шығару.
Дөң-қырат
өң-көрік
ел-халық
еле-ұнды елеу
дөңгеле-айналу,домалау
лек-лек-легімен
ек-егін ек
16-тапсырма.
Орамал тастамақ ойын
Кез келген оқушы орамал тастайды.Ол оқушы сөз ойлайды.Келесі оқушы осы сөзден сөйлем құрастырады.
2.Ойы; СөзқұрақМына әріптерден зат есім болатын сөздерді құра.
А..., Б..., Л... ,Т..., О..., Қ..., С....
3.Есте сақтау диктанты.
а) Мақалды оқы,мағынасын түсіндір.
ә) Мақалды жатқа жаз.
б) Зат есімнің астын сыз.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
17-тапсырма.
1.Сөздерге көптік жалғауын жалғап,көшіріп жаз.
Қарындас - Жұлдыз -
Жалау - Қыран –
Батыр - Кірпіш –

2.Ребус.
Жанып жатқан оттың суреті ,нанның суретін салуКЕРЕК!

Отан тақырыбына шығарма жазу.
18-тапсырма.
Крассворд екі тілде сөйлейік.
1.Капуста –
2.Картошка –
3.Чеснок –
4.Помидор –

19-тапсырма.
Сөйлемдерден жалқы есімдерді тауып,бас әріппен жаз.

1.ХІV-XV ғасырда өмір сүрген қобыланды батырдың тайбурыл деген тұлпары болған.2.Мынау-ерболдың добы.3.Күй атасы құрманғазының күйлері-ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған асыл қазына.4.Конфет секілді тәтті ағаш үндістанда,жапонияда,
қытайда өседі.
20-тапсырма.
1.Мына кестені толтыр.

Реті
Септіктердің аты
Сұрақтары
Жалғаулары

1




2




3




4




5




6




7





2.Айғаным кешкі автобусқа отырды. деген сөйлемдегі зат есімнің қай септікте тұрғанын тап.

21-тапсырма.
Қарамен жазылған сөздердің қай сөзбен байланысып тұрғанын тауып,сұрақ қою арқылы қай септікте тұрғанын айт.

Сөз сүйектен өтеді,таяқ еттен өтеді.Талант қартаймайды,білім ортаймайды.Шегірткеден қорыққан егін екпес.
22-тапсырма.
1.Тәуелденген зат есімдерді септеп жаз.

Септіктердің аты

І жақ
ІІ жақ
ІІІ жақ

Атау
добым
добың
добы
































23-тапсырма.
Кім тез табар екен? ойыны.
1.Мына әріптерді әр сөз ішінде бір-ақ рет қолданып,қанша зат есім құрап жазуға болады?
2.Осы зат есімнен туынды зат есім жасауға бола ма?


А


Ы

Ы

І



У

Л

О

Б


Ғ


М


З

Қ

І























24-тапсырма.
Мына кестені толтыр.

Зат есімнің мағынасы
Мысалдар


Кісінің фамилиясы мен аттары
Абай Құнанбаев


Заттың,нәрсенің аты.
кітап,ағаш,...


Құбылыстың аты
дауыл,жел,...


Заттың ұғымды білдіретін белгілердің аттары

өжеттілік,ептілік,...

Айуандар мен жәндіктердің аттары

арыстан,қасқыр,...

Заттың ұғымды білдіретін қимылдың аты

атыс,шабыс,...

Мемлекет,облыс,қала,жер,су аттары

Астана,Өзбекстан,...

Етістік
25-тапсырма.
1.Өлеңді мәнерлеп оқы.
2.Етістіктерді теріп жазып,сұрақ қой.

Көктем келді;құс келді,
Күн ұзын,түн қысқа енді.
Көктем келді;су ақты,
Күннің көзі шуақты.
Көктем келді;гүл өсті,
Көбелектер гулесті.
Қ.Мырза Әли.
26-тапсырма.
1.Етістіктерді мағыналарына қарай топтап жаз.
Көгерді,әңгімеледі,мұздадаы,көктеді,баяндады,қарады,амандасты,тоңды,сәлемдесті,көрді.
2.Мақалды оқы.Етістіктерді тап.
Жаңбырмен жер көгереді,
Алғыспен ер көгереді.
27-тапсырма.
1.Мәтінді түсініп оқы.Етістіктерді тауып,теріп жаз.
Ертеде Әтеш құстардың ішіндегі ең әдемісі болыпты.Ол аңдар-
мен де дұрыс сөйлеспейді.Тек Тотықұспен сөйлеседі.Тотықұстың
үстінде жақсы киімі де жоқ екен.Бір күні Тотықұс Әтешке келіп:
Достым,мен бүгін қонаққа баратын едім.Маған үстіңдегі әдемі
киімдеріңді бере тұршы?-деп жалыныпты.
Әтеш досының сөзіне сенеді.Үстіндегі әдемі киімдерін шешіп береді.Тотықұс қай уақытта келетінін айтады.
Егер мен кешіксем,дауыстап шақыр,-дейді.
Бірақ Тотықұс содан қайта оралмайды.Осы күнге дейін Әтеш киімдерін іздеп,үш мезгіл айқайлайды екен.

2.Етістіктерді қатыстырып,бірнеше сөйлем құрастырып жаз.
3.Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.
4.Ертегі мазмұнын әңгімеле.
28-тапсырма.
Екі бағандағы етістіктерді салыстыр.

1.Қар жауды.
2.Марат достарымен доп ойнады.
3.Жанар әжесінің әңгімесін тыңдады.
4.Думан күйсандықта ойнады.

Қар жауып тұр.
Марат достарымен доп ойнап жүр.
Жанар әжесінің әңгімесін тыңдап отыр.
Думан күйсандықта ойнап отыр.


29-тапсырма.
1.Жаңылтпаштарды оқы.Дара,күрделі етістіктерді тап.

1.Жатта тақпақ,
Жатта тақ-тақ.
2.Далада Дана да ойнап жүр,
Далада Сана да ойнап жүр.
30-тапсырма.
Тыйым сөздер мен мақалдарды оқы,мағынасын түсіндір.Етістікті тап.
Тұзды баспа.Шоқты шашпа.Көп алдында керілме.Бос бесікті тербетпе.Үлкен адамның сөзін бөлме.Досыңды жамандама.Қарт кісіні қадірле.
31-тапсырма.
1.Сөйлемді көшіріп жаз.Туынды етістіктердің астын сыз.

Екеуі ұзақ әңгімелесті.Айнұр шешесімен ақылдасты.Шынар көп ойланды.тазалыққа кішкене кезіңнен әдеттен.
2.Мына сөздерді сөз құрамына талда.
Кітапханашы,ақылдасты,әдептілік,дәрігердің,ұйқышыл
32-тапсырма.
1.Сөзжұмбақты шеш.

Е







Т







І







С







Т







І







К







1.Жемесең түсіңе,жесең тісіңе кіремін.(ет)
2.Кисең мені болғаны,
Шарлап кетем бар жерді.(етік)
3.Жып-жылымын мен өзім,
Кисең қыста көресің.(ішік)
4.Көтеремін бәрін де,
Керек құрал-жабдықтың.(сөмке)
5.Мен керекпін әр кезде,
Алға ұмтылар бала үшін,
Білімдінің бойынан әр кезде табылам. (талап)
6.Сыныпта да,үйде де,
Мен керекпін киімге.(ілгіш)
7.Мезгілімін мен шырайлы,
Жылу беріп шуақты.
Менен өсіп-өнеді,
Табиғаттың талайы.(көктем)
2.Сөйлемді оқып,туынды етістікті тап.
Бастаған істі уақытында аяқта!
Асан,бидайды қапта!
Өз бөлмеңді тазала.
33-тапсырма.
1.Орны ауысып кеткен етістіктерді өз орындарына қой.
Бұлбұл көктеді
Қар ашылды
Терезе отырғызды
Гүл еріді
Ағаш сайрады
2.Берілген сөйлемнен етістікті тап.Сөйлемді әрі қарай жалғастыр.
Сынып есігі ашылды.Қарасам есіктен кірген біздің мұғалім екен.
34-тапсырма.
1.Адасқан әріптер-ден сөздер құрыңдар.

А

Е
Х
А
Н
М


А
Д
Х
Ә

Р
І
А
Н


У
А
А
Р

Х
Н
У
А


2.Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыр.Етістіктің астын сыз.
35-тапсырма.
1.Биледі,оқыды,көйлек сөздерін жекеше,көпше түрде жіктеңдер.
2. Пантомимо ойыны.
Мына сөйлемдерді қимылмен көрсетіп беріңдер.
а) Мен ұйқыдан тұрып,жуынып,тамақтандым.
ә) Біздер ән айтып,би билеп,қол шапалақтадық.
б) Біздер жүгірдік,секірдік,доп ойнадық.
36-тапсырма.
1.Жаңылтпашты жатқа айт,тақтаға жазып,етістікті тап.
1.Үміт түбіт түтті, 2.Ала қарға,қарға қонды,
Түбітті түтіп бітті. Қара қарға жарға қонды.

2.Мақалдың сыңарын тап.Етістіктің астын сыз.
Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса,
Төбедегі . . . (келеді)
3.Өлең ұйқасын тап.
Ойнаймыз,күлеміз,
Жарқырап . . . (жүреміз)

Үлкенді сыйлаймыз,
Айтқанын . . . (тыңдаймыз)
37-тапсырма.
Етістіктің қай жақта тұрғанын айт.жіктік жалғауларын ата.
Қорылдайсың,ұйықтайсың,
Қою сүтке тойып ап.
Айтқанымды ұқпайсың,
Кінәңді бір мойындап.
(Д.Байбеков)
38-тапсырма.
Жақша ішіндегі етістіктердің тиістісін қойып сөйлемдерді көшіріп жаз.
1.Мен малдарды (суғарып жүрсің,суғарып жүрмін).2.Ол бүлдіршін-
дерге қызықты әңгімелер(айтып отырмын,айтып отыр).3Сен осы әдісті(қолданыа жүрміз,қолданып жүрсің).4.Біз ауыл сахналарында өнер(көрсетіп жүр,көрсетіп жүрміз).5.Сіз күйшінің сұлу сазын(тыңдап отырсыңдар,тыңдап отырмыз).
39-тапсырма.
Шығармашылық диктант.
Жіктік жалғауы жалғанған етістіктерді тап.
Бара алмадым,жылжып келеміз,түсіпті,төгілді,қиналып жүрсіздер,таппайсың,бітпеді,маңырап тұр,жаңғырып тұр,құлшынып отыр,төкпе,асығып жүрміз,тақылдама,айналып соғарсыз.
40-тапсырма.
Көп нүктенің орнына келер шақ етістіктерді қойып жаз.
Орманға ғажайыптар көруге бара қалсаң,ешқашан үйге бос . . ..
Бір кереметтің сырына қанып болмай жатып,оған жалғас бір ғимараттарға тап . . .Орман кереметтер құпиясын алдыңа . . .. Осылай шетсіз-шексіз жалғаса . . . .
41-тапсырма.
Мақалдардан етістіктерді тауып болымды,болымсыз екенін айт.
1.Берекені көктен тілеме,еткен еңбектен тіле.
2.Жауға жалынба,досқа тарылма.
42-тапсырма.
Болымсыз етістікті тапқызып,болымды етістікке айналдырып жаз.
Қорқақ
Қорқақ жанның қолынан
Ешнәрсе де келмейді.
Оның бар яғни жоғынан
Өмір өзгермейді. (Б.Ысқақов)
43-тапсырма.
Етістіктің астын сыз.Олардың дара немесе күрделі екенін айт.
Самат отыр ойланып,
Шығара алмай есебін.
Сан қатесін ұмытты,
Жаттаса да неше күн. (Н.Әлімқұлрв)
44-тапсырма.
Болымсыз етімтікке айналдыр және сөйлем құрастыр.
Жап,бала,ұйымдастыр,әпер,әңгіме,тазала,суғар,орында,түне,
басқар,шұқыла бүкте,тұр,қартай,істе,жүгір,кел,майдала,бөл,
орналас,жыла,тыңда,ұйықта,шақыр.



45-тапсырма.
1.Сөйлемдерді оқып,етістіктердің қай жақта тұрғанын айт.Жіктік жалғауының астын сыз.
Мен оқып отырмын.Сен оқып отырсың.Сіз оқып отырсыз.Ол оқып отыр.
Біз оқып отырмыз.Сендер оқып отырсыңдар.Сіздер оқып отырсыздар.Олар оқып отыр.
2.Бұл етістіктер дара ма,күрделі ме?

46-тапсырма.
1.Жаңылтпаштан етістікті тауып,дара,күрделі екенін айт.
Қаңтар қаптарды қаптап артар,
Шанақ арбаны аттар тартар.
2.Берілген сөздерден туынды етістік жаса,олардың қай сөз табынан жасалғанын айт:би,ірі,ұсақ,ой,ақ.
3.Берілген тыйым сөздерден етістіктерді тауып,олардың қандай етістік екенін айт.
47-тапсырма.
1.Мына өлең жолдарынан жіктелген етістікті тауып,қай жақта жіктелгенін анықта,сол сөзді жекеше,көпше түрде жікте:
Ұшып келем,
Ұшып келем көгімде,
Ұшып келем,
Мөлдір аспан төрінде. (С.Жиенбаев)
2.Шығармашылық диктант,жоғалған сөзді тап:
Алтау ала болса,ауыздағы ... ,
Төртеу түгел болса,төбедегі ....
3.Етістіктерді сәйкестендір.
Достар шақырып тұр
Ит билеп жатыр
Биші жазды
Жазушы оқымады
Әтеш кездеседі
Оқушы демалды
Зейнеткер емдейді
Дәрігер үрмеді
Осы етістіктерде өзара қандай ерекшеліктер бар?
48-тапсырма.
1.Өлеңнен етістіктерді тауып,оларды сөз құрамына талда.
Дала
Жүрегім,жырым сенікі,
Келістім далам,кең далам.
Тудым,өстім,есейдім,
Ен далам-анам,мен-балаң.
(І.Жансүгіров)
2.Осы етістіктерді үш жақта жекеше және көпше түрде жікте.
49-тапсырма.
Төмендегі сөйлемдерді оқып,олардың ішінен етістіктерді тап,қай жақта тұрғанын анықта.
1.Біздің бәріміз Қажымұратқа қызыға да,қызғана қараймыз.2.Айдар бірден картоп түптеуге кірісті.3.Қасымның үйі таудағы отарда тұрады.4.Сылдырап аққан бұлақтың екі жағасында екі ағаш өсіп тұр.5.Қараторғай ән салды.6.Қайрат қайрақ қайрап отыр.7.Ауыл көпке жеткізер,өнер көкке жеткізер.

Сын есім
50-тапсырма.
1.Математикалық жұмбақ өлеңнің шешуін тап және сын есімді тап.
Алма ағашта бес алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Бесеуін де жеп қойсам,
Қалады онда неше алма.
2.Сын есімге қарсы мәндес сын есімді тауып,сөйлем құрастыр.
51-тапсырма.
1.Мына кестені толтыр.
Заттың түсі
Заттың көлемі
Заттың сапасы
Заттың пішіні

Сары,ақшыл сары
Үлкен
Жаңа (ескі)
Төртбұрыш тәріздес


























52-тапсырма.
1.Көп нүктенің орнына қарсы мәндес сын есімді қойып,сөйлемдерді көшіріп жаз.
Үлкен кісі бастар,... кісі қостар.Жақсы бала-қуаныш,... бала
өкініш.Қант тәтті болады,бұрыш ... болады.Жақсы бала ойлағыш,...бала тойлағыш.
53-тапсырма.
1.Сөздерді оқы,қарсы мәндес сын есімдерді жұптап жаз.
2.Сын есімдерді қатыстырып 2-3 сөйлем құрап жаз.
Ақ,тәтті, салқын,жас,қара,жылы,ащы,кіші,сулы,лай,үлкен,кәрі,
құрғақ,тұнық.
54-тапсырма.
1.Жұмбақты оқы,шешуін тап.
2.Көшіріп жазып сын есімдердің астын сыз.Олардың дара немесе күрделі екенін айт.
Желі басында бес бие,
Бесеуі де жас бие.
Құлындары құла ала,
Құлақтары сары ала. (егін басы)
55-тапсырма.
1.Дара сын есімдерден күрделі сын есім жаса.
2.Күрделі сын есімдерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.
Ақ,қоңыр,боз,торы.
56-тапсырма.
1.Негізгі сын есімдерге –дау,-деу,-лау,-леу,-тау,-теу,-шыл,-шіл,-ғылт,-ғыш,-гіш,-сыз,-сіз жұрнақтарының тиістісін жалғап жаз.
Жасыл,боз,үлкен,биік,ескі,ұсақ,көк,ақ,сұр.
2.Жұрнақ жалғанған сын есімнің мағынасы қалай өзгерді?
3.Жұрнақ жалғанған 2-3 сын есімді қатыстырып сөйлем құра.
57-тапсырма.
1.Мына әріптерден құрастырып сөздер шығар.


Қ Л Ы

Ы З





А С Ш Р

Ғ Ы





О Ң Қ

Р Ы



58-тапсырма.
1.Мына ағаштың жапырақтарына оқушы қандай болу керек екенін сын есімдерді пайдаланып жаз.



Ағаштың суреті

2.Біздің сыныпта осындай оқушы бар ма,ата.
59-тапсырма.
1.Мына өтірік өлеңнен сын есімді тап.
Түрлі-түсті бояумен,
Боядым мен үйімді.
Өшіргішпен өшірдім,
Үйдегі үлкен кілемді.
(Жыл он екі ай журналынан)
2.Сын есімді қатыстырып өздерің Өтірік өлең құрастыр.
60-тапсырма.
1.Мәтінді алдымен толық,содан соң қарамен жазылған сын есімдерді оқы.
Біздің ауыл жанында тамаша тоғай бар.Қарағайдың,өсімдіктер-
дің жұпар иісі мұрныңды жарады.Аласа бұталардың арасынан
сұр торғай,көк шымшықтар пыр-пыр ұшады.Анадайда ала қанат тоқылтың тоқылы естіледі.Тоғай іші көңілді.
2.Мәтін мазмұнында қандай өзгеріс болды?
3.Сын есімдер не үшін қажет екенін түсіндір.
61-тапсырма.
1.Екі бағандағы сын есімдерді оқы.
2.Сын есімдерді салыстыр.
3.Олардың қандай айырмашылықтары бар?

1.Көршінің сиыры өрістен келмей қалды.2.Бәйгеден боз ат бірінші келді.3.Үйге кіргенде,төрде отырған сақалды кісіні көрдім.
1.Көршінің қызыл ала сиыры өрістен келмей қалды.2.Бәйгеден ақ боз ат бірінші келді.3.Үйге кіргенде төрде отырған шоқша сақал кісіні көрдім.


62-тапсырма.
Қарамен жазылған сөздердің қайсысы сын есім мағынасында қолданылып тұр?
1.Жазғытұры қалмайды қыстың сызы.(Абай).2.Сыз жерге
отырма.3.Ұзындығы 5см болатын кесінді сыз.4.Бұл дәріні ертеңгілік аш қарынға іш.5.Көлік кіретін қақпаны аш.6.Қолға
түскен адамдар жат жерге айдалып кете барды.7.Күнделікті ұйқыға уақытында жат.
63-тапсырма.
1.Біздің өңірде қайың ағашы бар ма?
2.Мәтіндегі сын есімнің астын сыз.
Қайың
Қайың биік өсетін,әдемі ағаш.Оның бұтақтары жиі болады.
Қайыңның жапырақтары жылтыр жап-жасыл.Қайыңды иіп шана жасайды.Оны өмірде көп пайдаланады.
Балдырған журналынан.
3.Мәтінді әрі қарай өз сөзіңмен жалғастыр.
64-тапсырма.
Берілген жұмбақты көшіріп жазып,сын есімдерін қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет.
Бүгін киген ақ тоны,
Ертең болар қара тон.
Қара тоны аздан соң,
Болып кетер ала тон.
65-тапсырма.
1.Берілген зат есімдердің алдына олардың сынын білдіретін сөздерді қойып жаз,сызбамен көрсет.
Мақта,өрік,бұрыш,жыңғыл,шай,аспан.
Керекті сөздер:қара,сары,ақ,қою,көк,қалың
2. Ойын.Мақал қуаласпақ
1топ- мақалды бастайды.
2топ- жалғастырады.
3топ- осы мақалдың ішінен сын есімдерді табады.
1.Жақсы сөзге жан семіреді,
Жаман сөзден жан қорқады.
2.Ағайынның алтын сарайынан,
Анамның жыртық лашығы артық.
3.Өнерлі бала сүйкімді.
4.Еңбексіз өмір-сөнген көмір.
5.Сабағы жаман жемістің,дәні де жаман.
6.Ақылды қария,ағып жатқан дария.
7.Ұқыптының тоны тозбас,
Ұқыпсыздың ісі озбас.
8.Есер баладан,ерке бала жаман.
9.Ақыл жас ұланнан,
Жүйрік тай құнаннан.
66-тапсырма.
1.Ой ашар жұппен жұмыс.
Әр оқушы өз жұбының есімі бойынша бастапқы әрпінен оның бойындағы жақсы қасиеттерін жазады.
Әсет:Ә-әдепті,с-сүйкімді,е-елгезек,т-тәртіпті.
Ажар :А-адал,ж-жайдары,а-адамгершілігі мол,р-ризашыл.
2.Топпен жұмыс.
1.Әр топ өзіне берілген жануарды қысқаша сипаттайды.
2.Мәтіннен сын есімді тауып,қай сөзбен байланысқанын табады.\
1топ
2топ
3топ

Сиыр
Жылқы
Түйе


Үлгі:Қой момын.Еті дәмді,бойы аласа.Жүні қалың болып келеді.Қойдың сүтінен құрт,май жасайды.
67-тапсырма.
Көп нүктенің орнына сұрақ бойынша қарсы мағынадағы сын есімді қойып,мақалдарды толықтырып жаз.
1.Әдепті бала-арлы бала,(қандай?)...бала-сорлы бала.
2.Жақсы бала-қуаныш,(қандай?) ... бала өкініш.
3.Үлкен кісі бастар,(қандай?)... кісі қостар.
68-тапсырма.
1.Суреттерді әртрлі белгілері бойынша салыстырып жаз.
Ара ,түйе,жылан,құрт,қоян,тасбақа,қыздың суреті,анасы.
2.Зат есімге бірнеше сын есім жаз.
. . . . . . . . .
. . . оқушы . . . бөлме . . . мал
. . . . . . . . .

Сан есім
69-тапсырма.
1.Өлеңдң оқы.
2.Сан есімдерді тауып,қандай зат есіммен тіркесіп тұрғанын анықта.
Он саусақ
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ,жол салсақ. (М.Әлімбаев)
70-тапсырма.
1.Сөйлем ішіндегі есептік және реттік сан есімдерді тап.
2.-ыншы,-ншы,-інші,-нші жұрнақтары қай кезде жалғанады?
Үшінші сыныпта оқиьынНұртай есеп дәптерін жоғалтып алды.
Соны сылтау етіп сабаққа бармады.Анасы дүкеннен бес дәптер әкелді.Бесінші сыныпта оқитын ағасы бес дәптер әкелді.Нұртай әкесіне: ауырдым,-деді.Әкесі дәрігер шақыру керектігін айтты.
Мұны естіген Нұртай сабаққа кетті.
71-тапсырма.
1.Көп нүктенің орнына сан есімді қойып,мақалды толықтырып жаз.
1. . . . ала болса ауыздағы кетеді,
. . . түгел болса төбедегі келеді.
2. . . . сомың болғанша,
. . . досың болсын.
3.Білекті . . . жығар,білімді . . . .жығар.
4. . . . ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
72-тапсырма.
1.Мына жұмбақты шешіп,сан есімдердің астын сыз.
1.Тоғыз белбеу,қос жібек,
Екі мұрын,бір шүмек. (домбыра)
2.Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең түрлі-түрлі жыр шығар,
Бұл қай аспап? (жетіген)
2.Қазақтың ұлттық аспаптары туралы қысқаша түсінік бер.Бұл аспаптарда ойнап көрдіңдер ме?
73-тапсырма.
1.Кім тез мәнерлеп оқиды?
Көңілді санамақ
Баласына ж2ріп,
Ұрсып жатыр к2лік.
2леніп,с2ріп,
Алып қапсың 2лік.
2шілей 2ңді,
Көрсетпе деп ж2ріп.
2.Көңілді санамақта қандай құс туралы айтылған?
74-тапсырма.
1.Тіркесін кім тез табады?
1 шымшым су
1шөкім тұз
1қайнатым шай
1асым өлең
1ұрттам ет
1ауыз бұлт
74-тапсырма.
1.Өсиет сөздердің мағынасын түсіндір.
1.Бес нәрсеге асық бол,
Бес нәрседен қашық бол.
2.Жамбыл атамыздай
Жүзге келсін жасыңыз.
3.Төрт құбылаңыз тез болсын.
4.Үш арсыздан сақ болыңыз.
5.Моншақты қызыңыз болсын,
Оншақты ұлыңыз болсын.
75-тапсырма.
1.Мына сандарды жадыңда сақта.
7.2,8,3,4,5,7.3,6.
2.Абай атамыз айтқандай:
Туған дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең- дегендей той-думандарда айтылып жүрген әндеріміз де бар екен.

1үміт 16 қыз

1 бала ӘН 3 қоңыр

1 келіншек
3.Өздерің тағы қандай әндерді білесіңдер?
76-тапсырма.
Мына тірексызбаны пайдаланып сан есімдерді топтаңдар.
Бес,бесінші,бесеу,бес-бестен,бестен бір,бестерде,елу бес.
2.Оқушыларды ауызша тыңдау.
1000000 теңгең болса,не істер едің?
77-тапсырма.
1.Сиқырлы санды сөйлет.
5
4
3
2
1
7
6

н
і
р
і
б
і
ш


1
6
3
5
4
2

б
қ
й
ы
л
а


3
6
1
4
2
9
8
5
7

н
у
д
с
е
қ
ы
а
л

2.Мына сөз жұмбақты шеш.
ж
ү
з

м
о
с

ы
ң
б

ғ
л
о

а
н
ш

ж
,
а

ү
з
д

ы
с
о

ң
б
о

ы
с
л

н.



78-тапсырма.
1.Жинақтық сан есімдерді тап.
Түйенің өркеші екеу,аяғы төртеу.Нардың өркеші біреу.Біздің топта он үш студент бар.оның жетеуі-ұл,алтауы қыз.асанның бес баласы бар.Бесеуі де үздік оқиды.
2.Диалогты оқып,сан есімдерді тап.
-Қазақ хандығының бірінші ханы кім?
-Қазақ хандывғының бірінші ханы-Керей хан.
-Қазақ хандығы нешінші жылы құрылды?
-Қазақ хандығы 1456 жылы құрылды.
-Қазақ хандығы ненің құрамында болды?
-Қазақ хандығы Алтын Орданың құрамында болды.
-Алтын Орданың бір қанаты Көк Орда деп аталған.
-Алтын Орда деген не?
-Алтын Орда мен Түркі қанағаты-ежелгі Ұлы мемлекеттер.
-Көк Орда деген қандай мағына береді?
-Көк сөзі түркі тілінде шығыс деген мағына береді,ал Орда хандық деген ұғым.
79-тапсырма.
1.Көп нүктенің орнына жалғау жалғап жаз.
Майра тоғыз... сыныпта оқиды.Әмір екі... курста оқиды.Нұржан
үш жүз он бір... үйде тұрады.Ғалия бес... қабатта тұрады.Әлішер қырық тоғыз ... бөлмеде отыр.Бекзат Саттарханов екі мың ...
жылы Сидней қаласында өткен олимпиада ойынында алтын медаль алды.
2.Көп нүктенің орнына сан есімді қойып жаз.
1. . . . ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.2.. . . . теңгең болғанша,
. . . досың болсын.3.Білекті . . . жығады,білімді . . . жығады.
4.Жаздың . . .,қыстың . . . күнін асырайды.
80-тапсырма.
1.Сан есімдерді сөзбен,тиісті қосымшаларын қосып жаз.
1998 жыл,29 мамырда,3-кезекте,4-сынып оқушысы,2-айналым,3 мәрте,15 бала,42 жаста,1937 жылдың зобалаңы.
2.Құрамында сан есімі бар 2-3 мақал жаз.Мақалдарды сөйлем мүшесіне талда.
81-тапсырма.
Жаңылтпашты жатқа жаз.
Далада тұр екі ешкі,
Қорада тұр жеті ешкі.
Жеті ешкі мен екі ешкі,
Барлығы сонда неше ешкі.
Жыл он екі ай журналынан.
82-тапсырма.
Өтірік өлең
50 метр есіктен,
Еңкеюмен шақ кірдім.
100 қасқырды өшіккен,
1 қозыға бақтырдым.
2.Сан есімді қатыстырып өздерің өтірік өлең құрастыр.
Сөйлем мүшелері
83-тапсырма.
1.Мына кестені толтыр.

Сөйлемнің тұрлаулы
мүшелері



Бастацыш

Баяндауыш



Ереже

Ереже



Сұрақтары


Сұрақтары


2.Сөйлемнің тұлаулы мүшелерін қатыстырып 3-4 сөйлем құрастыр.
84-тапсырма.
1.Кестені толтыр.
Тұрлаулы мүшелер
Сұрақтары
Мысал келтір









2.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін тап,астын сыз.
Асқар ертең Астанаға жүреді.Ол күлді.Алматыға қар жауды.Кеше жел соқты.Шет елден туристер келді.Студенттер сессияға дайындалып жатыр.Кітапхана қаланың ортасында орналасқан.Автобус аялдамаға тоқтады.Раушан-мұғалім.Қанат-тіс дәрігері.Мараттың мекемесі үлкен.
3.Сызықша не үшін қойылды?
85-тапсырма.
1.Жұмбақты шешіп,шешуіне байланысты сөйлем құрастырып,
тұрлаулы мүшелерді табыңдар.
1.Қос мүйізді,төрт сирақты,
Сыйлайды балдай ақ бұлақты. (сиыр)
2.Кезікті бір жануар,
Арқасында екі тауы бар. (түйе)
3.Қамыс құлақ,тостаған тұяқ,
Мінсең қанат,сүті дәрі,еті тамақ. (жылқы)
4.Аласа ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
86-тапсырма.
1.Сөйлемдерді оқып,тұрлаулы мүшелердің астын сыз.
Жер Күнді айналып отырады.Оқушылар сенбілікке қатысты.
Айман сабақты үздік оқиды.Арықтан су ақты.Райхан каникулды көңілді өткізді.өнерлінің өрісі кең.
2.Мына сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда.
Қар жауды.Сабақ басталды.қонақтар келді.Кеше қалың қар жауды.Еңбек адамды құрметке бөлейді.Раушан досына көмектесті.
3.Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсет.
Дала әдемі гүлдерге толды.








Мазмұны
Мәтін --------------------------------------
Сөз таптары(зат есім)--------------------
Етістік------------------------------------------
Сын есім --------------------------------------
Сан есім ---------------------------------------
Сөйлем мүшелері ----------------------------































Қолданылған әдебиеттер.
Оқушы анықтамасы. Алматыкітап 1-4 сыныптар
Дайындауыш немесе қазақ тілінен 55 сабақ.
Сұрақ және жауап. Энциклопедия. Алматыкітап.
Оқушының қысқаша анықтамасы.Алматыкітап.
Жыл он екі ай журналы.2009жыл қараша.
Балдырған журналы. 2010 жыл.ақпан.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!