Материалдар / «Дидактикалық ойындар арқылы жалпы білім беретін мектептегі психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық әрекеттерін дамыту».
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Дидактикалық ойындар арқылы жалпы білім беретін мектептегі психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық әрекеттерін дамыту».

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы білім беретін мектептердегі психикалық дамуы тежелген оқушылардың танымдық әрекеттерін дамыту үшін түзету сабақтарына пайдаланатын дидактикалық ойындар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2018
2612
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Жобаның тақырыбы: «Дидактикалық ойындар арқылы жалпы білім беретін мектептегі психикалық дамуы тежелген балалардың танымдықәрекеттерін дамыту».



















Дайындаған: Абдолова Гулшакизада Амирхановна № 10 ЖОББМ мұғалім-дефектолог













Орал қаласы Т Ү С І Н І К Х А Т

Жалпы білім беретін мектептерде үлгерімі төмен оқушылардың елу пайызы психикалық дамуы тежелген /ПДТ/ балалардың құрайтындығы бүгінгі күні ғылыми түрде дәлелденіп отыр. К. С. Лебединская, В. И. Лубовской, т. б дефектологтар зерттеулерінде балалардың жас мөлшері бірдей болғанымен, психикалық дамуы әртүрлі, яғни интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмейтіндігін ерекше атап көрсетілген. Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi - сегiз жастан анық байқалады. Оның негiзгi белгiлерi: сабаққа белсендiлiгi байқалмайды, берiлген тапсырмаларды үлкендердiң көмегiнсiз дұрыс орындай алмайды, сыныптастарымен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен жазу, есептеулерде көп қателер жiбередi, тез шаршағыш, зейiнi тұрақсыз болады өз өзiн төмен бағалауы; қоршаған ортаға сенбеушiлiкпен қарауы; өз күшiне деген сенiмсiздiгi. Жалпы бiлiм беру мектептерінде оқитын психикасының дамуы тежелген балалар әр уақытта нәтижеге жету үшiн бақылаудан тыс қалмауы қажет. Сонымен бірге әр баланың физиологиялық, психологиялық жас ерекшелiктерiн ескере отырып, сынып жетекшісі, психолог, логопед, дефектолог және ата - ана тығыз байланыста болып, түзету жұмыстары тиімді жүргізілген жағдайда жұмысымыз нәтижелі болады. Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, балаларды мүмкіндіктеріне қарай дамыту, оларға сеніммен қарап, жеке тұлға ретінде өмірге бейімдеу, оқытудың тиімді тәсілдерін іздестіру, пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі жұмыстар атқарылады.«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады,ойынсыз ақыл - ойдың қалыптасуы мүмкін емес». (В. А. Сухомлинский)





Жобаның тақырыбы: «Дидактикалық ойындар арқылы жалпы білім беретін мектептегі психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық әрекеттерін дамыту».Жобаның мақсаты: Мектептердегі психикалық дамуы тежелген балаларды оқытуда заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдану, шығармашылық қабілетін дамыту, ойын арқылы ақыл - ойды қалыптастыру және өз алдына жеке тұлғаны қалыптастыру.Жобаның міндеті: Оқушылардың, соның ішінде психикалық дамуы тежелген балалардың ойдағыдай әлеуметтенуі үшін бірқатар біліктілік қабілетін қалыптастыру;Оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық, инновациялық технологияларды меңгеру.Күтілетін нәтиже: Психо-физиологиялық мүмкіндігі дамиды. Өз-өзіне сенім артады, өзін-өзі бағалай білуге, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына жол ашады. Оқудағы негізгі қиындықтары жойылады. Жағымды мінез-құлық қалыптасады.Бұл процессті жүзеге асыру үшін мектепте балаға психологиялық- педогогикалық қолдау қызметі ұйымдастырылуы қажет.Мүмкіндігі шектеулі балалар қатарына психикалық дамуы тежелген (ПДТ) оқыту бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар жатады.Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшілігі шаршағыштығымен, таным әрекеттерінің бұзылысы, жұмысқа қабілеттілігі төмендігі, қоршаған орта туралы түсінігі аздығымен, сабаққа деген ынтасының төмендеуімен байқалады. Психикалық дамуы тежелген баланы анықтау психологиялық-педогогикалық қолдау қызметінің тиісті мамандарымен жүзеге асырылады. Түсініктері фрагментарлық, зейіндері тұрақсыз, тұтас қабылдау мүмкіндігі бұзылған, жалпы психикалық процестердің дамуында бұзылыстар байқалады, мұндайда әр маман өз бағыттары бойынша жеке және топтық бағытта жұмыс жүргізіледі .Жобаның типі: теориялық-практикалықФормасы: шығармашылықЖобаның іске асыру кезеңдері:1.Кіріспе2.Іздену-зерттеу кезеңі3.Қорытынды





«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев

I. Кіріспе.Мектеп табалдырығын алғаш аттаған әр оқушы өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі. Ойын–баланың бірінші әрекеті, сондықтан да баланың өмірінде ойынның мән-мағынасы ерекше орын алады. Мектеп алды даярлыққа келген балалардың арасында ПМПК қорытындысымен келген ПДТ оқушылар кездеседі. Олардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін алғашында әр сабақты ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатынын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Сондықтан да ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек деген ойға келді. Ойын арқылы оқыту, бұл ой көптеген мұғалімдер мен мамандарды қызықтырды. Грузин педагогы Ш.А.Амонашвили ойын арқылы балаларға өте қиын әлемдік танымды түсіндіре білді. Ш.А.Амонашвили өз оқушыларымен ойын ойнағанда өзін балалармен бірдей қоя отырып, олардың көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе білуге үйретті, баланың көздерінде білімге деген құштарлықты байқады. Ойын арқылы оқытудың арқасында дидактикалық ойын пайда болды. Берілген ойындарды қолдану іс-әрекеттің әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Мұғалім-дефектологтар балалардың моторикасын дамыту бойынша жұмысында, қозғалысты ырғақтық ұйымдастыру, қозғалыстың есту-көру-қимылдық ұйымдастырылуын жетілдіруге жағымды әсер ететін жұмыстар кешенінде маңызды орынды алады.Осындай кешенді түзете-дамыту жұмыстары танымдық, қимыл-қозғалыстық және эмоционалды-ерік саласындағы кемшіліктерді жоя отырып, әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына және әлеуметтік ортаға бейімделіп енуіне оң әсер етеді. Дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдаланамын. Дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу, процестері дамып, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйретеді. Дефектолог мамандарға математикалық сергіту сәттерінде дидактикалық ойын өте қажет деп санаймын. Сондықтан, бұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет. ПДТ оқушыларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар ойнау арқылы белгілі бір білім, білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады. Мектептегі ПДТ балалармен өткізілетін математиканың алғашқы ұғымдарын қалыптастыру іс-әрекеттерінде ойынның мынадай түрлерін пайдалануға болады: 1) дидактикалық ойындар–логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. 2) санға байланысты санамақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар балалардың сандарды танып білуін, тілдерін жаттықтыру, есте сақтауын, ойлау қабілеттерін дамытады. 3) математикалық сергіту сәттері–кеңістікті бағдарлау, қимыл қозғалысты дамытады. Құралда дидактикалық ойындар мазмұны, ойынды ұйымдастырудың әдіс–тәсілдері көрсетілген. Олар балалардың зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін, тапқырлығын дамытуға, математикалық білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын, заттарды түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастыруға, салыстыруға, ажыратуға, кеңістік пен уақытты бағдарлауға үйретеді және балалардың логикалық ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін, зейінін, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналады. Жоғарыда айтылған мақсаттарды шешуде нәтижесі ұтымды болу үшін, балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың жинағын ұсынамын. «Дәл осындай пішінді тап»Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру. Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер. Ойынның мазмұны: алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден құралған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады. «Үйдің есігін жабайық»Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту. Ойынның құрал-жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері. Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну. «Үй құрылысының ретін көрсет»Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту. Құрал-жабдықтары: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі. Мазмұны: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну. « Жұбын тап»Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту. Құрал-жабдықтары: әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің суреттері. Мазмұны: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттін жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру. «Өз үйіңді тап»Ойынның мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынның ережесін сақтауға үйрету. Ойынның құрал-жабдықтары: түрлі-түсті дөңгелектер. Ойынның мазмұны: Балаларға түрлі-тісті дөңгелектер тарату, түсін атау. Үйлерін көрсету. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен шеңберлерге тұра қалады. «Сиқырлы қапшық»Ойынның мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету. Ойынның құрал-жабдықтары: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі ойыншықтар. Ойынның мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады.

«Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта»Ойынның мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту. Ойынның құрал-жабдықтары: қарындаштар, таяқшалар. Ойынның мазмұны: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын - қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Мұғалім бір баланы шақырып, оған «көзіңді жұм да, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықта» деген тапсырма береді. «Кеңістік»Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, зейін процесстерін дамыту. Құрал-жабдықтары: әртүрлі заттар бейнеленген суреттер. Мазмұны: Балалардың алдында үлкен бөлменің суреті тұрады. Балаларға суреттерді таратып беру. Суреттерді орындарына орналастыруды ұсыну. Мысалы, балықты аквариумға салу, гүлді үстелдің үстіне, суретті қабырғаға ілу. Ойын осылай жалғаса береді. «Жоғарыда-төменде»Ойынның мақсаты: жоғары–төмен ұғымдарын пысықтау. Байқағыштықты, зейін, қиялды дамыту. Ойынның құрал-жабдықтары: құстардың, жануарлардың суреттері. Ойынның мазмұны: Бала қораптың ішінен бір суретті алып, атын атап, орнын анықтап үлкен суретке бекітеді. Мысалы, ұшақ жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде су ішінде жүзеді. «Сан құрастыр»Мақсаты: Санның құрамын пысықтау. Көрнекілік: Суретті карточкалар. Барысы: Мұғалім бетіне бір сан, мысалы «6» саны жазылған карточканы көрсетеді. Бала қосындысы «6» санын құрайтын екі сандық карточкаы көрсетуі тиіс. Мысалы: бір карточкада 5 дөңгелек, екіншісінде–1 дөңгелек, біреуінде–3, екіншісінде-3 шаршы және с.с. «Дыбыс арқылы санды тап»Мақсаты: Есту мүшелері арқылы баланың ойлау қабілетін анықтау. Көрнекілік: Сіріңке қорабындағы таратпа сандар. Барысы: Мұғалім қарындашпен үстелді дыбыс шығатындай етіп тықылдатады. Бала тыңдап отырып алдарындағы цифрларынан тиісті санды көрсетеді. «Қанша? Қандай?»Мақсаты: 1. 10–ға дейін санауды бекіту. 2. 1-ші, 2-ші ұғымдарымен таныстыру. Көрнекілік: Сандар («Шалқан», «Бауырсақ» ертегісі бойынша) Барысы: Әр топтағы заттардың санын анықтау. Қораптан керекті санды алып қойып, ертегіні әңгімелеу, сандармен ретін анықтау. «Шалқан» ертегісі бойынша атасы бірінші, апасы екінші, қызы үшінші, т.б. пайдалана кетуге болады. «Әрі қарай кері сана»Мақсаты: 10 көлеміндегі сандарды кері қарай санауды қайталау. Көрнекілік: Доп, сандық карточкалар. Барысы: Мұғалім көлемдегі санды көрсетеді де, бір баланың атын атап: «Әрі қарай кері сана» - дейді. Ол : «Тоғыз, сегіз, жеті» деп санай бастайды. Мұғалім балалардың біреуіне қарап, доп лақтырады. «Жеті» - дейді. Допты тосып алған бала «үш, екі, бір» деп жалғастырады. Дидактикалық ойын балаға білім берудегі әсер етудегі ең негізгі бір түрі, өйткені ойын балалардың негізгі іс әрекеті. Балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыруда дидактикалық ойындардың алатын орны ерекше. Пішіндерді өткен кезде шар, куб, «не домалайды, не домаламайды?» ойыны арқылы осы екі пішіннің ерекшелігі, қасиеті туралы түсіндіру өте тиімді. Білім берудегі дидактикалық ойындарды нәтижелі қолданудағы негізгі шарты: ол ойын таңдаудағы бірізділікті сақтау, келесі дидактикалық принциптер міндетті түрде ескеруі керек; түсініктілік, қайталанылуы, тапсырмаларды біртіндеп орындау. Баламен іс әрекет түрінде өткізілсе, тапсырмалар оңай орындалып, алға қойған межеге жету оңай болады. Ертегі кейіпкерлеріне, ойыншық кейіпкерге көмектесу баланың қызығушылығын оятып, бәсекелестігін арттырады. Сондай-ақ, ойлау, тапқырлық қабілетін дамытып, адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін оятады. Ойын арқылы балаларды геометриялық пішіндердің ортақ белгілері (дөңгелектенген, бұрышты) бойынша біріктіру туралы алғашқы түсініктерін қалыптастырамыз. Уақытты бағдарлауға үйрету үшін тәулік бөліктері, апта күндері, жыл мезгілдері және айлары туралы санамақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтарды кеңінен пайдалану қажет. Бұл арқылы баланың ойлау, есте сақтау қабілеттері мен тілін дамытуды көздейміз. Психологтардың айтуынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде, еңбекте де сондай болады. Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Дидактикалық ойын – балалардың оқу әрекетін жандандырып, оқуға деген ынтасын арттыратын маңызды құрал. Оның нәтижесі – балалардың білімді игеруде, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Әрбір сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалануға, түрлендіріп ұйымдастыруға тырысамын. Сөздік-қимылды ойындар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, санамақтар, тақпақтар, ертегілер және суретті кітапшалар қолдану балалардың қиялын шарықтатып, дамытады. Дидактикалық ойындар балаларды ұйымшылдыққа, достыққа, әдептілікке, мейірімділікке, үлкендерді қадірлеуге, құрметтеуге баулиды. Балалар алған білімдерін ойын барысында көрсете білуге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, әділ болуға, қиындық кезінде көмектесуге, өз ойларын жеткізе білуге, қиялының дамуына, қиындықты ақылмен жеңе білуге жаттығады. Ойын барысында балаларды анық, асықпай сөйлеуге және айтқан сөзді, сөйлемді дұрыс түсініп қабылдай білуге, байланыстырып сөйлеуге қалыптастырып отыру керек. Баланың ойыны ересек адамдардың еңбегіне еліктеуден өрістеп, бара-бара шын мәніндегі еңбекке айналады.

II. Іздену-зерттеу кезеңі.¥лы педагог А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырады. Ойын баланың өмipiн қызыққа, қуанышқа бөлеуін камтамасыз eту үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді- деп қарастырады.Ойын технологиясы бойынша әр түрлі түрткінің тәсілдерін қолдану оқушылардың құзіреттілігін дамытуда, оқушының өзін- өзі дамытуда ерекше орын алады. Оқу үрдістерінде ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдаланады. Бала тек ойын ойнап қана қоймай, осы ойын арқылы білім алып, жан-жақты тұлға дамиды.

Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да мектепалды дайындық сыныптарда оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларды жалықтырмай әр түрлі ойын түрлері мен сабақты қызықты өткізуге тырысамын. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне осы жағдайларды ескере отырып, ойын түрлерін төмендегідей жүйеленеді:
  • Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер.
  • Қимыл қозғалыс ойындары: «ақ серек, көк серек», «ұшты-ұшты», «аңшылар», «сиқырлы таяқ», «мысық пен торғайлар», «бақташы мен қозылар», «соқыр теке», мысық пен тышқан.
  • Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке келтір, көршілер, аралар, дүкен, сен жалғастыр, дәл тауып айт, т.б.
  • Құрылыс ойындары: лото, және басқа констукторларды пайдалану.
  • Рөлді-сюжетті ойындар: ертегі, әңгімелерді ролдерге бөле отырып орындау, сахналық көрініс көрсету.
Өзімнің іс-тәжірибемнен сабақ үрдісінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуіме болады. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызытын, ойын әрекетінің ең негізгі түрінің бірі- дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойын тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай, бағдарламадағы материалдарға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашады.Дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдаланамын. Дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау сөйлеу, процестері дамып, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйретеді. Бала ойын ойнай отырып үйренеді. Балалармен жұмысында деңгейлік дидактикалық ойындар көп орын алады. Оларды әр сабақта және балалардың өз бетінше жұмыс істегенінде қолданамын. Дидактикалық ойын сабақтың құрамдық бөлшегі болып табылады. Ол сабақты меңгеруге, бекітуге, танымдылық қызметтің әдісін меңгеріп көмектеседі. Балаларды заттың сын-сипатын біліп, қорытындылауға, салыстыруға, жүйелеуге үйретеді. Дидактикалық ойындар тақырыпқа байланысты қолданылады. Тапсырма берер алдында, оны балаға түсіндіру, тексеру қажет. Дидактикалық ойындар, ойын тапсырмалар біртіндеп күрделенеді, сондықтан оларды ретімен орындату қажет. Әрбір ойынға балалар қызыға қатысады. Мысалы, сабақтарымда сөйлеудің лексика-грамматикалық құрылымын дамыту мақсатында қолданатын ойын түрлерін ұсынамын:Дидактикалық ойын «Жайлауда»Мақсаты: Жаңа сөздерді сөйлем ішінде дұрыс қолдана білу.Ойынның шарты: Балалар бір-бірден үй жануарларын бейнеленген карточкаларды алып сөйлем құрып айтады.Мысалы: -Мынау сиыр. Сиыр үй жануары. Сиыр үлкен. Сиыр сүт береді. -Мынау үй жануары ешкі. Ешкі шөп жейді. Ешкінің төлі лақ т.с.с.Дидактикалық
578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!