Жұптастыру
үшін
Ашса қара қой Есенкелді жас
бала
тарағы жанбады сөз жоқ
Бесжан
мен келдім дос
жаран
Оқылым
мәтіні
Сөйлеу
мәдениеті
Сөйлеу мәдениеті орфоэпикалық
нормаға негізделген. Күнделікті қарым-қатынаста сөйлеу
мәдениетінің негізгі қағидалары – сөйлеу әдебі, тыңдай
білу әдебі, мәдениет мәйегі ескерілуі
тиіс.
Сөйлеу
әдебі.
Сөйлегенде мынадай нәрселер
ескерілуі тиіс:
1. Орфоэпия заңдылықтарын
сақтап, сөзді орынды қолдану.
2. Қолды сермеуге, қатты
күлуге, мәнсіз майысуға, аса қатты сөйлеуге немесе міңгірлеуге
болмайды.
3. Өзің туралы айта беру,
барлық сөзді өзіңнен бастау – әдепсіздік, білмейтін нәрсе туралы
айтудың қажеті
жоқ.
4. Қатты сөйлеп тұрған
адамға қатты жауап берудің қажеті жоқ, байыппен сөйлеу
керек.
Тыңдай білу
әдебі.
Тыңдай білуде мыналарды басты
назарда ұстау керек:
Кісімен сөйлескенде оның
жүзіне сыпайылықпен назар сап, айтайын деген ойын сабырмен тыңдап,
асықпай, сөзінің аяғын күткен дұрыс. Сөйлесіп тұрғанда мән бермеу,
теріс айналу, сағатқа қарау, шыдамсыздану әдепсіздікке жатады.
Өзгелердің сөзіне рұқсатсыз араласпау керек. Қажет болғанда, “ғапу
етіңіз, сөзіңізді бөлемін” деп барып, айту керек. Келіспейтін
жағдайда шыдамдылықпен тыңдап, пікіріңді орнықты, дәлелмен сабырлы
жеткізе білу керек. Тыңдау екі түрлі
болады:
1. Үндемей, сөйлеушінің
сөзін бөлмей тыңдау.
2. Сөзге араласып, өзара
ой алмасып отырып тыңдау. Сөйлеуші адамның мінез- құлқы, жасы,
жынысы, әлеуметтік жағдайы
ескерілуі
тиіс.
Бағалау
бетшесі
Критерий
|
1-топ
|
2-топ
|
3-топ
|
Мәтін мазмұнын
түсінеді
|
|
|
|
Негізгі және қосымша
ақпаратты анықтайды.
|
|
|
|
Сөздерді орфоэпиялық нормаға
сай дұрыс айтады.
|
|
|
|
Ілгерінді
ықпал
Сөз ішінде немесе сөздер
аралығында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп
тұруын ілгерінді ықпал дейміз.
а)
Сөздің соңғы дыбысы дауысты, я
үнді, я ұяң дауыссыз дыбыстардың бірі болса, дауыссыздан басталатын
қосымшаның бірінші дыбысы не үнді, не ұяң
болады.
ә)
Сөздің соңғы дыбысы қатаң
болса, не сөз б, в, г, д дыбыстарының біріне аяқталса, оған қатаң
дыбыстан басталатын қосымша жалғанады.
Сөз ішінде немесе сөздер
аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп
өзгертуін кейінді
ықпал дейміз.
Сөздің соңғы дыбысы қатаң п, қ, к болып, жалғанатын қосымша
дауыстыдан басталса, олар ұяң сыңарларына (п-б, к-г, қ-ғ болып)
айналады, кейде п дыбысы у-ға айналады.
Сөздің соңғы дыбысы н болса,
жалғанатын қосымшалар қ, ғ, г, б, п дыбыстарынан басталғанда, н
өзгеріп ң не м болып айтылады, бірақ жазғанда түбірі
сақталады.
Тоғыспалы
ықпал.
Сөз тіркестерінің, біріккен сөз сыңарларының аралығындагы көршілес
дыбыстардың бір-біріне қатар ілгерінді де, кейінді де әсер етіп,
екеуінің де басқа дыбысқа ауысуын тоғыспалы ықпал
дейміз. Бірақ жазуда бұл дыбыстық өзгеріс
ескерілмейді.
Оқушының аты-жөні: Сыныбы:
Күні:
Оқу
мақсаты:
ӘТН2. Сөз ішіндегі және сөз
аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына
сәйкес айта білу.
Берілген
сөздерді дыбысталудағы ерекшеліктеріне
байланысты 3 бағанға бөліп жазыңыз. Әр бағаннан 1 сөз таңдап сөйлем
құрап айтыңыз.
Көк өрік, жұмысшы,
Тілеуқабыл, Досжан, тас жүрек, Қазанқап, Ақбала, Жеңісбек,
Меңдіқұл, көзқарас, қосшы, көкжал, сөзшең,
жұлдызша.
Ілгерінді
ықпал
|
Кейінді
ықпал
|
Тоғыспалы
ықпал
|
|
|
|
Бағалау
критерийі
|
Дескриптор
|
Ұпай
|
Сөз ішіндегі және сөз
аралығындағы ықпал түрлерін
ажыратады
|
Ілгерінді ықпалды
ажыратады
|
|
Кейінді ықпалды
ажыратады
|
|
Тоғыспалы ықпалды
ажыратады
|
|
Ықпал заңдылықтарына сәйкес
айта алады
|
Сөздерді айтылуы бойынша дұрыс
айтады
|
|
Рефлексия
парағы