Дидактикалық ойын арқылы
баланың тілін дамыту
Мектепке дейінгі білім беру
мекемесінде балаға білім берудің жетістігі ретінде ең маңызды және
ең алғашқы жағдай ол – баланың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.
Бала байланыстырып сөйлеуді жақсы меңгерсе ғана кез келген сұраққа
толық, мәнді жауап бере алады. Ғалымдардың зерттеулері бойынша
мектепке дейінгі және кіші жастағы балалардың тілін дамыту тек
қарапайым ситуациялық түрде ғана көрінеді. Тілдің жақсы дамуы –
мектепке дейінгі дайындықтың негізгі көрсеткіші болып
табылады.
Кішкентай кезінен баланы
дамытатын, өсіретін әрі тербелейтін негізгі іс-әрекет – ойын. Ойын
арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық
құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым-қатынастарымен танысады.
Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі
деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын,
мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған. Орыстың
көрнекті қайреткері В.А Сухомлинский де «Ойын баланың алдынан өмір
есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз
ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес» –
дейді.
Ойынның түрлері өте көп. Соның
ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын. Дидактика термині гректің
«дидактикос», яғни үйретемін деген мағынаны білдіреді. Бұл
ойынның пайдасы – баланың ой өрісін қалыптасуын, дамуын мақсат етіп
қояды. Сондай-ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен
дұрыс қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді. Дидактикалық ойындар
арнайы мақсатты көздейді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын
оятып, белсенділігін арттыру мақсатында орындалады. Дидактикалық
ойынды тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын,
белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ойнаған кезде
дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек.
Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа
ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы
өте зор. Сонымен Дидактикалық ойын арқылы балалардың тілдерін
дамытудағы негізгі мақсаттар:
•
байланыстырып сөйлеу
мәдениетін жетілдіру;
•
құрастыра
сөйлеу;
•
сөздік қорың
молайту;
•
фонематикалық есту қабілетін
дамыту.
Ал
міндеттері:
•
Ойынға, сабаққа деген
белсенділіктерін арттыру;
•
Ойын арқылы танымдық
іс-әрекеттерін дамыту;
•
Сөйлеу, ойлау, есте сақтау
және шығармашылық қабілеттерін ойын арқылы
жетілдіру.
Сабақтарда екі-үш дидактикалық
ойын қолдануға болады. Дидактикалық құралдар оқу міндеттеріне сай
арнайы әзірленеді. Бұл ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын
ойындар түрін пайдаланған өте тиімді. Дидактикалық ойын арқылы
оқытудың 2 әдісін қарастыруға болады: ойын сабақтар және
дидактикалық тапсырмалар. Екеуінде де балалардың алдына қандай да
бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру, ерікті
зейін қою, ой күшін жұмсау, ережені ой елегінен өткізе білу,
іс-әрекеттердің жүйелігін қиыншылықтарды жою керек болады. Ойын
барысында тәрбиеші балалардың тілдерін дамыту, сөз өнеріне деген
қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылығын
дамыту мақсатында күнделікті қиял-ғажайып ертегілерді, аңыздарды
және т.б. әдебиеттерді пайдалану қажет.
Дидактикалық ойындар үш топқа
бөлінеді:
-
Заттық дидактикалық
ойындар дидактикалық ойыншықтармен
және түрлі ойын материалдырымен ұйымдастырылады. Мысалы: «Дәл
осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың
жапырағы?», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы аз, қайсысы көп?»
т.б.
-
Үстел үстінде ойналатын
дидактикалық ойындар – «Лото», «Домино», суреттер
сыңарын табу және тағы басқа. Мұндай ойындарда жеке тұлғаның
осындай құнды қасиеттері: қайта түрленуге қабілеттілігі, қажетті
бейнені жасаудағы шығармашылық ізденушілігі
қалыптасады.
-
Сөздік дидактикалық
ойындар ойнаушылардың сөздері мен
әрекетінен тұрады. Мұндай ойындарда балалар заттар туралы
түсініктеріне сүйеніп, олар туралы білімдерін тереңдетіп
үйренеді.
Баланың сөздік қорын, жақсы
сөйлеуін дамытуға арналған дидактикалық ойындардың мысалын
келтірейік.
Ойынның мақсаты: Логикалық
ойлауға үйрету, күн режиміне қажет іс-әрекетті есіне түсіру. Қай
кезде не істелетіні жөнінде сөйлем құрап айтуға үйрету. Түрлі
жаттығу жұмыстарын өздігінен орындауға
жаттықтыру.
Ойынға қажет заттар: Үлкен
және кішкене суреттер немесе қуыршаққа арналған ыдыстар,
ермексаздан, балшықтан жасалған тоқаш, кәмпит, нан, бауырсақ,
т.б.
Ойын ережесі: Егер ойын
суреттермен жүргізілсе тәрбиеші үлкен суретті балалардың бәрі
көретіндей орынға іледі. Мысалы: үлкен тарелка немесе орамал
ұстаған қыздың суреті. Балалар қораптағы суреттердің ішінен тақтаға
ілінген сурет мазмұнына сәйкес заттардың суретін алып үстелге
қояды. Не істегені туралы айтады. Ойынынң соңында балалар ойынға
қатысты заттардың суретін салады (өз қалаулары бойынша нан, қант,
тоқаш т.б).
-
Рөлдік
«Капитандар» ойыны. Бұл ойынды ойнау
барысында балалар елестету арқылы «кемені жүргізеді». Ойындағы
рөлді оңға, солға бұрады, кеменің жүзуіне, қозғалысына тән дыбыс
шығарады. Бұл әрекет арқылы оқушылар кеме капитанының роліне енеді.
Ал дидактикалық жағынан алғанда олар капитанның ойлау әрекетіне
еліктейді, тәрбиешінің алдын-ала жасаған түсіндірмесіне сүйене
отырып, кемені берілген бағыт бойынша жүргізеді. Мұндай ойын арқылы
бала өздігінен жұмыс жасауға үйренеді, өз бетімен қорытынды
шығаруға машықтанады.
Осы сынды дидактикалық ойындар
мектеп жасына дейінгі балалардың тіліне деген қызығушылықтарын
арттырады, сөздік қорларын байытуға септігін тигізеді. Ойын әрекеті
арқылы оқыту – мектеп жасына дейінгі кезеңнің негізгі ерекшелігі.
Білімді меңгерту және оны бекіту үшін, дағды мен әдет
қалыптастыруда балаға қайталау және жаттығу қажет. Егер баланың
ойлауы образды, эмоциялық әсерде болса, ол соғұрлым жақсы нәтиже
береді, сондай-ақ білім қызғылықты әрекетпен байланысты болса,
баланың іс-әрекетімен іштей қабысып жатса, ондай білімді бала дұрыс
меңгереді.