400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дидактикалық ойын- бала тілінің арқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын баланың барлық қабілетінің, тілінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне, құрбылармен жақындасуына көмектеседі. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Сондай-ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның ізденімпаздық, тапқырлық қабілетін оятады, жеке қасиеттерін қалыптастырады. Ойын кезінде бала айналадағы құбылысты өзінше түсініп, бейнелейді, өзінің күш-жігерін, сезімін білдіруге мүмкіндік тауып, айналадағы қоршаған ортамен қарымқатынасын нығайтып, адамдардың күнделікті іс-әрекетіне көңіл бөліп, араласа алады. Сондықтан ойынды сабақтан тыс уақытта пайдалану - үлкен нәтиже бepepi анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, ойынды бар өнердің бастауы деп білеміз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баяндама

Тақырыбы: “ Дидактикалық ойын- бала тілінің арқауы”


Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын баланың барлық қабілетінің, тілінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне, құрбылармен жақындасуына көмектеседі. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Сондай-ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның ізденімпаздық, тапқырлық қабілетін оятады, жеке қасиеттерін қалыптастырады. Ойын кезінде бала айналадағы құбылысты өзінше түсініп, бейнелейді, өзінің күш-жігерін, сезімін білдіруге мүмкіндік тауып, айналадағы қоршаған ортамен қарым-қатынасын нығайтып, адамдардың күнделікті іс-әрекетіне көңіл бөліп, араласа алады. Сондықтан ойынды сабақтан тыс уақытта пайдалану - үлкен нәтиже бepepi анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, ойынды бар өнердің бастауы деп білеміз.

Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. 

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандарты бойынша балалардың жас ерекшелігі мен жеке мүмкіндіктеріне қарай, олардың негізгі құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігін ескере отыра балалардың көру, есту, қабылдау, есте сақтау, зейіні мен ойлау қабілеттерінің даму барысын анықтауға арналған дидактикалық, сюжетті-рөлдіr, дамытушылық, драматизациялау, қимылды ойындар, саусақтармен ойын - жаттығулар жинағын ұсынамын.

Дидактикалық ойындар. Оның мақсаты – баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру және дамыту, игі қасиеттерді тәрбиелеу. Дидактикалық ойындардың мазмұны қандай да болмасын ақыл – ой міндеттерін жүзеге асыруға негізделеді. Ережені орындау ойды, қиялды, есті дамытуға ықпал етеді. Әрбір ойынның мазмұны, шарты, дидактикалық мақсаты, керекті құралдары берілген. «Таным» Қарапайым математикалық түсiнiктердi қалыптастыру, «Таным» Экология негіздері, «Қатынас» Тіл дамыту, «Әлеуметтік орта» Қоршаған ортамен таныстыру білім беру салалары бойынша балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дидактикалық ойындардың мақсатын ұсынамын.

Дидактикалық ойын, ойын әдісі ретінде екі жақты қарастырады. Ойын-оқу іс-әрекеттері. Бұл ойында басты рөлді педагог басқарады, педагог әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып , ойын жағдайын туғызады, жарыс элементтерін қолданады. Педагог ойын барысында тек қана ойнатып қоймайды балаларға белгілі бір білімді береді, ойнау дағдыларын қалыптастырады. Дидактикалық ойындар математикада, тіл дамыту да, қоршаған ортамен таныстыруда, сенсорлық мәдениетін дамытуда қолданылады. Педагог бұл жерде оқытушы да , ойында ойнаушы ретінде болады. Ол ойнауды үйретеді ,ал балалар ойнай жүріп үйренеді. Егер де оқу барысында қоршаған орта туралы білімдерін дамытуда тереңдетілсе, дидактикалық ойында балаларға тапсырмалар жұмбақ ретінде,ұсыныстар, сұрақтар ретінде қолдануға болады. Дидактикалық ойын жеке ойын қызметі осы ойын әрекетін сезіну ретінде қарастырылады. Ойынның бала тәрбиесіне маңыздылығын бұрынғы және қазіргі педагогикалық әрекеттерде қарастырады. Педагогикалық ғылыми жүзінде ойынның екі жақты маңыздылығын көрсетті: жан-жақты даму үшін және шағын дидактикалық тәртіп бойынша.


Дидактикалық ойындардың балалардың ойлау қабілетіне тигізер әсері:

Ақыл-ой дамуы: Дидактикалық ойын мазмұны балалардың қоршаған орта туралы, табиғат ерекшелігі, әр түрлі мамандық иелері туралы, өз отаны туралы білімдерін қалыптастырады. Дидактикалық ойын арқылы педагог балаларды өз беттерінше ойлана білуге, алған білімдерін әр түрлі жағдайда қолдана білуге үйретеді. Көптеген дидактикалық ойындар балалардың алдында ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде мақсат қояды. Қоршаған ортадан ұқсас құбылыстарды тап, салыстыруға, топтастыруға, затттарды өзіндік қасиеттерімен топтастыруға, дұрыс шешім қабылдауға үйретеді. Дидактикалық ойын балалрдың тілін дамытады, сөздік қорлары, дұрыс сөйлей білу, дыбыстарды дұрыс айту, өз ойларын жеткізу іс-әрекеттері қалыптасады. Дидактикалық ойыннның міндеттерінде көбінесе балаларды заттар немесе қоршаған орта туралы сөйлем құрай білуге,ойын барысында балалардың сұраққа дұрыс жауап беруі бір-бірімен пікір алмасуы арқылы сөздік қорлары дамиды.



Адамгершілік дамуы: Мектепке дейінгі балаларда қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, ойыншықтарға ұқыпты қарауға, өзін-өзі ұстау дағдылары, құрдастарымен және үлкендермен араласу дағдылары қалыптасады. Үлкенірек топтағы балалармен дидактикалық ойындарды қолдануда басқаша міндеттерді шешу қарастырады, үлкендердің еңбегін бағалауға, отанына сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.

Еңбек тәрбиесі: Дидактикалық ойындар балалардың еңбек адамдарына құрметпен қарауға, үлкендер еңбегіне деген қызығушылықтарын тудыруға, және өздерінің де еңбектенуге деген қызығушылық сезімдерін тудыруға әрекет жасау. Бұндай дидактикалық ойындар балалардың еңбекке деген қызығушылықтарын, және үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелейді.

Э
стетикалық тәрбие:
 Ашық та, қызықты дидактикалық ойындар балалардың қызығушылығын тудырады,эстетикалық талғампаздықтарын дамытады.

Дене тәрбиесі: Ойын балалардың жақсы көңіл-күйлерін тудырады, сонымен қатар нерв жүйесінің оянуына көмектеседі. Ойын барысында балалардың дене қимылы сонымен қатар қол маторикасы дамиды, сонымен қатар ақыл-ойының дамуына тигізер әсері мол. Дидактикалық ойындар арқылы балалардың жеке қасиеттері қалыптасады.

Дамытушы дидактикалық ойындар:

балаларға ұсынылатын,дайын ойын жоспары.

ойын материалы және тәртібі(қарым-қатынас және заттармен әрекет)

Бұның бәрі ойын мақсаты болады яғни ойын не мақсатпен жасалды және неге бағытталды.


Түптеп келгенде, тәрбие құралдарының басқа түрлері сияқты ойынның да білімділік, тәрбиелік мүмкіндіктерін балалардың жас ерекшеліктеріне, сабақ мазмұнына жақсы үйлестіре қолдану мұғалім ізденісіне, шеберлігіне байланысты. Ол үшін мұғалім ойынды пайдалану методикасын да, ойын түрлерін таңдап-талғауға да қойылатын талаптарды жете білуге тиіс.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
12.12.2023
352
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі