Материалдар / Дидактикалық ойындар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дидактикалық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі балалардың зейінінің, ұйымдастырылған оқу қызметіне арналған қызығушылық танытуына арналған дидактикалық ойын әрекеттері.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2021
638
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Дидактикалық ойындар

1.Дидактикалық ойындардың негізгі ерекшелігі

2.Дидактикалық ойындардың халықтық тамырлары

3. Педагогикалық жүйелердегі дидактикалық ойындар

1.http://melimde.com/oitudafi-didaktikali-stanimdar.html

2.http://ignorik.ru/docs/index-2262138.html?page=8


1.Дидактикалық ойындардың негізгі ерекшелігі олардың атауынан білінеді: бұл үйретуші ойындар. Олар үлкендермен балаларды тәрбиелеу мен оқыту мақсатында жасалады. Бірақ ойнап отырған балалар үшін дидактикалық ойындардың тәрбиелік, білім беру мағынасы ашық шықпайды, ойын мақсаты, ойын әрекеттері, ережелер арқылы жүзеге асады. А.Н.Леонтьев айтқандай, дидактикалық ойындар өздері дайындайтын ойындық емес қызметтке өтпелі форма болып табылатын «шекті ойындарға» жатады. Бұл ойындар оқытудың негізі болатын танымдық әрекеттердің, интеллектуалдық операциялардың дамуына әсер етеді. Дидактикалық ойындарға оқу сипатындағы мақсаттың – оқыту мақсатының болуы тән. Оны , бір дидактикалық ойын құру кезінде, үлкендер басшылыққа алады, бірақ балаларға қызықты формаға ауыстырады. Оқыту мақсаттарының мысалдарын келтіреміз: балаларды түстерді («Отшашу», «түрлі-түсті кілемшелер») немесе геометриялық фигураларды дұрыс ажыратуды және атауды үйрету, асханалық ыдыс-аяқ туралы («Катя қуыршақ түскі ас ішіп жатыр») немесе киім туралы («Катя қуыршақ серуенге барады») түсінікті нақтылау, сыртқы белгілеріне, кеңістіктегі орналасуына қарай заттарды салыстыра білуді қалыптастыру («Не өзгерді», қос суреттер), көз мөлшерін және ұсақ қимыл-қозғалыстардың координациясын дамыту («Балықты ұстап ал», «Ұшатын қалпақтар»). Оқыту мақсатын ойынды жасап шығарушылар сәйкес мазмұнында орындалады, балалар орындайтын ойын әрекеттерінің көмегімен іске асады. Баланы тартатын ойындағы оқыту мақсаты емес, белсенділік, ойын әрекеттерін орындау, нәтижеге қол жеткізуге, жеңу мүмкіндіктері қызықтырады. Бірақ та, егер ойынға қатысушы оқыту мақсатына қойылған білімді, ой операцияларын меңгермесе, ол ойын әрекеттерін сәтті орындай алмады, нәтижеге жете алмайды. Мысалы, «Түрлі-түсті фондар» дидактикалық ойынында әр ойыншы кілемшеге білгілі бір түстегі ойыншықтарды және сол түсті заттарды қою керек. Ойын әрекеттерін сәтті орындау, баланың түс ажыратуды үйренгеніне, айналадағы жағдайда сол белгі бойынша заттарды іздеп табуына байланысты. Сонымен, белсенді қатысу, әсіресе дидактикалық ойындағы жеңіске жету, баланың оның оқыту мақсатында көрсетілген білімді және машықтарды қаншалықты игергеніне байланысты. Бұл баланы мұқият болуына, еске сақтауына, салыстыруына, өз білімін топтастыруға, нақтылауға себеп болады.

Дидактикалық ойын балаға жеңіл, еркін формада бір нәрсені үйренуіне көмектеседі. Осылай байқаусыз оқыту автодидактизм деген атау алды. Кішкене балаларды белсенді, олар үшін қызықты, қызмет арқылы оқыту мүмкіндігі – дидактикалық ойындардың айқын ерекшелігі. Бірақ, ойыншылардың жүре біткен білімі мен машықтары, олар үшін қызметтің қосалқы өнімі болып табылады, өйткені негізгі мүдде оқыту мақсаты емес (сабақ кезінде болатындай), мектепке дейінгі ерте және орта жастағы балалар үшін - ойын әрекеттері, және мектепке дейінгі үлкен жастағы балалар үшін - ойын мақсатының шешілуі деп көрсетіледі.

2.Дидактикалық ойындардың халықтық тамырлары. Дидактикалық ойындар көп ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатыр. Олардың бірінші жасаушылары халық болған, жас балалардың таңқаларлық ерекшелігін байқаған – ойындар мен ойыншықтар көмегімен, ойын кезінде оқытуға зеректігін. Адамзаттың бүкіл тарихында әр елдің өзінің дидактикалық ойындары құралған, өзіне тән дидактикалық ойыншықтар жасалған, олар сол ұлт мәдениетінің бөлшегі болған. Дидактикалық ойындар мен ойыншықтардың мазмұнында сол халықтың ұлттық мінез-құлықының, табиғатының, тарихының, еңбегінің, тұрмысының ерекшеліктері көрінеді. Бірақ барлық дидактикалық ойындар мен ойыншықтарға тән, олардың жер шарының қай түкпірінен шыққанына байланыссыз кейбір ортақ ұқсастығы бар. Оларда барлық ұлттардың көзқарасында бала деген өзінің толық жетілуі үшін қоршаған әлемді тануда, қуанышты көңілкүйге, айналадағы өзіне жақын адамдармен эмоционалды ашық боялған қатынасқа, белсенді қозғалысқа, өзін ашатын, көрсете алатын қозғалысқа мұқтаж жан иесі деп қалыптасқан. Ұлттық дидактикалық ойындарды баланың күшіне, мүмкіндіктеріне, даму тенденцияларына гумандық түрде, құрметтей, ұқыпты қараған деп толық негізбен айтуға болады. Ұлттық дидактикалық ойындар баланың жасына байланысты психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелік және оқыту әсерлерінің өзара байланысын қамтамасыз етеді. Халық дидактикалық ойындары баланың жасына сай психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелік және оқыту әсерлерінің өзара байланысын қамтамасыз етеді. Халық дидактикалық ойындарына нақ айқындалған ойын, бейнелілік, динамикалық ойын әрекеттері формасындағы эмоционалды-танымдық мазмұн тән. Ойынның мазмұны оқиғалық, яғни балаға белгілі бір эмоционалдық әсер беретін, оның әлеуметтік тәжірибесін молайтатын оқиға немесе жағдайды көрсетеді. Сөйлеу мәнерін, ерік күш-жігерін, зейінін, туралықты, қозғалыс үйлесімділігін дамытатын, түсі, пішіні, көлемі, заттардың кеңістікте орналасуы (бирюлькалар, жиналғыш бочоктар, жұмыртқалар, әртүрлі өлшемдегі түрлі түсті конустар, матрешкалар, пирамидалар, мұнаралар) туралы түсінікті қалыптастыратын халықтың дидактикалық ойыншықтары ұрпақтан ұрпаққа берілуде. Дидактикалық ойыншықтардың мазмұны мен құрылымында орыс халық педагогикасына сәйкес келетін ұлттық сипаттағы маңызды ерекшелігі ретінде балалардың өз дербестігін тәрбиелеу туралы түсінік орын алды.көптеген ойыншықтарда ойын іс-қимылдары, олардың қайталануы, мақсаттың дұрыс шешімін табу, сәтті нәтижеге жету арқылы баланың өзіндік оқыту мүмкіндігі берілген. Ойын іс-әрекеттерінің тәсілін көбінесе халық дидактикалық ойыншығының конструкциясының өзі ойға салады, бұл ойын кезінде дербестікке тәрбиелеу мақсатына жауап береді.

3.Педагогикалық жүйелердегі дидактикалық ойындар Халық педагогикасында қалыптасқан дидактикалық ойындарды балаларды тәрбиелеу және оқыту мақсатымен кеңінен пайдалану, ғалымдардың зерттеулерінде және көптеген педагогтардың практикалық қызметтерінде өз дамуын тапты. Негізінде, мектепке дейінгі тәрбиелеудің педагогикалық жүйесінде дидактикалық ойындар ерекше орын алады. Мектепке дейінгі тәрбиелеудің алғашқы педагогикалық жүйелерінің авторы Фридрих Фребель бастапқы білім берудің мақсаты тек оқытудың қарапайым мағынасында емес, ойынның ұйымдастырылуында екендігіне сенімді болған. Ойын болып қалғанымен, сабақ ойынға толық енуі қажет. Ф.Фребель балабақшадағы балаларға тәрбиелік-білім беру жұмысының негізі болып табылатын дидактикалық ойындар жүйесін әзірледі. Бұл жүйеге оқыту мақсатттары мен ойын әрекеттерінің күрделенуінің өсу қағидасымен қатаң орналасқан әртүрлі ойыншықтармен, материалдармен (доп, кубиктер, шарлар, цилиндрлер т.б.) ойналатын дидактикалық ойындар кірді. Ойындардың оқыту әсерін күшейту мақсатымен Ф. Фребельдің және оның оқушыларының жазған тақпақтары, өлеңдері, рифмалық әңгімелері көптеген дидактикалық ойындардың міндетті элементі болып табылады. Бала тәрбиешілеріне көмек ретінде, Ф.Фребельдің дидактикалық ойындарын толық сипаттайтын, ойын әрекеттерінің реті көрнекті түрде көрсетілген иллюстрациялық материалдары, сөздік және әндік сүйемелдеудің текстері мен ноталары бар оқу құралдары шығарылды. Ф.Фребельдің өзі және оның шәкірттері мен ізбасарлары алғашында Германияда, кейіннен басқа мемлекеттерде өздерінің ұсынған дидактикалық ойындар жүйесін жоғары бағалаған. Алайда бала қызметінің қатаң реттілігі, білім алудың көңіл көтеруге зиян келтіруі, балалардың тәрбиешінің іс-әрекеттеріне, сөздеріне еліктеуге негізделген ойын жүргізу методикасы, фребелдік балабақшалардың жұмысымен танысқан атақты педагогтардың критикалық сын-ескертулерін тұғызды (К. Д. Ушинский, П.Ф.Лесгафт, Л. Н. Толстой, Е.И.Тихеева). Авторы Мария Монтессори болып табылатын дүниежүзіне белгілі басқа дидактикалық жүйе де әртүрлі бағаланды. Балабақшаның білім беру процессінде ойынның алатын орнын анықтау бойынша М.Монтесорридің ұстанымсы Ф.Фребельдің ұстанымына жақын болды: ойын оқытушылық болу керек, олай болмаған жағдайда ол баланың дамуына ешқандай әсері жоқ «бос ойын» болып табылады. Ол ойынсабақтарды оқытушыларға сенсорлық тәрбилеу үшін қызықты дидактикалық материалдар жасады. Соңғысы, Монтесорридың ойынша мектепке дейінгі жастағы және кіші жастағы баллаларды оқытудың негізін құрайды. Бұл материалдар (пернелік тақтайлар, сандық штангалар, түймелері бар рамкалар, куб-вкладыштар және т.б.) баланың өз ерік-жігерін, шыдамдылығын, бақылаушылық пен өзіндік тәртібін дамыта отырып, білім ала отырып, белсенділігін жаттықтыра отырып, өз қателіктерін тауып оларды жоялатындай етіп жасалған. Мектепке дейінгі тәрбиелеудің отандық педагогикалық жүйелерінің алғашқы авторы Е.И. Тихеева дидактикалық ойындардың жаңа тәсілін жария етті. Тихееваның ойынша олар оқу, әңгімелесу, сурет салу, ән айту, гимнастика, еңбекпен бірге балалармен жасалатын тәрбиелік-білім беру жұмысының компоненттерінің тек бірі болып табылады. Балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы дидактикалық ойындардың тиімділігін Е.И.Тихеева, баланың қызығушылықтарымен қаншалықты үндес болатындығымен, оған қаншалықты қуаныш силайтындығымен, баланың қаншалықты белсенділігі мен дербестігін көрсете алатындығымен тікелей байланыстырады. Е.И.Тихееваның ұсынған ойындарында оқыту мақсаттары сыртқы сезім жаттығуларының, бала сенсорикасының шеңберінен асады. Олар ойлау операцияларының (салыстыру, жіктеу, жалпылау) қалыптасуын, сөйлеуді жетілдіруді(сөздікті байыту, заттарды сипаттау, жұмбақтарды құрастыру), қашықтықта, уақытта, кеңістікте бағдарлана алу қабілетін дамытуды көздейді. Осы және тағы басқа мақсаттардың орындалуы (есте сақтау қабілетінің, зейінінің, коммуникативты білімдерінің дамуы) ойын мазмұнының өзгеруін, дидактикалық материалдардың арсеналының кеңеюін талап етті. Табиғат әлемінің , әлеуметтік қарым-қатынастардің, қолөнер заттарының байлығымен бірге айналадағы қоршаған өмір дидактикалық ойындардың мазмұнына айналды. Е.И.Тихеева бүгінгі күнде мектепке дейінгі мекемелерде қолданылатын дидактикалық материалдарды, үстел ойындарын әзірледі. Ол мезгілдік киім комплектісі, тұрмыс ыдыстары бар қуыршақтар, бірдей суреттер мен геометриялық мозайкалар қағидасымен құрастырылған үстелдік ойындар.

Тапсырма

1. Дидактикалық ойындар жиынтықтарында дидактикалық қуыршақтармен ойналатын сюжеттік-дидактикалық ойындармен танысыңыз.(«Қуыршақтың жаңа қонысы», «Катя қуыршақ оянды» , «Катя қуыршақ түскі ас ішті» және т.б.). Олардың педагогикалық құндылығын анықтаңыз. Ойынның өз вариантыңызды дайындап оны балалармен жүргізіңіз.

2. Оқу қызметтеріне дидактикалық ойындарды жинақтау

.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!