Материалдар / Дидактикалық ойындар арқылы балалардың тілін дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дидактикалық ойындар арқылы балалардың тілін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы балалардың дидактикалық ойындар арқылы тілін дамыту мақсаты: Балалардың дидактикалық ойындар арқылы ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету; Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру; Балаларға дидактикалық ойын арқылы өз ойларын толық жеткізе білу, сауаттылығын ашу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2021
1781
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кіріспе

Баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы қимыл әрекеті – ойын, сондықтанда оның мәні ерекше.Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев; «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болама?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тану, еңбекке танысы, психалогиялық ерекшеліктері осы ойын түрінде қалыптасады. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әр түрілі құбылыстары мен үлкендердіңтүрілі іс әрекетіне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, сол мақсатқа жету жолындағы іс – әрекеттер бала үшін қызықты. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезінеу, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрілі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші басты құбылыстың бірі деуге болады. Былайша айтқанда болашақ қайракердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді. Ойын мен еңбектің бір – біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагогтар, ғалымдар «жақсы ойын - жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын – жаман жұмыс сияқты» деп қарап бұлардың арасында айырмашылық көп емес деген түйін жасауға болады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын байқалады. Ойын кезіндегі баланың психалогиялық ерекшеліктері мыналар; олар ойланады, эмоциялық әсерге ұшырайды, белсенділігі артады ерік қасиеті,қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды. Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтейік» деуі, олардың ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр. Осыдан келіп ойын туралы мынадай тұжырым жасалады.

Балабақшаларда оқыту – тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс - әрекет кезіндегі тілдік қарым - қатынаста қолдана білуге жаттықтыру.

Балабақшадағы балалардың дидактикалық ойындар арқылы тілін дамыту мақсаты:

Балалардың дидактикалық ойындар арқылы ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.

Сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;

Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру;

Балаларға дидактикалық ойын арқылы өз ойларын толық жеткізе білу, сауаттылығын ашу.


Осы мақсатты іске асыру нәтижесіндегі міндеттері:

Бала тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.

Сөздегі грамматикалық дағдыларды қалыптастыру;

Баланың сөздік қорын молайту;

Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру;

Балалардың ойын дамытып, тіл байлығын арттыру.

Дидактикалық ойын арқылы балалардың сөз, сөйлемдерді айыру сөзден сөйлем құрай білу, сурет бойынша әңгіме құрап айта алу содай – ақ ойын арқылы әр баланы сөйлетіп, әр баланының ортамен қарым – қатынасқа түсуін, ашылуын, тіптен балаларды ойнай білуге түстерді айыра білуге үйрету.



















Дидактикалық ойындар арқылы балалардың тілін дамыту

Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор.

Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

1.      Заттық дидактикалық ойындар-дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

2.      Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар - «Лото», «Домино», т.б.

3.      Сөздік дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады.

Балалармен тілдік дидактикалық сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр - түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым - қатынас жасай білуге үйрету керек. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:

-балалардың сөздік қорларын дамыту;

-жаңа сөздерді меңгерту;

-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындарды пайдалану керек.

Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін, тіл дамыту сабақтарында дидактикалық ойындарпайдаланылады, ойындар сабақтың тақырыбына, мақсатына сай болу керек. Сабақтың қызықты, тартымды өтуі үшін дидактикалық ойындарды дұрыс пайдалану қажет.

1 кіші топтан бастап ересек топтар арасында жұмыс жасаған кезде тіл дамыту сабағында тақырыбына қарай мынадай дидактикалық ойындарды пайдаланылады.

1 кіші топта 

Дидактикалық ойындардың жеңіл түрлері ойнатылады. «Дауысын сал» – ойын шарты: кубизм арқылы ойнатамын бала кубикті лақтырып қандай жануар түсе сол жануардың дыбысын салады.

«Қимылын көрсет» – ойын шарт: айтылған заттардың қимылын көрсету мысалы: қоян, ұшақ, аю, бақа, т.б .

«Ғажайып қалта» – ойын шарты: қалтаның ішіндегі шыққан заттарды атау мысалы: алма, доп, мысық, орындық, т.б.

2- кіші топта 

1 – кіші топқа қарағанда дидактикалық ойын кішкене күрделі болады.

«Жеміс пен көкөністі ажырат»- ойын шарты: бала жемістермен көкөністі ажыратады

«Үй жануар мен жабайы жануарды ажырат» – ойын шарты: Бала үй жануар мен дала жануарын ажырату керек.

Ортаңғы топта 

1-2 – кіші топқа қарағанда қиындау болады.

«Тілші» ойынның шарты: Жүргізуші бала тақырып бойынша балаларға сұрақ қояды, жауаптарын алады (жүргізуші – жоғары деңгейдегі бала).

–         Мынау не?

–         Мынау жеміс алма.

–         Алма қандай?

–         Алма қызыл, тәтті (сары, домалақ, үлкен, кішкентай).

«Құстардың атын ата»- ойын шарты: суреттегі құстардың атын ату.

«Тазалық бұйымдардың атын ата»- ойын шарты- тазалыққа жататын бұйымдарды атау.

«Мекенін тап» Ойынның барысы: Үй және жабайы жануарлар суретін біртіндеп ала отырып, немесе бірнеше балаға бөліп берілген суреттерді мекен жайларына орналастыру қажет. Мысалы: үй жануарларын жайлауға орналастыру. Ал жабайы жануарларды орманға орналастыру керек. Жаңылмай тапсырманы дұрыс орындаған балаларды мадақтап, жаңылысқан балаларға көмектесіп түсіндіру.

 «Бағдаршам» 

Ойынның мақсаты: Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін және тілін дамыту. Ертегілер және ертегілер кейіпкерлері туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекіліктер: қызыл,жасыл түсті дөңгелектер және суреттер.

Ойын барысы: Балаларға екі қызыл және жасыл түсті дөңгелек береді.Тәрбиеші ертегі кейіпкерлеріне байланысты сөздер айтады,бала сөздердің  дұрыс атауын естісе,жасыл дөңгелекті көтереді.

Ал қате болса-қызыл түсті дөңгелекті  көтереді. Содан кейін суреттерді көрсетіп, балалармен бірге әр сөзді қатты, жай және анық қайталап айтуы тиіс. Сөздер қай ертегіде кездесетіні туралы әңгімелеу.

 «Ертегіні ойнайық» Ойынның мақсаты: Ертегілер туралы білімдерін кеңейте отырып, балалардың фонетикалық есту қабілетін және сөйлеу тілін  жетілдіру.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға өткен ертегілерін естеріне түсіріп, содан кейін ертегі кейіпкерлерінің дауысын өзгерте отырып, қандай ертегі кейіпкерінің дауысы екенін анықтауын сұрайды. Мысалы «Қызыл телпек» ертегісін естеріне түсіреді. Қызыл телпектің дауысы төмен дауыс, әженің дауысы ортаңғы дауыспен, ал қасқырды жоғары дауыс ырғағына сала отырып, ертегіні айтып береді, содан кейін қандай кейіпкердің дауысы екенін табуын сұрайды.

 «Ертегіні ата» Ойынның мақсаты: Балаларды ертегілерді айырып, атай білуге үйрету. Күрделі сөйлемді грамматикалық тұрғыдан дұрыс құра білуін қалыптастыра отырып өз ой-пікірлерін айта білуге  үйрету және жинақтау, талдау қабілеттерін  жетілдіру.

Көрнекіліктер: Коллаж.

Ойын барысы: Балаларға  бірнеше  ертегілердің  суретін (коллаж) көрсетеді. Суреттегі ертегілерді қарай отырып, ертегі  кейіпкерлерді атап және оларды  сиппаттайды.

Тәрбиеші дидактикалық ойынға тек қана баланы қызықтырып қоймай, бес саланы білім берудің негізгі құндылығы деп түсінсе ғана өз мақсатына жете алады.
Ойын түрлерінің тәрбиелік мәні зор, ол әрбір адам денесінің дамып жетілуіне пайдасы мол. Ойын үстінде балалардың бойындағы барлық дерлік психологиялық процестері, сезімдері мен эмоциялары, ерік - жігер қасиеттері шыңдалады, мінез - құлық айқындала түседі.

Бала өзіне жаңалық болып сезілген әрқилы нәрселерге еліктегіш келеді. Бала осы қасиетімен өз қабілетімен ерекшеліктерін аңғартады. Баланың жағымсыз мінезінің байқалатыны да осы тұста. Тәрбиеші ойын барысында тілдің дыбыстық мәдениетінің барлық жақтарын жетілдіруге, сұраққа толық жауап беруге, баланы үйретіп отыруы керек.

Ойынның өз мақсаты, жоспары болады. Ойын мен еңбектің бір - біріне ұқсас сипаттары көп, кейбір педагогтар, ғалымдар «Жақсы ойын - жақсы жұмыс сияқты да, ал жаман ойын - жаман жұмыс сияқты» деген. Баланың қуанышы мен реніші ойын арқылы байқалады.

Дидактикалық ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшеліктері: бала ойланады, эмоциялық әрекетке ұшырайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды. Мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өздігіндей қуаныш, реніш сезімге бөленеді. Ойын арқылы балалардың сөйлемдерді айту, сөйлем құрай білу, сурет бойынша әңгіме құрап айта білу, сондай - ақ әр баланы сөйлете отырып өз ортамен қарым - қатынасқа түсіп ашылуына себеп болады.

Дидактикақы ойындарда күтілетін нәтижелер:

  1. Ойын - тәрбие құралы, ақыл - ойды, тілді ұштастырады, сөздік қорды молайтады, өзін қоршаған ортаны танып, мейрімділік сезімге тәрбиелейді.

  2. Еркін мінез – қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.

  3. Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.

  4. Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады.

  5. Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.

Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуғаынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.

Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмұнмен анықталады.

Баланың ақыл-ойы мен тілінің жетілуі үшін зор мәні бар сенсорлық қасиеттері тез даму үстінде болады. Іс-әрекет жасау процесінде қоршаған орта әсерін қабылдау қабілеті жетіледі. Бала заттардың белгілері бойынша – түсіне, формасына, көлеміне қарай оларды ажырата білетін болады: салыстырп, ұқсастықтарын аңғарып түсіне бастайды. Алдымен үлгі бойынша содан кейін ересектердің сөзі бойынша ұғып ол 2 -3 түрлі түсті шариктің ішінен қажетті түсі бар шарикті немесе үлкендігі әртүрлі 2-3 қуыршақтың ішінен ең кішкенесін таңдап ала алады.

Тілдің жетілуімен бірге балалардың ойлау, қоршаған ортаны бағдрлау қабілеті дамиды. әсер дүниесінің байп, жеке заттар жайындағы нақты ұғымдарының молаюына және тілдік қабілетінің дамуына қарай өмірінің бірінші жылының соңында ақ бала алғашқы қорытандыларын жасайды. Алдымен олар заттар мен құбылыстардың сыртқы белгілеріне негізделеді. Мысалы: «алма» деген сөзді үйренген соң балалар допты да, шарды да осылай атайтын жағдай жиі кездеседі. өздерінің іс-әрекеттері барысында және үлкендердің ұғымдарының ықпалымен қорытындылау қабілеті біртіндеп жетіле түседі: заттар енді сыртқы емес, мәндік белгілері бойынша біріктіріледі. Көптеген іс-әрекеттерінің атаулары да жалпыландырылады.

Егер тәрбиеші баланың табиғи сөйлеуі неғұрлым қарқынды болатын жағдай жасаса, онда баланың тілі неғұрлым тезірек байиды және оның психикасы жан-жақты дамиды. Лингвистикалық-дидактикалық принциптерге құрылған тіл үйретудің түрлі әдістерін қолдану тілді дамытуды жеделдетудің негізгі шарттары болып табылады.

Оқыту әдісі деп білімді бір адамнан екінші адамға беру мақсатымен орындалатын үйренуші мен үйретушінің іс-әрекеттерін айтады.

Мектепке дейінгі кездегі тілдің дамуына мынадай практикалық әдістер тән: еліктеу әдісі, сөйлесу (әңгімелесу) әдісі, қайталап айту әдісі, әңгімелеп беру (құрастыру) әдісі.

Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.

Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.

Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн.

Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.

Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өті леді. Мысалы:  «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б.

Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта».

Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата».

Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады.

 Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.

 Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады.

Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері  қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.

 Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгіалдыма қойған мәселем.

Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын арқылы жүзеге асады. Оны төмендегі ойын түрінен көруге болады.  






Тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу


Тіл дамытудың бір бөлігі ретінде тілдің дыбысталу мәдениетін тәрбиелеу жұмысы қарастырылады. Бес жастағы баланы тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде оның өзіне жақын, таныс адамдар мен заттардан бастап, тақырыптық жүйеде ұсынылған материалдарды меңгерту арқылы жүзеге асырылады.

Әрбір заттардың аттарын атау дыбыстарды дұрыс, анық айтуға үйретеді. Сөздегі дыбыстардың орнын ажыратып, дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктері түсіндіріледі. Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшелігін – дауысты дыбыстарды жуан-жіңішке, дауыссыз дыбыстардың катаң-ұяң болып бөлінетінін бір-бірінен ажыратып, оларды айтуда дыбыс аппараты мен артикуляцияны дұрыс қойып, мәнерлеп айтуға жаттықтырылады. Сөздің дыбыстық құрамын талдау ауызша әліппе – дәптерде берілген материалдар бойынша жүргізіледі. Тыңдаушысына дұрыс жеткізілу үшін сөздің анық, түсінікті болуы керек. Ол сөзді мәнерлеп айтуға үйретеді. Сөзді мәнерлеп айту үшін сөзді кұрап тұрған жекелеген дыбыстардың айтылу ерекшелігін жете меңгеру кажет. Дыбыстардың айтылу ерекшелігіне сәйкес дауысты құбылтып, әсерлі шығуына мән беру керек. Айтылатын оймен байланысты дауысты қатты шығару, баяулатып сөйлеу, жылдам жеткізу сияқты дауыс екпінін дұрыс қою арқылы сөйлеу дағдылары меңгертіледі. Сөзге дыбыстық талдау жасауды қарапайым тапсырмалардан бастаған жөн. Мұңда әсіресе сөздегі дыбыстардың айтылу, естілуіне, дыбысталуына мән беріледі. Мысалы: «

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!