Дидактикалық ойындар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дидактикалық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка пәні мұғалімдеріне пайдасы тиеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті









Баяндама





Тақырыбы:

«Дидактикалық ойындарды саз - ырғақ сабағында қолданудың маңызы»







Дайындаған саз - ырғақ мұғалімі:Хасанов Ж.Н.

















Казталовка 2017 жыл

Музыка сабақтарында дидактикалық ойындарды қолдану арқылы оқушыларды жан - жақты тәрбиелеуге болады. Осыған орай саз - ырғақ сабағында дидактикалық ойындар арқылы меңгерту жұмыстарының мынадай мақсаттары болуы керек деп ойлаймын:

  1. Оқушыларды ұлттық болмысқа тәрбиелеу. Бұл төмендегі жұмыстар бойынша жүргізіледі:

а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім - тәрбие көздерімен ұштастыруда жұмбақтарды, мақал - мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерінен оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;

ә) ұлттық нақыштағы би шығармаларын дидактикалык ойын түрінде беру арқылы оқушылардың ұлттық мәдениет пен ұлттық киімге дұрыс көзқарастарын қалыптастыру;

2. Оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға ізгілік пен әдептілік негіздерімен тәрбиелеу. Бұл үшін тәрбиенің озық үлгілерін музыкаға оқыту барысында тиімді қолдану қажет.

Жоғарыда аталған мақсаттарды орындау үшін музыка сабағында дидактикалық ойындар арқылы оқушыларды тәрбиелеу жұмыстарын төрт жақты жүргізген дұрыс:

Бірінші бағыт - дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін, логикалық ойлауын тәрбиелеу;

Екінші бағыт - оқушыларға ізгілік - оқыту үрдісінде халық педагогикасының мол мұрағаттарын пайданалана отырып, оқушыларға ізгілік, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіру;

Үшінші бағыт - түрлі музыкалық шығармаларды пайдалана отырып, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру арқылы олардың жеке тұлғалық қабілеттерін, жат нәрседен бойын аулақ салуға тәрбиелеу;

Төртінші бағыт - оқушылардың сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

Жоғарыда аталған төрт бағыт өзара бірлікте жұмсалып, тұтас күйінде дидактикалық ойындар арқылы оқушыларды тәрбиелеу негіздерін құрайды. Мысалы, «Жаңылмаймын жаңылтпаштан» ойыны оқушыларды сөйлеуге, дұрыс оқуға тәрбиелейді. Бұл ойында кім тез әрі жаңылмай оқыса, сол жеңеді. Бұл ойынды сыныпта хормен ән айту барысында дауысты жаттықтыру барысында қолдануға болады. Оқушыларға жаңылтпаштарды айтқызып болғаннан кейін, дауысты және дауыссыз дыбыстардың түрлерін тапқызу қажет.





Мысалы:

Баланың жаман баға алмағаны,

Мұғалім ағаның жаман болмағаны.

Музыка сабағында оқушылардың дауысын жаттықтыру барысында мұндай тақпақтар кеңінен қолданылып, оқушылардың сөйлеу дикциясына тәрбиелейді

«Смайликтер» ойыны

Ойынның мақсаты: Балаларды музыканың әртүрлі сипатын ажыратуға баулу(көңілді, ойнақы, сабырлы, мұңды).Шығармалардың көңіл - күйін сезіне білуге үйретеді.

«Төмен және жоғары дыбыстар» ойыны

Ойынның мақсаты: Балаларды шығарманы тыңдай отырып, динамикалық бояуларын, дауыс күштілігін ажырата білуге баулу.

Ойынның шарты: Түстері бірдей, әртүрлі көлемдегі сары қоңыраулар суреті салынған көрсетіледі.Шығарманы тыңдап, төменгі дыбысқа үлкен қоңырау, орташа дыбысқа орташа қоңырау, жіңішке дауыстағы әуенге кіші қоңырау бейнеленген суретті көрсетеді.

«Тауып көр» ойыны

Ойынның мақсаты: Балаларды қырағылыққа, шапшандыққа өз беттерімен ізденуге талпындырып, ойлау қабілетін жақсартады және кеңістікті бағдарлай білуге үйретеді.


«Үш би» ойыны

Ойынның мақсаты: Балаларды би жанрларын (полька, ұлттық би, вальс) ажырата білуге, би түрлерін еске сақтауға, әуенді естіп қабылдауға баулиды.













«Ойқозғау» ойыны

Ойынның мақсаты: Балалардың тез шешім қабылдауға үйретіп, ойлау

қабілеттерін жақсарту.

Ойын шарты: Мағыналары қарама - қарсы сөздерді сызықтар арқылы қосыңдар

Көңілді Ақырын

Қатты Жай

Тез Жіңішке

Жуан Көңілсіз



Мұндай ойындар оқушының ой жалғастыру, сөйлемді дұрыс құрау дағдыларын жетілдіріп, шығармашылық ойлау қабілеттерін тәрбиелейді.

Қорыта келе музыка сабағында көп қолданылатын шаралар мен анаграммалар дидактикалық ойындары оқушылардың байқампаздығын, іздемпаздығын тәрбиелейді.






































ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Алекторов Е.А. «Праздничные игры и забавы Киргизов» «Оренбургский листок» 1888. №42

  2. Атаев А.К. «Исследование эффективности применения элементов национальных видов спорта, народных игр и специальных упражнений для развития физических качеств школьников Узбекистана» Дис.канд.пед.наук Ленинград 1969.

  3. Ахметов М.Ш. «Адыгей халықтарының ұлттық ойындары» дис.пед.ғыл.канд Майкоп 1970.

  4. Ахундова С.М. «Использование азербайжанских народных игр в детских дошкольных учреждениях» дис.канд.пед.наук Баку 1975.

  5. Әлімбаева «Халық – қапысыз тәрбиеші» Алматы Қазақ ССР «Білім» 1977.

3-4 б.

  1. «Дидактикалық ойындар»Т.Т.Сарыбаева,Г.А.Абдрахманова Алматыкітап баспасы 2013 жыл


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.00.2018
636
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі