Материалдар / дидактикалық ойын

дидактикалық ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшада Ортаңғы топтарға арналған дидактикалық ойындар картотекасы. Музыка сабағында қолдану үшін өте тиімді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қазан 2021
323
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







Shape1

Ортаңғы топ




















1."Ақ серек, көк серек "

Ойын мақсаты: Балалардың тіл байлығын жетілдіру, достық қарым-қатынастарын дамыту.

Ойын шарты: Ойын ашық алаңда өткізіледі. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Аралығы

30-40 метрдей жерге бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Қаз-қатар қол ұстасып, тізіліп тұрады.

Жеребе бойынша ойынды бастаған топтың балалары әндете өлең айтады.

- Ақ серек, көк серек,

Бізден сізге кім керек?

Екінші топтағылар ойыншының атын атайды. Сол кезде аты аталған бала өз тобынан шығып,

екпіндей жүгіріп келеді де, қарсы топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Егер үзіп кетсе, бір баланы

жетелеп апарып, өз тобына қосады. Үзе алмаса, өзі сол топта қалады

2."Ақсүйек"

Ойын мақсаты: Балаларды қырағылыққа, дәлдікке үйрету.

Ойын шарты: Ойынға қатысушы балалар бір қатарға тұрады. Тәрбиеші ақсүйекті қолына алып,

балалардың ту сыртына шығады да, алысқа лақтырады. Балалар ақсүйектің лақтырылған бағытын

көрмеуі керек. "Ақсүйек" жерге түскеннен кейін тәрбиеші: Ал ақсүйекті іздеңдер, кім тез табар екен? -

дейді. Ойынның шарты бойынша ақсүйекті тауып алған бала басқаларына білдірмей, тәрбиешіге тез

әкеліп беруі керек. Егер балалардың бірі байқап қалса, ақсүйекті тауып алған баланы қуып жетіп,

денесіне қолын тигізуі керек. Сонда ақсүйек өзіне беріледі. Сөйтіп, ақсүйекті ешкімге жеткізбей

тәрбиешіге табыс еткен бала жеңімпаз аталады.












3.« Аю мен аралар »

Ойын мақсаты: Ойын сөздерін айта отырып,кейіпкерлерді нақ көрсете білу.

Ойын құралдары: Аю мен аралардың маскалары,бүлдірген муляждары.

Ойын шарты: Аю болып киінген бала немесе тәрбиеші орындықта отырады(орманында). Ал аралар

болып киінген барлық балалар орманға бүлдірген теруге барады.

Қимылдармен көрсетіп,мынадай сөздерді айтады:

Орманында аюдың,

Бүлдіргені көп екен, (екі қолды жайып көрсетеді)

Теріп-теріп алайық, (тереді)

Қалтамызға салайық! (салады)

Аю шықты апаннан (шығады)

Бол тезірек қашайық ! (балалар қашады)

Соңғы жол сөздерін айтқанда аю тұрып балаларды қуып, ұстайды. Осылай ойын 2-3 ойнатылады.


















4.« Сорпа пісіреміз »


Ойын мақсаты: Көкөністердің атауларын қайталап отыру.Ойын кезінде жүргізушіні зейін қойып

мұқият тыңдау, бір-бірімен соғылыспай шеңбер ішінде жүру,жүгіру.

Ойын құралдары: Көкөністердің муляждары немесе басқа киетін маскалар.

Ойын шарты: Жүргізуші: Балалар,сендер көрдіңдер ме қазанда су қалай қайнайды? Көкөністер

піскенде суда қалай жүзеді? Біз барлығымыз қазан боламыз. Қайсы көкөністі атайды,сол қазанға түседі

де қазанның ішінде жүзіп, жүгіріп жүреді, бір-бірін соқпайды.

Балалар шеңбер құрып тұрады, әрқайсысында көкөністен.

Анамның қазанында су қайнайды

Барлық көкөністер онда секірді.

Әй,картоп (сәбіз,пияз ) қазанға бар

Ана сорпасын пісіреді.

Ойын бірнеше рет қайталанады.















5 ."Қаршыға мен қарлығыш"

Ойын мақсаты: Балаларды ойын шартын бұзбай ойнауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Ойын шарты: Бұл ойынға қанша бала болса да, қатыса беруге болады. Ойыншылар екі топқа бөлініп,

екі бағытқа қарап, екі қатарға тұрады. Бұлардың бір қатары "Қаршығалар" да, екінші қатарындағылар

"Қарлығаштар" болады.

Бір ойыншыны басқарушы етіп сайлайды. Басқарушы екі саптың арасымен ерсілі-қарсылы жүріп

дауыстайды. Алдымен "қар..." дейді де, содан соң қалауынша "шығалар" немесе "лығаштар" деп

қосады. Сол кезде бастаушы атын атаған топтағылар бытырай қаша жөнеледі де, аты аталмаған топ

оларды қуалайды. Олардың міндеті - қашқан топтағылардың біреуін ұстап алу. Ұсталған ойыншы

сол топқа өтеді. Қайсы топ қарсы топың ойыншысын көп қосып алса, сол топ жеңеді.

6."Белбеу соқ"

Ойын мақсаты: Балаларды байқампаздыққа, ептілікке баулу.

Ойын құралдары: белбеу

Ойын шарты: Ойынға қатысушылар шеңбер құрып отырады. Ширатылған шүберек белбеуді бірі

қолына алып айналады да, біреудің артына білдіртпей тастап кетеді. Ол айналып келгенде артында

қалған белбеуді отырған адам байқамаса, әлі тастаған адам белбеуді алып оны қуады, ұрады.

Егер қолма - қол білсе, ол белбеуді тастағанды, қашан өз орнына жеткенше пергілейді.

Ойындағы бір шарт: отырғандар артына қарамайды. Тек қағілездікпен ғана белбеуді білуі керек

















7."Сақина тастамақ"

Ойын мақсаты: Ойын шартын дұрыс қолдана білу, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

Ойын құралдары: сақина

Ойын шарты: Балалар дөңгеленіп, екі-екіден қатарласып отырады. Ойын бастаушы бала ортаға

шығады, оның қолында сақинасы болуға тиіс. Ол сол сақинаны бір шеттен бастап қолдан-қолға

жүгіртіп, отырғандардың біреуінің алақанына салу керек. Алақанына сақина түскен бала мұны

жанындағы көршісіне сездірмейді. Осыдан кейін ойын бастаушы ортаға шығып, "бір, екі, үш,

сақинам ұш" дейді. Сонда сақинасы бар адам орнынан шапшаң тұруы керек. Егер ол тұра алмай,

көршісіне өзін ұстатып қойса, айып тартады. Ал, керісінше, көршісі оны ұстай алмаса, өзі жазықты

болады. Көпшіліктің ұйғаруы бойынша ән, күй, би немесе басқа бір білетін өнерін көрсетеді. Содан

кейін ол алғашқы ойын бастаған адамның орнына тұрып, ойынды қайта жалғастырады.








.









8 ."Арқан түю"

Ойын мақсаты: Балаларды байқампаздыққа, ұжымдыққа баулу.

Ойын құралдары: арқан

Ойын шарты: Ойнаушылар шеңбер жасап дөңгелене тұрғаннан кейін, қолында арқаны бар ойын

жүргізуші топ ортасына шығады да: "Ойынды бастадым!" - деп дауыстайды. Содан соң арқанның

түйілмеген басынан ұстап шеңбер бойымен айналдырады, ал ойнаушылар болса секіріп тұрып, арқанды

аяқтарының астарынан өткізіп жібереді. Кімде-кім арқанды өткізе алмай, аяғына тигізіп алса, онда айып

тартады. Көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді және орын ауыстырады. Осылайша

ойын одан әрі жалғаса береді

9."Кім жылдам?"

Ойын мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа баулу.

Ойын құралдары: белбеу

Ойын шарты: Ойыншылар ойынға екі-екіден қатынасады. Ортаға шыққан екі ойыншы бір-біріне

арқасын беріп, екі жаққа қарап тұрады.Аяқтарының арасын иықтарының деңгейімен бірдей етіп

ұстайды. Сонан соң ойын жүргізуші екеуінің аяғының арасына ұзыннан ұзақ белбеу тастайды да "бір,

екі, үш" деп санайды. "Үш" деген де кім еңкейіп белбеуді бұрын алса, соның жеңгені. Бұл адамның өз денесін еркін меңгеріп, тез қимылдауының нәтижесінде жүзеге асады. Ойынға басқа ойыншылар шығады. Екінші кезекте әр жұптың жеңімпаздарымен арадағы жарыс болады. Ең соңында жеңген екі ойыншы қалады. Сол екеуінің қайсысы жеңіп шықса, сол жеңімпаз атанады.

.















10."Көген тартыс"

Ойын мақсаты: Балалардың өзара қарым-қатынастарын арттыру, шапшаңдыққа баулу.

Ойын құралдары: арқан, бор

Ойын шарты: Бұл ежелден келе жатқан көне ойындардың бірі. Ертеде оны малшылар ойнайтын

болған. Ойынды кең алаңда, дене шынықтыру залында өткізуге болады. Ойынға қатынасушылар

тепе-тең екі топқа бөлінеді. Араларынан екі топқа ортақ ойын жүргізуші тағайындалады. Ойынға

ұзын арқан таңдап алынады. Ортасынан 1-1,5 метрдей ашық орын қалдырылып, арқан әрбір 40-50 см

сайын түйіледі. Ортадан екі топты бөліп тұратын көмбе сызығы сызылады. Әр ойыншы бір-бір

түйіншектен ұстап, бір-біріне қарсы қарап тұрады. Ойын басқарушының белгісімен басталады.

Ортадағы көмбе сызықтан қай жақтың ойыншысы тартып өткізілсе, сол топ жеңіліп, оны

тартып өткізген жақ жеңіске жетеді. Ойын осылай жалғаса береді.


















11."Дауыста, атыңды айтам"

Ойын мақсаты: Балаларды дауыс ырғағын өзгерте білуге үйрету, есту , қабылдау қабілеттерін дамыту.

Ойын құралдары: орамал, таяқ

Ойын шарты: Ойынға көз байлайтын орамал, ұзындығы 1-1,5 метр таяқ керек. Ойынға

қатынасушылардың саны шектелмейді. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын солғұрлым қызықты

болады. Ойнаушылар қол ұстасып, шеңбер бойымен дөңгелене тұрады. Шеңбердің сыртына

шығарып, бір ойыншының көзін байлайды да қолына таяқ ұстатып, шеңбердің ішіне кіргізеді. Көзі

байлаулы ойыншы шеңбердің ортасына келген соң, қолындағы таяғын өзіне қарсы тұрған

ойыншылардың кез келгеніне ұсынады да "дауыста, атыңды айтам" дейді. Таяқтың екінші басынан

ұстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін дауысын өзгертіп үн қатады. (Шеңбер бойында тұрған

ойыншылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста болады, тек ортадағыкөзі байланған ойыншының

таяғы бір ойыншыға тиген кезде ғана бір орында тоқтап тұрады). Көзін байлаған ойыншы таяғының

кімге тигенін дәл тапса, сол ойыншымен орын ауыстырады. Таба алмаса, көзі шешіліп, сол ортада

тұрған бойында көпшіліктің ұйғарымымен өнер көрсетеді.

















12."Тауқырайдан"

Ойын мақсаты: Балалардың ұлттық ойындарына деген қызығушылықтарын арттыру,

аңғарымпаздылыққа баулу.

Ойын құралдары: тақия

Ойын шарты: Ойнаушылар бірінің қолы бірінің басына жетерліктей мөлшерде дөңгеленіп отырады.

Ойын бастаушыдан басқаның бәрі жалаңбас болуы керек. Ол: "Тауқырайдан-тауқырайдан" деп,

қайталап айта береді де, өз басындағы тақияны оң жағындағы көршісінің басына кигізе қояды. Көршісі

де сол сөзді қайталап, оң жақтағы көршісіне кигізеді. Осылай жалғасып кете береді. Бір мәзетте

ойын бастаушы көзін жұмып отырады да: "Тау-тау" деп, басын өз қолымен баса қояды.

Тақия кімнің басында қалса, соған айып салады. Ән, тақпақ айтқызады, не би билетеді.



















1 3."Теңге алу"

Ойын мақсаты: Балаларды ойынды өз мәнінде өрбіте білу, жылдамдыққа баулу.

Ойын құралдары: теңге, ағаш ат

Ойын шарты: Екі топ ойыншылардың әрқайсысы жеке - жеке шыбықты ат қып мінеді. Ойынды

бастаушы жүргізеді. Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20-32 метрдей жерден

тереңдігі бір қарыстай (15-20 см) екі шұңқыр қазылады. Әр шұңқырға он-оннан тас салынады. Екі

топтан екі сайыскер шығады да, сызыққа келіп, қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша,

шыбық аттарын құйғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп, қол сұғып жібереді де,

тасты іліп алып, әрі қарай кетеді. Шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған

тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.

14."Итеріспек"

Ойын мақсаты: Балаларды дене бітімін ұстай білуге үйрету, жеңімпаздыққа баулу.

Ойын құралдары: бор

Ойын шарты: Ойын көгалда, кең жерде өткізіледі. Ойыншылар санына шек қойылмайды. Ойнаушылар

жиналып болғаннан кейін, үлкен шеңбер сызылады да, ортаға екі ойыншы шығады. Егер бір аяқпен

секіріп жүріп, екі ойыншының біреуі екінші аяғын жерге тигізбестен, қарсыласын шеңберден итеріп

шығарса - жеңгені. Аяғын жерге тигізіп алса - жеңілгені. Ойын жалғаса береді.














15.«Бауырсақ»

Ойын мақсаты: Балаларға жақсы мен жамандықты айыра білуге үйрету.

Ойын құралдары: Бауырсақ пен түлкінің маскалары

Ойын барысы: Балалар маскаларды киіп, ойынға қатысады. Бауырсақ болып ойнайтын балалар

түлкіденқашып құтылу керек. Егер ұсталса, онда түлкі болады. Автордың ролін ересек адам ойнайды: -

Мен бауырсақпын, бауырсақпын


16."Кім епті?"

Ойын мақсаты: Балаларды о

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ